Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz-yaz_1-30_vopros.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
87.72 Кб
Скачать

8. Сапалы білім жақсы табыс табудың көзі Сапалы білім жақсы табыс табудың көзі

Еліміздің ертеңгі болашағы- бүгінгі мектеп қабырғасынан білім нәрін алып жат қан оқушыларымыз. Ал оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беретін мектеп ұстаздарының басты міндеттері- оқу үрдісін дамыту. Оқыту мен тәрбие берудің сапасына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. Қазіргі кезде егеменді елімізбен бірге дамып келе жатқан білім саласына үкімет тарапынан көп көңіл бөлінуде . Білім бұлағының бастауы — мектеп. Сондықган бүгінгі мектеп пен педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орны тығыз байланыстағы тұтас шеңберді құрауы тиіс деп білеміз. Мектептің журегі болып саналатын білікті, жан жақты дамыған мұғалімді жоғары оку орындары даярлайды. Ал алғыр да, ізденімпаз студенттердің негізі мектеп партасында қаланады. сапалы білім мен бойыңдағы талантыңды паш ететін мүмкіндік. Жастардың кейбіреуі жалғастыра оқып жоғары білім алудан гөрі басқаша тіршілік етуді қалап жатады. Ондайда ата-аналары университетте оқуды талап етіп жатады. Жастар кейде ол ақылды тыңдамай жатады. Бірақ, мен ата-аналардікі дұрыс деген болар едім. Себебі, жоғары білім алудың өзі – үлкен мүмкіндік. Ал сапалы білім – жақсы табыс табудың көзі. Оның үстіне бұндағы мүмкіндік – бір кетсе, екінші қайтып келмейтін мүмкіндік. Білім алып, негіз қалайтын жастан өтіп кеткен соң, кім болсаң да бәрібір, сені енді талайың  Біз қазір нарықтық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұнда көп нәрсені адамдардың жеке басының белсенділігі шешеді. Бірақ, бұл жүйенің кемшілігі – барлық адамға әділетті бола бермейді. Нарықтық қоғам адамды тағдыр тәлкегінен қорғамайды. Біреу кәсібін сүйіп, беріле жұмыс істегенімен, оның жұмыс істеген саласы нарықтан өз орнын ала алмаса, бұл адам қаншалық ұмтылғанымен, бәрібір жұмыссыз қалудан қорғана алмайды. Бұл да әділетсіздік, алайда қоғамның заңдылығы – осы. емес, тағдырың илей бастайды: сенің бай немесе кедей болуыңды мамандығың белгілейді. 

Елбасы Н.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақтың тағдыры  ұстаздардың қолында»,- деген қанатты сөзі әрбір мектеп мұғалімінің көкей інде жүретіні анық.

9.Қазақстан -2050. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды. Еліміздің 22 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі  даму стратегиясы шеңберінде Үкіметтің  алдында Қазақстанның дамыған 30 елдің  қатарына кіру тұжырымдамасын әзірлеу, ел инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік  бағдарламасын, агроөнеркәсіп кешенін  дамыту бағдарламасын, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік салалар  бойынша бірқатар маңызды құжаттарды қабылдау міндеті тұр. Қазақстан дамуының 2050 жылға  дейінгі стратегиясы мемлекетімізді қазіргі заман сипаты мен сынына сай жаһандық және тұжырымдамалық міндеттерді  шешуге, соның қатарында қуатты да бәсекеге қабілетті экономика, сенімді  әлеуметтік саясат, жоғары технологиялы индустриалдық сектор құрудың алғышарттарын  жасауға бағыттайды. Бұл міндеттер  ел өңірлерінің тікелей әрі белсенді қатысуымен жүзеге асырылып, өңірлер  инвестиция тарту, инфрақұрылымдарды  кеңейту мен жаңғырту, жаңа өндіріс  орындарын ашу орталықтары болып  бекиді. Кәсіби мемлекеттік қызметшілерді даярлау мәселесі мемлекеттік басқару саласында барлық реформалардың дәл ортасында болуы тиіс. Себебі елдің орта мерзімді даму бағдарламалары мен ұзақ мерзімді стратегиясын ойдағыдай іске асыру мемлекеттік аппараттың құзыреттігіне байланысты. Біздерге алдағы уақытта тек қана халықаралық тәжірибеге иек арта бермей, отандық тәжірибені де басшылыққа алудың мәні зор. Сонда ғана «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыруда табысқа қол жеткіземіз. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]