Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz-yaz_1-30_vopros.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
87.72 Кб
Скачать

10.XXI ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры

21 ғасыр – ақпараттық технологиялардың дамыған ғасыры.  Соңғы жылдары еліміздің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы әлемдік технологиялық прогресс үдерістерінен қалыспай, қарқынды дамып келеді. Оның айқын белгісі – коммуникация жүйесінің қарқын дамуы.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. ХХІ ғасыр - білім, ғылымның дамыған, ақпараттық технологияның кеңінен өріс алған ғасыры. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, оқытушылар  алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Қазіргі заман талабына сай қоғамдағы білім беру ордалары әлемдік білім беру кеңістігіне енуді, білім жүйесін ақпараттандыруды мақсат ете отырып, төмендегідей міндеттерді қойып отыр:

-Білім сапасын арттыру;

-Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

-Орта және жоғары  білімді ақпараттандыру;

-Интернет жүйесін пайдалану;

-Электрондық оқулықтар;

-Қашықтықтан басқару .

  Ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. XXI ғасыр – ақпарат  ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Болашақ ұрпақты ақпараттық қоғаммен қарым қатынасқа оқытып тәрбиелеуге жағдай жасайды. Ақпараттық технология құралдары тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Бүгінгі жастардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

11.Іскери адамның келбеті. Іскерлік – ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы,еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі. Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі. Іскерлікті іс үшін пайдалы олжаларды іздеп тауып, ұтымды пайдалану жолындағы белгілі бір психологиялық бағдар ретінде қарауға болады. . Басшының іскерлігі ұйымды басқаруға және қызметкерлерге басшылық жасауға іскерлікпен қарау қағидатын дәйектілікпен іске асыруды көздейді. Іс жүзінде басшының іскерлігі мақсаттарды, міндеттер мен тапсырмаларды дәл де нақты анықтаудан, тәсілдер мен құралдарды, межеленген міндеттерді шешуге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетін барлық қажетті амалдарды дәл де нақты анықтаудан, межеленген іс-қимылдарды дәйектілікпен, сабырмен (у-шусыз, абыржымай) жүзеге асырудан, жұмыстың кез келген сатысында қызмет нәтижелерін мұқият бағалаудан және бақылаудан, өзінің және өзіне бағынышты адамдардың уақытын ұтымды пайдаланудан және нақты үнемдеуден (бұл әсіресе, іс бабындағы кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысты) көрініс табады.

12. Армансыз адам – қанатсыз құспен тең»,- деген ғой.Расында,армандай білудің өзі өнер.«Өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек:біреуі – мамандық таңдау,екіншісі – жар таңдау» ,- деген даналарымыз . «Адамның ең бақытты сәті – таңертең жұмысына асығып бара жатуы, кешке жұмысынан үйіне асығып келе жатуы», – демей ме француз ойшылы. Біз қазір ХХІ ғасырда, яғни ғасырлар тоғысында өмір сүріп жатырмыз, ата-бабаларымыздың ерлігін мақтан тұтып, жарқын болашағымыздан үміт күткен жас ұландармыз. Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан қазіргі қазақ жас- тары терең білім алып, мәдениетті адам болуға ұмтылуы тиіс. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан», – деп Абай атамыз жырлағандай, әрбір адам қол қусырып қарап отырмай, мемлекетіміздің өркендеуіне өз септігін тигізуі қажет. Бұлай ойлау текті елдің текті ұрпағының ғана қолынан келсе керек. «Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады», – деген екен Елбасымыз Н.Назарбаев. Мен елімнің келешегін табиғаты таңғажайып, экономикасы нығайған, медицина, білім беру жүйесі озат жолға қойылған мемлекеттер қатарынан көрінетіндігіне кәміл сенемін. Елімнің келешегін ойлағанда жүрегім қорықпайды, қайта қуанады, өйткені еліміздің болашағы нұрлы болмақ. Мен егеменді елімнің болашағын биік белестерге апаратын азаматша болуға талпынамын.

13. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.

Біз - жас ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді.

Біздің мақсатымыз - жаһандық технологиялық  төңкерістің бөлшегіне айналу.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»  стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан

Қазақстанда бүгінгі  таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Ал,бұл қадамның қозғаушы күшінің бірі инновациялық технологияларды игерген мектеп.Осы мектептер алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Қай елдің болмасын жетілген білім саласын қалыптастыруда жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде мектеп ұстаздарының алатын орны ерекше. Шынында, мұғалім - өткен мен бүгінді жалғайтын алтын арқау, келешекке жөн сілтейтін шамшырақ. Халқымыздың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлының «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз өсіреді» деген ұлағатты сөзі мұғалім қызметінің маңыздылығын дәл анықтайды.      

Біз жүйелік экономикалық реформалардың күрделі кезеңінен өтіп, ТМД-ның басқа елдерінен көп нәрседе алда келеміз. Бүгінде Қазақстанда нарықтық экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған. Жүргізілген реформалардың нәтижелері ашық та айқын. Қазақстандағы экономика әлемдегі ең жедел дамушы экокомикалардың біріне айналды. Біз еліміздің экономикалық өсуі негізінен өндіруші секторлардың дамуына байланысты екенін түсінеміз. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғары қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр. Бірақ та біздің экономика, негізінен, экстенсивті тұрғыда дамып келе жатқанын мойындау керек, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән. Біз Қазақстанда өмір сапасы мен стандартын бәсекеге барынша қабілетті болудың деңгейіне жақындатуға ұмтылуға тиіспіз. Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары білікті, жұмылған адами капитал, сондай-ақ инновацияларды тұрақты ендіру болуы тиіс. Біз 2005-2015 жылдарға арналған Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту жөніндегі бағдарламаны талдау жасап, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын қабылдадық. 2004 жылдан бастап қазірдің өзінде 520 инвестициялық жоба іске асырылды.Біздің негізгі міндетіміз – жоғары технологиялардың әлемдік рыногына тезірек кіру және өз тауашамызды алу. Елдің географиялық жағдайы бізге өңірлік рынокқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірісті дамытуға мүмкіндік береді, мұнда Қазақстан болашақта өңірдің сервистік-технологиялық орталығына айналуы тиіс. Ол үшін бізге өз ғылымымызды дамыту керек.

Жаңа ғылыми-техникалық бағыттар-биотехнологиялар, нанотехнологиялар, ғарыштық қызмет пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – бұлар отандық және трансұлттық бизнеспен әріптестік жағдайында нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар салалар.

Нақ осы бағыттар бойынша бізге мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болады.

14.Байқонырдың Казақстан үшін тигізер пайдасы мен залалы. Байқоңыр қаласы – ерекше мәртебеге ие қала. Өйткені бұл екі мемлекеттің ара­сын­д­а келісімшартқа байланысты ғарыш айлағы Ре­сейге ұзақ мерзімге жалға берілген. Осы үшін жылына Қазақстанға 115 млн доллар кө­лемінде қаржылай және әскери тех­ни­ка­мен көмек береді.  Бай­қоңырдың әлеуметтік нысандары ретінде мек­теп, балабақша, ауруханаларды Қазақ­стан салып береді. Оны жалға Ресей қа­был­дап алып, ары қарай ұстап тұруды өз мін­де­тіне алады. Соңғы жылдары Ресей Байқоңырдан зы­­мырандарды тек гептилмен ұшыратын бол­ды. Бұл – көз жұмып отыратын жайт емес. Геп­тил – қоршаған ортаға залалы зор, өте улы отын. Бұл туралы Ресей ғалым­да­ры­мен сөй­лескенде гептилмен тек Кеңес үкі­меті ке­зіндегі атом бомбаларын таситын СС-20 деген зымырандардың ғана ұшы­ры­латынын білдік. Оның өзінде әскери мақ­сатта қол­да­ныл­ған екен. Көк­ке гептилмен ұшатын бұл зымыранның 97 па­йызын өзінің салмағы мен отыны құрайды. Қал­ған үш пайызы ғана орбитаға жеткізілетін техника болып та­бы­ла­ды. Осының өзінен-ақ геп­тилден бір Бай­қоңыр ғана емес, тұтас қа­зақ даласы зиян кө­ріп отырғанын білсек етті. Оның ішінде соң­ғы 20 жылдың көлемінде гептил отынымен қан­ша мәрте зымыран ұшы­рылды. Ұшуымен қоймай, протондар Қа­­рағанды облысының Қарқаралы, Ұлытау аудандарына құлады.  Мамандардың пікірі бойынша, ең бі­рінші, гептил жерге сіңіп, шөп, ауа арқылы адамның ағзасына әсер етеді. Ең бірінші ба­уыр­ды құртады, қатерлі ісік ауруының пайда бо­­луы да – осыдан. Соңғы жылдарда Қы­зыл­­ор­да облысында ақыл-есінде кемістігі бар, мүм­кіндігі шектеулі жандар көбейіп ке­ле­ді. Ба­ла туу жа­сындағы әйелдердің 70 пайызы ане­миямен ауы­рады. Қызылорда бұрын климаты қолайлы об­лыс болып саналатын. Қазір түбегейлі өз­герді. Бұл адамнан бөлек өсімдіктер мен жан-жануарларға кері әсерін тигізді. Ресей бізге 115 млн дол­лар беріп отыр­ғанымен, ғарышқа ту­­­рис­тік сапар ре­тін­де бір адамды ұшыру ба­ға­­­сы­ның өзі 40 млн дол­ларды құрайды. Бір сөзбен айт­қан­­­да, Қазақстанға бұл со­мадан эко­но­ми­ка­­лық тиім­ділігін көріп отыр­ған жоқ Байқоңырдың елімізге әкелер пайдалы жақтары да бар: 1. Елімізде ғарыш игеруді дамытуға, Ресей мен біздің ғалымдардың бірлесіп зерттеулер жүргізуіне жақсы сеп болуда. 2. Ғарышқа қазақстандық ғарышкерлерді ұшыруға мүмкіндік береді. Қазір үшінші қазақстандық ғарышкер дайындалуда. 3. Қазақстандық азаматтарға, атап айтқанда Байқоңыр қаласы, Төретам стансасы және Ақай ауылының адамдарына мыңдаған жұмыс орындары ашылып отыр. 4. Ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін Ресей жағы қыруар қаржы төлеп отыр.5. Қазақстан мен Ресейдің экономикалық жақындасуына тағы бір себепкер-Байқоныр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]