Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.

. Моғолыстан 14ғ ортасымен 15ғ аяғы аралығында өмір сүрген.14ғ ортасында Шағатай ұлысы ыдырып екі бөлікке бөлінді.Шағатай ұлысының шығыс бөлігі-Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғыстын аумағында Моғолыстан мемлекеті құрылды.Мемлекетті Шағатай ханға адал қызымет еткен дулат тайпасының әміршісі Поладшы басқарған.Бірак ол хан болуға құқы болмағандықтан,Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді 1348ж хан етіп сайлайды.Тоғылық-Темір билікке саяси тұрақсыздық орнаған кезде келді.Бірак жағдайды біршама тұрақтандырып,Моғолыстанның бүкіл аймағын өз билігіне біріктірді.Ордасы Алмалық қаласы болды.Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.Тоғылық-Темір өзінің билігн Мәуренахрға да жүргзбек болды.Өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлтының кезінде орныққан Орта Аэия жеріндегі билікті қалпына келтіруді көэдейді.1360-1361 жылдары Мәуреннахрға сатті жорықтар жасап,баласы ілияс Қожаны Мәуреннахрдың билеушісі етеді.Алайда Тоғылық-Темір қайтыс болады.Ілияс Қожа мұрагерлік құқын реттеу ушін Моғолыстанға оралады.Осы кезде Әмір Темір Мәуренахрда өз билігн орнату үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады.Арасында бірнеше соғыстар болып Моғол ханы жеңіледі.Ақыры 1365ж 22 маусымында шешуші шайқаста Ілияс Қожа жеңеді.Одан кейн билікке Тогылық Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр Қожа келеді.Бірақ осы кездері Әмір Темір бұларға жорықтар жасайды.Алғашқы жорық 1371-1372ж болды.Екіншісі 1375-1377ж болды.1380-90 жылдарында тағыда бірнеше рет жорық жасаған.Сонымен Әмір Темірдің шабуылдарынан әбден титығы жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді.Қызыр Қожа Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.1405ж Темір қайтыс болған соң,Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед кезінде (1408-1410)тәуелсіздікке қол жеткізеді.Мұхаммед олген соң Моғолыстанда талстар қайтадан басталады.Моғол шонжарлары Қызыр Қожаның екінші немересі Уәйісті хан тағына отырғызады.1428ж Уәйіс қайтыс болған соңда талас-тартыс басылмыйды.Хандық үшін талас Уәйіс ханның екі ұлы Есенбұға мен Жүніс арасында жүреді.Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-62ж хан тағына отырады.Бірақ Жүніс таласын тоқтатпайды.Ол Темір ұрпағы Әбу Саидтан комек сұрайды.1462ж Есен Бұға қайтыс болған соң Жүніс Моғолыстанға оралып өзін хан етіп жариялайды.Моғолыстан хандығы Жүністің немересі Абд-ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды.Ол Жетісу аймағы Қазақ ханығының құрамына енеді.Сонымен Моғолыстан тарих бетінен жойылады.

28. .Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында Алтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның Солтүстік –батысында Ноғай ордасы құрылды.Ноғай орданың алғашқы аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің арасы Орданың негізгі халқының құрамы маңғыттар болды.Олармен бірге қоңрат,найман,арғын,қаңлы,алшын,қыпшық,тама т.б түркі тілдес тайпалар болды.Ноғай Ордасының Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған.Бірак Ноғайдын кейін бұл ел ешбір тарихи деректерге ұлыстық дарежеде кездеспейді.Тек 14ғ соңғы кезінде Едігенің уакытында Ноғайлардың аты шыға бастайды.Едіге Ноғай елін Алтын Ордадан оқшаулата бастайды.Едігенің баласы Нұраддиннің кезінде (1426-40) Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып Алтын Ордадан бөлініп шығады.Орталығы Сарайшық қаласы болған.Едіге негізінен Алтын Ордада хандардың кеңесшісі болған.Едіге 14ғ 90жылдарында Тоқтамыс ханмен үздіксіз соғысумен болады.Оның басты себебі біріншіден билік үшін күрессе екіншіден Ноғай Ордасының беделін көтерп шекарасын ұлғайту үшін соғысады.Едіге Алтын Ордада Темір Құтлық ханның кезінде беделі бик болып оның кеңесшісі болады ж/е оған аға-әмір-беклір бек деген атақты береді.Бірақ Темір Құтлықтың баласы Темір ханның кезінде Едіге мен арада қарама қайшылық туады.Екеуінің арасында соғыстар болады.Едіге Тоқтамыстың ұрпақтарымен үздіксіз соғысуы нәтижесінде, Тоқтамыстың Қадырберді деген баласымен соғыста Едіге қайтыс болады. Кейбір деректерде 1419 жылы қаза болған дейді. Осыларға қарап отырып Едігенің ел билеуге уақыты да болмағанын көреміз. Едіге қайтыс болған соң орнына Ғази бек болады. Ол бірақ өте қатал болғандықтан оны 1428 жылы әмірлер өлтіреді. Маңғыт елі біраз нашарлап, Едігенің балалары жан жақа бытырап кетеді. Осы кезде билікке Едігенің кіші ұлы Нұраддин келеді. Ьіне осы кезде және Нұраддиннің баласы Уақас бидің кезінде Ноғай ордасы болып толық бекінді. Уақас биден кейін оның бауыры Аббас Ноғай ордасының бегі болады. Мұның кезінде 1446 жылы Сырдария бойындағы қалалар алынып ол Үзгент қаласында билік жүргізген. Орда өмірінде Мұса мырза Жанбыршы бидің атқарған қызметтері зор болған. 16 ғ 2- жартысында Ноғай ордасы ыдырай бастайды. 1550жылы Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай ордасы бірнеше иелікттерге болініп кетеді. Ыдырау кезінде халқының біраз болігі Кіші жүздің құрамына енген. Ал тағы бір болігі Ресейге қосылып кетеді. Осылайша Маңғыт елі тарих бетінен жоғалды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]