Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метрология шпор.docx
Скачиваний:
73
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
95.64 Кб
Скачать

25. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: мғмо (мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық) негізгі қызметтері

МҒМО негізгі қызметтері мыналар болып табылады:

  • Өлшем бірліктері эталондарын дайындау, құру, сақтау және метрологиялық аттестаттау;

  • Шама бірлігінің эталондық базасын құру және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды іске асыру;

  • Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды іске асыру;

  • Шама бірліктерінің жаңа эталондарын, жоғары дәлдіктегі өлшем құралдарын құру бойынша ғылыми зерттеулерді, оларды дайындау және өндіру бойынша тәжірибелі конструкторлық жұмыстарды жүргізу;

  • Република төңірегінде шама бірліктері эталондарын айналмалы және радиалды салыстыруды ұйымдастыру және қатысу;

  • Метрология саласында заңды, нормативті және құқықты акттерді дайындау және іске асыруға қатысу;

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында нормативті құжаттарды дайындауды, оларды мемлекетаралық және халықаралық нормалар және ережелермен үйлестіруді іске асырады;

  • Метрология саласында мемлекеттік стандарттарды, ұсыныстарды және де басқа нормативті құжаттарды, соның ішінде салыстырып тексеру әдістемелерін, өлшемнің әдістемелік орындалуын метрологиялық сараптау жүргізу;

  • Өлшем құралдарын сынау, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау, өлшемнің әдістемелік орындалуы бойынша жұмыстар жүргізу;

  • Өлшем құралдарын өндіру, салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеу кезінде қойылатын квалификациялық талартарға заңды және жеке тұлғалардың сәйкестігіне тәуелсіз экспертті ағалау және техникалық тексеру жүргізу;

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді іске асыру;

  • МҒМО қызметіне тиісті өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу.

26. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: ужмқ (уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі) негізгі қызметтері

УЖМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:

  • Техникалық құралдарды және УЖМҚ жүйелерін дамытуды және үздіксіз қызмет етуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми техникалық қызметті жүзеге асыру;

  • Уақыт пен жиілік бірліктерінің мөлшерлерін, УЖМҚ пайдаланылатын эталондардың негізінде ҚРдағы уақыттың ұлттық шкаласын жаңғырту және сақтау;

  • Жердің айналу параметрлерін ақылау пункттерінде алынған ақпарат негізінде бүкіләлемдік уақыт пен Жер полюстерінің координаттарын анықтау және болжау;

  • Елдің уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарына, сондайақ байланыстың келісілген арналары бойынша Жердің айналу параметрлері туралы ақпаратқа деген сұраныстарын радио және теледидар апналары, спутниктік навигациялық жүйелері, Интернет басты желісі бойынша үздіксіз қамтамасыз ету;

  • ҚРның аумағында техникалық құралдар және жүйелер арқылы берілетін уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарын метрологиық бақылау;

  • Тұтынушыларды УЖМҚ ақпараттық дерктерімен қамтамасыз ету;

  • Эталондық бзаны,Жердің айналу параметрлерін анықтаудың техникалық құралдарын және уақыт пен жиіліктің эталондаық дабылдарын беру және қабылдау жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстарды жүргізу;

  • Уақыттың Мемлекеттік қызметінен берілетін уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарының, Жердің айналу параметрлерінің сипаттамаларына қйылатын талаптарды талдау және болжау;

  • УЖМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтымқтастыққа қатысу;

  • ҚР аумағында уақытты санаудың белгіленген тәртібін сақтауды бақылау.