Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons 1-60.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
336.38 Кб
Скачать

27. Қр тәуелсіздігінің қалыптасу және даму процесі. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау

1991ж. 16 желтоқсанда «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конс-лық заңның қабылдануымен ҚР-ғы Конс-лық дамудын келесі кезені басталды. Ол негізінде 1993ж-ғы Конс-я қабылданғанға дейін жаңа мемлекеттін жаңа Рес-ның өмірге келгенің айқындайтын акт болып табылды. Бұл Конс-лық заң 1990ж. декларацияда салынған жаңалықтардың одан әрі орнығуы, тікелей жүзеге асуы болды. Ең алдымен Рес-ка атауының өзгергендігін айта кету керек. ҚР-сы тәуелсіз, демакратиялық және құқықтық мемлекет ретінде орнықты. Конс-лық заңда конс-я мен Рес-ка заңдарының онын барлық аумағында үстемдік ететіндігі белгіленді. Халықаралық құқық нормаларына да ерекше көңіл бөлініп, онын күші Рес-ның барлық аумағына таратылатындығына көрсетілді. Осы конс-лық заңда тәуелсіздік бірінші рет жарияланды. Онда тәуелсіз мемлекетке тән элементтер: біртұтас азаматтық, аумақтық дербестік, мемлекеттік органдардын дербес жүйесі, тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес дербес экономикалық жүйе, жеке қарулы күштерінің болуы, өз азаматтарының әскери міндетін өтеу мерзімі мен тәртібін өз алдына жеке айқындауы т.б. орнықтырылды. Сөйтіп Қаз-н әлемдік қауымдастыққа дербес мемлкет ретінде енді. 28.ҚР конституциялық құрылысы: ұғымы, негіздері. ҚР конституциялық кұрылысының негіздері.

Конституциялық кұрылыс мемлекеттік кұрылыс пен коғамдық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлекеттік кұрылыс басқару нысанын, мемлекеттік кұрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал, қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, коғамның саяси, идеологиялық, діни және өзге де бастауларын камтиды. Конституциялык кұрылыс негіздері - бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі кағидалары. Конституциялық құрылыс негіздері болып мыналар табылады:

1. Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Демократиялык мемлекет - бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халықка есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері: 1.халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.) 2.идеологиялық жэне 3.саяси алуандылық; 4.жергілікті өзін-өзі баскару; 5.өкілді биліктің болуы; 6.сөз бостандығы;

2. Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет. Кұкықтық мемлекеттің мәні - барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, коғамдык бірлестіктер мен азаматтардың кұқықтық нормаларға катаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте кұқықтың үстемдік етуінде. Белгілері: заңның (кұқыктың) жоғарылығы; соттың тәуелсіздігі;

жеке түлғаның шынайы бостандығы, адамның жэне азаматтың кұқықтары мен бостандықтарының кепілдігі; адам мен азаматтың кұқықтары мен бостандықтарынын мемлекет мүдделерінен басымдығы; биліктің бөлінуі; мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.

3.Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - бұл қызметі коғамның жоғары әлауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін канағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті - барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері: жұмыссыздықтан қорғау; отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдарды қорғау; элеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.) адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау; еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті; көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету

4. Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет - бұл мемлекеттің діннен бөлінуі. Белгілері:

дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды - діни бірлестіктер кандай да болсын мемлекеттік қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекеттік органдардың кызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те діни бірлестіктердің қызметіне, егер ол заңға кайшы келмесе, араласпайды;

мемлекет діни бірлестіктерді каржыландырмайды;

барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей. Ешбір дін немесе діни бірлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артыкшылықтарды пайдаланбайды;

діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси кұрылымдарды кұруға, сондай-ақ діни бірлестіктердін саяси партиялар кызметіне катысуына немесе оларға каржы жағынан колдау жасауына жол берілмейді;

міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам десе, балаларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дінге деген, кұдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге катысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді;

діни бірлестікгердің кызметшілері саяси өмірге барлық азаматтармен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады;

діни бірлестіктер заң талаптарын жэне кұқық тәртібін сақтауға міндетті. Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелмеген діни бірлестіктердің кызметіне жол берілмейді жэне т.б.

5. Қазақстан Республикасы - егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік - бұл мемлекеттің ішкі және сырткы қатынаста тәуелсіз, дербес болуы. Оның белгілері: мемлекет Конституциясын және өзге зандарын дербес қабылдауга кұқығы; мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес кұрады; бюджетті әзірлеу және бекіту кұқыгы болады; қаржы жүйесін өзі анықтайды - ұлттық валютасы болады; карулы күштерін кұрады; өз азаматтығы болады; сыртқы сауда және сыртқы экономикалық катынас түрлеріне кұқылы болады; өзге мемлекеттермен сыртқы катынасты жүзеге асырады; мемлекетгік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады; табиғи ресурстарын, табиғи құндылықтарын дербес пайдалану кұқығы болады; мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтастығына және бөлінбеуіне кұқығы, т.б. ...

6. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті баскару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халык сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазакстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан - біртұтас мемлекет, яғни өз ішінде кандай да бір баскадай мемлекеттік кұрылымы жоқ елді жэне халыкты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумактық бөліністерге бөлінетін мемлекет.

7.Экономикалык негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып

ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей корғалады.

8.Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері.

Қазақстан Республикасында идеологиялык жэне саяси әралуандылық танылады.Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын кұруға жол берілмейді. Қоғамдык бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттін және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердін заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекет органдарқызметін жүктеуге жол берілмейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]