Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz-yaz_1-30_vopros.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
87.72 Кб
Скачать

15.Магниттік дауылдар және оның биосфераға әсері

Магнитті дауылдар күн сәулелері ағысы әсерінен пайда болады. Күннің де Жер сияқты магнит өрісі бар Күннің магнит өрісінің қуаты 20-30 эрстед, кейде 3000 эрстедке дейін жетеді. Магниттік өрістің мұндай жоғары қуаты оның сәуле шығару қабілетін төмендетеді.  Жер магнит өрісінің бір секторынан екіншісіне екі тәулік ішінде өтеді. Жердің магнитосферасы бұл кезде біршама өзгерістерге ұшырайды. Мамандар дәл осы кезеңдерде метеорологиялық факторлар – атмосфераның турбуленттілігі, найзағайлар саны ұлғайып, атмосфералық қысымның өзгеретінін, байқалатынын анықтады. Мысалы, америкалық зерттеуші Р.Марксон 1969 жылы Жер екі сектордың арасындағы шекарадан өткенде, найзағайдың көбейетінін көрсеткен. 1974 жылы Дж. Уилконс өзінің әріптестерімен бірге, сол сияқты 1977 жылы С.Хейнес пен И. Хамви Жердің жасанды серіктерінің мәліметтері негізінде жоғарыда айтылған кезеңде атмосферада бұлттардың азаятынын байқаған. Күн белсенділігінің күшеюі, не әлсіреуі кезінде Күнде отты жарқылдар пайда болады. Бұл кезде электромагнитті сәулелер мен энергияның зарядталған бөлшектері түрінде 102 джоульге дейін энергия бөлінеді. Магниттік дауылдар жарқылдың жердің ионосферасына және магнитосферасына әсер еткенде және планетаның магниттік секторларды асып өткенде де пай         да болады. Жоғарыда айтылғаннан адамның және биосфераның даму үрдісі әр кезде ғарыштық және жерлік сипаттағы әртүрлі өзгерістер арқылы бұзылып отырған. Эволюция үрдісіне әртүрлі факторлардың әсер еткендігі жайлы көптеген дәлелдер әлі де пайда болып, табылуда. Адамның және биосфераның эволюциясының проблемасы Жер және Ғарыш жайлы ғылымдардың синтезі кезеңіне өтуде.

16. Табиғатты аяла.

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Су ішкен құдығыңа түкірме»,«Бұлақ көрсең, көзін аш»деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолдаБіз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.  Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

17.Қазақстандағы физик ғаламдар. Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған. Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне,

Қазақстандық физика ғылымын əлемге танытқан сондай ғалымдардың бірі - Совет Исатаев. Оның есімі еліміздегі ғана емес, дүние жүзіндегі танымал физик-ғалымдардың қатарында аталатындығын екінің бірі біле бермес. Өйткені табиғатынан қарапайым Сəкең ´мен осындаймын, қазақтың атын шығарған мынандай физиктерді баулып, тəрбиеледімª, ó деп мақтанған адам емес. Сондықтан болар, ол кісінің еңбектері мен ашқан жаңа-лықтары жəне қазақстандық физика ғылымын дамытудағы қыруар еңбегі туралы білетіндер, көбінесе, физиктер ғанаориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. 1990 жылы Совет Исатайұлына КСРО Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен ұзақ жылғы жемісті ғылыми жəне педагогикалық еңбегі үшін профессор ғылыми атағы берілген болатын. р. Ол 1969-1972 жылдары физика факультетінің деканы болып жүргенде талантты қазақ жастарын физика ғылымы саласына бейімдеуге айрықша еңбек сіңірді.

Ол цилиндрді жəне басқа да денелерді ауа мен сұйықтың жанап ағып өту физикасының құпиясын анықтаған. Бұл тақырып бойынша оның көптеген шəкірттері талай жаңалықтар жасады. 230-дан астам ғылыми мақала мен монография, 8 оқу-əдістемелік құрал жазған. Қазақ физик-ғалымдарының атасы аталып, əрі жол нұсқаушысы құрметіне бөленген, ұлт жастары арасынан елімізге ғана емес бүкіл əлемге танымал білікті мамандар даярлаған, əрі қазақстандық физика ғылымы саласын өрге сүйреп, талай тың жаңалықтар енгізген, елі мен жерінің нағыз патриоты, бүгінде 70 жасқа толып, мерейтойы ортақ қуанышымызға ұласқан ó Совет Исатайұлы, міне, осындай жан.

Мейірхан Мүбәракұлы ӘБДІЛДИН. Ол 1938 жылы 16 наурызда Алтай өлкесі, Троицк ауданы­н­да Зигаиново ауылында дүниеге келген. 1959 жылы С.М.Ки­ров атындағы Қазақ мемле­кет­тік, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің физика факультетін бітірген.

Еңбек жолын инженер-лаборанттықтан бастап, бар ғұмы­рын Қазақстанның ғылымы мен білім саласына арнады.Мейірхан Мүбәракұлы 1970 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінде 40 жылдан астам табан аудармай қызмет істеді. 1970-1981 жылдары және 1986 жылдан өмірінің соңына дейін теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болды. Мейірхан Мүбәракұлы Эйнштейннің салыстырмалылық және грави­та­ция­лық теориясы бойынша бұрынғы ТМД елдері ішіндегі білікті де білгір, мық­ты мамандардың бірі еді. Қазақстан Республикасындағы іргелі зерт­теу­лердегі басым бағыт «Теориялық физиканың» негізгі ұйымдастырушысы, «Грави­та­ция­лық, электромагниттік, күшті және әлсіз өзара әрекеттестікті теориялық зерттеу» атты іргелі зерттеулер бағдарламасының жетекшісі. Оның ғылыми же­текшілігімен бірнеше кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. . Оның 150-ден астам ғылыми мақаласы, 2 монографиясы жарық көрді.Мейірхан Мүбәракұлынан тәлім-тәрбие алған мыңдаған шәкірттер бү­гінде тәуелсіз республикамыздың түкпір-түкпірінде болашақ ұрпақ үшін еңбек етуде.

18. Кредиттік оқу жүйесі. Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу іріктелуі және даралану таңдамалылығы негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – ҚР-ның білім берудегі ұлттық жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялау, халықаралық стандарттарға сай келетін дипломдарды конверциялануын, олардың ебек нарығында талап етілу жағдайларын қалыптастыру

Кредиттік оқыту жүйесінің басты міндеттір:

- білім көлемін сәйкестендіру;

- оқытудың даралануы үшін жағдай туғызу;

- білім алушылардың өздік жұмыстарының тиімділігі мен ролін күшейту болып табылады.

Кредиттік оқыту жүйесіне тән белгілер:

- кредиттік оқыту жүйесі линейлық емес оқыту жүйесі болып табылады. Линейлық емес оқыту жүйесі – білім алушыларға білім үрдісін ретімен жеке жоспарлауға мүмкіндік беретін оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісі;

- білім алушылардың және оқытушылардың пән бойынша әрбір еңбек шығынын бағалау үшін кредиттік жүйесін енгізу;

- әрбір пәннің көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен типтік оқу жоспарлары негізінде іске асырылады;

- білім алушылардың пәндерді таңдау еркіндігі олардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруда жұмыс оқу жоспарларына енгізілген пәндерден таңдау; білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;

- білім алушының  жеке оқу жоспарын қалыптастыруға өзінің тікелей қатысуы; білім беру траекториясын таңдауда білім алушыға қолдау көрсетуші ретінде  оқу үрдісіне эдвайзерлердің тартылуы;

- оқу үрдісін ұйымдастыруда,  оқытушылардың  педагогикалық жүктемелерінің түрлерін анықтау мен есепке алуда университеттің (институттың)  кең өкілеттілігі;

- оқу үрдісін баспа мен электронды түрдегі барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

- әрбір пән бойынша білім алушының оқу жетістіктерін бағалауда модульды-рейтингілік жүйені қолдану.

2005-2006 оқу жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де барлық дайындық бағыты бойынша кредиттік оқыту жүйесі енгізілді.

Білім берудің кредиттік оқыту жүйесін сапалы тарату мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері тарапынан үлкен ұйымдастыру жұмыстары өткізілді.

Біріншіден, факультеттер барлық  дайындық  бағыттары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын құрастыру конкурсына қатысты.

Екіншіден, кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру мен бақылауды іске  асыратын Офис тіркеуші бөлімі құрылды.

Үшіншіден, шаралар жоспарына сәйкес кредиттік оқыту технологиясына өту бойынша төмендегілер орындалды:

- М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де кредиттік оқыту жүйесі бойынша білім беру үрдісін жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі ережелері жүйеленген Ереже жасалды;

- кеңестік семинарлар өткізілді;

- типтік оқу жоспарларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде жұмыс оқу жоспарлары құрастырылды;

- кредиттік оқыту жүйесі бойынша академиялық күнтізбелер құрастырылды;

- жеке оқу жоспарларына сәйкес дәрістер легі мен академиялық топтар қалыптастырылды;

- академиялық сабақтардың,  оқытушылардың басқаруымен өтетін студенттердің өзіндік жұмыстарының кестелері құрастырылды және бекітілді;

- типографиялық әдіспен оқу-әдістемелік кешендер жасалды және шығарылды;

- жалпыуниверситеттік «Студент» және «Оқытушы»  электронды мәліметтер базасы жасалды.

19. Сандар сыр шертеді.Ойлап қарап отырсаңыз, тарихи тұлғалардың көбісі өздерінің ұлылығы мен данышпандығын, таңғажайып батырлығын, дүниені дүр сілкіндірген жаңалығы мен жетістігін 17, 21, 25 жасында-ақ танытып үлгірген.

Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуынша, адамның ғұмыры үш кезеңнен тұрады. Осы үш кезеңнің әркімге қатысты өз саны бар. Сол сандар арқылы өзіңіз алдағы 10 жылды, 20-30 жылды қалай өткізесің, соны да біле аласың.

Ғұмырдың 3 кезеңі

Бірінші кезең. Ол – 28 жасқа дейінгі ғұмыр. Бұл кезде адамның балалық, бозбалалық шағы артта қалып, ол салиқалы шаққа аяқ басады. Сіз өмірдің бұл бөлігін қалай өткересіз, оны көрсететін сан қандай?

Ол жөнінде мынандай болжам бар:

«Өмірдің бұл бөлігін қалай өткеретініңізді көрсететін сан, қаңтардан қыркүйекке дейін туғандар үшін сол айлардың реттік саны (қаңтар – 1, ақпан – 2, наурыз – 3 ай дегендей есеппен 9 — айға – қыркүйекке дейін кете береді) болып табылады. Қазаннан желтоқсанға дейін туғандардың мұндай саны екі қатар санның бірін-біріне қосу арқылы шығады (қазан — 10-ай: 1+0=1, қараша — 11-ай; 1+1=2: желтоқсан — 12-ай: 1+2=3).

Екінші кезең. Ол – 28 жастан 56 жасқа дейінгі ғұмыр. Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуын- ша адам ғұмырының бұл бөлігіне тән сан – туған күннің саны болып есептеледі. Бұл кезеңде де 2 қатарлы санды бір-біріне қосу арқылы бір қатарлы сан алу тәсілі пайдаланылады (мысалы ай-дың 28-інде тусаңыз: 2+8=10; 1+0=1 дегендей). Негізінен, әр айдың 9-жұлдызына дейін туғандардың саны сол туған күні болып табылады. Яғни, 9-қыркүйекте туғандардың саны – 9; 7 – ақпанда туғандардың саны – 7 деген тәрізді. Енді осы «тиесілі» сан бойынша болжам жасай беріңіз.

Үшінші кезең. Ол – 56 жастан кейінгі ғұмыр. Адам жасының осы кезеңінің саны туған жылының санын бір-біріне қосып, бір қатарлы сан шығару қажет. Мұны 2 амалмен жүзеге асырады. 1951 жылы тусаңыз, бірінші амал: 1+9+5+1=16. Екінші амал: 1+6=7. Сіздің саныңыз – 7.

Ғұмырдың үш кезеңіне байланысты болжамдар Адам ғұмырының үш кезеңіндегі «тиесілі» сандарды анықтап алғаннан кейін мына сандардағы болжамдарға арқа сүйеп, соған байланысты мінез-құлқыңызды, алдағы өміріңіздің қалай болатындығы туралы ой қоры-тыңыз. Әрине, оған сену, сенбеу өз еркіңізде. Бұлар – адамтану мәселесімен айналысушылардың болжамы ғана. Ал болжамның ақиқатқа айналатыны да, іске аспайтыны да бар. Бәрі Аллаһ Тағаланың бұйрығында. Алайда, өз ғұмырың туралы болжамдарды естуден қашпайтын шығарсың. Өйткені біздер, қазақтар ежелден құмалақ салғызып, жауырынмен болжам айтып, ырымға зейін қоятын халықпыз ғой.

20.Уақыт және адам. Уақыт тіршіліктің өлшемі, бірақ біздің тіршілігіміз осы өлшемге сыймай кетеді. «Уақытым жоқ» деп айтпа, ол әр кез бар, ол шексіз, мәңгілік, бәрімізді жұтатын осы уақыт.Уақытты өзің үшін пайдалана білуге ерекше көңіл бөлу керек, сонда өкінішіміз де аз болады. Мен бармын уақыт бар. Жаратушының адам баласына берген баға жетпес, қайтып оралмас құндылықтарының бірі – уақыт. Әркім дәм-тұзы таусылғанша өмір сүреді. Адам өлгенде «уақыты бітті» дейді. Пенде баласы үшін бұ дүниеде уақыттан қымбат еш нәрсе жоқ. Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақьш-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек.

Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қыл-май, өмірдің ізсіз, мазмүнсыз болмауын қадағалау керек.

Казіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгі-лімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің үзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқан-дай шүбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз түсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың.

21. Ақпараттық техника.Ақпараттық технология - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс, ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология– қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. ЮНЕСКО берген ұғым бойынша Ақпараттық технология бұл ақпаратпен жұмыс істейтін адамдардың еңбегін эффектілі ұйымдастыру әдістерін зерттейтін, адамдардың компьютерлік технолгияларды жақсы меңгеру қиындықтарымен жұмыс жасайтын, технология мәдениетін ұйымдастыратын  бір бірімен байланысқан ғылыми, техникалық, инжинерлі еңбек тәртіптерінің жиынтығы. Ақпараттық технологиялардың ерекшеліктеі:

-         ақпараттарды жинау, өңдеу, тарату, іздеу мүмкіндіктері бар

-         ақпаратты сақтау

-         аз уақытта ақпаратты алушыға жібере алу

Ақпараттық технологиялардың ПР-ғы маңызын түсіну күрделі емес. Оған қатысын осылай көрсетуге болады:

- ақпаратпен жұмыс істеу

-кәсіби зерттеу үшін телекоммуникациялық технологиялар қажет.Ақпараттық технологияға келгенде көбінесе компьютерлік технологиялар ойға түседі. Қазіргі кезде кез келген кәсіпте комьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу маңызды да  міндетті болып келетін заман.  Жай мәтінді алсақ та компьютерлік технология арқылы оны теріп қоймай, сонымен қатар өңдей, іздей аламыз. Алыс жерлерге интернет арқылы жібереміз. Бұл жұмыс тиімділігін жоғарылатады. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. Өз бетімен білім алу – педагогтың кәсіптік шеберлігін көтерудің бірден бір жолы

22. Ел болашагы білекті маман қолында.Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талайына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін аскерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. 

23.Уақытты бығалай білесіз бе. Бізге әрқашан уақыт жетпей жатады. Былайша айтқанда, уақытқа тәуелдіміз.

Сабақ дегеннің өзі тәлім-тәрбие емес пе!? Бірақ уақыт сөйлемейді, тек көрсете алады, оны байқаған адам ғана тәлім-тәрбиені түсінеді. Уақытты босқа өткізу – үлкен шығын. Өзегіңді өртер өкініш те, балдай тәтті бал-ғұмыр да уақытқа байланысты. Абай атамыз «өмір – мұхит, уақыт — толқын» деген. Толқын кейде қатты, кейде ақырын болуы мүмкін. Шынымен солай, уақыттың да сәтті, сәтсіз кездері бар сияқты. Сәтсіз кездерде жан-жараға уақыт емші. Өмірдің сұр бұлты төнгенде бойыңа күш жинап, қалпыңа келуге мүмкіндік беретін – сиқырлы уақыт. Міне, бір сәт өтіп кетті. Осы сәт ішінде орындалған арман да, жүзеге аспаған іс те, биікке көтерілу де, төменге қарай құлазу да сыйып кетті. Ол сәтті қайтару мүмкін емес. Енді алдыға қояр мақсат – тағы жаңа істер бастау, тек берілмеу, уақыттың қойған талаптарын қайсарлықпен қарсы алу және жеңу. Уақыт адамдарды төзімділікке, сабырлылыққа, тәртіпке, жігерлілікке, табандылыққа жетелейді. Н.Назарбаев: «Адам уақытқа өкпе артпауы керек. Рас, уақыт қиын. Бірақ уақытты таңдамайды, онда өмір сүреді», – деген. Әр уақытта адам өзіне сыйлаған тағдырдың сыйын сабырлықпен күте білуі және бағалай білуі керек. Ал кейбір орын алған әділетсіздіктерді уақыт өз еншісіне алып таразылайды. «Адам баласының табиғаты қызық, байлығынан, бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды», – деп Абул-Фарадж айтқандай, бақытымыздың қадірін ұстап тұру өз қолымызда, сондықтан да алтын уақытты бағалай білейік!

24. Нанотехнологияның тарихы және оның дамуы.Нанотехнология- бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанотехнология (грек. nanos – ергежейлі және технология) – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі. Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады. Нанотехнология – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химия қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым.  1986 жылы студент Эрик Дрекслер өзінің "Жасампаз машина" аталатын футуристікэссесінде тұңгыш рет молекулярлы технология атауын қолданады. Ол фантаст-жазушы Станислав Лемнің идеяларына өз қиял-болжамдарын қосақтай отырып, "Саналы тіршілік ортасының" жалпы бет-бейнесін жасап шығады. Осы болжамға сәйкес, XXI ғасырда нанороботтар әрбір заттың, әрбір адам ағзасының ішіне енгізіледі де, адамзат қоршаған әлеммен бірге тұтастай саналы компьютерге айналады. Мұндай идея Эссе Дрекслерден бұрынырақ пайда болған көрінеді. 1981 жылы ІВМ корпорациясыныңшвейцариялық филиалындағы екі инженер, Герд Бинниг пен Гейнрих Рорер мәнерлеп туннельдеуші микроскоп ойлап тауыпты. Микроскоптың құрылымы аса қарапайым: шамалы қысымға қосылған аса жіңішке ине бір нанометр шамасындағы қашықтықта материалдың үстімен жылжып отырады. Осы кезде инелердің өткір ұшы материалдың беткі қабатына электрондарды тесіп өткізеді де, соның нәтижесінде шамалы тоқ пайда болады, оның көлемі ине мен беткі қабаттың арасындағы қашықтыққа байланысты болады. Осылайша материалдың беткі қабатынан жекелеген атомдарды "ажыратуға" мүмкіндік туады. Бұл ғылымның пайда болуын 1959 жылы Нобель сыйлығыныңлауреаты, АҚШ физигі Р.Фейнманның жеке атомдарды манипулятор көмегімен қозғалту мүмкіндіктері туралы жасаған баяндамасымен байланыстырады.Нанотехнология терминін қолданысқа алғаш рет 1974 жылы жапон физигі Норио Танигути енгізген. Макроскопиялық заңдылықтарға сүйенетін басқа инженер ғылымдардан нанотехнологияның негізгі ерекшелігі, нанонысандар үшін кванттық және молекулааралық өзара әсерлесуінің күшті болуына байланысты.Нанотехнология саласындағы зерттеулер қазірдің өзінде практикалық маңызы зор нәтижелер беруде.  Генетика,медицина, клондау, микроағзалардағы бактерияларға әсер ету және машина жасау, электроника, т.б. өндірістерге арналған жаңа материалдар алу, техника мен өндірістің барлық түрлерін жаңа сапа деңгейіне көтеру мәселелерін нанотехнологияны дамыту арқылы ғана шешуге болады. Қазақстанда наноқұрылымдарды зерттеу ҚР білім және ғылым министрлігінің іргелі ғылыми-зерттеулер бағдарламасы бойынша 2003 жылдан жүргізіле бастады

25.Ғарышты,ядролық қаруды бейбітшілік бағытында игеру. Ғылымның жетістігі адамзат баласын ұшан-теңіз жетістіктерге жеткізді. Бақыт пен берекеге бөледі. Алайда, қай ғасырда да соғыс құралдарын ойлап шығару, жаңа түрін жетілдіру бәсекесі тоқтаған жоқ. Садақтан басталған соғыс қаруы атом бомбасына келіп жетті. Алпауыт елдердің жедел қарулануының нәтижесінде ХХ ғасырдың ғалымдары ядролық қаруды ойлап тауып, әр түрлі сынақтардан өткізді. XX ғ. ядролық қару-жарақтың қалыптасуына II дүниежүзілік соғыс себепші болды. Сонымен қатар жаңа, жасанды энергияның пайда болуы – адам ой-санасы мен ғалымдардың табиғат құпиясын жаулаған батылдығы. Ядролық энергияны игеру Англияда, Германияда, ал кең масштабта АҚШ-та басталды.  1949 жылы 29 тамызда Қазақстанда Семей облысында арнайы жасақталған полигонда алғашқы атом бомбасының сынағы жүргізілді. Бұл сынақ тек атом құрылысын тексеру ғана емес, атом бомбасын – қару-жарақ ретінде алғашқы сынақтан өткізу болды.  XX ғ. өркениет дамуында ядролық және термоядорлық энергияның игеру ғасыры болып кіреді. Бейбітшілік пен соғыс әрдайым ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне қолдануға бәсекелес күштер болып қалады.Ядролық (атомдық) қару-ядролық қару-жарақ жиынтығы, биологиялық және химиялық қарумен қатар жалпы жою қарулар қатарына жатады.  Ядролық қарудың алғаш сынақтан өткізілуі. Осыдан 64 жыл бұрын тамыздың 6-ы күні Жапонияның Хиросима қаласына американдық «Малыш» атты бомба тасталды. Қазақстан басшылығы халықтың қалауы мен тілегіне сүйене отырып, Семей ядролық сынақ алаңының үнін өшіруі, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы біздің елімізге дүниежүзілік қоғамдастықтықтың оң көзқарасын қалыптастыруға бірден-бір себеп болған маңызды саяси шешім еді. Атом қаруын сынау елімізге, халқымызға үлкен қайғы-қасірет әкелді. Оның зардапта¬рынан әлі күнге арыла алмай келеміз. Адамдардың, әсіресе, жастарымыздың асылып өлуі, жүрегі тоқтап, үн-түнсіз ажал құшағына берілуі, аналарымыздың қаны аздығы, аққан ауруларының белең алуы неліктен? Мұның бәрі – экология. Осы ажал аждаһасына жол ашып жатқан да өзіміз. Барлық ядролық полигондарды жабатын және олар әкелген зиянмен байланысты мәселелерді шешетін уақыт келіп жетті. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты күшіне енгізетін уақыт келді [10]. Біздің барлығымыз ядролық қарусыз әлемнің қауіпсіз болуына ұмтылатын уақыт жетті. Біз осы сынның барлығын келер ұрпақтың еншісіне қалдыра алмаймыз. Біздің әрқайсымыз бүгінде неғұрлым қауіпсіз әлем орнату үшін өзінің қолынан клетіннің бәрін жасауға тиіспіз. Ядролық қару қайтадан адамдарды қырып-жойып, табиғатты талқандаудың құралына қандай жағдайда да айналмауы тиіс. Ядролық қару сынағын тоқтату – бұл ядролық қаруға ие мемлекеттердің ең асқақ ізгілікті миссиясы. 

26.Экспо2017 2017жылдың 10шілдесінен бастап 10қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласындаХалықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада технологиялық жетістіктердің халықаралық көрмесін өткізу туралы шешімді атай келе, бұл жеңістің маңыздылығын тарихи оқиғалармен атап өтті:

Қазақстан халқының барлық күштерінің біріктіруі.

- «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең жақсы технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық даму тәртібін қалыптастырады. Сонымен қатар іс-шараларға құрлықтың он мыңдаған елінен миллиондаған адам келетін болады. Біріншіден, біздің елімізді әлемдік деңгейдегі оқиғаларды қабылдайтын лайықты орталық деп тануы. Екіншіден, Қазақстанның пайдасына шешілген таңдау біздің еліміздің жетістерін жоғары бағалайтындығы және оның жетістіктерін Еуразия өңірінің даму болашағы деп көрсетеді. Үшіншіден, жеңіс біз ұсынған «Қуатты болашақ» тақырымыздың өзектілігі. Және соңғы ең бастысы – Астана таңдауы Көрмелер нысандары құрылысына инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік мынада: ЕХРО ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, ежелгі тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады.

Елорданың мәдени дамуының да маңызы зор. ЕХРО өткізу кезінде Астанада әлемнің түпкір-түпкірінен әртүрлі мәдениеттер үні шырқалады. Көрме аумағында күн сайын концерттер, ұлттық күндер және басқа да ойын-сауық шаралары өткізіледі.

«ЕХРО-2017 көрмелерінде барлық мемлекеттер өздерінің таңдаулы технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай шараларға барлық құрлықтардан ондаған елдерден миллиондаған адамдар келеді. Астананың бәәсекелестік күресте жеңіске жетуі - кездейсоқ емес. Біріншіден, бұл біздің астанамызды әлемдік деңгейдегі оқиғаны қабылдауға лайықты орталық деп танығандық. Екіншіден, Астананы таңдау біздің мемлекетімізге берілген жоғары баға және оның дамуы - бүкіл еуразиялық аймақтың дамуы персективаларын атап көрсетеді. Үшіншіден, жеңіске біз ұсынған - «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігі көмектесті. Ақырында, бастысы - Астананы таңдау бүкіл қазақстандық халықтың күш-жігерінің жемісіне айналды», - деді Мемлекет басшысы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]