Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИДТЕРМ.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
58.18 Кб
Скачать

8. Батыс Еуропаның географиялық белдеулері мен табиғат зоналары

Батыс Европа төрт географиялық белдеулерде орналасқан

Еуропаның негізгі бөлігі қоңыржай белдеуде орналасқан. Атлант мұхитының климаттық жағдайға тигізетін әсері нәтижесінде Азиямен салыстырғанда Еуропалық бөлік түгелге жуық орман зоналарының таралуымен ерекшеленеді. Азиялық бөлікте климаттың континенттік сипатының жоғарылауы солтүстік мұзды мұхит ықпалының күшеюіне байланысты көпшілік бөлікте тундра, орманды тундра зонасы орналасқан.

Батыс Европа жерінің 90 пайыздан астам бөлігінде табиғи ландшафт белгілі дәрежеде өзгеріске ұшыраған, соның ішінде табиғи сипатын сақтап қалған зонаның бірі орманды дала зонасы Орта Дунай және төменгі Дунай ойпаттарын алып жатыр.

9. Батыс Еуропаның ауа массаларының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар.

Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор.

Бұл аймақ Атлант мұхитынан келетін ауа массаларының ықпалында болатындықтан Британ аралдары мен жағалаудағы елдерде климат қоңыржай теңіздік сипатта болады. Қысы жұмсақ, жазы салқын, жаңбыр ұдайы жауып тұрады

Ауа райы құбылмалы, тұманды, желді келеді, ашық күндер аз болады. Шығысқа қарай климат біртіндеп өтпелі, одан әрі қоңыржай континентті климатқа ауысады. Биіктігі орташа таулардың өзінде қыс салқындау болады, жауын – шашын таулардың батыс беткейінде молырақ түседі. Қыста тауларда бірнеше ай қар жатады

Батыс Еуропаның жағалауын шайы жатқан Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің осы аймаққа тигізетін әсері зор. Гольфстримнің жалғасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының тропиктік белдеуден алып келген жылы сулары әсерінен Батыс Еуропаның жағалауындағы мұхит сулары қатпайды.

Тұрақты соғатын батыс желдері Атлант мұхиты үстінде қалыптасатын жылы, әрі ылғалды ауа массаларын Батыс Еуропа жағалауларына алып келеді. Соның нәтижесінде тіпті Скандинавия жағалауында да қыс жұмсақ, әрі ылғалды болады.

Циклондардың орташа қозғалу жылдамдығы сағатына 35 км шамасында болады. Батыс Еуропа мемлекеттеріне олар Атлант мұхиты жағынан келеді, ал оның жылжуы оңтүстік-батыс және батыс бағыттардан болып тұрады. Циклондар ауа райына көп әсер етеді де, көбінесе оңтүстік секторда бұлттар мен жауын-шашынды ала жүреді.

Атлант мұхиты үстінен жылжыған ауа массалары шығысқа қарай жүрген сайын ылғалынан айырылып, құрғақ континенттік ауа массаларына айналады. Сондықтан Еуропаның батыс жағалық бөліктерінің өзінде де ылғал мөлшері шығысқа қарай біртіндеп азая береді.

Солтүстік Атлант максимумы немесе Азор антициклоны қыста оңтүстікке жылжып ауданы шамалы болып, Еуропаның климатына улкен әсер ете алмайды.

Ал суық материк үстінде ауа тығызданып төмендейді де,нәтижесінде атмосфераның жер бетіндегі қабатында жоғарғы қысым облысы пайда болады. Ылғалды және жылы Атлант ауа массаларының шектескен жерінде поляр фронты қалыптасады. Оның траекториясы Шотланд қыраты мен оңтүстік Скандинавияның үстімен өтеді. Осы циклондар Еуропаға жылы ауа массаларының негізгі массасын және көп жауын-шашын алып келеді. Негізінен Атлант циклоны өткен кезде жылы, бірақ бұлтты және ылғалды, ал оңтүстіктегі аудандарда қарлы ауа райы орнайды.

Орталық Еуропаның оңтүстігінде (шамамен 47 параллель бойымен) жоғарғы қысым ошақтары пайда болады да,шығысында олар Азия антициклонының бір тармағы болып, ал батыста Пиреней түбегінің үстінде Азор антициклонының бір тармағы болып табылады.

орталық бөлігінде жоғарғы қысым облысы Орталық Еуропаның шұңқырларының үстінде қалыптасады. Қаңтар айының орташа t-сы солтүстік өңірлерінде 0С болса, ал Франция жазықтары мен Британь аралдарында шамамен +7С. Шығысқа қарай температура 0С-қа дейін төмендеп Рейн өзені аңғарында (Польшаның шығысында) -3С.

Жерорта теңізі жағалауында қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде 0С болса, оңтүстік өңірі +10С-тан +12 С-қа дейінгі аралықта болады.

Жауын-шашын Скандинавия мен Шотландияның батыс беткейіне көп түседі.

Скандинавияда түскен қар 3-5 айларға дейін жатса,ал Орта Еуропада 1-2 ай жатады. Атлант жағалауы мен Жерорта теңізі аймағында қар үнемі жауғанымен тез еріп кетеді.

Шілде айының орташа температурасы Финляндияның оңтүстігінде 17С-қа тең болса, Норвегияның оңтүстігінде 13С-қа тең. Батыс Еуропаның қалған бөлігінде шілде айының изотермалары +17С. Ең жылы бөлігі Жерорта теңізі жағалауы болып табылады. Оның орташа температурасы +23С-дан + 26С-ға дейін жетеді.

10. Еуропалық Жерорта теңізі аймағының физикалық географиялық аудандары.

Европалық Жерортатеңіздік физико-географиялық аймақ 3 облысқа бөлінеді: Пиреней, Аппенин және Балқан түбектері мен Жерорта теңіздегі аралдар тобы

Пиреней түбегі. Облыс екі бассейн Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының ықпалында. Оның негізін кристалдық жыныстарын түзілген, және солтүстігі мен оңтүстігі альпілік қатпарлы белдеулерінің тау ғимараты- мен көмкерілген, пенепленденген Мессета массиві құрайды.

Мессетаның солтүстік жартысында биіктігі 600-800м. Ескі Кастилия үстірті жатыр. Оның беті калий тұзының қоры бар көл Лагуна шөгіндінің қабатымен жабылған. Мессетаның оңтүстік жартысында анағұрлым аласа (500м) Жаңа Кастилия үстірті жатыр, ол кей жерлерде ғана жас тұнба шөгінділердің қабатымен жабылған кристалдық жыныстардан тұрады

Апеннин түбегі — Жерорта теңізінің орт. бөлігінде солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 1100 км-ге созылып жатқан Оңт. Еуропадағы ірі түбектердің бірі. 

Аппениннің ең биік шыңы –Гран Сассо д’. Италия массивіндегі Корно тауы 2914м-ге жетеді.

Оңтүстік Аппенин көбіне палеоген дәуірінің борпылдақ жынысынан құралған орташа биік таулар болып келеді. Оңтүстік батысқа қарай Калабрия түбегінде Калабрия Аппенині деген атпен тау массиві созылып жатыр. Басқа Аппениндерге қарағанда Калабрия тауларының жасы мен құрылымдарында ерекшелік бар. Бұл кристалды жыныстардан құралған, тегістелген және опырылманы бойлап көтерілген күмбез тәріздес массив

Аппенин және Балқан түбектері Жерортатеңіздікпен бірдей сипатқа ие болған өңір. Биотасы мен климатының ерекшеліктеріне қарай солтүстік Лигурий-Тоскан, орталық Абруц-Собин, оңтүстік Неаполитан-Лукан, Тоскан жазығы, Корсик, Сардиния, Сицилия аралдары бір-бірінен тау жоталарының морфологиялық құрылысы ғана емес, сонымен бірге биотасы жағынан да ерекшеленетіндіктен жеке физико-географиялық аудандарға бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]