Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1851
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

1. Қазақстан тарихы ғылымының мақсаты мен міндеттері.Тарих (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен

заманалар туралы шежіре

шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді -өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:

  • ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;

  • пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;

  • тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.

2.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.

Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д.800-140мың жыл) кезеңіне жатады.

1958жыл-археолог Х.Алпысбаев Қаратау жотасынан (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты.

А)Ерте палеолит дәуірі.

Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды.

Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі.

Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі- жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп аталды. (шикізат ретінде өзен малтатастарын қолданған). Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылды. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611тас құрал табылды. Алғашқы еңбек құралдарын ғалымдар чоппер және чоплинг деп атайды. Алғашқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келеді.

Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:

Оңтүстік Қазақстан: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Ш.Уәлиханов,атындағы тұрақ, Аоыстанды, Қарасу

Орталық Қазақстан:Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы

Шығыс Қазақстан:Қозыбай

Бптыс Қазақстан: Шабақтысай, Сарытас

Б)Орта палеолит

Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды.

Ерешеліктері:от алуды үйрену, алғашқы діни сенімнің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандертаоь адамның пайда болуы.

Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіріле түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі нуклеустік. Дөңгелек өзектастың (нуклеус)шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықщақтарын алу. Қыпғыш ең негізгі құрал.

Мустьер дәуірінде қауымның бастапқы нысандары шыға бастады. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, біп қырымен жатқызып жерлеген. 1938ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерьталдық баланың қаңқасы табылды. (антрополог Герасимов) Мустьер кезеңінің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстаннан, Батыс және Шығыс Қазақстаннан табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі – Обалысай тұрағы.

Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері:

Оңтүстік Қазақстан:Ш.Уәлиханов,атындағы, Тоқалы, Қызылрыспек, Үшбұлақ

Орталық Қазақстан:Оьалысай, Мұзбел, Өгізтау, Үлкен Ақмая

Батыс Қазақстан:Өніжек, Аққыр, Құмақаж

Шығыс Қазақстан:Бөдене, Қызылсу

Б)Кейінгі палеолит дәуірі

Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі.

Ерекшеліктері: қазіргі адамға ұқсас- кроманьондықтардың қалыптасуы, жеңіл найза (дротик), ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы, аналық рулық қауым белгілерінің орнауы.

Кейінгі палеолитте еңбек құралдарын жасау әдістері одан әрі жетілдірілді. Бір нуклеустен бұрынғыдай 2-4 қалақ емес, 10-даған жұқа тіліктер алынды(пышақ тіліктер). Тас өңдеу әдістері де жетілдіріліп, тастарды түзету(ретушь) арқылы өңдейтін болды. Тас құралдарын жасау тәсілі - ретушьтік. Осы кезеңде еңбек құралдарының 20- ға тарта түрі болған. Болас – оқ есебінде қолдыналатын домалақ тастар. Ірі жыртқыш аңдарды аулағанда пайдаланылған. Кейінгі палеолит алңашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуысмен сипатталады.

Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының алғашқы түрі – аналық рулық қауым қалыптаса бастады. Бұл – матрилиниялық (ана жағынан есептелген) және матрилокалды(ана жағымен тұйықталған) сипатта болды.

Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамдар үңгірлер қабырғаларына жылқы, аң аулау сәттерін және би қимылдарын бейнеленген. Сүйектен адам мүсінін ойып жасай білген, әсіресе рудың пірі болып саналатын әйел – анна бейнесі кең тараған. Жануарлардың бас сүйектерін, ортан жіліктерін саз әуен құралдарын жасарда пайдаланған. Күрделі діни сенімдері-жерлеу кезінде әшекейлік заттарды көму, денеге қызыл бояу жағу.

Қазақстанда осы кезеңге тән баспаналар табылған жоқ, қазақстандық ежелгі адамдар таулы аймақтардағы үңгірлерді, үңгіме қуыстарды және жартас қалқасын баспана еткен. Үшінші Қарабас тұрағынан 172 порфириттен жасалған заттар, Ертістегі Шүлбі тұрағынан 5000 тас құрал табылды. Негізгі шикізат – халцедон, яшма, шақпақ тас, тау хрусталі.

Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.

Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас

Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор

Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек

Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай

В) Мезолит дәуірі

Мезолит кезеңі шамамен . мың жылға созылды. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек(20 шақты тұрақтар).

Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң – құстар пайда болды, жебелі садақ, бумераг, балық аулау құралдары, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды.

Аңщылық үшін неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап табылды. Садақтың доғал және домалақ ұштары терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Осымен қатар уланған немесе өртегіш жебелер де кең пайдаланылды. Шебер садақшы минутына 20 оқ атты. Садақ оғы 80-100 метр, күрделі садақ оғы 450м. жетті. Садақ пен жебенің пайда болуынан бастап шағын адам топтары мен жеке аңшылар аңшылықпен айналыса алатын болды.

Тас өңдеу әдісі жетілдіріліп, пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнату шықты. Балық аулау кең тарап, қайықты ойлап тапты.

Мезолит дәуірінде адам көптеген жерлерді игерді: Еуропа мен Азия, Сібір, бірте – бірте Америка материгі.

Қазақстанда бұл дәуірдің ескерткіштері негізінен солтүстік және орталық аймақтарда кездеседі. Алғашқы аңшылар солтүстікте Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзенінің бойына қоныс аударды.

Мезолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері:

Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз

Орталық Қазақстан: Әкімбек, Қарағанды

Г) Неолит дәуірі

Бұл кезеңде экономиялық және қоғамдық өрлеу бастады:

  • Жабайы жануарларды қолға үйрету

  • Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу

  • Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру

Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» дап аталды.

Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру.

Неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.

Бұл кезең – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын

дайындаудағы ірі жаңалық – тас сыналар(микролиттер) жасау. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, келте, келі, келсап, ал граниттен дән үккіштер жасады.

Кен өндірудің алғашқы белгілері пайда болып, мыс, алтын, қорғасын өндіру шықты. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдаряшма мен кварциттен жасалған. Ботай тұрағынан (Солтүстік Қазақстан) табылған жертөледегі жылқы сүйектері жабайы жануарларды қолға үйрету ісінің бастаоғанды,ын дәлелдейді. Сексеуіл тұрағынан (Арал өңірі) табылған жылқы, сиыр мен қой сүйектері де осыны растайды. Сүйек өңдеу жетілдіріліп, біз бен ине жасап, жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді.

Неолиттік ежелгі ададмдардың жерлеу дәстүріндегі өзгерістер: Железинка ауылы(Солтүстік Қазақстан) маңынан табылған қабірде өрттелген мәйіттің күлі болған. Қайтыс болған адамды өзі өмір сүрген тұрағында жерлеген. Бұл дәуір – тайпалар мен тайпалық бірдестіктер құрылған кезең. Қазақстан жерінде 600 ден астам неоиттік және энеолиттік ескерткіштер бар. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

  1. Бұлақ бойындағы тұрақтар

  2. Өзен жағасындағы тұрақтар

  3. Көл жиегіндегі тұрақтар

  4. Үңгірдегі тұрақтар

Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің – ашық үлгідегі тұрақтар

Атбасар мәдениетінің тұрақтары шоғырлапған жер – Атбасар ауданы(Ақмола обл.). Тарарлған аумағы Есіл өзенінің аңғары-Қазақстан ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік-батысы. (б.з.б. VII мың ж. аяғы – VI мың ж. басы).

Келтеминар мәдениетінің(б.з.б. IV мың ж. аяғы - II мың ж. басы, Қазақстан және Орта Азия территориясындағы мәдениет) батыс-қазақстандық варианты ерекше болып саналады. Бұл мәдениетке жататын қоныстар 1989-90 ж.ж. Атырау облысынан табылған Шатпақкөл, Құлсары-II-IV, Шаңдыауыл, Қайнар, Сарықамыс т.б. тұрақтары.

Мақанжар мәденитінің көпшілігі Торғай ойпатының түбінде жатыр.

Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:

Арал маңы: Сексеуіл(Арал тұрақтар тобы), Ақеспе

Оңтүстік Қазақстан: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ

Шығыс Қазақстан: Нарым, Қызылсу, Сатшықыз

Солтүстік Қазақстан: Қаратомар, Иман-Бүрлік, Дамсы, Ботай

Батыс Қазақстан: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс

Орталық Қазақстан: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай, Батпақ

Солтүстік Қазақстан:Явленка, Карлуга, Боголюбово, Виноградовка, Тельман, Мақанжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Быстамақ, Аманкелді.

Д)Энеолит дәуірі

Еркешеліетері: тастан жасалған еңбек құралдарының ығыстырылуы, мыс еңбек құралдарының жасалуы, клаиматтың ылғалды болуы.

Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы энеолит (мыстытас) дәуірінен басталады.

Бұл кезеңде металл біз, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғыларпайда бола бастады. Тері өңдеуді тездетуге мүмкіндік беретін бүйірлі қырғыштар басым болды. Ыдыстар саз балшықтан жасалып, оған геометриялық қарапайым әшекейлер салынған. Ыдыс жұқа болса сыйымдылығы 6-7 литрге жеткен.

Энеолит дәуірінде климат ылғалды болып, ірі сүт қоректілер көбейе бастады. Бұл аңшылықты күшейтті. Ботай қонысында 70 мың жылқының сүйегі табылды. Жерлеу ғұрпы мен символдық заттар тотемизмінің, ата-бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. Мәйітті қоныстағы ескі тұрғын жайға жерлеп, айналысына қабырғаларды жағалата жылқының бас сүйектерін қойған.

Ботай мәдениеті Ақмола облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталғанг. Бұл мәдениет Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды. (б.з.б. III-II мың ж. аралығы). Ботай мәдениетін археолог В.В.Зайберт ашты.

  • Палеолит (тас) дәуірінің ескерткіштерін зерттей келіп, Қазақстан жері-адамзат қоғамы қалыптасқан аймақтардың бірі деген ғылыми тұжырым жасалынып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]