Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метрология шпор.docx
Скачиваний:
73
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
95.64 Кб
Скачать

12. Қр мөж негізгі мақсаты және негізгі міндеттері.

ҚР МӨЖ негізгі мақсаты және негізгі міндеттері. ҚР СТ 2.0.-2005 стандартының негізгі ережелерінде көрсетілген.

Қазақстан республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы аумағында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету болып табылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мақсаттарына қол жеткізу үшін ҚР МӨЖ келесі негізгі міндеттерді шешуі қажет:

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті басқарудың оптималдық қағидаларын әзірлеу;

  • Қолдануға жіберілетін шамалар бірліктерін анықтау;

  • Республиканың эталондық базасын құру және жетілдіру;

  • Метрологиялық нормаларды, ережелерді және талаптарды белгілеу;

  • Метрологияның негізгі ұғымдарын, терминдерін және анықтамаларын белгілеу;

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік базаны құру және жетілдіру;

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ережелерді және талаптарды халықаралық, аймақтық ережелермен және талаптармен үйлестіру;

  • Экономика салаларындағы қызметті метрологиялық қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ақпараттық қамтамасыз ету.

13. ҚР МӨЖ негізгі қағидалары

ҚР МӨЖ негізгі қағидалары мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға жіберілген өлшемдер нәтижелерін заңдастырылған шамалар бірліктерінде келтіру.

  • Берілген ықтималдықпен белгіленген шекараларда болатын қателікпен (анықсыздықпен) өлшемдерді жүзеге асыру.

  • Шамалар бірліктерінің мөлшерлерін шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан шамалар бірліктерінің эталондарына және өлшем құралдарына беру.

  • Қызметті заңнамалыққа және өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асыру.

14 ҚР МӨЖ обьектілері

ҚР МӨЖ обьектілері болып мыналар табылады:

-шамалар бірліктері

- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және шамалар бірліктерінің эталондары

- өлшем құралдары

- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері

- өлшемдердің құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар

- өлшемдерді орындау әдістемелері

- мемлекеттік басқарма органдарының ,өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің қызметі.

15 ҚР МӨЖ құрылымы

ҚР МӨЖ құрылымына мыналар кіреді:

  • ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық негізін құрайтын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі

  • ҚР МӨЖ техникалық негізін құрайтын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және өлшем қралдары

  • ҚР МӨЖ нормативтік негізін құрайтын,өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды және тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер және нориативтік құжаттар.

16.ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы » заңы: ҚР метрологиялық қызметінің құрамы.(13-бап)

Негізінен Метрологиялық қызметінің құрамы Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінен тұрады.Оларға:

  1. Мемлекетік метрологиялық қызмет;

  2. Уақыт жане жиілік мемлекеттік қызметтері;

  • Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері;

  • Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары жане қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректері;

  • Сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің өзге де мемлекеттік қызметтері;

  1. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке жане заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері;

  2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы – аудиториялар;

  3. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалар

жатады.

17. ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы » заңы: Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрамы.(14-бап) Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрамы мыналардан:

  1. Стандартау, метрология жане сертификаттау жөніндегі уәкілетті органнан жане онығ аумақтық бөлімшелерінен;

  2. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды,жетідіруді, сақтауды жане қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін,өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды, шама бірліктерінің жане жоғары дәлдікті өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүргізетін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан

тұрады.

18. ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы » заңы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері.(15-бап)

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері:

  1. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері уәкілетті органды жане оның аумақтық бөлімшелерін, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттік басқару органдарының метрологиялыққызметтерін қамтиды.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

  1. Уақыт пен жиілік мемлекеттік қызметі аймақаралық жане салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуге жане Жердің айналу параметрлерін анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.

  2. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі аймақаралық жане салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін әзірлеуге жане ендіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.

  3. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметі аймақаралық жане салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерді

19. ҚР МӨЖ техникалық негізі

ҚР МӨЖ техникалық негізін мыналар құрайды:

  • Құрылуын және ұстауын мемлекет жузеге асыратын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарының жиынтығы;

  • Республика аумағында қолданылатын шамалар бірліктерінің эталондарының, өлшем құралдарының, сондайақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің жиынтығы;

  • Заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты деректерінің жиынтығы.

20. ҚР МӨЖ нормативтік негізі

ҚР МӨЖ нормативтік негізі ҚРда өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету және ағалау бойынша жұмыстарға қойылатын талаптарды және жүргізу тәртібін анықтайтын, бірыңғай ережелер мен нормаларды беогілейтін нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құжаттардың кешенінен тұрады.

ҚР МӨЖ нормативтік құжаттары:

  • Негізгі, жалпы талаптарды, ережелерді, нормаларды белгілейтін және ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық әдістемелікережелері;

  • Өнімді,қызмет көрсетулерді, процесстерді бақылау талаптарын және әдістерін белгілейтін болып бөлінеді.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар сәйкес қолданылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес, мыналар жатады:

  1. Халықаралық стандарттар;

  2. Метрология бойынша аймақтық стандарттар, ережелер мен нұсқаулар;

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;

  4. Мекемелер стандарттары;

  5. Қазақстан Республикасының метрология бойынша стандарттары;

  6. Басқа елдердің метрология бойынша ережелері, нормалары және нұсқаулары, мекеме стандарттары.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар мыналарды регламенттейді:

  • Шама бірліктері;

  • Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;

  • Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің және калибрлеудің әдістері мен құралдары;

  • Өлшем құралдарына және нормаланатын метрологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптар;

  • Өлшемдердің дәлдік нормалары;

  • Өлшем нәтижелерінің және өлшемдердің дәлдігін көрсеткіштердің баяндалу тәсілдері және ұсыну нысандары;

  • Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері, өлшемдері орындау әдістемелері;

  • Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне, заттр мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректеріне қойылатын талаптар;

  • Өлшем құралдарын сынауды, метрологиялық аттестаттауды, салыстырып тексеруді және калибрлеуді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы терминдер мен анықтамалар.

21. ҚР МӨЖ нормативтік негізі: Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес, мыналар жатады:

  1. Халықаралық стандарттар;

  2. Метрология бойынша аймақтық стандарттар, ережелер мен нұсқаулар;

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;

  4. Мекемелер стандарттары;

  5. Қазақстан Республикасының метрология бойынша стандарттары;

  6. Басқа елдердің метрология бойынша ережелері, нормалары және нұсқаулары, мекеме стандарттары.

22.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар мыналарды регламенттейді:

-шамалар бірліктері;

-шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;

-өлшем құралдарын салыстырып тексерудің және калибрлеудің әдістері мен құралдары;

-өлшем құралдарына және нормаланатын метрологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптар;

-өлшемдердің дәлдік нормалары;

-өлшемдер нәтижелерінің және өлшемдердің дәлдігін көрсеткіштердің баяндалу тәсілдері және ұсыну нысандары;

-өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері,өлшемдерді орындау әдістемелері;

-заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректеріне қойылатын талаптар;

-өлшем құралдарын сынауды ,метрологиялық аттестаттауды, салыстырып тексеруді және калибрлеуді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;

-өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы терминдер мен анықтамалар;