Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метрология шпор.docx
Скачиваний:
73
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
95.64 Кб
Скачать

1.Метрология. Өлшеудің тұтастығы. Метрология(грекше «метро»-өлшем, «логос»- оқу, білім) өлшемдер туралы, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы ғылым. ГОСТ16263-70.

Метрологияның негізгі мәселелеріне:

  • өлшеудің жалпы теориясы;

  • физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;

  • өлшеудің әдістері мен құралдары;

  • өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы);

  • өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология);

  • эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау;

  • эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.

Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты.

Метрология 3 бөлімнен тұрады: теориялық, заңдық және қолданбалы.

Теориялық метрология- метрологияның фундаменталдік негіздерімен бірліктер жүйесін құру мен физикалық тұрақтыларды және өлшеудің жаңа әдістерін жасаумен айналысатын метрология бөлімі.

Заңдық метрология- мемлекетте қолданысқа жіберілетін өлшеу бірліктеріне, өлшеу әдістеріне, өлшеу құралдарына және өлшеу лабораторияларына құқықтық деңгейде мемлекеттік тәртіпті орнатады.

Қолданбалы метрология- теориялық метрологияның тұжырымдарын және заңдық метрологияның нормаларын іс-әрекеттің барлық сфераларында практикалық қолданумен айналысады.

Өлшеудің тұтастығы- бұл өлшеу нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерімен өрнектелетін және өлшеудің қателігі берілген ықтималдықпен орнатылған шекарада жататын өлшеудің жай-күйі. (1тарау,1бап,7пункт)

2. Метрологияның мақсаттары.

Негізгі міндет азаматтар мен экономика мүдделерін сенімді емес өлшеу нәтижелері, отандық және импортталатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын, процестерді (жұмыстарды) және қызметті қамтамасыз ету салдарынан қорғау болып табылады.

Мақсаттары:

1)Жасалатын және импортталатын өлшеу құралдарының белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынау өткізу;2) техникалық (эталондық) базаны жетілдіру; 3) халықаралық талаптармен өлшем бірлікті қамтамасыз ету үшін метрология бойынша нормативтік құжаттарды үйлестіру; 4) метрология саласында кадрлар дайындау және біліктілігін арттыру; 5) өлшем бірліктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

3.Метрология дамуының қысқаша тарихы(шетелдер және Ресей).

Өлшемдер өте ерте пайда болды. Олар адамзаттың материалдық мәдениетті қайнар көзіне жатады. Олардың пайда болуы және дамуы өндіріс құралдарының дамуымен бірге жүреді, және материалдық ресурстардың сандық бағаларына және олардың түрлену процестеріне ие болу қажетін талап етті. Ертедегі уақытта адамдар біртекті объекттерді – малдардың басын, жауынгер санын және т.б. есептеумен өткізетін еді. Мұндай есеп өлшемнің шартты бірліктерін орнатуын және физикалық шамалар туралы түсініктерді енгізуді талап еткен жоқ. Есепті жүргізу үшін арнайы техникалық амалдарды пайдалануды және дайындауды қажет еткен жоқ. Қоғамның дамуы әр түрлі шамалардың – ара қашықтық, салмақ, өлшем, көлем және т.б. сандық бағаларына қажеттілікке алып келді. Бұл сандық бағаларды есепке түйістірді, ол үшін табиғаттық және антропологиялық бірліктер таңдап алынды. Мысалы: уақыт тәулікпен, жылмен өлшенеді, сызықтық өлшемдер – табан, шынтақ, ал қашықтық –қадаммен жолдағы тәулікпен. Орнатылған өлшемдер бірлігін қолдау үшін ертеде де эталондық (үлгілік) өлшемдер құрыла басталды. Оларға өте ұқыппен қарады: ертеде олар храмда, шіркеулерде, бағалы заттарды сақтайтын өте берік жерлерде сақталды. Түрлі себептерге байланысты шіркеулер татар-монғол қанау кезеңінде бұзылған жоқ. Өндірістің одан әрі даму процесінде арнайы құрылғылар құрылды –әр түрлі шамалардың сандық бағасына арналған өлшем амалдар. Осылай сағаттар, таразы, ұзындық өлшемдері және т.б. өлшеуіш құрылғылар пайда болды.

Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде ерте замандарда пайда болған. Ежелгі орыстық өлшеу жүйесінің негізін ежелгі гректік өлшем бірліктері салған, ал олар өз кезегінде Ежелгі Греция және Римнен алған.

Метрологияның күрт дамуына 1875жылы метрикалық конвенцияның (құрамында 17 мемл бар) қорытындысы себепші болды.

4. Қазақстандағы метрологияның даму тарихы. Метрологияның күрт дамуына 1875жылы метрикалық конвенцияның (құрамында 17 мемл бар) қорытындысы себепші болды. Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады.

1925 жылы Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары) [10,128].

1929 жылы 1 қазанда Семипалатинсктін өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтық өлшем және таразы салыстырып тестеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған.

Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі.

Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған.

Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы, салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру номенклатурасының кеңеюіне әкелді.

1931 жылы Қазақстанның Аймақты салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану маштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды.

1933 жылы Қазақстанның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды.

1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен «Өлшем бірлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданады, ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді.

Республика үкімімен «Өлшем бірлігінін мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымына тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі болып және ТМД мемлекеттері «Стандартизация, метрология және сертификация саласында келісілген саясатты жүргізу» туралы келісім шартқа қол қойды [10,147].

5.Метрологияның ғылымдағы және өндірістегі рөлі.

Адамдардың практикалық іс-әрекетінде өлшеусіз жүргізілетін бірде-бір жер (область) жоқ.

Кез келген анализде, болжау жасауда, жоспарлауда, бақылауда, тіркеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны және сапасы туралы сенімді ақпарат қажет. Осы ақпаратты біз физикалық шамаларды, көрсеткіштерді және параметрлерді өлшеу жолымен аламыз. Сенімсіз ақпарат өнімнің сапасының төмендеуіне, апатқа, ғылыми зерттеуде жалған тұжырымдарға, сауда – коммерциялық операцияларда алдауға алып келеді. Осыған байланысты мемелекет тарапынан өлшеуге деген бірегей саясат болуы керек. Осындай саясат метрологиялық қамтамасыз етумен де тығыз байланысты. Материалдық, энергетикалық және басқа да ресурстарды үнемдеу жолында метрологиялық қамтамасыз етудің маңызы өте зор, өйткені сенімді сандық өлшеулер экономияның бір негізі болып табылады.

Қазіргі кездегі таразылардың қателігі- 1% .

Электр энергиясын өлшейтін есептегіштердің қателігі - 2%.

Өлшеулер кезінде қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестациялау мен тіркеуден өту керек. Өлшеуге сынақтан өткен, метрологиялық аттестациялаудан өткен және эксплуатация кезінде периодты сенімдеу жүргізілген өлшеу құралдары ғана қолданылуы керек.

Өлшеу кез келген өнеркәсіп бұйымын жоспарлаудың, дайындаудың, сынаудың және бақылаудың барлық этаптарын қамтиды.

Өлшегіш техниканың даму деңгейі бойынша өнеркәсіпті дамыған елдердің ғылыми және техникалық потенциалның көрсеткіштері бағаланады.

6.Метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері. Өлшеудің тұтастығы талап етілетін олардың дәлдігімен бірге қоғамдық мақсат болады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері:

  • Ғылыми

  • Техникалық

  • Құқықтық

  • Ұйымдық

Осы негіздердің орындалуы қолданбалы метрологиялық қамтамасыз ету деп аталады. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негіздерін мыналар құрайды:

  • Мемлекеттік эталондардың жүйесі

  • Эталондардан барлық жұмысшы өлшеу құралдарына шама бірліктері размерін беру жүйесі

  • Барлық өлшеу құралдарының жиынтығы, сонымен қатар оларды құру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету құралдары

  • Заттар мен материалдардың құрамы және қасиетінің стандартты үлгілерінің жиынтығы, сонымен қатар оларды құру құралдары

Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізін заңдық базалар және өлшеу тұтастығы жүйелерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі(МӨЖ) құрайды.

МӨЖ- өлшеудің дәлдігін бағалауды және қамтамасыз етуді ұйымдарға және әдістемелеуге қатысты стандартты өзара байланыстағы ережелердің, талаптардың, нормалардың комплексін құрайды.

Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдық негізі болып табылатын ҚР-ның метроллогиялық жүйесі, сонымен бірге метрологиялық деп мекемелер мен ұйымдардың желісін және метрологиялық қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекетін айтады.

7.Метрологияның заңдық базасы. ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету

туралы» заңы.

1-тарау. Жалпы ережелер(1 - 5 баптар)

2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі(6 - 12 баптар)

3-тарау. Метрологиялық қызмет (13 - 16 баптар)

4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу(17 - 20 баптар)

5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау (21 - 28 баптар)

6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу(29 - 30 баптар)

7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру(31 - бап)

Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.

1-тарауда 1 - 5 баптар аралығында карастырылған: 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар; 2-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы; 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы; 4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары; 5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару.

2-тарауда 6 - 12 баптар айтылады. Олар: 6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құрылымы; 7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi; 8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегі нормативтiк құжаттар; 9-бап. Шама бiрлiктерi; 10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары; 10-1-бап. Шама бiрлiктерiнiң эталондары; 11-бап. Өлшем құралдары; 11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi; 12-бап. Өлшемдердi орындау әдiстемелерi.

3-тарауда мына баптар жазылған: 13-бап. Метрологиялық қызметтiң құрылымы; 14-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қызмет; 15-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi; 16-бап. Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi; 16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар; 16-2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар.

4-тарауда 17 - 20 баптар көрсетілген: 17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекiту және оларды метрологиялық аттестаттау;18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу; 19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру; 20-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу.

5-тарауда 21 - 28 баптар аралығы жазылған: 21-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылаудың мақсаты; 22-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi; 23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясы; 24-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау; 25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау; 26-бап. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау; 27-бап. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау; 28-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары; 28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері.

6-тарауда мына баптар қарастырылған: 29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық; 30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу;

7-тарауда 31 – бап көрсетілген: 31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк метрологиялық бақылау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру.

8. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң: Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар.Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  1. аккредиттеу - аккредиттеу жөнiндегi органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң нақты түрлерiн жүзеге асыруға заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

  2. заңдық метрология - метрологияның уәкiлеттi мемлекеттiк орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бiрлiктерiне, әдiстерiне, өлшем құралдары мен өлшемдiк зертханаларына қатысты мемлекеттiк талаптары бар бөлiгi;

  3. метрологиялық бақылау - мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;

  4. шама бiрлiгi - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берiлген белгiленген мөлшердiң физикалық шамасы;

  5. өлшем құралы - өлшем жүргiзуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

2-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы

1)Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2) Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;

2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;

3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;

4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;

5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.

5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару

1) Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады.

2) Уәкiлеттi орган:1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады; P061191;2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады; 3) мемлекеттiк шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi;

9. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң: Заңда пайдаланылған

негізгі ұғымдар:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөнiндегi органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң нақты түрлерiн жүзеге асыруға заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

2) заңдық метрология - метрологияның уәкiлеттi мемлекеттiк орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бiрлiктерiне, әдiстерiне, өлшем құралдары мен өлшемдiк зертханаларына қатысты мемлекеттiк талаптары бар бөлiгi;

3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау - уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын, сауда операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау жөнiндегi қызметi;

4) метрологиялық бақылау - мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;

5) метрологиялық қызмет - қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған субъектiлер жиынтығы;

6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегiмен тәжiрибелiк жолмен физикалық шама мәнiн табу;

7) өлшем құралы - өлшем жүргiзуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

8) өлшем құралын калибрлеу - мемлекеттiк метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шын мәндерiн айқындау мақсатында осы өлшем құралының көмегiмен алынған шаманың мәнi мен эталонның көмегімен айқындалған шаманың тиiстi мәнi арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы;

9) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;

10) өлшемдердi орындау әдiстемесi - орындалуы өлшем жүргiзудiң осы әдiстемесiмен белгiленген дәлдiкпен өлшем нәтижелерiнiң алынуын қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы;

11) өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау - өлшемдердi орындау әдiстемесiнiң оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу (растау);

12) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудiң нәтижелерiн салыстыру;

13) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

14) шама бiрлiгi - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берiлген белгiленген мөлшердiң физикалық шамасы;

15) шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталоны - уәкiлеттi органның шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама бiрлiгiнiң эталоны;

10. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң»: Өлшем бірлігін қамтамасыз етуді басқару.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етуді басқару. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңның» 1 – тарау Жалпы ережелердегі 5 – бапта айтылған.

1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті мемлекеттік басқаруды ҚР уәкілетті органы жүзеге асырады.

2. Стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган:

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады;

2) ҚР метрологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асрады;

3) мемлекеттік шама бірліктерінің эталондарын бекітеді;

3-1) ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілуі мүмкін халықаралық бірліктер жүйесіне енбейтін шамаларды анықтайды;

4) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізулерді ұйымдастырады;

5) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерін белгіілейді, Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді.

5-1) ҚР аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сипаттамасын белгілейді;

6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін белгілейді және бекітеді;

7) өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелеріне қойылатын талаптарды анықтайды;

8) өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін белгілейді, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастырады,

9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

10) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;

11) метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда ҚР атынан өкіл болады;

11-1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

12) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

13) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында лицензиялауды жүзеге асырады, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтайды;

14) өлшем құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгілейді;

15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртібін белгілейді;

16) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгілеудің тәртібін анықтайды;

17) «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

11. Қазақстан республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ҚР МӨЖ) мемлекеттік стандарты. Стандарттың қолданылу саласы.

ҚР СТ 2.0.-2005 стандарты 1. «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған және енгізген. 2 .Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі №252 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген. 3. Алғашқы тексерудің мерзімі – 2010 жыл, тексерудің мерзімділігі – 5 жыл. 4. ҚР СТ 2.0.-2001 «ҚР МӨЖ. Негізгі ережелер» орнына енгізілген. 5. Стандарт Заңнамалық метрологияның халықараралық ұйымының «Метрология туралы заң» халықаралық құжатының талаптарын ескере отырып, әзірленген.

Осы стандарт ҚР Индустрия және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе жартылай баспадан шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды.

Енгізілген күні 2006.07.01

Қоланылу саласы

Осы стандарт ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі аясында жүзеге асырылатын жұмыстардың мақсатын, мңндеттерін, қағидаларын, құрылымын, ұйымдастыруды және негізгі түрлерін белгілейді.

Осы стандарттың ережелерін мемлекеттік басқарма органдары, метрология жөнндегі техникалық комитеттер, ҚР аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қолдануы қажет.