Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кокшетау васильковка.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
388.1 Кб
Скачать

4.8. Геометриялық нивелирлеу

Жобадағы биіктік белгілерді жер бетіне көшіру карьерді және құрылыстарды салғанда нүктелердің пландық орындарымен қатар жобадағы биіктік белгілерін жер бетіне шығару қажет болғанда қолданылады. Бұл нүктелердің биіктік белгілерін жер бетіне көшіру геометриялық нивелирлеудің, “ортадан нивелирлеу” әдісімен жасалады. Ол үшін нивелир биіктік белгісі НАбелгілі А мен биіктік белгісі НВжобада берілген В нүктесі арасында орнатылады.

Нивелирді А ренері В нүктесінің дәл ортасына орнатып, А ренеріндегі рейкадан а есептеуін алады да аспаптың горизонтын АГ анықтайды.

АГ= НА + а

Содан кейін биіктік белгісі НВ жобада берілген В нүктесінен алынатын в – ға сәйкес келетін есептеуді анықтайды.

в = АГ - Нв

Жобадағы биіктік белгіні кен қазбаларына немесе құрылыс қабырғаларына көшіру есептеліп шығарылған в есептеуін нивелирдің нысаналау сәулесіне дәл келгенше, рейканы көтеру немесе төмен түсіру арқылы орындалады. Рейка тақасы арқылы жүргізілген сызық нүктенің жобадағы биіктік белгісі болып есетеледі.

4.9. Ор жолдарды қазғандағы маркшейдерлік жұмыстар

Ор жолдар жүргізілетін тау жыныстарының өзгешеліктеріне, жер беті бедеріне және де қолданылатын механикаландыру жабдықтарына байланысты ор жолдарды қазудың әр түрлі әдістері болады. Ор жолдары қазудың қай әдісі қолдансада маркшейдер ор жолдың жер бетіне осін және жоғарғы жиегін көрсетеді, ор жолдың пландық және биіктік жазықтықтарда бағыттарын береді, ор жол табанының жобадағы көлбеулігінің және көлденең қималарының мөлшерінің сақталуын тексереді. Сонымен қатар ор жолдың қазылған көлемін мезгілінде анықтап отырады,

Осы жұмыстарды орындау үшін маркшейдер мынадай жоба материалдарын пайдаланады:

  • ор жолдың планы, одан түйісу нүктелерінің координаталары, түйіскен бағыттардың дирекциондық бұрыштары, бұрылу бұрыштары мен бұрылу радиустары алынады;

  • ор жолдың байлық қимасы, онда жер бетінің профилі, қара және қызыл биіктік, белгілері көрсетілген ор жол жобасының профилі, сондай ақ жобадағы көлбеулік көрсетіледі;

  • ор жолдың ерекше жерлерінің көлденең қималары;

  • жарылыс пландары немесе қазбалары орналасқан пландар.

Ор жолдарды қазудың ең көп тараған әдістері бар:

  • ор жолды тік беткей бойынша қазып, тау жыныстарын құрама беткейге тасымалдау;

  • ор жолды қазып, тау жыныстарын жоғарғы жиектері бойында орналастыру немесе ор жол ернеуі үстінде тұрған көлікке тиеу.

Ор жолды бірінші және екінші әдістерімен қазғанда ор жолдың осі мен жоғарғы жиектерін бірден бөледі де ағаш қазықтармен бекітеді, сондай ақ экскаватордың жұмыс кезінде жылжу бағытын көрсетіп тұруы үшін қадалармен белгілейді. Ор жолдың көлбеулігі нивелир арқылы беріліп, ор жол осі бойынша әр 20-30метр сайын R1 R2 R3 – ренерлерімен бекітіледі. Орнатылған ренерлер шеті жобадағы биіктік белгілеріне сәйкес болуы керек. Ренерлерді пайдалану қолайлы болу үшін және ор жолдың көлбеулігін уақтылы тексеру мақсатымен ренерлер ұшына Т – тәрізді визирлер бекітіледі. Жарылыстан кейін маркшейдер ор жолды және қопарылған тау жыныстарды әдетте тахеометриялық әдіспен түсіреді.

Түсіріс нәтижелерінен сызылған план және профильдер арқылы қопарылған тау-кен қоспасының көлемін тиімді бір әдіспен анықтайды. Содан соң кенжарды тау жыныстарынан тазалау үшін экскавациялау жұмыстарына кіріседі.