Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz-yaz_1-30_vopros.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
87.72 Кб
Скачать

1.Физика - табиғат туралы ғылым ретінде «бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы Аристотельдің шығармаларында баяндалды.

«Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз - Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М.В. Ломоносов болатын.

Физиканың негізгі мақсаты - табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр.

Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады.

Физиканың ғылыми тілін игеріп, заңдарын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды. Мысалы, жол, жылдамдық, куиі сияқты сөздер физика тілінде жиі қолданылатын терминдер болып табылады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық ұғымдар деп аталады. Мысалы, физикада материя, дене, зат сияқты ұғымдар жиі қолданылады. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Мысалы, материяға өсімдіктер мен жануарлар, Ай мен Күн, жұлдыздар мен планеталар, сондай-ақ жарық және басқа да сәулелер жатады. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Мысалы, Ай, қасық, өшіргіш, үстел, судың тамшысы денелер болып табылады. Дене белгілі бір заттардан тұрады. Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады. Мысалы, затқа күміс, су және ауа жатады. Үстел - дене болса, оны құрайтын ағаш - зат. Шеге - дене, шегені құрайтын темір - зат. Ағаш та, темір де дененің сапалық қасиеттерін сипаттайды. Дене бір ғана заттан түзілуі мүмкін. Мысалы, су, оның буы және мүз - бұлардың барлығы да бір ғана заттан тұрады. Алайда, бір тамшы су мен мүз кесегі дене деп қарастырылады да, бу тек зат болып есептеледі. Өйткені будың денеге тән нақты көлемі және пішіні жоқ. Физика – табиғаттағы денелер мен құбылыстардың неғұрлым жалпылама қасиеттері жайлы ғылым. Оның міндеті – құбылыстардың міндеті мен ішкі заңдылықтарын ашу. Физика пәнін оқып үйренуде қолданылатвын белгілі бір ұғымды, затты, құралды білдіретін сөздер: физикалық дене, зат, материя, физикалық құбылыстар, физикалық шамалар, фиизкалық құралдар.

2.Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игілік-тердің жиынтығы және ол барлық уақытта қоғам меншігінде болады.Ұлттық байлық құрамына мыналар кіреді: Айналым қоры,тұрғындар мүлкі, айнымалы өндірістік қорлар, негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар, материалдық резервтер мен сақтандыру қоры. Бұдан да басқа ұлттық байлыққа жер, ормандар, сондай — ақ барланған табиғи ресурстар жатады.Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 225,5 млн га мөлшерін құрайды, оның ішінде 82% ауыл шаруашылығы жеріне жатады. ҚР 21,7 млн га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар. Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, жануарлар әлемі болса алуан түрлі.

ҚР өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі.

Шабындықтар мен жайылым (162млн. га) көлемі бойынша Қазақстан Австралияны (450 млн. га), АҚШ-ты (320 млн. га) және Қытайды (234 млн. га) ғана алдына жібере алады. ҚР пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД- дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Бұрынғы одақтағы мұнай қорының 9%-ы ҚРүлесіне тиесілі болса, ал әртүрлі бағалаушылардың пайымдауынша жалпы әлемдік мөлшердегі мұнайға ТМД үлесі 6-10% құрайды екен. Қазақстанда марганец рудасы (408 млн. т) қорының 13% шоғырланған және мөлшері бойынша тек АҚШ- ты (553млн. т), Украинаны ғана алдына салады.

ҚР әлемде хром рудасы қоры бойынша екінші орынды иеленді және республика 1990жылы жалпы одақтағы оны өндірудің 96,6%-ын игерген. Жалпы темір рудасы қоры (16662млн. т.) бойынша Қазақстан әлемде Бразилия, Австрия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей мен Украинадан соң сегізінші орынды иеленеді.

Вольфрам қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші орынды, фосфор рудасы бойынша — екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша — төртінші орында.

1990жылы бұрынғы Одақтағы 98,2% хромит, 81,7% барит, 64,7% фосфорит, 53% вольфрам, 38,5%-қорғасын, 29,5% молибден, 28,4% мыс, 22,1% боксит, 20,1%асбест, 13%марганец, 11,9% көмір және 9,7% темір рудасының қоры ҚР үлесіне келеді. Уран рудасы қорының көптігі бұрынғы Одақтағы уран өндірудің 56% қамтамасыз етті. Республика жерінде Менделеев кестесінің 60-тан астам ең белгілі элементтері табылған

Қазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру — экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай — ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас. Сондықтан, 21 ғасырда физиктер атом ядросынан энергияны алу жолын тапты. Қазақстан бекерден бекер Expo- 2017-нің тақырыбына болашық қуатын таңдаған жоқ. Себебі, әлемде қуат қорларының көлемі, олардың тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау қазір өзекті мәселеге ие болып отыр. Қазір ақпарат көздеріне сүйенсек жер бетіндегі көмір қоры 130 жылға, мұңай қоры 50 жылға, ал уран қоры 90 жылға жетеді. Сондықтан, басқа қуат көздерін іздеу бұл ғасыр талабы.

3. Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі Тәуелсіздік белбалалары басатын болады.

Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Бұл ұрпақ прагматизмді, тиімділікті, жаңалыққа, инновацияға иек арта келеді. Кешегі күні үлкен бейнетке түсетін, қол күшімен атқарылатын процестерді енді техника күшімен атқарады. Қалам-қағазға жүгініп, қолмен есептеп жататын шаруалар техника үлесіне көшті. Компьютер арқылы қажетті мәліметтерді таба алады, алысқа хабарды интернет, ұялы телефон арқылы жібере алады. Бүгінгі ұрпаққа бұл қиындық келтірмейді, техника құлағында еркін ойнайды. Жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Мұның себебі де бар, Елбасы жастар саясатына соңғы жылдары үлкен маңыз берді. Олармен нақты жұмыс істеудің үлгісін көрсетті. Бұл жергілікті билік өкілдеріне де үлкен сабақ болды. Олар да жастар саясатына үлкен бетбұрыс жасады.

Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деген өлең жазған еді. Қазақ жерінде заман ауысып, үлкен өзгерістер болып жатқан кезде, ескіні қиратып, жаңа тұрмыс құруға ел кірісіп жатқанда ұлтжанды ақын алдағы бар болашақты жастармен байланыстырып, соларға үміт артқан еді. Жас қырандар – балапан қанат жайып ұмтылған, көздегені көк аспан, мен жастарға сенемін, мен сенемін жастарға, алаш атын аспанға, шығарар олар бір таңда, мен жастарға сенемін, деп жырлаған еді…

Ал жиырма бірінші ғасырдың басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезекті ХІІІ сьезінде осы сөзді қайталап, жастарға арнайы қайырлып үн қатты.

Әрине, Елбасының жастарға сөз арнауы бұл бірінші рет емес. Соңғы жылдарда ол жастарға бірнеше рет өз сөзін арнады. Жылдағы дәстүрлі Жолдауларында, келелі жиындардағы сөздерінде жастар саясатына айрықша назар аударғаны белгілі. Бұларды қоспағанда Қазақтың Әл-Фараби атындағы, Л.Гумилев атындағы университеттердің студенттері мен профессор-оқытушыларының алдында оқыған дәрістері жастардың тікелей ғылым, біліммен қарулануына арналды.

Қазіргі жастар тәуелсіз Қазақстанда өсті, олардың көз алдында мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді. Олардың ана сүтімен бойында патриотизм және өз тәуелсіз Отандарына деген сүйіспеншіліктің терең сезімі дарыған.

Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі барлық ойлар мен жоспарларды қисынды қорытындысына жеткізетін де жастар болмақ.

Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенім мол.

Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.

4. Табиғат- тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты терең әрі нақты түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қалыптасады.

Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың, ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл- Фараби айтқандай «Адам бойында ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты»

Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құрпылып жүре береді. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жерге әсерін тигізеді. Соныдықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы.

Қаситетті, қайырымды Жер-ананың,

Мейірінен өмірге нәр аламын.

Аялы алақанмен аялауда

Азаматтық борышы әр адамның!- деп жырласа Ыбырай Жақаев атамыз «…біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа, — адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттердің бірі» десе, Я.А.Коменский «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам – табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы» деп сипаттаған. Табиғатты қорғау қарапайым істен басталады. Бөлме өсімдіктерін күту, оны өсіру, мектеп ауласына гүл, ағаш отырғызу, баптау т.б. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету – әрбір адамның қажетті борышы.

Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған келелі де күрделі міндеттердің бірі-табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалану.

Табиғат- адамға баға жетпес байлық. Ол ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат-адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі»деп дәріптеген.

Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны былғап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да досы. Санасыз іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Қазіргі таңда экологиялық проблема ғаламдық мәселеге айналып отыр.Экология- табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым.Экология- тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды» талап ететін ғаламдық мәселеге айналды. Сондықтан елімізде табиғат қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны да әбден заңды. Экологиялық тәрбиені жүйелі негізге қою да-уақыт талабы, экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау- бүгінгі таңда әрбір азамматтың абыройлы борышы. Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйені зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді. Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ауа мен судың өзгеріске ұшырауы салдарынан адам баласына және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне үлкен зиян келтіруде. Улар ең алдымен ауаға қосылады, ауадан-суға, судан-топыраққа, топырақтан өсімдіктерге, өсімдіктерден- малдарға, малдардан- адамдарға тарайды. Осындай уланған табиғатта өмір сүрген адамзаттың ұрпақтарының денсаулықтары жылдан-жылға нашарлай түсуде.

Табиғат – адамға баға жетпес байлығы. Сондықтан біз оны бағалап, сақтап, қамқорымызға алу біздің алдынғы міндетіміз.

5. Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар мемлекетіміздің болашағына салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Олай болса еліміздің болашағы үшін ұлттық білім жүйемізді дамыту заман талабы. Тәуелсіз жиырма екі жыл ішінде Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің мазмұны да, бағыты да, маңызы да өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Егемен ел атанған Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі осы жиырма екі жыл ішінде реформалаудың бірнеше кезеңдерінен өтті.

Бүгінгі күні мемлкетімізде білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарын жақсартуға ерекше мән берілуде. Білім берудің жаңа моделі жасалынып, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде қолданысқа ие болуда.

Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.

Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:

1.ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу;

2.әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Бүгінгі таңда білім беру жағдайы жаңа кезеңге жол ашпақ. Білімділік деңгейін көтеру халық өмірінің сапасын арттырудың неғұрлым маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi.

Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Халықаралық білім беру стандарттары туралы сөз еткенде, олардың біріздендірілгендігін емес, үлгісінің жақсылығын, мамандар даярлаудың жоғары сапасы мен кәсібилігін айтады. Өйткені «білім беру стандарты» ұғымы шетелдерге біздегіден өзгеше түсіндіріледі. Білім беру стандарттары бар елдерде оқу процесіне қандай да бір регламент қойылмайды. Онда оқу орындары үлкен академиялық құқықтар мен дербестікке ие.

Білім беру жүйесіндегі басты міндет халықтың барлық деңгейлер мен сатыларда сапалы білім алуына қол жетімдігін кеңейтумен айқындалды. Осыған байланысты білім саласындағы күш жігер оның сапасын қамтамасыз ету жүйесін құруға бағытталуы тиіс. Білім беру жүйесіндегі басты міндет пен іліспе мақсат үздіксіз білім беру принціпін еңгізу болып табылады. Сапа мынадай аспектіде қарастырылады: қазіргі кезде білім беру деңгейлерінің әрбірі өздері үшін тіршілік етіп жатқандай. Келесі онжылдықтың мақсаты, бір жағынан, адамның ілгершіл дамуын қамтамасыз ететін біріңғай ұлттық білім беру жүйесін құру, екінші жағынан, білім берудің ұлттық жүйесінің жалпы әлемдік жүйемен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. Алдағы 10 жыл ішінде білім беру жүйесін адамды біліммен ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге осы білімді білікті пайдалана білу және үздіксіз оқу дағдыларына баулу жүйесі етіп қайта құру күтіп тұр. Білім беру жүйесі экономикалық және әлеуметтік салалардан оқшау тіршілік етуін тоқтатуға тиіс. Оны үлкен әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір бөлігі болу және ел экономикасын адам ресурстарымен қамтамасыз ету міндеттерін шешу күтіп тұр.

Білім берудің әр түрлі деңгейлері үшін бағдарламаның үйлесімділігін қамтамасыз ету арқылы білім берудің мазмұнын жаңарту маңызды болып табылады. Оның үстіне он жыл ішінде оқу процесін ұйымдастыруды қатаң стандарттаудан ұдайы жетілдіруге бағдарланған, ақылға қонымды шекте реттеліп отырған нысанға көшіруді жүзеге асыру күтіп тұр. Осы орайда жаңарудың әрбір кезеңіне жеткілікті ресурстық қамтамасыз етумен қолдау көрсетілуге тиіс.

6.Әлемдік бәсеке және ұлттық муде.

«Ағылшындардың мәңгілік досы жоқ, ағылшындардың мәңгілік қасы жоқ. Ағылшындардың мәңгілік мүддесі бар». Мұны кейбір кісілер ағылшындардың ерекше пір тұтатын тұлғасы, лорд Уинстон Черчилль айтқан десе, тағы да біреулері бұл сөзді

ағылшынның ұтқыр саясаткері, кезінде осы елдің үкіметін басқарған Пальмерстонның аузына салады.

Ұлттық мүдде міндетті түрде қорғалуы керек. Осы ретте, ұлтты ұшпаққа шығаратын азамат, ұлтқа шым тереңнен ойлайтын, тым қияннан болжайтын тұлға қажет десек әсте қателеспейміз. Бірер мысал. Алып Қытай жол айрығында абдырап тұрғанда ұлтын Дэн Сяопинь бастап, халқын қазір АҚШ-пен иық тірестіріп, Жапонияны және Германияны экономика жағынан көп артқа қалдырып отыр. Үндістан Ұлыбританияға жалтақтап қалғанда Махатма Ганди басын бәйгеге тігіп шықты. Ең демократияшыл деп саналатын Америкада Франклин Делано Рузвельт президенттікке қатарынан төрт мерзімге сайланса, Шарль де Голь есімі Франция тарихында мәңгілікке жазылып қалды. Түркия елінде Мұстафа Кемаль Ататүрік, Сингапурда Ли Куан Ю болып, әлемде осындай біртуар ұлт тұлғаларының есімдері жалғасып кете береді. 

Қазақ қамы үшін де бабаларымыздың қаны аз төгілмеді, батырларымыз бүкіл өмірін ат үстінде өткізді. Яғни, ата-бабаларымыздың ұлы мақсаты тәуелсіздікті алу болды. Сол Тәуелсіздікті ХХ ғасырдың соңғы жылдарында алдық.  Біз Тәуелсіздікті көшбасшымыз, ұлтымыздың ұлы перзенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Көзі ашық қазақ ұлты, Қазақстан елі мұны анық біліп, өз ұлтының тұлғасы Нұрсұлтан Әбішұлын барынша қолдап отыр. Елдің өмірі мен тыныс-тіршілігінде игі жақсылықтардың қандай күшпен келіп жатқанына кейбір адамдардың мән бергілері келмейтін де сыңайлы. Назарбаевтың республика халқының тұтастығын  нығайту бағытында үзбей атқарып келе жатқан жұмыстары да елдің мүддесіне орай жүргізілуде. Назарбаев ТМД-ның жекелеген елдерінде орын алған этносаралық қақтығыстарға, сонымен қатар ішкі және мемлекетаралық кикілжіңдерге жол бермеген бірден-бір мемлекет басшысы. жүздеген кәсіпорындар пайдалануға берілуде, шағын және орта бизнес қарқын алуда, сөйтіп жүз мыңдаған жаңа жұмыс орындары пайда болуда, жастар оқу іздеп дүниежүзінің ең үздік деген университеттеріне аттануда, жаңа үлгідегі мектептер салынып, балабақшалар ашылуда. Жыл сайын бюджеттегілердің айлық жалақылары, зейнеткерлердің зейнетақылары, әртүрлі әлеуметтік топтардың жәрдемақылары өсіп келеді.Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарысты дүрбелеңге ұрындырмай, нық сеніммен еңсерді әрі елдің үдемелі индустриялы-инновациялық даму кезеңіне өтуіне мүмкіндік беріп отыр

7.Жер климатының озгеруі мен парникті газдарКлимат – белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы . Климаттың өзгеруі қазіргі таңда ғаламдық проблемаға айналып отыр. Климат Жердің геологиялық тарихында күшті өзгерістерге түскен. Климат өзгерістерін Жер шарының көптеген аудандарынан қазіргі кезде де байқауға болады. Оған Күннің қарқынды сәуле шашуы, геомагниттік өріс әсерінің күшеюі, атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ғасырлық өзгерістер, соңғы ғасырлардағы адам әрекетінің ерекше қарқын алуы және т.б. себепші болуда. Климат өзгерістері Жер шары бойынша жылдық орташа температураның жоғарылауынан (0,5°С-1°С), «жылыжай эффектісінің» белең алуынан, кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшерінің күрт артуынан немесе керісінше күрт азаюынан, кейбір мұхит ағыстарының бағыты мен қасиетінің өзгеруінен айқын көрінеді. Жер сілкінісі - климаттың өзгеруінің салдары. Жер шарының климаттың әр түрлі болуы —  климат құрайтын факторлардың, ягни осы  процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады. Климаттың өзгеру қаупі  туралы ең алғаш 1975 жылы сөз қозғалды. 1975 жылы 8 та­мызда “Scіence” атты журналда америкалық климатолог Уоллес Брокер ауа райының күрт өзгере бастағанын алға тартып, алғаш рет “жаһандық  жылыну” терминін өмірге әкелді.

Бүгінгі таңда біздің планетамызда атмосфера тепе-теңдігін сақтап тұрған екі алып мұздақ бар.  ғалымдарды ерекше алаңдатып  отырған күрделі қауіп те осы  мәңгі мұздақтардың күрт еруіне байланысты болғалы тұр.

 Қазақстан парникті газдар деңгейін 1992 жылға қарағанда 2020 жылы 15 пайызға, 2050 жылы 25 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр. Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, (шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%), озон, фреондар және басқа да газдар (парниктік эффектінің шамамен 10-25%) жатады. Барлығы 30-ға жуық парниктік газдар, олардың атмосферадағы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап атмосферадағы СО2 мөлшерінің өзгерісі 12-15% артқан.әр нүктесіндегі . Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]