Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia_shpor_Meteo_4gruppa.docx
Скачиваний:
127
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
923.9 Кб
Скачать

7.Биосфераны қорғау үшін не себептен биологиялық ір түрлікті ұстап тұру керек?

Биоалуантүрлілік – тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады. Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жете бастады. Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр,1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойлып кетті. Адамның барлық ірі ауқымды іс әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефті, өзен аркаларын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі және т.б.Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.Қазақстанның қызыл кітабінің бірінші томы 1978 ж. жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі, жыртқыш жануардың 15 түрі, балықтың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған.Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс әрекетін бір арнаға бағыттауы қажет.

8.Жердің негізгі кабаттарының пайда болуы: литосфера, гидросфера, атмосфера

Жердің беттік қабаты-гидросфера және атмосфера заттардың жердің жоғарғы мантиясынан бөлініп шығуы нәтижесінде түзілген. Химиялық элементтердің салыстырмалы мөлшерлері кремнийдің 106 –не тең атомдарына келетін әр элементтің атомдарының санымен анықталынады.

Көптеген мәліметтердің негізінде, ұшқыш элементтер мантиядан вулкандардың атқылауынан пайда болған деп есептеге болады, вулкандардың атқылауы нәтижесінде жердің беті де түзіледі. Ең дұрысы, Атмосфераға алғашқы кезде көміртек диоксиді мен азоттан, сутек пен су буының аздаған мөлшерінен тұрған.Қазіргі кездегі оттекті атмосферада жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін қалыптаспаған.

Ауа, су және Жер бір-бірімен әрекеттесуі нәтижесінде жер бетінде таң қаларлық объектілер-тірі организмдер пайда болады, солардың арасында сіздер мен біздер де бармыз. Қазіргі негізгі көзқарастар бойынша:

Биосфера-Жердің ерекше қабаты, онда тірі организмдердің барлығы қоныстанған, жердің осыорганизмдермен үздіксіз алмасуда болатын бөлігі.

Биосфера табиғат жағдайларына байланысты үш ортаға-атмосфера, гидросфера және литосфераға бөлінедіБиосфераны организмдердің өмір сүретін орыны болғандықтан организмдермен қоса үш сфераға бөлуге болады:

Аэробиосфера, онда аэробионттар орналасқан, аэробионттардың өмір сүру көзі ауаның ылғалы;

Гидробиосфера -глобальді су әлемі ) жердің үстіндегі су қабаты, онда гидробионттар орналасқан;

Геобиосфера- жер бетінің үстіңгң бөлігі (литосфера), онда геобиониттар орналасқан.

Қоғамда болып жатқан ғылыми-техникалық даму жағдайында адам мен табиғат арасында кикілжіңдер туындауда. Адамдардың белсенді қызметі біздің планетамыздың сырт жағдайын өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар биосферада жүретін үрдістергеде кері әсерін тигізуде. Адамдардың антропогендік қызметі заттардың биотикалық айналымының бұзылуына, табиғи қорлардың азаюына, термодинамикалық тепе-теңдіктің бұзылуына және т.б. әкелуде. Осы кикілжіңнің тереңірек дамуы планетамыздағы барлық тірі ағзалардың, сонымен қатар адамныңда жойылуына себебші болатын ғаламдық апатқа әкелуі мүмкін. Осыған байланысты адам мен оны қорщаған орта арасындағы қарым-қатынас, адамның табиғатта алатын орны түбегейлі қайта қарастырылуы керек. Қоғамның өмір сүруі мен дамуы биосфераның даму заңдылықтарына сәйкес келуі керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]