Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia_shpor_Meteo_4gruppa.docx
Скачиваний:
127
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
923.9 Кб
Скачать

10.Стратосфера, тропосфера құрылысы туралы түсініктер атмосфераның рөлін сипаттаңыз.

Атмосфера массасы жердің массасының 9·10-5% -ын құрайды. 6-суретте атмосфераның құрылысы сызбанұсқа түрінде көрсетілген, оның құрамы 1-кестеде берілген.суретте атмосфера құрылысы 10 км дейін берілген, ал 100 км-ден шамамен 1000 км дейінгі құрылыс:

Экзосфера, 100-1000км, Термосфера (85-100 км), Мезосфера (50-85 км),

Стратосфера (10-50 км), Тропосфера (10 км дейін),

Ең төменгі қабат атмосфера масасының 90%-ын құрайды, оның биіктігі 16 км дейін, 100 км-ден жоғары қабаттары бүкіл атмосфера массасының миллионнан бір бөлігін ғана құрайды. Құрғақ ауаның орташа молекулалық массасы, 28,27. Атмосфера құрамы биіктікке байланысты едәуір өзгереді. Теңіз деңгейлеріндегі ауаның құрамы өзіне тән өзгеше болады.Атмосфераның жоғарғы қабаттарында тепе-теңдік орнайды. Озон жердің инфрақызыл сәулелерін өткізбей шағылтады, сөйтіп жердің суынуына кедергі жасайды. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оттек молекуласының фотодиссоциациясы болады. О2 – молекуласының О-атомымен соқтығысуы нәтижесінде озон түзіледі. Тепе-теңдік күйге, сонымен қатар Cl –атомдары, NO-молекулалары едәуір әсерін тигізеді, олар озон молекуласының ыдырауында катализатор рөлін атқарады. Жоғарғы қабатта ауаның сиректілігі сонша, оған орта және қатқыл ультракүлгіндер өтіп, озонның фотохимиялық түзілуі мен ыдырау реакциясын тудырады. О3 және О2–нің атомарлы оттектен түзілген кезде энергия бөлінеді, сондықтан 20 км–ден жоғары атмосфераның температурасы қайтадан өсе бастайды (шын мәнінде, осы реакциялардың нәтижесінде электрмагниттік сәулелену жылу энергиясына айналады. Температураның бірінші минимумының облысы тропопауза деп аталады, ол атмосфераның төменгі бөлігін (тропосфера) жоғарғы бөлігінен (стратосфера) бөліп тұрады.

Тропопауза конвекциялық ағындардың өтуіне кедергі жасайтын тосқауыл сияқты. Тропосфералық газдар стратосфераға тек диффузия арқылы өтеді, сондықтан тропосфераға түскен ластаушы заттар стратосфераға тез өте алмайды (10 жылдан кейін өтеді). Стратосферадан стратопаузаға дейін биіктеген сайын температурада өседі. Стратопаузадан жоғарыда ауаның сиректілігі сонша, ол тіпті қатқыл ультракүлгін сәулелерді өзінен өткізеді, сондықтан Күн сәулесін жұтудан онда қызу болмайды. Одан да жоғары, 80 км биіктікте газдар вакуумды улбтракүлгінмен және рентген сәулелерімен әрекеттеседі, соның әсерінен газдардың молекуласынан электрондар бөлініп, молекулалары бұзылады. Соның салдарынан осы облыстан жоғары биіктікте (мезопауза) бос эектрондардың жоғары концентрациясы (105 эл/см3) және сонымен бірге экзотикалық бөлшектер О2+, О+, Н5О2+ т.с.с. болады.

11.Тропосферадағы құрғақ ауаның химиялық құрамы

Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық бөліктерде) 16-18км (экватор үстінде ) биіктікке дейін созылады. Бұл қабатта ауаның 80%-ке дейін жинақталады. Тропосферадағы ауа әр түрлі бағытта  әр түрлі жылдамдықпен үнемі тәртіпсіз қозғалып, өзгерып отырады. Қозғалыс нәтижесінде құрғақ ауа ылғалды  ауамен, жылы ауа салқын ауамен алмасып тұрады. Негізгі бұлттардың түзелетін  жері жылы қабат. Осыған қарай жер бетіндегі ауа райы тропосфераға қатынасты. Температураның бірінші минимумының облысы тропопауза деп аталады, ол атмосфераның төменгі бөлігін (тропосфера) жоғарғы бөлігінен (стратосфера) бөліп тұрады.

Тропопауза конвекциялық ағындардың өтуіне кедергі жасайтын тосқауыл сияқты. Тропосфералық газдар стратосфераға тек диффузия арқылы өтеді, сондықтан тропосфераға түскен ластаушы заттар стратосфераға тез өте алмайды (10 жылдан кейін өтеді). Тропосферадағы құрғақ ауаның химиялық құрамы.

Газ

Құрамы, көлемі %

Газ

Құрамы, көлемі %

N2

78,09

Kr

1,0∙10 – 4

O2

2, 5

CH4

1,4∙10 – 5

Ar

0,93

H2

5,0∙10 – 6

CO2

0,03

Xe

8,0∙10 – 5

Ne

1,8∙10 – 4

NOx

5,0∙10 – 5

He

5,24∙10 – 4

O3

1,0∙10 – 6

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]