Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метрология шпор.docx
Скачиваний:
73
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
95.64 Кб
Скачать

27. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: сүмқ (заттар мен

материалдардың құрамы мен қаситеттерінің стандартты үлгілерінің

мемлекеттік қызметі) негізгі қызметтері

СҮМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:

  • Стандартты үлгілерді жасау және қолдану негізінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету;

  • СҮМҚ қызмет етуін және дамытуын қамтамасыз ету бойынша аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

  • Экономиканың стандартты үлгілерге деген сұранысын анықтау және болжау;

  • Тұтынушылар заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерін анықтау дәлдігіне қоятын талаптарын талдау және болжау жүргізу;

  • «заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің бекітілген түрлері» бөлімі бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттікжүйесінің Тізілімін жүргізу;

  • Стандартты үлгілерді жасауды, өндіруді, жүзеге асыруды және қолдануды регламенттейтін нормаларды және техникалық талаптарды белгілеу;

  • Стандартты үлгілердің түрлерін бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

  • Тұтынушыларды СҮМҚ анықтама ақпаратымен қамтамасыз ету;

  • СҮМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.

28. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: садмқ (заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі) негізгі қызметтері

САДМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:

-стандартты анықтамалы деректерді ғылымда, өндірісте және білім беруде олардың негізінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында әзірлеу және қолдану бойынша аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

-анық стандартты анықтамалы деректерді өнеркәсіптік өндірісте, ғылыми-техникалық қызметте, метрологияда, стандарттауда, өнімнің сәйкестігін бағалауда, коммерциялық қызметте, басқармада, адамдардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметте қолдануды қамтамасыз ететін нормаларды, ережелерді және талаптарды әзірлеу;

-стандартты анықтамалы деректерге деген сұраныстарды анықтау және болжау;

-стандартты анықтамалы деректерді жасаудың бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

-стандартты анықтамалы деректер мәселелері бойынша ресми ақпараттық және анықтамалы басылымдар жүйелерін дамыту және жетілдіру;

-стандартты анықтамалы деректерді әзірлеу және қолдану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;

-стандартты анықтамалы деректермен өнеркәсіптік, ғылыми мекемелерді және де басқа сұраныстарды қамтамасыз ету.

29. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: Мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі қызметтері

-қызметтің тексерілетін аясында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдікті қамтамасыз ету;

-процестер мен қызмет көрсетулерді зерттеу, әзірлеу, өндіру, сынау, пайдалануды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша қызметтің негізгі бағыттарын анықтау және жұмыстарды орындау;

-заңнамалықпен белгіленген метрологиялық нормалар мен ережелерді өз уақытында енгізу және сақтау;

-қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу;

-өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу;

-нормативтік және техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау;

-метрологиялық бақылауды жүзеге асыру.