Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz-yaz_1-30_vopros.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
87.72 Кб
Скачать

27. 2050 Жылғы Қазақстанды қалай елестетемін.

Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.

Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.

Мен 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.

Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра алмайды.

 Біз жолымызды дұрыс таңдай білдік. Бұған бүгінгі қолымыз жеткен нәтижелеріміз айқын дәлел бола алады. Осы негізде өзіміздің ілгері басқан жүрісімізді одан әрі жеделдете түсуге тамаша мүмкіндігіміз бар.

Қазақстанды әлемнің дамыған әрі көркейген елдерінің қатарына қосатын жол осы.

Мен Қазақстан халқының өзімнің осы бастамаларымды қолдайтынына, оған ықылас қойып, өзіміздің осы жоспарларымыздың іске асырылуына лайықты үлес қосатынына кәміл сенемін.

Мемлекеттігіміздің бастауында тұрған, әрі өзіне халықтың алдында ел тағдыры үшін жеке дара жауапкершілік алған менің жалғыз мұратым: осындай күннің келуін жақындата түсу. Осы ұлы мақсаттар мен мұраттардың орындалуы жолында баршаларыңызға мол табыс тілеймін.

Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады.

Егер біз таңғажайыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол жеткізген жетістіктерімізді жоғалтып аламыз.

Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз.

28(смотреть 21 вопрос)

29. Байланыс жүйесі (Система связи; communications system) — жиынтық импульстерін, үндік сигналдарды және пернетақта белгілерін аныктап, сондай-ақ жүйе шегіндегі және жүйеден тыс қажетті аралық қосылыстарды қамтамасыз ететін, бағдарламамен басқарылатын процессорлы комплекс. Байланыс жүйесі сандық компьютерді бағдарламамен қамтамасыз ететін еске сақтаушы құрылғыны және нақты қосылыстарды орындауға арналған арнайы аппараттық құрал-жабдықтары бар сөрелі плата ұстағышты қосады. Байланыс жүйесі көсіпорындағы тұтынушыларға деректер терминалдары мен телефон аппараттарын жалпы пайдалану ж әне деректерді тарату үшін байланыс қызметін ұсынады

Хабар – дегеніміз белгілі бір материалды обьектінің жағдайы тіралы мәлімет жиынтығы . Беруші және қабылдаушы хабар белгілі бір кеңістіктен бөлінген.Кеңістікте және уақыт бойынша берілген хабардың өзгеруін көрсететін физикалық дәлдік сигнал деп аталады.Мысалы : сөйлесу кезінде хабар берушінің қызметін адамның дауыс аппараты орындайды , сигнал болып кеңістікте және уақыт бойынша өзгеретін ауалық қысым – акустикалық толқын , ал хабар қабылдаушы ретінде адамның құлағы қызмет атқарады.Сонымен электробайланыс жүйесі , әр түрлі хабар түрін беретін электромагниттік сигналдарды қабылдау және беруді калыптастыратын , өзара әсерлескен электротехникалық және радиоэлектронды кешенді құрайды .Беру кезінде сигналдар техникалық қондырғылардың дұрыс болмауынан бұрмаланады; сонымен қатар сигналдарға бөгеулер ілеседі.Беру жүйелері бөгеулер мен бұрмалануларға қарамай , берілген хабарды нақтылықпен қайтадан қалыптастыратындай болып құрылуы керек.

Радио –сызықты желіні қолданғанда «оқпан» түсінігі аналогты болып табылады.Қазіргі электрбайланыс жүйесіндегі екі және төртсымды тізбек қолданылады.

Көп жағдайда техникалық және электрондық   тұрғыдан қарағанда бір тізбек бойынша бір мезгілде хабардың көп санын беріге болады, яғни бір тізбекте тәуелсіз канал санын жіберуге болады.

N- канал байланысының жүйесі дегеніміз – бір байланыс тізбегімен N көзінен N қабылдағышқа бір уақытта және тәуелсіз хабар берудегі техникалық қондырғылардың жиынтығы . N каналды байланыс жүйесінде N Радио –сызықты желіні қолданғанда «оқпан» түсінігі аналогты болып табылады.Қазіргі электрбайланыс жүйесіндегі екі және төртсымды тізбек қолданылады.

30.Нанотехнология жетістіктері. 2003 жылдан бастап қазақ ғалымдары жоғарыда айтылған ғылым саласында жаңалық ашуға қолдарындағы бар күшті салып келеді. Елімізде нанотехнологиялық зерттеулерді жүргізетін зертханалар бой көтеріп, арнайы ғылыми ұжымдар құрылған болатын. Алайда, еліміз нанотехнология саласында ғылыми терең зерттеулер жүргізуге арналған қымбат құрылғыларға қол жеткізе алмай жүр. Осының салдарынан біздің ғалымдарға зерттеулерді көрші мемлекеттердің ғылыми-технологиялық зертханаларында жүргізуге тура келеді. Елімізде ғылым мен техниканы қатар дамыту - елімізде зияткерлік әлеуметті сақтау мен дамытуға, оған қоса, республикамыздың қаржылай-экономикалық жағдайдың дамуына үлкен ықпал етеді.

Нанотехнология - ХХІ ғасырдағы ғылыми-техникалық дағдарыстың жетістігі десек, қателеспейміз. Өкінішке орай, адамдарға бүгінгі нанотехнологиялар 50 жыл бұрынғы ядролық технология тәрізді таныс емес дүние болып тұр. Себебі, бүгінгі өндіріс пен ғылымның дамуына жаңа бағыт берген нанотехнология жайлы айтылатын ақпарат жоқтың қасы. Дамыған елдердің осы саладағы жетістіктері таң қалдырарлық. Көршілес жатқан Ресей бұл саланы дамытуға 180 млрд. доллар көлемінде қаражат бөліп отыр. Нанотехнология саласына көңіл бөлген елімізде ұлттық зертхана құрылып, жаңа зерттеулерді жүргізуге арналған жаңа құрылғылар мен технологиялық жүйелер көптеп сатып алынуда. Сонымен, нанотехнология дегеніміз - молекулалардың жиынтығынан құрылған ерекше бір физикалық қасиеті бар материал. Немесе бір сөзбен айтқанда, заттың бөлшегінен тұтас бір жаңа дүние ойлап шығару дегенді білдіреді. Мәселен, қазір Жапония елінде осы нанотехнологияның арқасында 18 келілік бронды сауыттың орнына жеңіл, әрі киюге ыңғайлы көміртекті бронды жейде жасалынып отыр. Шетелдегідей көп болмағанымен, мұндай жаңалықтан қазақ ғалымдары да құр алақан болып отырған жоқ. Мұрат Құрмашұлы әріптестерімен бірге дәрілік нанокапсула жасап шығарған болатын. Оның ерекшелігі болмашы ғана бөлігін сырқат жүрекке жақса, науқас инфарктан жылдам оңалады. Бұған қоса, нанокапсуланың әсері өте тез.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]