Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИДТЕРМ.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
58.18 Кб
Скачать
  1. Евразия материгі табиғатының қалыптасуының ерекшеліктері

Еуразия материгінің табиғаты басқа материктермен салыстырғанда ерекше болып келеді. Бұған бірнеше себептер бар.

Еуразия құрлығы көлемінің үлкендігінен ішкі бөліктері мұхиттар мен теңіздерден мыңдаған км. қашықта жатыр. Осыған байланысты құрлық табиғатының қарама-қайшылығы, алуандығы ұлғая түседі. Еуразияның батыс бөлігінде теңіздермен тілімденген жіңішке, әрі терең келетін аралдар мен түбектер, яғни шетелдік Еуропа деп аталатын бөлігі орналасқан. Осы аралдар мен түбектердің үлесіне шетелдік Еуропаның 1/3 бөлігі тиеді. Теңізден ең алыс қашықтығы 600 км. Шығысқа қарай құрлық кеңейе түседі. Азиялық бөлікте аралдар мен түбектердің үлесіне оның 1/4 бөлігі сәйкес келеді.

Батыстан шығысқа қарай құрлықтың жер беті пішіні де өзгеріп отырады. Шетелдік Еуропаның қатты тілімденген жер бедерін ірі Шығыс-Еуропа, Батыс-Сібір, Тұран жазығы және Орта Сібір қыраттары алмастырады. Ірі тау сілемдері, Еуразияның батысынан шығысына қарай Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін созылып, осы бағытта биіктігі өсіп, Жердің ең биік шегіне Гималай мен Тибет таулы өлкесінде жетеді.

Еуразияның батысы мен оңтүстігінде негізгі орографиялық элементтер ендік бағытта, ал орталығында меридиан бағытта созылады. Орографиялық элементтердің осылай орналасуы құрлықтың ішкі бөлігіне Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттарының әсер етуіне жағдай жасайды, ал Еуразияның оңтүстігі мен шығысында биік таулы өлкелердің орналасуынан Тынық және Үнді мұхиттарының әсері шамалы. Бұл мұхиттардың әсері құрлықтың тек шеткі бөліктерінде ғана сезіледі.

Еуразия көлемінің үлкендігі, геологиялық құрылымы мен рельеф пішінінің күрделілігі, дүние жүзілік мұхиттардың алуан түрлі әсер етуінен географиялық зоналық заңдылығындағы айырмашылықтар табиғи үрдістер мен құбылыстардың зоналық әртүрлілігіне ықпал етеді. Еуразия құрлығында құнарсыз арктикалық шөлдер мен ылғалды экваторлық ормандар тараған; бір тамшы да жауын жаңбайтын ірі ағынсыз аймақтар мен керісінше ылғалының көптігінен халық қиыншылық көретін кеңістіктер алмасып кездеседі. Еуразия құрлығында Жер бетіндегі температура мен биік шыңдардың қарама-қайшылығы ерекше білінеді. Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы мен жер шарындағы өте құрғақ терең шұңғыма да осында орналасқан. Басқа құрлықтардан ерекше айырмашылығы–табиғи жағдайының күрделігі. Сондықтан да басқа құрлықтармен салыстырғанда зерттеуге қызықты аймақ болып табылады.

  1. Евразия материгі ландшафттарының қалыптасуына жер бедері және климат факторларының әсері.

Жер бедері және климат жағдайы кез-келген жердегі ландшафттың құрылуына зор әсерін тигізеді. Еуразия материгі зор көлемдегі аумақты алып жатқандықтан ондағы ландшафт түрлері де сан түрлі және осы ландшафттың қалыптасуы көптеген әсерлер жиынтығына тығыз байланысты. Ол әсер етуші факторлардың біріншісі ол климат.

Негізінен Еуразиялық климаттық белдеулердің шекаралары рельефке байланысты анық білінбейді.

Арктикалық белдеуде (Шпицберген архиппелагы) жыл бойы суық арктикалық ауа массаалары басым болады, ауаның температурасы өте төмен.

Исландия мен Скандинавияның қиыр солтүстігі субарктикалық белдеуде орналасқан.

Мұхит ауа массаларының басым болуына байланысты бұл аудандардың климаты қыста жылы және өте ылғалды, жазда салқын және ылғалды болады.

Қоңыржай белдеуде Европаның негізгі бөлігі орналасқан.

Қоңыржай белдеу екі бөліктен құралған:

1. Солтүстік бореальді (жазы салқын, қысы қатал)

2. Оңтүстік суббореальді (жазы жылы, қысы жұмсақ)

Атмосфералық ылғалдану дәрежесінің әртүрлілігі әр белдеу бөлігінде теңіздік, ауыспалы және континенталды климат типтерін бөлуге мүмкіндік береді.

Субтропикалық белдеуде Жерорта теңіздік Европа орналасқан. Ауа массаларының мезгіл бойынша ауысуы байқалады, қыста мұнда қоңыржай ауаның батыс желі басым, ал жазда тропиктік антициклон тұрады. Осының нәтижесінде Жерорта теңіздік Европада құрғақ және ыстық, жазы жылы және өте ылғалды қыс болады. Теңіздік және континенталды климат типтерінің айырмашылығы кез келген түбекте жергілікті жердің батыс циклондық ауа ағынына орналасуына байланысты көрінеді.

Ал шетелдік Европаның қазіргі биотасының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары палеогеографиялық және тарихи ерекшеліктеріне байланысты болады. Биота литогенез бен климат компоненттеріне тәуелді бола отырып, кеңістік-уақыт қатынасында тез өзгеріске ұшырайды. Бірақ Шетелдік Европада табиғи кешен мыңдаған жылдар бойы жерді игеру сипатында болғандықтан зоналы тип кешендері бұзылған, сондықтан да Шетелдік Европаның күрт өзгерген территорияларында (Корнуэл түбегі, Лондон бассейні, Ютландия түбегі) ландшафттың антропогенді модификациясы қалыптасқан. Топырақтың қышқылдануы, эрозия мен дефляция, қажетсіз табиғи кешендерінің қалыптасуы, адамзаттың ауыл-шаруашылықпен айналысуына теріс әсерін тигізеді, яғни, "табиғат пен адам" арасындағы байланысты бұзады. Осыған мысал: күрт өзгерген Падан ойпаты.

Ал Еуразияның жер бедеріне келер болсақ, мұхиттар мен теңіздер құрлыққа еніп, әсіресе батысы мен оңтүстігінде жағалауы қатты тілімдеген. Бірақ, Еуразия құрлығы көлемінің үлкендігінен ішкі бөліктері мұхиттар мен теңіздерден мыңдаған км. қашықта жатыр. Осыған байланысты құрлық табиғатының қарама-қайшылығы, алуандығы ұлғая түседі. Еуразияның батыс бөлігінде теңіздермен тілімденген жіңішке, әрі терең келетін аралдар мен түбектер, яғни шетелдік Еуропа деп аталатын бөлігі орналасқан. Осы аралдар мен түбектердің үлесіне шетелдік Еуропаның 1/3 бөлігі тиеді. Теңізден ең алыс қашықтығы 600 км. Шығысқа қарай құрлық кеңейе түседі. Азиялық бөлікте аралдар мен түбектердің үлесіне оның 1/4 бөлігі сәйкес келеді.

Батыстан шығысқа қарай құрлықтың жер беті пішіні де өзгеріп отырады. Шетелдік Еуропаның қатты тілімденген жер бедерін ірі Шығыс-Еуропа, Батыс-Сібір, Тұран жазығы және Орта Сібір қыраттары алмастырады. Ірі тау сілемдері, Еуразияның батысынан шығысына қарай Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін созылып, осы бағытта биіктігі өсіп, Жердің ең биік шегіне Гималай мен Тибет таулы өлкесінде жетеді.

Еуразияның батысы мен оңтүстігінде негізгі орографиялық элементтер ендік бағытта, ал орталығында меридиан бағытта созылады. Орографиялық элементтердің осылай орналасуы құрлықтың ішкі бөлігіне Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттарының әсер етуіне жағдай жасайды, ал Еуразияның оңтүстігі мен шығысында биік таулы өлкелердің орналасуынан Тынық және Үнді мұхиттарының әсері шамалы. Бұл мұхиттардың әсері құрлықтың тек шеткі бөліктерінде ғана сезіледі.

3.Евразия материгінің табиғат ландшафттарының антропогендік модификациясы және ландшафтық ерекшеліктері.

Ландшафт түзуші табиғат кешендерін сипаттау негізгі екі фактормен анықталады: тауаралық ойысы бар меридиан бағытында созылып жатқан қатты тілімденген орта биіктікті таулы жер бедері және субэкваторлы және экваторлы ауа ағымдарының басым жағдайында қалыптасқан пассатты-муссондық циркуляция. Осыған байланысты ландшафттардың кеңістік дифференциациясы күрделеніп, біресе шоғырланып, біресе меридиан бағыт түзеді. Табиғат кешендері: биотасы әлсіз айқындалу жағдайында дамиды немесе зоналы-ендік заңдылықтарының болмауымен сипатталады. Табиғат кешендерінің алуан түрлілігі - оңтүстік-батыс муссонды және солтүстік-шығыс пассаттары мен жауын-шашынның түсу режимі және мөлшеріне байланысты.

Ландшафттарының континентальды және аралды ландшафттарға бөлінуі географиялық орнына байланысты. Аралды ландшафттардың орны және олардың экваторлық белдеу бойында таралуы ландшафттардың биотикалық факторда қалыптасуын анықтайды.

Ландшафттардың антропогендік модификациясы террасты тау беткейлерінде жиі орын алады. Осы себептерге байланысты биота мен геома элементтерінің өзгеруінен климат жағдайы да өзгереді. Соңғы жылдары нөсерлі-тайфунды және басқа да апат түрлері ұлғаюда.

4. Солтүстік Америка материгін физикалық-географиялық аудандастыру.

Бұл тақырыпты өтпедік)))апай басқа сұрақ береді, жақсы сұрақ түссін!!!

5.Евразия материгінің тектоникалық құрылымы және жер бедерінің негізгі ерекшеліктері.

Континетті Еуразия плитасының құрылымы мен жыныстарының литологиялық құрамының әртүрлігінен пайдалы қазбалары да алуан түрлі.

Көне Еуразия құрлығының ядросында пайдалы қазбалардың көп қоры шоғырланған: архей мен протерозой тау жыныстарында темір, марганец және хром рудалары (Скандинавия мен Үндістан) мен кейбір түрлі-түсті және сирек кездесетін металдар (мыс, кобальт) жеткілікті. Үндістан платформасының қойнауында алтын, алмаз және бағалы тастар көп. Көне кристалдық ядроның кейбір жыныстарын әшекей заттар жасау үшін пайдаланады, мысалы, Балтық қалқанындағы гранит.

Палеозой қатпарлы құрылымдары тараған аймақтар, әсіресе шетелдік Еуразия түрлі-түсті және сирек кездесетін рудаларға өте бай (мысалы, мырыш, қорғасын, сынап, уран, қалайы). Шөгінді жыныстарда мұнай мен газ, ал Үндістан платформасында Гондвана сериясымен тас көмірдің кен орындары байланысты. Ірі тас көмір кен орындарының таралуы да мысалы, Силез, Рур және шетелдік Еуропаның басқа да көмір бассейндерінің, Солтүстік-Шығыс Қытай кен орныдарының пайда болуы, палеозойлық тау алды иіндерімен байланысты.

Еуразияның солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөлігі мезозой мен кайнозой эраларында тау түзілу мен сығылу үрдістерінен өткен жас құрлықты- мұхиттық жапсарлы белдеуге жатады. Олардың континенттік бөлігі мен оған іргелес орналасқан мұхиттық қыртыстарының құрылымы күрделілігімен және рельефінің алуандығымен ерекшеленеді.

Тибет тау жүйесі мен Қарақорым тауында да мезозой эрасының қарқынды тау түзілу үрдістері көрініс тапқан. Бұл таулар Биік Азия деп аталатын Жер бетіндегі ең биік таулардың қатарына жатады. Олардың құрылымында әртүрлі жастағы қатпарлы кездеседі. Таулар антропоген кезінде және қазіргі кезде де көтеріліп келеді. Мезозой эрасында қатпарланып көтерілген Үндіқытайдың солтүстігі мен шығысы, Малакка түбегі кейінгі жас жарылымдардан аласарған да, орнында биіктігі орташа қатпарлы-жақпарлы таулар пайда болған.

Мезозой жыныстары тараған аймақтар бүкіл Еуразия құрлығы арқылы батысында Пиреней түбегінен оңтүстік-шығысында Үндіқытайға дейін созылып жатқан Альпі-Гималай қатпарлы белдеуімен қосылып кетеді. Белдеудің тау сілімдерін, Пиреней мен Андалуз тауларын, Альпі, Карпат, Апеннин мен Балқан түбегін, Алдыңғы Азия таулы қыратын, Гиндукуш пен Гималайды қоса есептегенде Тетис жабылғаннан кейін пайда болған Альпілік белдеу деп атауға болады.

Бүкіл белдеуде салыстырмалы түрде көне құрылымдар тараған – ортаңғы массивтер палеозой немесе одан да ертерек қатпарлықтан пайда болған. Қазіргі рельеф формаларында олар бірнеше ярустан тұратын, көне тегістелу формасына тән, беткейі баспалдақты аласа таулар түрінде кездеседі. Рельефтің осындай түрі Калабрия тауына, Балқан түбегіндегі Родоп-Македон массивтеріне, Орталық Иран тауларына сәйкес келеді.

Құрылымы күрделі Альпілік антиклинорийге биік және өте биік қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы тау жүйелері сәйкес. Олар Оңтүстік Еуропа мен Оңтүстік-Батыс Азияның тау жүйелерін бойлай созылып жатқан: Альпі, Пиреней, Эльбрус, Загрос, Гиндукуш, Гималай таулары. Таулардың 3 мың метрден жоғары бөліктерінде Альпілік рельеф басым дамыған. Көтерілу үрдісі әлсіз және мезозой эрасының карбонатты тау жыныстарынан түзілген тау алды иіндерінде пайда болған биік тау жүйелерінің шеткі аймақтарында, сонымен қатар, Карпат, Балқан, Апеннин және Динар, Тавр, Мекран тауларында эрозиялық формалары басым орташа таулар дамыған. Бүкіл Альпі қатпарлы белдеуінде карбонатты тау жыныстарының кеңінен таралуынан карст үрдістерінің және карсты рельеф формаларының дамуына қолайлы жағдай туды. Мұндай рельеф формалары Апеннин, Динар және Тавр тауларында жиі кездеседі. Жерорта теңізі жағалауында, Карпатта, Армян таулы өлкесінде және Эльбрус тауларындағы жер асты жанартаулық жарылуларымен жанартаулық рельеф формалары тығыз байланысты болды.

Тау доғаларының сыртқы аймақтарындағы шеткі иілімдерде аккумулятвивті жазықтар пайда болды. Олар: Альпі мен Карпат алды жазықтары, Андалуз ойпаты, Месопатам және Үнді-Ганг жазықтары т.б.

Биіктеу және аласа аккумулятивті жазықтар тауаралық ойпаттармен шектелген жарықтарда да пайда болған. Осындай ірі құрылымдар- Орта Дунай мен Падан жазықтары, Анатолий платосы, Иран таулы өлкесінің ішкі жазықтары.

Азияның оңтүстік-шығыс және шығыс аралдық бөлігінің Тынық мұхиттық теңіздері Батыс Тынық мұхиттық белдеудің аралдар доғасына жатады. Олар кинтиненттік-мұхиттық субдикция үрдістерінің әсерінен пайда болған. Үндіқытайдың батысын кейінгі кайнозойда пайда болған таулар алып жатыр. Тау тізбектері Суматра, Калимантан, Тайвань, Хоккайдо, Сахалин және Камчаткаға дейін созылады. Тынық мұхиттық жағалаудан оларға арал доғаларының геоантиклинальды зоналары, терең науалар мен шеткі теңіздердің қазан-шұңқырлары іргелес орналасқан. Бұл белдеу қарқынды сейсмикалық және жанартаулық әрекетімен ерекшеленеді. Биік тау шыңдарын сөнген және қазіргі әрекеттегі жанартаулар құрайды, олар Жапон, Филлиппин және Ява құрлықтық арал доғалары. Шығу тегі жанартаулық аралдар көп кездеседі.: Рюкю, кейбір Зонд аралдары.

Мезозой мен кайнозой жасындағы қатпарлы белдеуде шығу тегі пегматитті және гидротермальды түрлі-түсті металдар кеңінен тараған. Олар Карпат пен Балқан түбегіндегі мыстың, мырыштың, цинктің қорлары, Оңтүстік Қытайдан Үндіқытай түбегі арқылы, Малаккканы қоса есептегенде, Индонезияға дейін созылып жатқан әйгілі қалайы және қалайы-вольфрам белдеуі, Жапон аралындағы түрлі-түсті металдардың кен орындары. Шығу тегі шөгінді қазба байлықтардан Альпі, Карпат, Батыс Үндіқытай мен Индонезия тауларындағы бокситтерді айтуға болады. Шеткі иілімдер мен қазаншұңқырлар мұнай мен газға бай. Әсіресе, Карпат алды, Месопатамия шеткі иілімін және Орта Дунай ойпатын айта кетуге болады. Көптеген қазан-шұңқырларда, сонымен қатар, қоңыр көмір мен әртүрлі тұздар тараған.

6. Климат пен жер бедеріне байланысты Батыс Европаның өсімдіктер типтерінің таралу ерекшеліктері.

Батыс Европа төрт географиялық белдеулерде орналасқан. Аталған белдеулер меридиан бағытымен солтүстікте арктикалық белдеуден оңтүстікте субтропиктік белдеуге дейін ауысып отырады. Белдеулердің ауысуы теңіз жағалауынан әртүрлі қашықтығы мен рельефтің ірі формаларының алуан түрлілігі климат жағдайларының өзгеруіне әсер етеді.

Европаның негізгі бөлігі қоңыржай белдеуде орналасқан. Сондықтан бұл белдеуде батыстан соғатын желдер басым, олар Солтүстік Атлантикадағы Исландия циклоны мен Азор антициклонының әсерінен пайда болады. Атлант ау массалары Батыс Европаның үстімен жиі қозғалып жылы және ылғалды климаттың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Оңтүстіктегі түбектер субтропикалық белдеуде жатыр, жазда олар циркуляцияның тропиктік типінің әсеріне ұшырайды. Ал Фенноскандияның солтүстігіне суық жыл мезгілінде арктикалық ауа массалары келеді. Негізгі ылғалды Атлант ауа массалары Орталық Европаның шұңқырларының үстінде қалыптасады. Шетелдік Европа климатының негізгі ерекшеліктері: қыста – арктикалық массалар, жылы Гольфстрим ағысы, Исландия минимумы әсер етеді. Ауаның циркуляциясында полярлық жоғарғы қысымды облысы салқын арктикалық ауаны оңтүстікке апарып кей мезгілдерде олар Жерорта теңізіне дейін жетеді. Орташа температура 0°-тан төмен. Мұхит беті суық мезгілде құрлықтан жылылау болып олардың үстінде төменгі атмосфералық қысым орнайды. Солтүстік Атлантиканың шығыс бөлігінде бұл процесс айқын байқалады, себебі мұнда Гольфстрим мен Солтүстік Атлант жылы ағыстарының нәтижесінде Солтүстік Атлантиканың үстінде тұрақты және өте терең Исландия депрессиясы қалыптасады. Азор антициклоны қыста оңтүстікке жылжып Европаның климатына қыста үлкен әсер ете алмайды.

Суық материк үстіндегі ауа тығызданып, төмендейді. Соның нәтижесінде атмосфераның жер бетіне жақын жатқан қабатында жоғарғы қысым облысы, ал жоғарғы қабаттарда төменгі қысым облысы пайда болады. Ылғалды және жылы Атлант ауа массалары мен континенттік суық ауа массаларының тоғысқан жерінде поляр фронты пайда болады. Оның траекториясы Шотланд қыраты мен оңтүстік Скандинавияның үстімен өтеді. Осы циклондар Европаға негізгі жылы ауа массалары мен көп жауын-шашын алып келеді.

Еуропаның өсімдігі флоралық құрамы жағынан Голарктика облысына жатады. Өсімдіктерінің құрамында эндемиктер аз. Құрлықтық бөлігінде өсімдіктер тундралық, бореалдық, тайгалық, далалық, шөлдік, субтропиктік типтерге бөлінеді. Шпицбергенде, Франц-Иосиф Жерінде, Жаңа Жерде қына, мүк, шөптің бірен-саран түрі өседі. Тундралық бөлігінде қоңыр, жасыл қына, ягель, крупка, субетеге, аласа қайың, полюстік тал өседі. Тау тундрасы Исландияда, Скандинавияда, Полюстік Оралда таралған. Орманды тундраның оңтүстігін (шамамен 57 — 58° с.е.) тайга алып жатыр. Мұнда, негізінен, қылқан жапырақты орман басым. Тайганың оңтүстігінде жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман өседі. Олар Скандинавия мен Орал таулары аралығын алып жатыр. Жалпақ жапырақты орман солтүстікте тайга мен аралас ормандардан, оңтүстікте субтропиктерге дейінгі (шамамен 40° с.е. дейін) бүкіл Батыс Еуропаны (тауларынан басқа) қамтиды. Бұл белдемнен оңтүстікке қарай орманды дала, ал одан әрі дала белдемі жатыр. Еуропаның субтропиктік аймақтарында ксерофиттік мәңгі жасыл ормандар мен бұталар өседі.

Шпицбергенде Франц-Иосиф Жерінде, Жаңа Жерде қына, мүк, шөптің бірен-саран түрі өседі.

Скандинавия мен Орал таулары аралығын Жалпақ жапырақты және Қылқан жапырақты ормандар алып жатыр.

Еуропаның субтропиктік аймақтарында ксерофиттік мәңгі жасыл ормандар мен бұталар өседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]