Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.

Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар бола¬тын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға ша¬қырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жер¬гілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету бас-ты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш авто¬номиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды

Түркістан қаласынан келген өкіл Имамберді Ержігітовтың ұсынысы бойынша, жиынға арнайы шақырылған Мұстафа Шоқай Ташкентке келіп, мәжіліс жұмыстарына қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде елде большевиктердің билігі орнағанын, алайда оларды мойындамау керектігі туралы айтады. Мұстафа Шоқай ендігі жерде Түркістандағы бүкіл мұсылмандардың бірігіп, большевиктік үкіметтің де үстінен қарайтын үлкен бір үкімет құру туралы ұсыныс түсіреді. Құрылтай соңында Түркістанда автономия жариялау туралы ұсыныс мақұлданды.Жиыннан кейін Қоқанға қайтып келген Мұстафа Ташкенттегі большевиктер үкіметінің мүшесі Барановтан жеделхат алып, Ташкентке қайта аттанады. Онда Мұстафаға «жаңа үкіметке мүшелікке қабылдайтынын» айтып, кісі қызығарлық ұсыныс жасайды. Алайда Мұстафа бұл ұсыныстан бас тартып, Қоқан қаласына қайтып кетеді. Оның басшылығымен Жаңа Марғұлан қаласында өткен «Өлкелік мұсылмандар кеңесі» кеңсесіндегі жиында Бүкілтүркістандық мұсыл­мандардың жалпы құрылтайын шақыру туралы шешім қабылданды. Өйткені сол аласапыран күндерде саяси мәселенің аумалы-төкпелі жағын реттеп, тұрақтандыратын жалғыз ұйым осы құрылтай болатынЖергілікті халықтың өз тағдырын өзі белгілеу құқығын қамтамасыз етуге деген саяси тұжырымы, Кеңес үкіметіне деген наразылығы IV Төтенше Түркістан өлкесі мұсыл­мандарының құрылтайында өз көрінісін тапты. Бұл құрылтай 1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласында өз жұмысын бастады. 1917 жылы 26 қараша күні сағат 12-де ұйымдастыру бюросының мүшесі Мұстафа Шоқай құрылтайды ашық деп жариялайды. Мандат комиссиясының мүшесі Ташболатбек Нарботабеков қатысушыларды делегаттардың құрамымен таныстырды. Бұл кезде құрылтайға: Ферғана облысынан – 150, Сырдария облысынан – 22, Самарқанд облысынан – 21, Каспийарты облысынан – 1, Бұхарадан – 4 өкіл қатысып жатқан болатын. Кейінірек құрылтайға қатысушылар саны 250 адамға жетті.Сол кездің баспасөзінде: «...Күн­дізгі сағат 12-де жиналғандардың көтеріңкі көңілімен ұйымдастыру бюросының мүшесі және өлкелік Мұсылмандар кеңесінің өкілі, азамат Мұстафа Шоқаев съезді ашық деп жариялады. Мұстафа «бұл жиын съезд деп санала ма, әлде жай кеңес пе» деген мәселені дауысқа салды. Көпшілік дауыспен (1 адам қарсы) бұл жиынды толық өкілетті съезд деп шешті. Съездің 10 пункттен тұратын бағдарламасы бекітілді. Кешкі отырыста азамат Шоқаев қысқаша Ресейде және Түркістанда қалыптасқан саяси және экономикалық жағдайларға тоқтай келе «...Түркістанда қантөгіс арқылы орнаған Кеңес үкіметі мұсылмандармен қандай болсын формада өлкені бірігіп басқарудан бас тартып отырғанын, сондықтан мұсылман халқының өз тағдырын өз қолына алу қажеттігін» айтты делінген . Құрылтайды Мұстафа Шоқай басқарды.Құрылтайға жиналған халық өкілдерінің шешімімен, Түркістан өлкесін «Ресей федеративтік респуб­ликасының автономиялы өлкесі» деп жариялау туралы ұсыныс көпшілік дауыспен қабылданды. «Түркістан мұхтарияты» деген қарарға «Ғұлама жамиғаты» (Шора улема) қоғамының мүшелері де қосылып, өз тілеулестігін білдірді. Қарарға екі өкіл ғана қарсы дауыс берді. Үш күн бойы құрылтайға қатысушылар Түркістан өлкесінің болашақ саяси құрылымы туралы өз көзқарастарын білдіріп болған соң, құрылтайда қабылданған құжаттарда өз көрінісін тапты.Дауыс беру аяқталған соң, 27 қарашада Мұстафа «Түркістан мұхтариятын жариялау» туралы құрылтай шешімін оқыды. «Түркістан мұхтариятының мәлімдемесі» деп аталатын құрылтай шешімінде «Лә иләһә иллаллаһ Мұхамедун расулаллаһ. Жасасын Түркістан мұхтарияты! Уақытша кеңесі мүшелерінің саны кезінде Бүкілресейлік құрылтай кеңесіне Түркістан өлкесінен сайланған үміткерлер санына қарай анықталды» («Ел байрағы». 22 желтоқсан, 1917 жыл ).«Түркістан автономиясы» деген мақала съездің 26 қарашада қабылдаған қаулысында: «IV Төтенше жалпымұсылмандар өлкелік съезі Түркістанда мекендеген халықтардың, Ресейдегі төңкерістің үндеуі негізінде өзін-өзі билеуге деген еркінен шыға отырып, Түркістанды «Ресей федеративтік-демократиялық республикасымен бірлікте территориялық автономия» деп жариялайды және Түркістанды мекендеген аз ұлттардың құқы бойынша қорғалады деп салтанатты түрде мәлімдейді» («Туркестанский вестник», № 15. 1 желтоқсан, 1917 жыл). Құрылтайдың соңғы күні бүкіл демократиялық шарттарға сәйкес, Түркістан халық қалаулыларының құқы жөнінде арнайы қаулы қабылданды. Бұл қаулы бойынша 54 кісіден тұратын Түркістан Уақытша кеңесі мен 12 кісіден тұратын Түркістан Халық кеңесі мүшелерінің дербес құқығы қамтамасыз етілді. Мүшелердің біріне жасалатын қиянат бүкіл 10 миллиондық Түркістан халқына жасалған әрекет болып табылады. Түркістан Халық кеңесіне ашық дауыспен Серәлі Лапин (кеңес төрағасы), Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұд Қожа Бехбуди және т.б. сайланды. Содан кейін Түркістан автономиясы Уақытша үкіметіне сайлау болып, халық жоғары қызметке мыналарды сайлады: Үкімет басшысы һәм ішкі істер министрі – Мұхамеджан Тынышбайұлы, Түркістан Ұлттық кеңесінің төрағасы және Сыртқы істер министрі – Мұстафа Шоқай, Үкімет басшысының орынбасары және Қаржы министрі – Шаһислам Шаахмедов, Ішкі істер министрінің орынбасары, қаңтар айынан бастап Ішкі істер министрі – Әбдірахман Оразаев, Қорғаныс министрі – Убайдулла Хожаев, Халық ағарту министрі – Насырхан төре, Әлеуметтік істер министрі-Хидаятбек Юргали Ағаев, Азық-түлік министрі – Абиджан Махмуд және Азшылық ұлт өкілдері министрі – Саломон Герцфельд.Түркістан автономиясын тек қана Қоқан емес, бүкіл Түркістан халқы зор қуанышпен қарсы алды. Жер-жерде жиындар өтіп, бәрі де жаңа өмірге келген автономияны қолдап жатты. Бұл туралы М.Шоқай былай деп жазды: «Автономияның жариялануы түркістандықтардың саяси рухын бірден күшейтіп жіберді. Автономияның орталығы Қоқан қаласы сияқты Осылайша, енді ғана өз азаттығын алып, тойлап жатқан автономияның алғашқы қаны да төгілді. Ендігі жерде азаттықтың оңай берілмейтіні анық болды. Автономияшылар мен большевиктер арасында саяси күрес күшейе түсті. Ол туралы М.Шоқай өз естелігінде былай деп жазды: «1917 жылдың 13(26) желтоқсаны – орыс большевиктері біздің халқымыздың қанын судай ағызған күн. Сол күні олар біздің ондаған қандастарымызды жауыздықпен өлтірді. Осы күннен бастап орыс большевиктері мен біздің арамызда ашық қанды күрес басталды...» (Шоқай М.Таңдамалы шығармалар жинағы. І том. Алматы; 2007 жыл, 289 б.). 1917 жылы желтоқсан айының соңында Орынбордан оралған Мұстафа Түркістанның тәуелсіздігін сақтау жолында іске кірісті. Мұстафа­ның қарымы мен қабілетін, дарыны мен парасатын аңғарған үкімет мүшелері де оған ерекше сенім артты. Сондықтан Түркістан автономиясы үкіметінің алғашқы басшысы Мұхамеджан Тынышбайұлының 1918 жылы қаңтар айының басында өз еркімен қызметтен кетуіне байланысты үкімет мүшелері оның орнына үкімет басшысы етіп Мұстафа Шоқайды сайлады. Ол үкімет басына келгеннен кейін үкімет мүшелері арасында біршама өзгерістер болды. Бұл оқиға туралы Мұстафа Шоқай өз естеліктерінде былай деп жазды: «...Ол 1917 жылдың 10 желтоқсанында құрылып, 1918 жылдың 13 ақпанында таратылды. Қоқан үкіметінің не офицері, не әскері болған жоқ. Пошта, телеграф, теміржолдардың бәрі де жау қолында болатын. Осындай жағдайда дүниеге келіп, осындай қысқа ғұмыр кешкен Қоқан үкіметі Түркістан халқының ұлттық талаптарын қанағаттандыру жолында көзге көрінерлік ешқандай бір жұмыс тындыра алмағаны табиғи еді. Тіпті бұл үкіметтің осындай жағдайда құрылып, 64 күн өмір сүре алуының өзі таңғаларлық құбылыс деуге болады» Қоқан қаласында құрылған «Түркістан автономиясын» большевиктер «заңсыз» үкімет деп жариялаған соң, «оның басшыларын» тұтқындау туралы қаулы шығарды. Автономия басшысы болған Мұстафа Шоқайдың басы үшін 1000 сом сыйлық тағайындалды. Автономия құлатылған соң оның басшыларының бір бөлігі тұтқындалып, бір бөлігі жан-жаққа тарап кеткен болатын. Мұстафа Шоқай аз уақыт партизандардың арасына бой тасалайды. Одан кейін жасырын атпен Ташкентке келіп, ол жерде де тұрақтап қалмай, 1918 жылдың 1 мамырында әйелі Мария Яковлевнамен Ташкентті тастап шығады.

М. Шоқай Түркiстан автономиясын құруда елдiң саяси экономикалық жағдайын жақсартып, бүтiн және азат Түркiстан платформасын құруды қолдаған. Мiне, сондықтан М. Шоқайұлы ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық және әлеуметтiк қайта жаңғыру үшiн басталған қозғалыстың көш бастаушыларының бiрi ретiнде қарастырылып келедi. Соңғы кездерде тарих ғылымы қайраткер жөнiнде ғылыми зерттеулер мен танымдық еңбектермен толығып, оқырмандарының жылы лебiздерiне ие болуда.  Қайраткердiң тұлғалығын танытуда тарихшы ғалым ағамыз Көшiм Лекерұлы Есмағамбетовтың “Дайк-Пресс” баспасынан жарық көрген “Әлем таныған тұлға” атты кiтабын атауымызға болады. Көлемi 31,5 баспа табақтық 7 тараудан тұратын бұл еңбек гуманист, қоғам қайраткерi Мұстафа Шоқайдың дүниетанымының қалыптасу кезеңiнен бастап, оның қайраткерлiк болымысын толықтай айқындауға арналған. Автор М. Шоқайдың өмiр жолдары мен қоғамдық-саяси қызметiн Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мұрағаттарымен бiрге Франция, Германия, Түркия және т.б. елдерiнiң мұрағат материалдарын қолдана отырып ашқан. Көп материалдар бұрындары қолданысқа енбеген тың деректер. Әсiресе М. Шоқайдың ғұламалығын негiздеуде Францияда сақталған жеке мұрағат қорларының қолданысқа енгiзiлуi үлкен жетiстiк десек болады.  Тарихшы-ғалым бұрындары М. Шоқай өмiрiне, қоғамдық-саяси, шығармашылық қызметiне байланысты шыққан кейбiр еңбектер мен оның естелiк үзiндiлерiн қазақ тiлiнде аудару сәтiнде жiберiлген қателiктердi мысалдармен көрсете отырып, мұндай еңбектер Шоқай тарихын зерттеушiлердi шатастыруға ұшырату ықтималдығын да атап өткен. Сонымен қатар Шоқайдың өмiрi мен қызметiн зерттеу барысында дерекөздерiн және оған қатысты жазылған еңбектердi қолдануда сын елегiнен өткiзу, жүйелеу, пайымдау қажеттiгiн ұсынуы аса орынды.  М. Шоқайдың есiмiн “отарлық озбырлық пен өктемдiкке қарсы азаттық қозғалысының идеологиясын қалыптастыруға, стратегиясы мен тактикасын анықтауға өлшеусiз үлес қосқан” тұлға ретiнде ерекше атау қажеттiгiн баса көрсете отырып, оның қайраткерлiгiн бар қырынан танытқан.  М. Шоқайдың балалық шағынан бастап, дүниетанымының қалыптасуын, патша саясатына қарсы күрес барысын құнды материалдармен дәйектеген ғалым оның қайраткер болып шыңдалуына түркi-мұсылман азаттық қозғалысы жетекшiлерiнiң пiкiрлер мен екi ғасыр тоғысындағы саяси ағымдар мен оқиғалардың әсерi болғандығын, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды саяси тұлғалардың тәуелсiздiк жолындағы саяси қызметтерiне тiлектес бола отырып, Алаш қозғалысына ат салысып, тәуелсiздiк идеясы жолындағы күресте осы зиялылардың ақыл-кеңестерiне сүйенгендiгiн зерделей көрсетедi.  Кiтапта М. Шоқайдың Бүкiлресейлiк мұсылман съезiне қатысуы, Мемлекеттiк думаның Мұсылман фракциясындағы қызметi мен думадағы татар, башқұрт, әзiрбайжан халықтарының өкiлдерiмен тығыз байланыста болуы, мұсылман фракциясы арқылы қазақ мәселесiнiң шешiлуiне атсалысуы айқын суреттеледi.  Автор М. Шоқайдың ұлттық қайраткер ретiнде саяси сахнаға шығуына 1916 жылғы Түркiстан мен қазақ жерiндегi ұлт-азаттық қозғалыстың серпiн бергендiгiн айта отырып, оның Алаш жетекшiлерi секiлдi халықты қырғынға ұшыратпас үшiн патша жарлығына көнуге, бұл мәселенi жоғарғы билiк орындары, яғни Мемлекеттiк дума арқылы шешуге шақырғандығын, алайда зиялылардың бұл ұсыныстарына бойұсынбай, көтерiлген халыққа қарсы шыққан патша өкiметiнiң шексiз жауыздығын өз көзiмен көре мерзiмдi баспасөзге мақала жариялау арқылы қынжылыс бiлдiргендiгiн де ашып бередi.  М. Шоқайдың Алаш қайраткерлерiнiң басылымы болған, 1913-1918 жж. аралығында шығып тұрған “Қазақ” газетiмен арадағы байланысы мен Алаш қозғалысындағы рөлi бағаланған.  Кiтаптың басты ерекшелiгi М. Шоқайды ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының идеясын шет мемлекетте жалғастырған, оның тек қазақ халқы ғана емес, түркi тiлдес Ресей үкiметiне бодан халықтардың бостандығы жолында күрескен, бiртұтас түркi халықтарының мемлекетiн құруға бастамашы болған күрескер тұлға және әмбебап публицист, тарихшы екендiгiн жан-жақты дәйектi түрде таныта бiлуiнде. Нақтылай айтсақ, бiрiншiден, Мұстафа Шоқай ұлт мүддесi жолында патша саясатына қарсы шығып, Мемлекеттiк думаларға қатысып, мерзiмдi басылымдар арқылы жер, тiл, дiн мәселесiн көтерген, патша өкiметi құлағаннан кейiн Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiн құрып, оның алға қойған мiндеттерiн жүзеге асырудағы iс-әрекеттерi, кеңес өкiметiмен арада туындаған түсiнiспеушiлiк пен қарама-қайшылықтан азамат соғысы жылдарында жау күштермен одақтас болып, үкiмет билiгiне қарсы шыққан, 30-шы жылдары қуғын-сүргiнге ұшыраған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Р. Мәрсеков, Х. Ғаббасов, И. Әлiмбеков және т.б. қазақ зиялыларының ой-пiкiрлерiн жиырма жылдай насихаттауын дәлелдi түрде айқындап бередi. “Отаршылдықтың ойраны мен қайғы-қасiретiн бастарынан өткерген қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. халықтардың тағдыры өз тағдырымен бiте қайнасқан, ұлт мүддесi өз өмiрi мен күресiнiң мақсат-мұратына айналған, жиырма жыл бойы Еуропа төрiнде Алаш идеяларын жалғастырып, тәуелсiздiк туын көтерген сондай тұлғаның бiрi де, бiрегейi де – Мұстафа Шоқай” деп тұжырымдауы осының айғағы. Екiншiден, оның қазақ ұлтынан басқа өзбек, түркiмен, әзiрбайжан және т.б. түркi-мұсылман, басқа да грузин, украин, араб, ауған, парсы халықтарының мұң-мұқтажын жоқтаған, осы халықтардың отар елдерге айналмай, тәуелсiз мемлекет болуы жолында күресуге, әрi Түркiстан халқының басым көпшiлiгiн автономия идеясының төңiрегiне топтастыра отырып, ұлттық мүдденi қорғауға шақырған сара саясаткер екендiгiн нақтылай көрсеткен.  М. Шоқайдың шетелге кетiп “Түркiстан Ұлттық бiрлiгi” ұйымының қызметiн жандандырып, Еуропаның жоғары оқу орындарына бiлiм iздеп келген түркiстандық жастарды қамқорлыққа алуды көздеген және Германияда оқып жүрген мұсылман жастарын жұмысқа тартқан. Кiтапта автор “Түркiстан Ұлттық бiрлiгi” ұйымындағы Шоқайдың рөлiн, оның А. З. Валидимен арадағы байланысы мен екеуара келiспеушiлiктiң негiзгi себептерiн зерделеген. Үшiншiден, Түркiстан Мұхтарияты құлағаннан кейiн “Бiрлiк туы” арқылы большевиктiк үкiметтiң ұлттардың өзiн-өзi билеу құқығы жөнiндегi ұрандарының алдамшы, жалған екендiгiн дәлелдеп жазғанын, шет мемлекеттерде жүрiп, баспа беттерi арқылы түркi халықтарын бодандық бұғауында ұстап отырған большевиктерге қарсы дамылсыз күрес жүргiзiп, Түркия, Ауғанстан, Шығыс Түркiстан, Еуропа сияқты елдердегi түркi-мұсылман халықтарының басын бiрiктiрiп, тәуелсiздiк жолында күресуге шақырғандығын оның “Яш Түркiстан”, “Йени Түркiстан”, “Прометей” және тағы басқа басылымдарда жарияланған мақалалар дәлелдейтiндiгiн баса көрсетедi. Жалпы баспасөздiң М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметiн айқындауда аса маңызды екендiгi автор “Ұлттық қозғалыстың мақсаты, мұраттарын түсiндiрiп, түркiстандықтарды тәуелсiздiк идеялары төңiрегiне топтастыруда баспасөздiң орны ерекше” деп жазуынан белгiлi. М. Шоқай Францияға келгеннен кейiн баспасөз саласында қызмет етiп, қаламын шыңдай түскен. Әсiресе оның баспагерлiк қызметi “Түркiстан Ұлттық бiрлiгi” ұйымының органы болған “Йени Түркiстан” (“Жаңа Түркiстан”) журналын ұйымдастыруда танылған. 1927 жылдың маусымынан бастап шыққан бұл журнал Түркiстанның ұлттық тәуелсiздiгi идеясы мен түрiкшiлдiк ой-пiкiрлерiн таратуда, түркi халықтарының рухани бiрлiгiн насихаттауда маңызды рөл атқарған. 1929 жылы желтоқсаннан бастап осы журналмен қатар “Яш Түркiстан” (“Жас Түркiстан”) журналы шығарылған. Аталмыш екi журналда М. Шоқайдың көптеген мақалалары жарияланды. Ғалымның көрсетуiнше, “Яш Түркiстан” беттерiнде М. Шоқайдың жалпы қоғам дамуына, дүниежүзiнде болып жатқан оқиғаларға және ұлт-азаттық қозғалысының формалары мен күрес тәсiлдерiне, түркi халықтарының мәдениетi мен тарихына қатысты көзқарастары көрiнiс тапқан. Қайраткердiң журналға терең мағыналы, сан-саналы тақырыптардың қамтылуын қадағалауы және өзiнiң осы журналда әр түрлi мәселелердi көтеруi сөзсiз оның бiлiмдарлығын бiлдiредi.  Кiтапта “Яш Түркiстан” журналын 30-шы жылдары iрi мемлекеттерге кең тарап, оны алдырушылардың саны, ұлты жағынан көп болғандығы дәлелдi түрде айтылады. Осы журналға М. Шоқай бағыт берумен күрделi жұмыстар атқарғандығы, жалпы халықаралық қауымдастық “Яш Түркiстанның” Орта Азия мен Қазақстан бойынша сенiмдi дереккөзi ретiнде қарауының мәнiсi дәйектi түрде негiзделген. Жоғарыда айтылған аталмыш журналдар арқылы М. Шоқайды публицистiк қырынан танытуы үлкен жетiстiк деуге болады.  Төртiншiден, М. Шоқайдың халықаралық сарапшы және тарихшы ретiнде қарастырылуы қайраткердiң тек түркi халықтарының ұлт-азаттық қозғалысын ғана емес, батыс елдердiң шығыс халықтары жөнiндегi саясатын жетiк бiлетiндiгiн, халықаралық жағдаймен жете таныс екендiгiн нақтылайды. Автор оның басты тақырыбы Кеңес Одағының Түркия және басқа мұсылман елдерi жөнiнде жүргiзiп келген саясатының екiжүздiлiгiн әлем халықтарына жария ету екендiгiн айқындап, осы жолда оның ағылшын, француз, итальян, немiс басылымдарында сыни мақалалар жариялап, сұхбаттар беруi арқылы бiлгiр саясаткер, терең сарапшы болғандығын дәлелдейдi. Қайраткердiң iрiлi-ұсақ мемелекеттердiң тарихын, олардың iшкi және сыртқы саясаттарын зерттеудiң арқасында Еуропа соғысының болатындығын алдын-ала болжауын оның көрегендiгiне, терең ойшылдығына жатқызады.  М. Шоқайдың тарихшылығын да оның ғылыми-публицистiк еңбектерiне, естелiктерiне қарап бағалайды. Оның Ресей үкiметiнiң отарлау саясатына қатысты әрекеттерi, қоныстандыру барысы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс, 1917 жылғы ақпан және қазан төңкерiсi, Алаш қозғалысы, Түркiстан Мұхтарияты, басмашылар қозғалысы, Кеңес өкiметiнiң қысымшылық саясаты, ұлт мәселесiне, ашаршылыққа және т.б. тақырыптарда жазғандары тарих саласы үшiн таптырмайтын құнды дерек екендiгiн пайымдаған. М. Шоқайдың еңбектерiнде тарихи зерттеулер әдiснамасына орай бiршама құнды пiкiрлер барлығы, кейбiр еуроцентристiк тұжырымдамаларға қарсы келгендiгi жөнiнде кiтапта мысал келтiрiле айтылады. М. Шоқайдың тек қазақ халқының ғана емес, күллi түркi халықтарының әдебиетiне, мәдениетiне, шаруашылығына аса назар аудара бағалағандығы, оның бұл еңбектерi шетел ғалымдары тарапынан үлкен сұранысқа ие болғандығы да кiтапта терең түрде ашылған.  Бұл кiтап М. Шоқайдың 20-30 жылдардағы саяси қызметiмен қоса, аса күрделi де қиын өмiр жолдарын айқындай отырып, оның қайраткерлiгiнiң қыр-сырын жан-жақты ашып берген ғылыми еңбек дей аламыз.  Халқымыздың тарихи танымын кеңейтетiн осындай кiтаптың шығуы қуаныш. Сондықтан Мұстафа Шоқайдың тұлғасын тарихи тұрғыда бағалаған бұл кiтап әлi де өз оқырмандарының арасында лайықты бағасын алар деп сенемiз.

68. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.

1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы “Алаш” партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды.

Съезде қазақ автономиясы құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары және Закаспий облысымен Алтай губерниясының қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп шешті. Съезд Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қалалар мен селоларда, далада қазақтардың өмір сүруіне қауіп-қатер туғызған бей-берекеттік күннен-күнге күшейіп бара жатқандығын атап көрсетті. Сондықтан съезд қазақ халқын “аман алып қалу мақсатымен” “Уақытша Халық Кеңесі” түріндегі билік құру, оған Алаш-Орда (алаш автономиясының үкіметі) деген ат беру жөнінде шешім қабылдап және бүкіл қазақ халқына “бағынатын үкіметіміз осы деп сеніп… басқа үкіметті мойындамай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керектігі” баса ескертілді. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Оның әрбір облыс бойынша белгілі бір сандық құрамы, уездер бойынша үйрету мен жабдықтау шаралары белгіленді. Милицияны қару-жарақпен қамтамасыз етуді орталық әкімшілік салық салу арқылы алынатын қаржы есебінен жүзеге асыруға тиіс болды.

Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген “Алаш” азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, ұлттық автономия мәселесін шешуді қолға алды. Осы мақсатта 1918 ж. наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда Семейдегі Ә.Бөкейханов және Х. Ғаббасовпен телефон арқылы сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мәртебесі туралы болды. Телефон арқылы сұхбаттасудағы И.Сталиннің сөзі “Сарыарқа” газетінің беттерінде қазақ тіліне аударылып жарияланды. Газетте: “Ресейдегі халықтардың құқықтары туралы халық комиссарлары шығарған белгілі ережесі бұл күнге ұлт мәселесі тақырыбын кеңес өкіметінің негізгі қызмет жобасы етіп келеді. Үшінші советтер съезі осы ережені жалғастыруға қаулы қылды. Өзінің бізге тапсырып отырған жалпықазақ съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы жобаға сай келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съездің қаулысы өкілдеріңіздің совет өкіметін тануға қарсы болмаса болғаны. Үшінші советтер съезі советтік федерация жобасын жасап, бұл жоба Советтер съезінің бекітуіне салынсын деп қаулы қылынды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек, яғни тұрмысы бір, салты басқа халықтар жергілікті советтермен қосылып, автономия, федерациялау, тегінде басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығаруға съезд шақыратын комиссия құруға тырысу керек. Біз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткізбей, жергілікті Советтермен бірігіп, әлгідей комиссияны құрар. Сізден өтінетініміз, біздің осы жобамызды Алашорданың Кеңесіне салып жауап қайтарсаңыздар екен”,- деген мазмұнда болды.

Бұл берілген Сталин сөзіндегі ең елеулі нәрсе оның жалпы қазақ-қырғыз съезі қаулысы мен Ресей халықтарының құқығы туралы декларацияның өзара үндес екендігін мойындауы еді. Міне, осы үндестік Кеңес өкіметіне Алашорданы мойындауға негіз болатындығын білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. Ол өз ретінде Алашорданың Кеңес өкіметін мойындайтындығын мәлімдеуі болатын. И.Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анық аңғаруға болады. Кеңес өкіметі “басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығару” үшін ең алдымен оны мойындау қажеттілігін талап етті. Сонымен бірге автономия алу мәселесі орталықта шешілетіндігін ескертті. Алашордашылар үшін мұндай жағдай қиындық тудырғанымен олар И.Сталиннің ұсынысын талқылап, автономияға қатысты өз шешімдерін мәлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері ұлт жұмысын басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзінен кейін Кеңес өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі өз шарттарын білдіріп: “Желтоқсанның 5-нен 13-іне шейін Орынборда болған жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялайтындықтарын, Алаш автономиясының құрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Самарқанд облысының Жизақ уезі, Әмудария әнделі (бөлімі), Алтай губерниясына қараған Бийскі, Барнауыл, Змеиногор уездеріндегі қазақтар мекендеген аудандар енуге тиістігін, Алаш автономиясында заң шығаратын, ел билейтін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші ретінде совет өкіметінің қасында болуға Алашорда мүшелері Халел һәм Жаһанша Досмұхамедовтар жіберілетіндігін ескертіп, жергілікті Советтердің бұйрығы бойынша ұсталып, абақтыда жатқан Алашорданың мүшелерін тоқтаусыз босатып, мұнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын-сүргінге ұшыратуды тоқтатуды” талап етті.

Өкінішке орай Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап-шарттарына тікелей ресми түрде жауап бермеді. Себебі алашордалықтардың автономия құру жөніндегі талаптары кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді. Ұлт мәселесін пролетарлық диктатураның құрамдас бөлігі ретінде қарастыратын кеңес өкіметіне алаштықтардың ұсынысы керағар болғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан да 1918 жылдың 28-наурызында Мәскеуден Семейдегі Қазақ комитетіне И.Сталин және мұсылмандар ісі бойынша комиссар Вахитов қол қойған жеделхат келді. Жеделхатта “қырғыз істері бойынша Комиссариат құру үшін тез арада өкілдер жіберу” жөнінде айтылды. Мұның өзі кеңес өкіметінің өлкедегі барлық істі өз қолдарына алғандығын көрсетті.

Осы жылдың 29-наурызында Семейге Х.Ғаббасовтың атына Мәскеудегі Алашорда үкіметінің өкілдері Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерден жеделхат келді. Онда Кеңес өкіметінің тұтқынға алынған қазақ қайраткерлерін тегіс босату туралы облыстық кеңестерге әмір бергендігі және Алашорда өкіметінің қойған талаптарына таяу арада жауап беруге уәде еткендігі айтылды. Жеделхатта Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімі ашылып, оның құрамына қазақ халқының өкілдерін сайлау құқығы Алашордаға берілетіндігі де айтылған. “Сырдария” газетінде жарияланған осындай мәліметтер шындыққа жанасады. Оған дәлел ретінде Алашорда атынан РКФСР-дің Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. Сталинмен Семейден тура телеграф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасовтың 1929 жылғы қарашаның 10-ында ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабын келтіруге болады. Онда былай делінген: “Келіссөздерде мен Совет өкіметінің декларациясының идеяларына сәйкес қазақ халқының өзін-өзі билеу құқығының кедергісіз жүзеге асырылуын талап еттім. Барлығы есімде жоқ, дегенмен де мен он төрт тармақтан тұратын талаптар қойдым. Олардың жадымда қалған негізгілері: таратылған қазақ мекемелерін қалпына келтіру, Совет өкіметі жағдайындағы ұлттық автономияны құру, қазақ халқының тұтқынға алынған қайраткерлерін босату. Сталиннің жауабының мазмұны Алашорда Совет өкіметін мойындағанда ғана Қазақстанның Құрылтай съезін шақыруға әрекеттер жасалады дегенге сайды… Біз Сталинге телеграф арқылы Совет өкіметін мойындайтынымызды мәлімдеп, сол кезде Москвада жүрген Досмұхамедовтерге Орталық үкімет алдында біздің мүдделерімізді қорғауды тапсырдық… Осылайша Халел және Жаһанша Досмұхамедовтердің Мәскеуге Кеңес үкіметі басшыларымен кездесулері мен телеграф арқылы Сталинмен жүргізген келіссөздерінде кеңес үкіметінің ұлттық тұтастық негіздегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығын, тек кеңестік негіздегі автономия беруге даяр екендігін көрсетіп берді. Қысқасы Кеңес үкіметінің бұл мәселе жөніндегі ұстанымы: “Өзін-өзі билеу принципі социализм үшін күрес құралы болу керек және социализм мүдделеріне бағындырылуы тиіс”,- дегенге сайды. Кеңес өкіметінің мұндай ұстанымы Семей облысынан өзге де кеңестерге В.И. Ленин мен И. Сталиннің атынан жолданған жеделхаттардан айқын көрінді. Мәселен, Ақмола Кеңесі Мәскеуден келіссөздер жүргізу нәтижесінде орталықтан мынадай мазмұндағы жеделхат алған, онда: “Кеңес билігі большевиктердің қабылданған бағдарламасына сәйкес патша өкіметі кезінде қаналған барлық халықтарға автономия береді. Қазақ халқы өз территориясына лайық автономия құруға дайындала берсін”,- делінген.

Әйтсе де іс жүзінде Кеңес өкіметі Алашорда үкіметінің өзін де талаптарын да мойындағысы келмеді. Сондықтан да Х.Ғаббасов 1918 жылдың 1 сәуірінде РКФСР Халық Комиссарлары мен Ұлт істері жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ халқының ұлттық тұтастық мүддесін көздейтін Алашорда өкіметін тез арада ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. Кеңес өкіметі мұндай талаптарды жауапсыз қалдырды. Осылайша алаштықтардың кеңес үкіметі шеңберінде біртұтас ұлттық мемлекет құруға талпынысы нәтижесіз аяқталды. Большевиктер Алаш партиясына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын, пролетарлық революция жолындағы кедергі есебінде қарады.

Алаш басшыларының Кеңес үкіметімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесіз аяқталуына 1917 ж. күзінде құрылған, жетекшісі Көлбай Тоғысов болған, өздерін “Қырғыз (қазақ) социалистік партиясы” деп атаған “Үш жүз” партиясы да ықпал жасады. Бұл негізінен ұсақ-буржуазиялық социалистік партия еді. Партияның саяси көзқарасы мен практикалық іс-әрекеті 1917 жылдың күзінен 1918 жылдың басына дейін елеулі түрде өзгерді. Әуелгі кезде «үшжүзшілер» социалист-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, 1918 жылдың қаңтарынан бастап Кеңес үкіметін жер-жерде ұйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдың бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктермен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті.

69) Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз. Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштерін барынша жұмылдыру,қалаларды,өнеркәсіп жұмысшыларын,Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм»саясатын енгізді.Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғанудың қажеттілігінен туған еді.»Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді.Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлары астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді,ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауға көбейтуге,Қызыл Армияны,жұмысшыларды азық-түлік қамтамасыз етуге,ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.»Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда»әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру,оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды.1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария,Жетісу облыстары,Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

70. Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызы. 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б.

Казревком міндеттері: 1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.

1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.

Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: - «Ұшқын» газетін шығарды. - Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.

- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынборқаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы: 1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) - Еуропада 1922 жылдан 1991 жылға дейiн және Азия бар болған мемлекет. КСРО 1/6 бөлiгi мекенделетiн орналасты кептiр және 1917 жылға Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiсiз орналасатын және (Карстың жерi, Түркия қазiр) кейбiр басқа аумақ аумақтағы әлемiнiң елiн аудан бойынша өзi iрi болды, бiрақ шамшатпен, Оңтүстiк Сағалинмен және Курилдермен ғалициямен, Закарпатьемен, Пруссияның бiр бөлiгi, Северндермен.

1977 жылдың Конституцияларына сәйкес, КСРО бiртұтас одақты көп ұлттық және социалистiк мемлекетпен жариялады.Ауғанстанмен, Венгриямен, Иранмен, Қытаймен, (1948 жылдың 9 қыркүйегiнен) Солтүстік Кореямен, Моңғол елмен, Норвегиямен, Польшамен, Румыниямен, Түркиямен, Финландиямен, Чехословакиямен және тек қана теңiздегi АҚШтан, Швециямен жәнеЖапониямен КСРО-ның Екiншi дүниежүзілік соғысынан соғысынан кейiн жаяу шекарасы болды.КСРО Ресей КФСР, Украина КСР, Беларусь КСР және Закавказ СФСР бiрiктiруi 1922 жылдың 30 желтоқсаны жолымен жасалды.КСРО жасалды Желтоқсанның 30 1922 Беларусь КСР, Ресей КФСР, Украина КСР, Закавказ КФСР.Конституциясы бойынша егемендi мемлекеттiк болып табылған (әртүрлi жылдарда 4пен 16мен аралығындағы) одақтас республикалардан тұрды; әрбiр одақтас республикаға одақтан еркiн бөлiнiп шығу правосысы сақталынды. Одақтас республика шет мемлекеттерi бар қатынаста кiрiп, келiсiм шарттары олармен тұжырымдап және дипломаттық және консулдiқ өкiлдермен ауысып кетiп, халықаралық ұйымдардың қызметiнде қатысуға құқығы болды. КСРОмен Біріккен Ұлттар Ұйымы- ның 50 ел-негiздеушiлерiнiң арасында қатар болды Беларусь КСР және Украина КСР.АҚШтан КСРОның екiншi әлемдiк соғысынан кейiн, қатар, жоғарғы держава болды. Кеңес одағы Социализмның дүниелiк жүйесiнде үстем болды, сонымен бiрге Біріккен Ұлттар Ұйымы- ның қауiпсiздiгiнiң тұрақты кеңестiң мүше болды.КСРОны ыдыратты орталық одақты өкiмет және (одақтас республикаларды жоғарғы кеңестер, президенттер) орындарында жаңа сайланған өкiметпен өкiлдердiң арасындағы өткiр қарсы тұрумен бейнелендi. Республикалық жоғарғы кеңестер 1989—1990 барлық жылдардағы мемлекеттiк егемендiк туралы декларациялармен қабылдады, кейбiреулер - тәуелсiздiктiң декларациясы. ССРОның 15-шi республикаларының 9-шысына 1991 жылдың 17 наурызы азаматтардың үштен екiсiнде жаңартылған одақтың сақтауларына айтып қалатын ССРО сақтау туралы Бүкiл одақтық референдум жүргiзiлдi. Орталық өкiметтерге бiрақ ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi.

Сәтi түспеген мемлекеттiк төңкерiске прибалтика республикалардың тәуелсiздiгiнiң ресми мойындауы ердi. Не туралы тұрғынның көпшiлiгi Украина тәуелсiздiгiне айтып қалатын тәуелсiздiктер туралы Бүкiл Украиналық референдумнан кейiн мемлекеттiк бiлiм сияқты КСРО сақтау мүмкiн емес болды (Беларусь республикасы) Беларусь КСР (Украина ) Украина КСР және Шушкевич (Ресей Федерациясы ) , Кравчукпен одақтас республикалардың үш-шi тарауларын 1991 жылдың 8 желтоқсан қол қойылған ельцинмен Тәуелсiз мемлекеттердiң достастығының жасауы туралы келiсiмде мәлiмдеген. КСРО ресми 1991 жылдың 26 желтоқсанының өз болуы тоқтатты. Федерацияның соңында 1991 Ресейлiк жылы қатынастардың халықаралық-құқықтыларда ССР одағының мемлекетiмен мойындалып және БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiндегi оның орыны алған болды.

71. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері. . Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты- 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып».

72. 1924 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз. Түркістандағы ұлттық мемлекеттік межелеу . қазақ жерлернің АКСР құрамына біріктірілуі Ұлттық мемлекетке межелеуге жатқызылған республикаларда мәселені талқылау ресми деңгейлерде жалғасты. Мәмелен, Бұхар халықтың кеңестік республикасы кеңестерінің 1924 жылғы 19 қыркүйек тегі бесінші құрылтайында: Бұхар халықтарының ерік жігерін білдіре отырып , Түркістан мен Хорезм өзбектері мен бірге өзбек кеңестік Социалистік Республикасын құруға келісім береміз. Құрылтай Өзбекстан мен Түркістанның КСРО құрамына кіру қажеттігін бір ауыздан қолдайды» деген қаулы қабылдады. 10 күнннен кейін Бүкілхорезм кеңестерінің бесінші құрылтайы нақ осындай қаулы қабылдады. Қазақ АКСР нің астанасын Қызылорда қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. РКФСР ның үкіметі ҚАКСР нің басшылық органдарын орналастыруға арналған ғимарттар құрылысына 4 млн сом бөлінді. 1925 жылдың 6 сәуірде БОАК төралқасы Орынбор губерниясын ҚазАКСР құрамына шығару туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп аумақтық – экономикалық мәселелерді нақтылауды БОАК тің арнаулы комиссиясына тапсырды. Қазақ АКСР і құрамынан бөліп шығарған Орынбор губерниясына оның басым бөлігін орыс халқы құрайтын аудандар мен орал губерниясы Елек уезінің бір бөлігі қарады. Қазақ АКСР нің әкімшілік бөлінісін қайта құру 1925 жылдың бас кезінде аяқталды. Қазақ АКСР ені Адай уезін, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу,Сырдария губернияларын жіне Қарақалпақ автономиялық облысын біріктірді. Қазақ жерінің қайта бірігуі қоғамды бөлудің таптық принципіне құрылған және күн өткен сайын коммунистік идеология үстем бола түскен кеңестік қазақ мемлекеттігі аясында жүргізілгенімен, ол өңірдің тұрғылықты халықтарының, оның ішінде қазақтардың ұлттық ұлысуының жаңа кезеңіне, олардың мемлекеттігінің кеңестік негізде қалыптасуы мен нығаюына жол ашты.

1924 жылғы ұлттық территориялық межелеуден кейін ҚазАКСР – ның құрамына қандай қазақ жерлері кірді. Ұлттық және территориялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР – інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз болігі Қазақ АКСР – інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды ҚАКСР – інің кіметі құрған. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР – іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекаралырын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылығы ақпанда Төркүде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР құрамына енгізілгені заңды түрде рәсімделді. Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкен уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент жіне Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар ҚАКСР –іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезнің Гиоргиев, Шу, қаранөкіс болыстыры қосылды. 1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті.Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қортындылыары шығарылды.Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті.Олардын құрамын жергіліктендіру іске асырылды.Бөкей,Орал,Ақтөбе,Семей губернияларында болытық атқару комитетері сайлануынын кейін,деппутатардың жартысынан астамы қазақтар болды.Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә.Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты.9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37ауылында,сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды.126 жиын, 420 әнгіме өткізді.Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды.Мұнның озі ұлттық мемлекеттік нығайтуға ықпал етті.Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық –мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу респулика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСРнің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері ҚазақАКСРіне қарайтын болды.Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы 1 млн 468724 мың адамға өсті.Тұрғындары негізінен орыстар болып келетін Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді.Республика астанасы Қызылордаға (Ақмешітке) көшті.Қазақ жері мен халқын біртұтас қлт тық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.1925 жылы ақпанда жаңа өазақ жерлерінің бірігуіне байланысты Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды.

73. Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз .1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды.Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады,барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана .Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды.

74. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз. Қазақстанды индустриаланырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды ,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес ,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті .Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.)Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша ,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.)Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың ,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі ,Мәскеудегі ,Ленинградтағы,Донбастағы ,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.)Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған ,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты .Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп ,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды.4.)Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанла ауыр өнеркәсіп ,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып ,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.)Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті.

75.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарац дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.

76. 1929-1931 жж. күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз. Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аумақты түгел қамтығанын , бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30 дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, көтерілістері жатады. 1929 – 1930 жылдыр аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 – 1931 өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып,олрға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтың себебі байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. Көтерілістер мен оған қатысқан адам-дардың саны ресми мәліметтерден қа-рағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылған. Оның себебі, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. Сыртқы күштерге қарсы тұру үшін өз халқының кеңестік режимге риза екендіктерін танытуы тиіс болды. Яғни, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің санын аз етіп көрсету осы мақсаттан туындаған еді.Мемлекеттік қызметкерлер де жо-ғары жаққа көтерілістердің санын аз етіп көрсеткенін аңғару қиын емес. Мысалы, 1931 жылы желтоқсан айында Ф.И.Голощекин Сталинге жазған ха-тында: «Тап күресінің өрістегенін ГПУ-дің төмендегідей анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың 34000-дай адамы қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы екі жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылып және оған қатысқан 7500 кісі қолға түсті…» деп жазды.Көтерілістердің орын алуының бірден- бір себебі Кеңес өкіметінің саясаты еді. Көтерілістердің басты себептерінің бірі 1929 жылы қолға алынған күштеп колхоздастыру саясаты болды. Сталин 1928 жылы Лениннің жаңа экономикалық саясатын қорытындылап, 1-бесжылдықты бастап, жоспарлы экономиканы жүзеге асыра бастады. Ал мәселеде өзіне қарсы келген Л.Д.Троцкий секілді тұлғаларды саясаттан қуғындады .Әсілі, бұл саясаты 1925 жылдың жел-тоқсан айында коммунистік партияның ХІV съезінен бастау алды. Сталиннің директивасымен қабылданған шешім бойынша ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру жөнінде қарар алынды. Қарар негізіндегі жоспар бойынша қауым басшыларынан билік алынып, жер қазақ шаруаларының қолына берілуі керек болды. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің айтқанындай болмады. Айтылған мен жа-салынған іс-әрекеттер бір-біріне қарсы келді. Ауыл шаруашылығында ұжымдық шаруашылыққа күшпен біріктіру белең алды. Осы себептен де А.Байтұрсынов секілді зиялылар бұл реформаға қарсы шықты. Алайда, Кеңестік үкімет ре-формаға қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметтен қуылды.Алғашқы бес жылдық жылдары (1928-1932 жж) ауылда жекеменшік жойылып, колхоз бен совхоздар құрылды. Осы реформаның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы теңестіріліп ұжымдастырылды. Реформа Кеңестік идeология мен жүйені жүзеге асыруды жеңілдетті. Осылайша, халық мемле-кеттің қатаң бақылауына алынды Жер, қырдағы халықтың әдеп-ғұрпы негізінде әрбір рудың ортақ меншігі болатын. Қала немесе өзге де елді мекендерде шариғатқа сай меншік құ-қығы бар-тын. Сонымен бірге, қырды мекендеген халық жерді шабындық және мал жаю үшін пайдаланатын. 1917 жылғы төңкеріске дейін қазақ қоғамында негізінде үлкен жер иеленушілер жоқ болды. Мақта егуге мемлекеттің мәжбүрлеуі және ұсақ жер иелерінің қарызға батуына байланысты1929 жылы Сталин Кеңес үкіметінің жылдық қорытындысы ретінде сөйлеген сөзінде: «Мынаны білгеніміз жөн, ұжым-дастыру әрекетінде біз туындаған дағ-дарыстан міндетті түрде құтыламыз неме-се құтылдық. Егер колхоз бен совхоздарды құруды осылайша жеделдете түссек, өл-кеміз үш жылдан кейін бидайға бай ел болып, бидайды экспорттайтын бірден-бір мемлекет болатындығына шүбә жоқ», — деген еді. Бірақ, үмітке толы бұл сөздер 1929-1931 жылдар аралығында тек қана қазақтардан екі миллионнан астам адамның өлуіне әкеп соқты.Сталин 1929 жылы жариялаған ше-шімімен колхоз және совхоз жұмыстары-на басымдық берді. Бірақ, бұл реформаны іске асыруда кедергілер жоқ емес еді. Қазақстандағы Коммунистік партияның өкілдері колхоздастыруға әлі ерте екендігі жөнінде сан мәрте Мәскеуге мәлімдеме жасағанмен, ештеңе өзгермеді.Қазақстанда бұл жылдары орын алған көтерілістердің негізгі себебі Кеңес үкіметінің отаршылдық саясатының бір көрінісі болған колхоздастыру реформасынан туындады. Бірақ, мемлекет жетекшілері көтерілістердің негізгі себебін басқаша көрсеткісі келді. Ф.И.Голощекин 1930 жылы 21 сәуірде Сталинге: «Қазақ ауылындағы 91 жағдай туралы» атты жіберген хатында, көтерілістер «бай, атқамінер, ру басысы әлі де ауылда елеулі күш болып табылатын тап күресінің шиеленісе түсуінен» – деп бұны баскөтеру себебі ретінде көрсетті.Көтерілістерді ресми мәліметтерде көрсетілгендей Ташкенттегі зиялылар ұйымдастырған. 1921 жылы Самарқанд-та А.З.Валиди Тоған басшылығымен «Орта Азия Ұлттық революциялық қауымдастықтар одағы» құрылған бо-латын. Түркістан халықтары (қазақ, өзбек, түркмен, башқұрт) құрған бұл одақты қысқаша «жамиғат» деп атайтын. Алаш орда қайраткерлері де мүше болған бұл «жамиғаттың» жеті баптан тұратын платформасының біріншісінде: «Жамағаттың мақсаты — Түркістанның тәуелсіз болуы және Түркістанның билігі түркістандықтардың қолында болуы» – деп көрсетілді.Кеңес үкіметінің жетекшілерінің кө-теріліс туралы пікірі осылай еді.

77. 1931-1933 жж. аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз. Демографиялық салдарына бүкілодақтық халық санағы деректері бірден бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашақтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінің шыңы 1932-1933 жылдың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санағының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткенне кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай алдыңғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллион адамынан айырылды. Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынандай қорытынды шығарады, демек аштықтың 121. Республика өмірін соғыс талабына қайта құру. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономикасы әскери бағытқа көшірілді(милитарландырылды). Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Орынбор, Куйбышев желілері тартылды. Атырауда әскери теңіз базасы жасалды.

Соғыстың 1-ші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39%-ке арттырды, электр қуатын өндіру 2 есе дерлік өсті. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары салынды. Осылардың арқасында Қазақстан молибденнің одақтық көлемінің 60%, металл висмутының 65%, полиметалл рудаларының 79% берді.

1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37%-ке өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.

Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.

Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Соғыс кезіндегі 1-ші қыста қары жұқа шөлейтті өңірлерде 2,1 млн. мал бағылды (24%), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46%) бағылды. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж-дан 1943 ж. дейін 2,5 есе өскен.

Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға қысқарды.

Мәдениет мекемелері азырақ сақталып қалды. Көпшілік кітапханалар 2 еседен астам қысқарды, кітап қоры үштің біріндей азайды. Театрлардың саны бұрынғы күйінде қалды. Ресей және Украина өнер қайраткерлерінің арқасында, әсіресе кинематографияда елеулі сапалық өсу байқалды.

Соғыс жылдары Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды. Геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты және 150 кенішті зерттеді. 1941-1945 жж. республикада 12 ғылыми институт және олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті.

Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотореялардың құнын есептегенде республика халқының майдае қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың 2 жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.

Республикада халықтан 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5 мың шолақ тон, 312 мың пар киіз байпақ түсті. 1943ж. ғана Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс обл-рына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді.

және сонымен байланысы аурулардың салдарынан аталған жылдары республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42%-ы құрбан болды.

78..ХХ ғ. 20-30 жж. мәдени революцияның қайшылықтары мен салдарын түсіндіріңіз..Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен ,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Атап айтқанда Бас саяси ағарту кеңесінің күш жігерімен «аштық» көрмелері ұйымдастырылды.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі . Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи –статистикалық бөлімінің жанынан тарих .этнография ж2не жаратылыстану –география секцияларын ұйымдастырды. 20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы: Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылды Зиялылрдың жаңа топтары қалыптасты. 20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы: Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]