Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИДТЕРМ.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
58.18 Кб
Скачать

25. Иран таулы өлкесіне физикалық-географиялық сипаттама.

Иран таулы қыраты – Алдыңғы Азиядағы тау қыратының ең көлемдісі. Оның көп бөлігі Иран жерінде жатыр, шығыста ол Ауғанстан мен Пакистанға енеді, солтүстік шеті мен Түрікмен шекарасын бойлай өтеді.Бүкіл Иран таулы қыраты альпілік-гималайлық ғимараттар жүйесіне жатады. Тау түзілуі бірнеше рет қайталанған, сонымен бірге шеткі бөліктері кайнозой дәуірінде интенсивті орогенезге ұшыраған. Неогенде басталып осы кезге дейін жалғасып келе жатқан жалпы көтерілу тау қыратының қазіргі түрде пайда болуына әкелді. Каспий теңізінің оңтүстік жағалауын бойлай биіктігі 2000-4000м параллель жатқан жоталардан тұратын тік беткейлі және терең шатқалды Эльбурс тау жүйесі доға жасай бой көтереді. Эльбурстың ең биік шыңы – Демавенд(5604м) әлі де әрекетін толық тоқтатпаған вулкан болып табылады. Эльбурстан екі тау жотасынан тұратын Түрікмен-Хорасан тау жүйесі ұласады. Оның солтүстік бөлігі – Копетдаг таулары мезозой және кайназойлық қатпарлы жыныстардан қалыптасқан, биіктігі 2000-3000м болатын жоталардан тұрады. Ал оңтүстігінде Нишапур деп аталатын екінші тау жүйесі алып жатыр. Олар Копетдагқа қарағанда көнелеу және рельефі онша тұтас емес.

Паропамиз таулары Иран тау қыратының Ауғанстан жеріндегі солтүстік шеткі тізбегінің жалғасы болып табылады. Паропамизды Түрікмен-Хорасан тауларының оңтүстік-шығыс шетінен Зюльфатор шатқалы бөліп тұрады, осы шатқалмен Герируд өзені ағады.Иран тау қыратының оңтүстік жағалауын Загрос, Мекрон, Сүлеймен тау жүйелері алып жатыр. Тау етегінде, Оман мен Персия шығанақтарын бойлай Загрос пен Мекрон сілемдеріне тірелген жағалаулық ойпатты белдеу жатыр. Ені 40-50 км-ден аспайтын осы тегіс ойпаттың кей жері батпақты.

Иран тау қыратының ішкі бөлігінде биіктігі орташа тау массивтері мен Иранда лут (шөлейт) және кевир (сортаң) аталатын көлемді шөлейтті жазықтар мен қазаншұңқырлар бірінен соң бірі алмасып отырады. Иран жерінде кең байтақ шөлді жазықтар бар, олар ̶ су мен өсімдіктерден жұрдай сортаңданған Деште Кевир, биіктігі 200м-дей шағал тас не құм үйілген дөңдер немесе сортаң басып жатқан Деште Лут Ауғанстанның территориясында сазды шағал тасты шөл Дешти Марго және құмды шөл Регистан ерекше көзге түседі.

Ішкі тау массивтері арасынан Орталық Иран, Шығыс Иран және оңтүстікке Паропамизге жалғасатын Орталық Ауған таулары ерекшеленіп тұрады. Тым биік шыңдардың кейбірі сөне бастаған вулкандар болып табылады. Иран тау қыратының пайдалы кен қазбаларының қоры орасан зор, бірақ әлі нашар зерттелген және аз пайдаланылады.

Облыстың басты байлығы ̶ мұнай, оның орасан зор қоры Иранның оңтүстік батысында Загрос тауларының етегінде шоғырланған және сонда өндіріледі. Әртүрлі тұздардың қорлары мол (ас тұзы, калий тұздары, глаубер тұздары).Солтүстік шеткі таулардың қазаншұңқырларында тас көмір бар, тау қыратынығ ішкі бөлігі мен шеткі жоталарында түсті металдардың кен орындары кездеседі.

Иран тау қыраты тұтас дерлік субтропикалық климат белдеуі шегінде жатыр. Жауын ̵ шашынның негізгі массасы Иран тау қыраты шегінде атлантикалық ауа циклондармен полярлық фронт бойынша келетін көктемгі және қысқы мерзімде түседі. Ішкі аудандарда жылына 100мм тіпті 50мм-ден кем ылғал түседі, батыстағы тау беткейлері 500мм.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]