Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метрология шпор.docx
Скачиваний:
73
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
95.64 Кб
Скачать

51.Өқ аттестациялау

Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшемқұралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:

−автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;

−республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;

−осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үшін метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимде қолданылатын сериялап шығарылған өлшемқұралдарының жеке даналары;

−сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінушілер) ұсынады.

Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі.Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадайқұжаттар жинағымен ұсынылады:

−өлшем құралдарына метрологиялық аттесттау жүргізуге өтініш;

−өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалықшарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса);

−пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);

−өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасыныңжобасы;

−өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде);

−әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.

Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынады:

−жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);

− метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеуіш каналдың құраушы элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар.

Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексерушіқондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады.

Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеруәдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялықаттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеруәдістемесін келісім шарт негізінде МҒМОның әзірлеуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауғаұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.

52.Өлшеу құралдарые сенімдеу.ГОСТ 8.061-80 Сенімдеу схемалары.Өлшеу құралдары- бірліктің размерін сақтап және қайта жаңғыртатын метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құралдар.Сенімдеу деп- өлшеу құралдарына орнатылан талаптарына сәкестігін анықтау және растау мақсатында уәкілетті органдар жүргізетін операциялар жиынтығы.Сенімдеу операциялары мемлекеттік қадағаланады.Сенімдеу нәтижелері бойынша өлшеу құралдары жарамды және жарамсыз екендігі анықталынады.Егер сенімдеу нәтижесі бойынша өлшеу құралдарының жарамсыздығы анықталса оларды өлшеуден алып тастайды.Бұл ең төменгі жолдан- өлшеу құралдарынан басталады.Сенімдеудің бірнеше тәсілдері мен түрлері бар.Сенімдеу түрлеріне:бірінші ретті, периодты, кезектен тыс,инспекциялық,сараптамалық жатады. Сенімдеу тәсілдеріне бірден түйістіріп салыстыру, компараторлар арқылы, эталондр бойынша сенімдеу және мөлшер жаңғыртатын шамалар бойынша сенімдеу тәсілдері жатады.Сенімдеу операциясы мемлекеттік қадағаланатын және бақыланатын болғандықтан сенімдеу нәтижелері заңдастырылған түрде рәсімделеді: Сенімдеу процедурасы бойыеша протакол жасалынады. Шешім уәкілетті органдар тарапынан оң болса,сенімдеу туралы сертификат беріледі.Өлшеу құралдарын сенімдеу және сенімдеу схемалары ГОСТ 8.061-80 стандарты бойыеша қаралады.Бұл стандарт бойынша сенімдеу схемаларының сызбасы көрсетілген.Схема үш жолдан тұрады: 1.Бірінші жол-бірінші және екінші ретті эталондар жатады;2.Екінші жол- жұмысшы эталондар; 3.Үшінші ретті жол- өлшеу құралдары жатады.Сенімдеу схемасының негізгі параметрлнріне өлшеу құралдарының қателіктері, номинал мәндері, атаулары, өлшеу құралдарының физикалық шамалары, диапазоны, сенімдеу әдістері жатады.

53.Өлшеу құралдарын калибрлеу.Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндіруден немесе жөндеуден шыққанда, импорт бойынша әкелінгенде, пайдаланылу кезінде, осы өлшем құралдарының әзірленушісі, иесі немесе тұтынушысы белгілеген тәртіппен калибрленедіӨлшем құралдарын калибрлеуді шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына бағындырылған эталондарды пайдалана отырып, аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізеді.Өлшем құралдарын калыбрлеу нәтижелері өлшем құралдарына басылатын калибрлік белгімен, немесе метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндері міндетті түрде көрсетілітін калибрлеу туралы сертификатпен, сондай- ақ пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады.Өлшеу құралдарын калибрлеу туралы ҚР СТ 2.0-2005 стандартына сай ҚР-ң Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі Заңындағы 4-тарау, 20-бабында көрсетілген.

54.Мемлекеттік метрологиялық қадағалау. Метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғандығы үшін жауапкершілік.Мемлекеттік метрологиялық бақылау ҚР-ң Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңының 5- тарау 21-28 баптарында жазылған.мемлекеттік метрологиялық қадағалау және бақылауды осы Заңның негізінде ҚР-ң басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мақсатында уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.Мемлекеттік қадағалаужәне бақылау тексерісі үш формада жүргізіледі:1.Жоспарлы турде жүргізілнтін тексеріс үш жылда бір рет; 2.Жоспарсыз- мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалар шағым түсірсе;3.Қайталап тексеру- алдын- ала берілген нұсқаулардың орындалуын тексеру.Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және бақылау обьектілеріне: шама бірліктерінің эталондары, өлшем құралдары, өлшемдерді орындау әдістемелері,өлшем тұтастығын қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың іс- әрекеті жатады.Егер мемлекеттік метрологиялық қадағалау және бақылау кезінде метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғандығы анықталса онда осы заң аясында жауапкершілікке тартылады. Метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғандығы үшін жауапкершілік- табылған кемшіліктерге қатысты жеке және заңды тұлғаларға келесі шаралар қолданылады:1.Лицензия мерзімін тоқтату; 2.Алты ай мерзімге аккредитация аттестатын кері қайтару; 3.Әкімшілік тарапынан сөгіс; 4.Кінәлілерді қылмыстық жазаға тарту үшін материалдарды сотқа беру.Өлшеужің тұтатығы және Заңдылықтарының бұзылғандығы үшін азаматтарға 5-10 дейінгі, қызметтегі жеке тұлғаларға 50-100 дейінгі, ал заңды тұлғаларға 200 айлық есептеу көрсеткіші есебінде айыппұл салынады.

55.Метрологиялық қызмет

13-бап. Метрологиялық қызметтiң құрылымы

ҚР-ның метрологиялық қызметi:

1)мемлекеттiк метрологиялық қызметтен;

2) уақыт және жиiлiк мемлекеттiк қызметтерiнен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректерден, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң өзге де мемлекеттiк қызметтерiнен;

3) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен;

4)өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардан;

5)өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.

14-бап.Мемлекеттiк метрологиялық қызмет

Мемлекеттiк метрологиялық қызмет:

1) стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органнан және оның аумақтық бөлiмшелерiнен;

2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарына салғастыру жүргізетін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысатын, өлшем құралдарын сынауды, метрологиялық аттестаттауды, шама бірліктерінің эталондары мен жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан тұрады.

15-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi

1.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттiк басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.

2.Уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды. ҚР-ның уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдану үшін міндетті болып табылатын уақыт пен жиiлiк бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн жаңғыртуды, сақтауды және беруді жүзеге асырады.

3.Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

4.Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердi әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

16-бап. Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi

1.Мемлекеттiк басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн метрологиялық қызметтер құрады.

Осы Заңның 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезiнде метрологиялық қызметтердiң құрылуы немесе ұйымдастыру шараларының жүргiзiлуi мiндеттi болып табылады.

2.Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар

1.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүзеге асырады.

2.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардың қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтік құқықтық актілер мен нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

16-2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында  консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар өз қызметiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтік құқықтық актілер мен нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

56. Өлшеуді орындаудың əдістемелері: Жалпы мəселелер

Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету үшін алғашқы және мерзімді тексерілген, сынақтан немесе метрологиялық аттестатаудан өткен өлшеу құралдарын ғана емес, сондай-ақ өлшеуді орындаудың аттестатталған әдістемелерін қолдану қажет. 1972 жлы «Өлшеуді орындаудың әдістемелерін стандарттауға және аттестаттауға қойылатын жалпы талаптар М55» 8.010-72 МСТ бекітілді. Осы уақыттан бастап метрологиялық ұғымдар арасында «өлшеуді орындау әдістемесі» (ӨОӘ) пайда болды.

8.010-72 МСТ бекіткеннен кейін өлшеуді орындау әдістемесіне әдістемелік құжаттар және стандарттар пайда болды. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қолданылатын ӨОӘ аттестаттау бойынша жұмыстар басталды.

1993 жылы 18қаңтарда ӨОӘ міндетті метрологиялық аттестаттау көзделген «Өлшеуді бірлігі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

2000 жылғы 7 маусымда қабылданған «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР-ның жаңа Заңының өлшеуді орындау әдістемесіне арналған 12-бабында былай деп айтылған:

1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге жатады.

2. Өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау тәртібін, сондай-ақ метрологиялық қызметтерді өлшеуді орындау әдістемелерін аттестаттау құқығына акредиттеуді стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган белгілейді.

Өлшеуді орындау әдістемелеріне жаңа талаптар қоя отырып, ҚР-ның Мемстандарты «Өлшеуді орындау әдістемелері. Әзірлеу, аттестаттау және қолдану тәртібі» 2.18-2001 ҚР СТ және «ҚР-ның акредиттеу жүйесі. Метрологиялық қызметтерді өлшеуді орындау әдістемелерін аттестаттау құқығын акредиттеу тәртібі» 7.6-2001 ҚР СТ мемлекеттік стандарттары әзірледі.

2.18-2001 ҚР СТ ӨОӘ әзірлеу, аттестаттау және қолдану тәртібін, сондай-ақ негізгі деректердің құжаттарына, әдістеріне, ӨОӘ арналған өлшеу құралдарына, ӨОӘ құжаттарына және ӨОӘ қолдануды бақылаға қойылатын талаптарды белгілейді. Аталған стандарт жаңадан әзірленетін және қайта қаралатын ӨОӘ, оның ішінде сандық химиялық талдау әдістемесіне қолданылады. Стандарт қолданысқа енгізілгенге дейін әзірленген ӨОӘ құжаттар оларды қайта қарағанға дейін күшінде қалады.

ӨОӘ әзірлеу туралы шешім бұйымның (үрдістің) өлшенетін параметрлер номенклатурасына талдау жасағаннан кейін және стандартталғандар және аттестатталғандар арасынан ӨОӘ алдан-ала таңлап алғаннан кейін бұйымдарды немесе үрдістерді әзірлейдің ерте кезеңдерінде қабылданады.

ӨОӘ әзірлеу қажеттігі өлшеуді жүргізудің нақты шарттары үшін талап етілетін дәлдікпен өлшеу құралдарының жоқтығынан талап етілетін дәлдікті қамтамасыз ету мүмкін болмайтындығына, өлшеудің қателіктеріне ықпал ететін факторлар санының ұлғаюына, өлшеуді жүргіщу шарттарының күрделенуіне, өлшеудің дәлдігіне қойылатын талаптарды көтеруге, өлшеудің жанама әдістеріне негізделген өлшеу жүйелерін және кешендерін пайдалауға негізделген.

Өлшеу дәлдігінің нормалары ӨОӘ әзірленгенге дейін беріледі, ал ӨОӘ кепілді нақты дәлдігі оны әзірлеу үрдісінде және метрологиялық зерттеулерде анықталады.

2.18-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес ұйымдар мен кәсіпорындар төменде ұсынылған нысан бойынша мемлекеттік қадағалау саласында қолданылатын ӨОӘ құжаттарының тізбесін, 2.18-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келмейтін ӨОӘ құжаттарын жеке алумен, жасауы тиіс.

ӨОӘ регламенттелген құжаттың атауы және белгілеу

Өлшенетін шаманың атауы

ӨОӘ мақсаты

Цех, учаске, технологиялық үрдіс

Аттестаттау туралы ақпарат

2.18-2001 ҚР СТ талаптарын қанағаттандырмайтын мемлекеттік метрологиялық қадағалауды қолдану саласында пайдаланылатын ӨОӘ құжаттар жойылуы немесе қайта қаралуы және аттестатталуы тиіс.

Егер кәсіпорын ӨОӘ аттестаттауды өз күшімен өткізуді болжайтын болса, онда кәсіпорынның ӨОӘ аттестаттауды өткізетін мамандарын және метрологиялық қызметтерді ӨОӘ аттестаттауды өткізу құқығына акредиттеуге арналған іс-шараларды дайындауды жоспарлау қажет.

57. Өлшеуді орындау әдістемелеріне құжаттар

«ҚР МӨЖ. Терминдер және анықтамалар» 2.1-2000 ҚР СТ сәйкес өлшеуді орындай әдістемесі – өлшеу кезінде олардың орындалуы қабылданған әдіске сәйкес кепілді әлдікпен қажетті өлшеу нәтижесін алуды қамтамасыз ететін операциялар мен ережелердің белгіленген жиынтығы.

Кепілді дәлдікпен, мүмкінді шектен аспайтын қателікпен алынған өлшеу нәтижесі өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Анықтамадан ӨОӘ өлшеудің технологиялық үрдісі ұғымын беретіні көрінеді. Сондықтан ӨОӘ үрдіс ретінде және ӨОӘ құжат ретінде ажырату қажет.

ӨОӘ барлығы да ӨОӘ құжатпен регламенттелмеген және сипатталмаған. Қарапайым өлшеу құралдарының көмегімен шаманы тікелей өлшеу үшін (электр шамасын қалқанша құралмен және басқалармен өлшеу) құжатталған ӨОӘ талап етілмейді. Мұндай жағдайларда конструкторлық немесе технологиялық құжаттамада өлшеу құралдарының типтерін және негізгі метрологиялық сипаттамаларын көрсету жеткілікті болып табылады.

ӨОӘ құжатта регламенттеу қажеттігін тапсырыс беруші өнімді немесе объекті әзірлеу кезінде талап ете алады, ол туралы әзірлеуге техникалық тапсырмада көрсетіледі.

Қазіргі уақытта ӨОӘ әр түрлі техникалық құжаттамада регламенттеледі: стандарттарда немесе олардың тарауларын, техникалық шарттардың «Бақылау (сынау, талдау, өлшеу) әдістері» тарауында бұйымдарды пайдалану бойынша нұсқаулықтарда, технологиялық карталарда, технологиялық құжаттарда, фармокопеялық статьяларда.

Бұл құжаттарда өлшеуді орындаудың бірқатар талаптары қамтылған, бірақ өлшеу дәлдігінің көрсеткіштері тіралы мәліметтер жиі қамтылмайды.

Техникалық құжаттардың алуан түрлі болуы және өз уақытында осы құжаттар рәсімделген КҚБЖ «Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі), ТҚБЖ (Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі), ӨТДБЖ (Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі) стандарттарында ӨОӘ өзірлеуге және регламенттеуге қойылатын талаптардың жоқ болуы ӨОӘ өлшеу дәлдігінің кепілді көрсеткіштері туралы мәліметтерді көрсетпей физикалық шаманың маңызын анықтаумен немесе өлшеу әдісімен ауыстыруға әкеп соғады.

МӨЖ талаптарына сәйкес ӨОӘ техникалық құжаттама ӨОӘ талаптарын сақтаумен кепілдік берілетін өлшеу дәлдігінің көрсеткіштері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Бұл кепілдік ӨОӘ алдын-ала зерттеу рәсімімен, ӨОӘ құжаттарға метрологиялық сараптама жасаумен және ӨОӘ кейінгі аттестаттаумен қамтамасыз етіледі.

ӨОӘ регламенттеу нысаны, оның барлық элементтеріне қойылатын талаптардың толықтығы мен айқындығы аталған әдістемеге берілетін өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерімен өлшеу нәтижесін алу үшін аса маңызды.

ӨОӘ регламенттеу кезінде конструкторлық және технологиялық құжаттарда әдіске, құралдарға, шарттарға және өлшеу алгоритміне қойылатын талаптар 8.010-99 МСТ және 2.18-2001 ҚР СТ сәйкес болуы тиіс.

58. Өлшеуді орындау әдістемелерін жасау.

Өлшеуді орындау әдістемелерін (ӨОӘ) әзірлеу кезінде мына операцилар орындалады:

1) ӨОӘ әзірлеу үшін негізгі деректерді қалыптастыру;

2) ӨОӘ үшін әдістер мен өлшеу құралдарын таңдау;

3) өлшеуді дайындау және орындау, нәтижелерді өңдеу кезінде операциялардың дәйектілігін және мазмұнын белгілеу;

5) өлшеудің нәтижелерінен алынатын қателіктерді бақылаудың нормативтерін және рәсімдерін әзрлеу;

6) ӨОӘ құжатты әзірлеу;

7) ӨОӘ құжат жобасының метрологиялық сипаииамасы;

8) ӨОӘ метрологиялық аттестаттау және ӨОӘ өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізу.

59. Өлшеуді орындау әдістемелеріне құжаттты жасау

ӨОӘ күрделілігіне және қолдану саласына байланысты жеке құжатта( стандартта, нұсқаулықта,ұсыныста) немесе құжаттың тарауында немесе бөлігінде (стандарттың тарауында, техникалық шарттарда,конструкторлық немесе технологиялық құжатта) баяндалады.

Олар арқылы ӨОӘ іске асырылатын өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын есепке алу тәсілдері бойынша қателіктердің кепілді сипаттамалары өлшеу құралдарының және көмекші техникалық құрылғылардың кез келген данасын қолдану мүмкіндігін ескере отырып белгіленетін типтік ӨОӘ және қателіктерінің кепілді сипаттамалары өлшеу құралдарының, көмекші техникалық құрылғылардың нақты данасының дербес қасиеттерін ескере отырып белгіленетін дербес ӨОӘ болып бөлінеді

ӨОӘ регламенттейтін құжаттың мазмұны

мынадай болуы тиіс.

ӨОӘ белгілеуде ӨОӘ қолдану саласы, өлшенетін шаманың атауы және сипаттамасы,егер олар өлшеу қателіктеріне ықпал ететін болса, өлшеу обьектісінің сипаттамасы көрсетіледі.

Өлшеу шарттары номиналдық мағына немесе ықпал ететін шамалардың мүмкінді мағынасының диапазоны шекарасының түрінде беріледі.

Өлшеу қателіктеріне қойылатын талаптар оның жоғарыда сипатталған барлық құрамдас бөліктерін ескере отырып белгіленеді.

60.Өлшеуді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестациялау. ӨОӘ метрологилық аттестациялауға қойылатын талаптар ҚР заңнамасымен, ҚР Мемстандартымен және ҚР стандарттармен белгіленеді.Мемлекеттік қадағалау саласында қолданылатын ӨОӘ міндетті аттестациялауға жатады. ӨОӘ аттестациялаудың негізгі мақсаты - өлшеу қателіктері көрсетілген ӨОӘ басым болмайтын аталған ӨОӘ брйынша өлшем бірліктерін растау.ӨОӘ метрологиялық аттестациялауды мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшелері немесе ӨОӘ регламенттейтін құжаттың, ӨОӘ әзірлеу материалдарының метрологиялық сараптамалар нәтижесінің негізінде 7.6 ҚР СТ сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады. ӨОӘ метрологиялық аттестациялаудың нәтижелері оң болған кезде, ӨОӘ метрологиялық аттестациялауды жүзеге асыратын метрологиялық қызмет: -ӨОӘ аттестаттау туралы куәлікті рәсімдейді;- және эксперименталдық зерттеу(егер ол ӨОӘ меторологиялық аттестациялау кезінде өткізілетін болса) туралы септерді рәсімдейді;- белгіленген тәртіпте ӨОӘ құжатты бекітеді;-стандарттау,метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган тізілімінде ӨОӘ тіркеуді жүзеге асырады. ӨОӘ тіркеу үшін заңды тұлғаның метрологиялық қызметі стандарттау,метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті органға жібереді: -еркін нысандағы өтінішті; - ӨОӘ құжат көшірмесін ( 2 дана); - метрологиялық аттестациялау жөніндегі куәлік көшірмесін. Есептік тіркеуден кейін ӨОӘ құжат көшірмесінің біреуі тіркеу нөмірін және тіркеу күнін көрсетумен «Тіркелді» деген мөртабаңды қоюмен кәсіпорынға қайтарылады. Метрологиялық аттестациялаудың теріс нәтижесінде ӨОӘ құжат әзірлеушіге пысықтауға қайтарылады.