Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons 1-60.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
336.38 Кб
Скачать

20. Қр Парламеннтіндегі депутаттық бірлестіктер.

Парламентт құрамына палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары, Палаталардың Бюросы, Палаталарфының тұрақты комитеттері, Палаталарының бірлескен комиссиялары кіреді. Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары тек кворум болған жағдайда ғана Парламенттің жұмысын бастау үшін әрбір палата депутаттарының санының кем дегенде 3/2 қатысқан жағдайда өткізіледі. Палаталар отырыстары ашық болып табылады. Заңдарда көзделген жағдайларда жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. Парламент үйлестіруші және жұмысшы орган құрады. Үйлестіруші органдар Палаталар Төрағалары жанындағы сенат және мәжіліс бюросы болып табылады. Бюро құрамына палаталар төрағаларының орынбасарлары, палаталардың тұрақты комитетінің төрағасы кіреді. ҚР парламентінің жұмысшы органдары, сенат және мәжіліс тұрақты комиссиялары, сондай-ақ парламенттердің бірлескен комиссиялары болып табылады. Палаталарда құрылған тұрақты комитеттердің саны 7-ден аспауы тиіс. Тұрақты комитеттер заң жобасын жасау жұмыстарын палаталардың жүргізуіне жататын мәселелерді алдын ала әзірлеу және талқылау үшін құрылады. Бірлескен комиссиялар Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін құрылады. Әрбір палата комиссия мүшелерін өз алдына дербес сайлайды. Сонымен қатар Парламент палаталары арнаулы уақытша комиссиялар құруы мүмкін. Тұрақты комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

21. Азаматтық: ұғымы, қағидалары. ҚР азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi. Азаматтық дегеніміз – адамның белгілі бір мемлкетке саяси және құқықтық тиесілігі білдіреді. Сондықтан да мемлекет өз азаматына құқық пен бостандық беріп, елден тыс жерлерде оны қорғап, қамқорлық жасайды. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі – азаматтық . Република Конституциясының ережелін талдаудан келіп шығатыны: азаматтық тұлғаның Қазақстан мемлекетімен коституциялық –құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен , олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипатталады. Азаматтық институты Рес-ка егемендігінің, тәуелсіздігі мен конс-лық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттін азаматтарынан тұратын Қаз-н халқы ғана «мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы» болып табылады және билікті тікелей, республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлкеттік органдарға береді. Азаматтықтың жалпы және өзіндік қағидаларын көрсетуге болады. Азаматтықтың өзіндік қағидаларына мыналар жатады:

1. азаматтықтың бірыңайлығы және теңдігі қағидасы – азаматтықтың бірыңғайлығы туралы коституциялық қағида мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының бірыңғай конституциялық құқық субьектілікке негізделген , бірыңғай ққықтық мәртебеге ие екендігін білдіреді. Азаматтықтың теңдігі қағидасы Республика азаматтарының тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға (мысалы:азаматтықтың алыну жолына) қарамастан құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді.

2. азаматтықтың еріктілігі қағидасы- азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;

3. азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы-тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қармастан ҚР-да азаматтығы тұрақты болып табылады.

4. бір азаматтық қағидасы – ҚР-да азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;

5. ҚР азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы – ҚР Конституциясына сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды;

6. азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы қағидасы – азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындап, өзара жауаптылық жағдайын белгілейді;

7. қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы – азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындап, өзара жауаптылық белгілейді;

8. ҚР азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы.

Конституциялық құқық саласы жүйесінде азаматтық институты ерекше орын алады. Бұл институт ҚР Конс-яның 2-ші бөлімінде Конс-лық түрде бекітілді. Азаматтықпен байланысты қатынастар «ҚР азаматтығы туралы» 1991ж. 20желтоқсанындағы заңымен, ҚР Президентінің 1995ж. 3 қазандағы заң күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен реттелінеді. Азаматтық дегеніміз – адамның белгілі бір мемлкетке саяси және құқықтық тиесілігі білдіреді. Сондықтан да мемлекет өз азаматына құқық пен бостандық беріп, елден тыс жерлерде оны қорғап, қамқорлық жасайды. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі – азаматтық . Република Конституциясының ережелін талдаудан келіп шығатыны: азаматтық тұлғаның Қазақстан мемлекетімен коституциялық –құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен , олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипатталады. Азаматтық институты Рес-ка егемендігінің, тәуелсіздігі мен конс-лық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттін азаматтарынан тұратын Қаз-н халқы ғана «мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы» болып табылады және билікті тікелей, республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлкеттік органдарға береді

22.Конституциялық қадағалаудың түсінігі, мәні және органдары.

23.Азаматтық мәселелерiмен айналысатын субъектілер. Олардың ӛкiлеттiктерi.

24.Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты, ӛкілеттіктері.

25. Қаз ССР мемлекеттік егемендігі туралы декларация, оны саяси құқықтық талдау.

Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған сәттен мемлекетіміздін конституциялық дамуынын жаңа кезені басталды. 1990ж. 25қазанда «Қазақ ССРнің мемле-тік егемендігі туралы» Декларациясының қабылдануы өз алдына дербес және тәуелсіз мемлекеттін қалыптасуынын алғашқы қадамы, бастау жолы болды. Бұл декларацияның ең басты ерекшелігі тәуелсіз мемлекеттін барлық негізгі элементтерінің одан әрі қалыптасуы үшін заңдылық негіздерін нақты айқындап берді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация көп жылдардан бері тұңғыш рет Қазақ ССРі аумағы бөлінбейтіндігін және оған қол сұғуға болмайтындығын, сонымен қатар онын келісімінсіз Қазақ ССРнің аумағын пайдалануға болмайтындығын ережеде нақтылап берді.

Мемлекет тәуелсіздігінің ең бір айқын аймағы онын егемендігі болып табылады.

Мемлекеттік егемендік - бұл мемлекеттің ішкі жэне сыртқы қатынаста тәуел-сіз, дербес болуы. Оның белгілері:

1) мемлекет Конституциясың және өзге заңдарын дербес қабыл-дауға кұқылы;

  1. мемлекетгік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;

  2. бюджетті әзірлеу жэне бекіту құкығы болады;

  3. қаржы жүйесін өзі анықтайды - ұлттық валютасы болады;

5) қарулы күштерін кұрады;

6)өз азаматтығы болады;

7)сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қатынас түрлеріне кұқылы болады;

8)өзге мемлекеттермен сыртқы қатынасты жүзеге асырады;

9) мемлекеттік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады.

10) мемлекеттік тілі болады;

11) табиғи ресурстарын, табиғи кұңдылықтарын дербес пайдалану құқығы болады;

12) мемлекеттік шекарасына, оның қол, сұғылмауына, тұтастығына және бөлінбеуіне құқығы, т.б. ...

Декларацияда республикадағы мемлекетік биліктін бірден-бір бастауы болып Қаз-н халқы танылатындығы, сондай-ақ ол егемендіктін бірден-бір иесі болып табылатындығы белгіленді. Қандайда болмасын мемлекеттін егемендігін онын меншігі құрайтындығы белгілі. Республиканын жеке меншігіне онын аумағындағы барлық ұлттық байлықтар (жер және онын қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі т.б.) жатқызылады. Декларация Рес-нын ішкі және сырқы қарым-қатынастарда тәуелсіз және толық билікке иелік ететін Қазақ ССРдегі мемлекеттік биліктін үстемдігін алғаш рет бекітті. Декларация Респуб-ның мемлекеттік бюджеттін өз алдына қалыптастырудын негізгі бағыттарын айқындап берді. Декларация Респуб-ны өзінің сыртқы саясатын айқындайтын және халықаралық ұйымдар қызметіне қатысатын халықаралық қатынастардын жеке субъектісі деп танылды. Декларация тұңғыш рет Рес-ның азаматтығын енгізді. Декларация Конс-лық қайта өрлеуге бастау болып Рес-ка мемлекеттілігінің негізін салды.

26.Конституциялық кеңестің шешімдері, олардың заңдық күші. Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң түрлерi

1. Конституциялық Кеңестiң отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешiмi болып табылады.

2. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi.

Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң нысаны

Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:

1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлiгi болып табылатын қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;

2) қорытындылар;

3) жолдаулар.

Конституциялық Кеңестiң шешiмдер қабылдауы

1. Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды.

2. Конституциялық Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды.

3. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңес Төрағасының орнын оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңестiң тиiстi мүшесi ауыстырған жағдайда бұл ереже қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесiнiң қатысуымен қайтадан дауыс беру өткiзiледi.

4. Конституциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ.

5. Конституциялық Кеңес қабылдаған шешiмдер оларға Төраға қол қойғанға дейiн дауыс беруге қатысқан Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң қолдарымен алдын ала расталады.

Конституциялық Кеңес мүшесiнiң ерекше пiкiрi

Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы.

Конституциялық Кеңестiң қосымша шешiмi

1. Конституциялық Кеңес мына жағдайларда қосымша шешімдер қабылдайды, егер:

1) Конституциялық Кеңестің шешіміне түсіндірме беру туралы мәселе қойылса. Мұндай жағдайда қосымша шешім конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не Конституциялық Кеңестің қорытынды щешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша қабылданады;

2) Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық си­паттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса. Мұндай жағдайда Консти­туциялық Кеңес қосымша шешімді өз бастамасы бойынша қабылдайды.

2. Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.

3. Қосымша шешiмдi Конституциялық Кеңес отырысында қабылдайды, отырысты өткiзу тәртiбi Конституциялық Кеңестiң регламентiмен белгiленедi.

Конституциялық Кеңестің шешімін қайта қарау

1. Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Прези­дентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша мына жағдайларда, егер:

1) қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе;

2) өтініштің мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылса, қайта қарауы мүмкін.

2. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қайта қарауы мүмкін.

3. Шешімді қайта қарау туралы Конституциялық Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы осы шешімнің күшін жояды.

4. Қорытынды шешім қайта қаралған жағдайда Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз өкімімен осы мәселе бойынша жаңа отырыс өткізудің күні мен тәртібін белгілейді

Конституциялық Кеңес шешiмiнiң заңдық күшi

1. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Өзге шешiмдердiң күшiне ену тәртiбiн Конституциялық Кеңес белгiлейдi.

2. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде Республика Президентiнiң қарсылықтары енгiзiлуi мүмкiн, олар:

1) Президент шешiмiнiң мәтiнiн алған күннен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi;

2) Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi.

3. Республика Президентiнiң қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi және конституциялық iс жүргiзу тоқтатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]