Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons 1-60.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
336.38 Кб
Скачать

29. 28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.

1993 жылғы Конституцияның кабылдану себептері:

  1. КР-ның шынайы егемендік фактісін конституциялык тұрғыда бекіту қажеттігі;

  2. адам мен азаматтардың неғұрлым кен кұкықтары мен бостандықтарын конституциялык тұрғыда бекемдеу;

  3. экономикалык себеп - меншіктің алуан түрлілігіне негізделген экономикалық жүйені бекіту,

  4. саяси жүйе мен мемлекеттік тетік кұрылымында жүріп жатқан сапалык өзгерістерді конституциялық тұрғыда бекіту;

  5. сапалық жағынан өзге кұкықтық жүйе жасау.

1993ж конс-я: біріншіден, Қаз-н халқының конс-ға өз құқықтарынын болуын бірді. Екіншіден, мемлекеттік егемендікті айқындап, оған құқықтық маңыз беріп, жаңа тәуелсіз мемлекетті конс-лық мемлекеттін дамыған дәрежесіне көтерді.

30. Қр ішкі және сыртқы қызметінің түбегейлі қағидалары.

31. 30.08.1995 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi және жаңалықтары.

. 1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері 1995 жылгы Конституцияны қабылдауға себеп болды. 1995 жылғы Конституциянын кабылдану себептері:

  1. Орыстілінің мәртебесін айқындау,

  2. Жерге жеке меншік бекіту мәселесі;

  3. Азаматтык мәселесі;

4. Жеке адамдардың кұкыктары мен бостандыктары жүйесін кеңейту, халыкаралық деңгейге көтеру мәселесі

5.Жогары өкілді органның кұрылымын жетілдіру және онын кұқыктық өкілеттігін айкындап беру;

  1. Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселе;

  2. Сот жүйесін реформалау;

1995ж. 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа конс-я жеке меншікті, халық билігін, атқарушы органдарды, сот, прокуратура, ең бастысы адамның жеке құқықтары мен бостандықтары секілді жаңа құқықтық негіздерді әкелуінмен ерекшеленді.

32.ҚР сот билігінің конституциялық мәртебесі. ҚР сот жүйесі Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.

Сот билігі заңда белгіленген шеңберде азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға іс жүзінде өкілдіктері бар біртұтас мемлекеттік биліктің түрі.

Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа алуға) бағынуға тиіс.

Соттар мемлекеттік биліктің атқарушы органдар тармағынан айырмашылығы ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.

Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.

сот билігінің функцияларына келер болсақ, сот қызметінің мазмұны мен бағытталған қызметіне қарай оның функцияларын негізгі үш топқа бөлеміз:

Соттық функцияның бірінші тобы – адамдар мен азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау, конституциялық құрылысты қорғау - соттардың қызмет ету бағытын айқындау сот қызметін белгілеу.

Екінші топ - әділ сот, соттық бақылау, жеке өндіріспен іс жүргізу тәртібі, Конституция мен ҚР-ның өзге де заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, т.б. Бұл бірінші топтан туынды ретінде шыққан, яғни бірінші топтағы қызметтердің орындалуының процедурасын анықтау болып табылады.

Үшінші топ соттардың басқарушылығына байланысты ішкі функциясын құрайды.

Сот төрелігі – бұл адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.

Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55 бабының 3)-тармақшасында белгiленген жағдайда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергiлiктi соттары құрайды. Заңға сәйкес қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.

2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);

2) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар).

Қазақстан Республикасында мамандандырылған соттар құруға рұқсат етілген. Мамандандырылған соттарға әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа соттар жатады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады. ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Ал, жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды. ҚР Жоғары Сот Кеңесi Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Ол Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]