Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИДТЕРМ.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
58.18 Кб
Скачать

27.Герциндік Еуропа мен Апеннин түбегі физикалық-географиялық аймақтарына салыстырмалы сипаттама.

Бүкіл облыс үшін таулы рельеф басым. Рельеф негізін бүкіл Аппенин түбегін ұзына бойына кесіп өтіп, Сицилия аралына өтетін Аппенин тау жүйесін құрайды. Солтүстік Аппенин Теңіз жағалаулық Альпімен ұласып жатады. Шартты түрде Альпі мен Аппенин арасындағы шекараны Турин мен Саван қалаларын қосатын сызық бойынша жүргізеді.

Арно өзенінің жоғары ағысына дейін тауларды солтүстік Аппенин деп атайды. Бұл бөлікте олар палеогендік, көбінде борпылдақ жыныстардан құралған және биіктігі 2000м-ден көп аспайды.Оңтүстікке қарай, Арно мен Вальтурно өзендерінің бас аралығында Аппенин тауының ең биік телімі – Орталық Аппенин орналасқан. Ол мезозойдың әктастарынан құралған, тектоникамен күшті бөлшектенген биік массивтерге ыдырайды. Таулардың неғұрлым биік бөліктері төрттік мұз басуға ұшыраған. Аппениннің ең биік шыңы –Гран Сассо д’. Италия массивіндегі Корно тауы 2914м-ге жетеді.

Аппенин және Балқан түбектері Жерортатеңіздікпен бірдей сипатқа ие болған өңір. Биотасы мен климатының ерекшеліктеріне қарай солтүстік Лигурий-Тоскан, орталық Абруц-Собин, оңтүстік Неаполитан-Лукан, Тоскан жазығы, Корсик, Сардиния, Сицилия аралдары бір-бірінен тау жоталарының морфологиялық құрылысы ғана емес, сонымен бірге биотасы жағынан да ерекшеленетіндіктен жеке физико-географиялық аудандарға бөлінеді.

Герциндік Европа. Аймақтың ландшафт құрушы факторының ең басты ерекшелігіне жер бетінің қиылысуы және тау мен жазықтардың жиі алмасуы жатады. Аймақта герциндік құрылым дамып, антеклизалар мен синеклизаларға ауысады. Аймақ мынандай физико-географиялық облысқа бөлінеді: Атлант алды және Орталық-Европа. Герциндік Европаның физико-географиялық аудандары: Бретань, Аквитан, Орталық массив, Париж бассейні, солтүстік шығыс және оңтүстік шығыс болып бөлінеді. Аймақтың зональді және азональді ландшафттарының қалыптасуы қазіргі кездегі ландшафттар модификациясының динамикасына әсерін тигізеді.

Герциндік Европа ландшафттарының қазіргі кездегі орын алған сипаты Франция, ФРГ және т.б. мемлекеттерде табиғатты қорғау шаралары үшін негізгі екі үлкен фактор болып саналады.

29. Оңтүстік Батыс және Лондон бассейні физгеографиялық аймақтарына салыстырмалы сипаттама. Ұлыбританияның оңтүстік шығыс бөлігі геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан басқа бөліктерінен мүлде ерекше. Қатпарлы негіздің кристалды жыныстары еш жерде жер бетіне шығып жатпайды және бүкіл ауданында тереңге батқан палеозой құрылымдарының үстінде жайғасқан мезозой мен кайнозойдың тұнба шөгінділері кең таралған. Бұл ауданның жер бедерінің басты ерекшелігі оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа созылып жатқан және қия шеті Уэльстің ежелгі тау ғимаратына қараған куэсталардың кең таралуында.

Лондон бассейні – кайнозой дәуірінің қалың теңіз шөгінділерімен толған сопақша депрессия болып табылады (депрессия – жер қыртысының иілген аймағы). Еуропаның батыс шетінің рельефінде құрлықтық мұз баспаған төбелі жазықтар, үстірттер және аласа тау массивтері басым. өзендер террассаланған кең аңғарлармен ағып, тармақтанған жүйелер жасайды. Атлант мұхитына және оның теңіздеріне құятын өзендердің сағалары төмен түсу әсерінен және толысу толқындарының әрекетінен эстуарий болып таралады.

Батыс Европаның климат ерекшеліктері өзендердің режимінен айқын көрінеді. Тұрақты және мол жауын-шашындар, аязды кезеңдердің болмауы бүкіл жыл бойында ағынды біркелкі етеді. Қыстағы жаңбырлармен байланысты қыста өзендердегі судың деңгейі көтеріледі. Егер қыста ылғал ерекше мол түссе, су тасқындары өтіп, олар біртіндеп басталып, біртіндеп аяқталады. Жазда өзендерде су біршама азаяды, бірақ олар, әдетте, мүлде тартылып қалмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]