Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кокшетау васильковка.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
388.1 Кб
Скачать
  1. Үйінді жұмыстарындағы қауіпсіздік ережелері:

  • Үйінді жұмыстарының өндірістік қауіпсіздігі үйінді кемері еңісінің тұрақтылығына байланысты болады. Сондықтан үйінді кемерінің биіктігі, әр еңіс жеке және де алынған жыныстың әр түрлі түріне, үйінді жұмыстарының механизациясы әдісеріне жеке белгіленуі қажет;

- Үйінді кемерінің жобаланған биіктігін негізсіз үлкейтуде болмайды;

  • Үйінді беттеріндегі су жиналмау үшін, су ағын кететіндей етіп арнайы форма жасау керек. Электр жабдықтарымен, тау-кен және көліктік машиналарды қолданудағы қауіпсіздік ережелерінің шарттары, карьер жұмыстарына қойылатын талаптар сенімді. Белгіленген участок жыныстарымен жүк түсіру фронтының екі жағынан 10 метр шамасында қоршалып тұру керек;

  • Түнгі жұмыс уақытында автосамосвал мен бульдозерлердің жұмыс орны горизонтальды беткейден 5 люкпен жарықтандырылып тұруы керек.

2.8. Бұзылған жерлерде рекультивациялау шаралары.

Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру, тау-кен жұмыстарын енгізу кезінде бұзылған жерлердің ұлғаюына әкеп соқтырады. Ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерде рекультивациялауын техникалық кезеңі негізгі жұмыстарды енгіземіз:

  • Кен орнындағы бұзылған жерлердегі құнарлы жердің қабатын алдын–ала бөліп алу

  • Бөлініп алған құнарлы қабатты көлікке тиеу;

  • Құнарлы қабаттарды уақытша қоймаларға немесе рекультивацияланған үйінділердің бетіне тасымалдау;

  • Үйінді еңісін рекультивациға қажетті бұрышына дейін жеткізу;

  • Үйіндінің рекультивацияланған беткейін, рекультивация бағытына сәйкес жоспарлау;

  • Рекультивацияланатын үйінді беткейін, құнарлы қабатқа төгу.

3.Геодезиялық бөлім

3.1. Триангуляция

4класс триануляциясын дамыту үшін 3 класстриангуляциясы пункті, қорытынды пункт болып табылады:

1 пункт – А пункті

2 пункт – В пункті

4 класс триангулциямының жобаланған пунктері: 1 – ші разрядті триангуляциясы үшін қорытынды мәлімет беретін қызмет атқарады.

Жобаланатын желістер класы және пунктер саны.

IV класс триангуляция желісі пунктері санында және I разрядты полигометрия пунктер санында жобаланады. IV класс триангуляция өздігінен ұшбұрыштар тізбесін құрайды.

Триангуляция торының бұрышындағы инструменттер, өлшеу әдістері мен орташа квадраттық қателер . Жақтар ұзындығын светодальномермен өлшеу.

III - IV класс триангуляция торындағы бұрыштар Leica TC407 электронды тахеометрімен өлшенеді. Горизонталь бағытындағы бұрыштарды бақылау айналдыру әдісімен жүргізіледі. Әдістер саны жер класына және қолданылатын инструментке байланысты болады.

Инструмент

типі

Leica TC407

Триангуляция класы

3

4

Әдістер саны

9

6

Бұрыш өлшеудің орташа квадраттық қатесі III класс үшін + 1,5”, ал 4 класс үшін+ 2”, Ұшбұрыштарда шекті қате+ 8”,

    1. Келтіру элементтерін анықтаудың әдісі мен мезгілі

Келтіру элементтерін – центрировка мен редукцияны инструменттердің тұру пунктінде анықтаушы екі рет анықтайды: бірінші рет – пунктта бақылау басталар алдында, екінші рет – бақылау біткеннен кейін.

Жақтардың өлшемдері

4 класс триангуляциясы фигураларың жақтық ұзындығы 3 – 5 км. Жақтың өлшемдері: ең үлкен шамадағы ұзындық 4121метр, ең аз шамадағы ұзындақ 2600 метр, жақтардың орташа ұзындығы: ℓср – 3423 метр.

    1. Таңба түрі мен биіктігі. Центрлер типі

Бұрыштық және сызықтық өлшеулер үшін, пункт орталықтарына геодезиялық таңбалар салынады. Бұл құрылыстар, инструменттерді қондыру және визирлік мақсат үшін негізделген. Геодезиялық таңбалардың түрлері – пирамида, жай сигнал және күрделі сигнал, жобада жай пирамида типіндегі жай сигнал қабылданған.

Триангуляция жүрісінің нашар жағының орташа квадраттық қатесін табу

m

мұндағы: m´ - бұрыштың орташа квадраттық қатесі, m = ±2

δA²,δB² - 1”-гі бұрыштарды байланастыратын синус логарифмдерін өлшеу.

(δA² +δB² +δA + δB) = R- байланыстыратын бұрыштары бойынша арнайы таблицадан алынады

mlgb- логарифмдегі орташа квадраттық қате, базистың қорытынды жағы

mlgd= √ 2,2² + 2 /3 2² * 8 = 5,1

Салыстырмалы орташа квадраттық қате:

=<

Функциялық бұрыштың берілу қатесін табу. Нашар жақ азимутының орташа квадраттық қатесін мына формула бойынша табамыз:

m´αe= √ mα0² + 2 /3μ² * n

мұндағы: μ= ±2” бұрыштың орташа квадраттық қатесі;

mα0 = ± 5”- қорытынды азимуттің орташа квадраттық

қатесі

n- азимут берілісінде қатысатын бұрыштар саны.

Азимутты мына формула бойынша табамыз:

mαn = √ mαІ² + m²αІІ / mαІІ² +m²αІ

мұндағы: mαІ– 1ші қорытынды азимуттан шығатын орташа

квадраттық қате,

mαІІ– 2ші қорытынды азимуттан шығатын орташа

квадраттық қате

mα0= √ 5² + 2/3² * 2² * 5 = 6,2”

2 пункттің өзара орналасуының орташа квадраттық қатесін табу:

M² = ms² + mα/ς* S

(M/ S)² = (mS / S)² + (mα/ς² )²

мұндағы: ms және mα- S пенαфункциялық бұрыштары

ұзындығының орташа квадраттық қателері:

M² = S / 2 √ 0,22 * meg² S + m²α

мұндағы: mα = ± 5”megS = 8

M ² = 4000 / 2 √ 0,22 * 8² + 5² = 12,5; M = 3,5cм.