Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИДТЕРМ.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
58.18 Кб
Скачать

22.Жерорта теңізі аймағының аудандарына физикалық географиялық сипаттама.

Европалық Жерортатеңіздік физико-географиялық аймақ 3 облысқа бөлінеді: Пиреней, Аппенин және Балқан түбектері мен Жерорта теңіздегі аралдар тобы. Жерортатеңіздік өзінің мынадай табиғи көріністерімен ерекшеленеді: Жерорта теңізінде орналасуы, палеогеографиялық және тектоникалық ерекшеліктерінің бірлігі мен тау қыраттарының морфологиясы, оның сейсмикалық және карсты құрылымы, Атлант ағысының әсері, оңтүстік тропиктік ауа массалары, субтропикалық белдеудегі биотаның қалыптасуы және флора мен фаунаның жоғарғы эндемизмі. Пиреней түбегі. Облыс екі бассейн Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының ықпалында. Оның негізін кристалдық жыныстарын түзілген, және солтүстігі мен оңтүстігі альпілік қатпарлы белдеулерінің тау ғимараты- мен көмкерілген, пенепленденген Мессета массиві құрайды. Мессетаның солтүстік жартысында биіктігі 600-800м. Ескі Кастилия үстірті жатыр. Оның беті калий тұзының қоры бар көл Лагуна шөгіндінің қабатымен жабылған. Мессетаның оңтүстік жартысында анағұрлым аласа (500м) Жаңа Кастилия үстірті жатыр, ол кей жерлерде ғана жас тұнба шөгінділердің қабатымен жабылған кристалдық жыныстардан тұрады. Аппенин түбегі. Бүкіл облыс үшін таулы рельеф басым. Рельеф негізін бүкіл Аппенин түбегін ұзына бойына кесіп өтіп, Сицилия аралына өтетін Аппенин тау жүйесін құрайды. Солтүстік Аппенин Теңіз жағалаулық Альпімен ұласып жатады. Шартты түрде Альпі мен Аппенин арасындағы шекараны Турин мен Саван қалаларын қосатын сызық бойынша жүргізеді.

Арно өзенінің жоғары ағысына дейін тауларды солтүстік Аппенин деп атайды. Бұл бөлікте олар палеогендік, көбінде борпылдақ жыныстардан құралған және биіктігі 2000м-ден көп аспайды.Оңтүстікке қарай, Арно мен Вальтурно өзендерінің бас аралығында Аппенин тауының ең биік телімі – Орталық Аппенин орналасқан. Ол мезозойдың әктастарынан құралған, тектоникамен күшті бөлшектенген биік массивтерге ыдырайды. Таулардың неғұрлым биік бөліктері төрттік мұз басуға ұшыраған. Аппениннің ең биік шыңы –Гран Сассо д’. Италия массивіндегі Корно тауы 2914м-ге жетеді.

. Солтүстігінде енді келген Балқан түбегі оңтүстікке қарай жіңішкере түседі. Жер беті таулы келеді, сондықтан оның аты түріктің «балкан» яғни «тау» деген сөзінен шыққан.Облыстың қазіргі пішіні мен рельефі неогеннің аяғы мен антропогеннің басында өткен қозғалыстар нәтижесінде қалыптасқан. Эгей теңізі Балқанды Кіші Азиямен байланыстырып тұрған құрлықтың бөлшектенген және шөккен орнында пайда болған. Эгей теңізінің аралдары осы құрлықтың қалдықтары болса, ал Босфор мен Дарданелл бұғаздары неогендегі кең өзен аңғарларының шөгуі және су басуы нәтижесінде пайда болған.

Балқан түбегінің батыс және солтүстік батыс шеттерінде кайнозойдың тау жүйелері бой түзейді. Кейінгі мұз басу процесі массивтің рельефін ыдыратып жіберді де биік таулық форманың комплексін жасады. Олар - Рила, Пирин, Родопы, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]