Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кокшетау васильковка.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
388.1 Кб
Скачать
    1. Жер және тау-кен танабын бөліп алу

Тау-кен кәсіпорнын салу және кеннің пайдалы қазындыларын игеру тек арнайы жер және тау-кен жанабын бөліп беру құжаттарын дайындаған соң жүргізіледі. Жер бөліп алу құжаттарын даярлағанға дейін, құрамында карьердің бас планы бар, кенді қазудың жобасы жасалынады.Карьрдің бас планы деп кен қазылатын аудандағы жер бетінің бедері, жобадағы тау-кен қазбалары, өндіріс құрылыстары, үйлер, көлік және энергиялық жүйелері, сондай-ақ тұрғын үйлер массивтері масштабта кескінделген граффикалық құжатты атайды. Әдетте оны ситуациялық план деп атайды.

Бас план 1: 5000 ÷ 1: 25000 масштабтарда сызылады. Бас планның жобасына сол ауданның сипаттамасы, құрылыс салынатын алаң, іске қосылатын және кезектегі құрылыс кешендері туралы жазбаша түсіндірме беріледі, онда жер қазу жұмыстарының көлемі, жер бетінде бар, қайта салынатын, салынып жатқан және бұзылатын объектілердің түрлері мен орналасқан орындары, үйлер мен құрылыстары геодезиялық – топографиялық байланыстырулар туралы толық түсінік беріледі. Жұмыс сызбалары дайындау барысында бас план әрдайым толықтырылып отырылады.

Бас планның негізгі объектілеріне карьерлер, шахта оқпандары, бас тау жыныстары үйінділері, байыту фабрикалары, пайдалы қазындылар қоймалары және бумкерлер, байыту фабрикаларының қалдықтар сақтағыштары, темір жол станциялары, өндіріс алаңдары, жөндеу цехтары мен қоймалар, жарылғыш заттарды сақтайтын қоймалар, елді мекендер және тағы басқа жатады.

Тау-кен кәсіпорнына жер бөліп беру деп өндірістік және азаматтық объектілер, құрылыстар салу үшін жер пайлану құқысы негізінде бөлініп берілген жер бетінің учаскесін айтады. Жер бөліп беру құжаттарын жергілікті басқару әкімшілігі бекітеді.

Тау-кен жанабы деп пайдалы қазындылар өндіру үшін кәсіпорындар мен мекемелерге бөлінетін жер қойнауның бір бөлігін айтады.

4.6. Теодолиттік жүрістер

Теодалиттік жүрістер әдісі көбінесе жұмыстар бағыты созылып жатқан карьерлерде, кемерлердің жұмыс алаңдары кен және біргелкі болған жағдайларда қолданылады. Теодалиттік жүрістің ұзындығы 1:1000 және 1:5000 масштабтардағы түсірістерге сәйкес 2,0: 2,5: және 6,0 км аспауы керек. Жүріс қабырғаларының ұзындықтары тексерілген болат лектамен немесе рулеткамен тура және кері бағытта өлшеніледі, сондай-ақ ОТD, АD –1 оптикалық қашықтық өлшеуіш аспаптармен өлшенеді. Бұыштар дәлдігі 30”- тан кем емес теодалиттерді қолданып екі толық қайталаулау немесе жеке бұрыш әдістерімен өлшеніледі. Теодалиттік жүрістердегі бұрыштық қиылыспаушылық ƒβ = 30” √n шамасынан аспауы қажет, мұнда n – теодалиттік жүрістегі бұрыштар саны. Теодалиттік жүрістегі салыстырмалы ұзындық қиылыспаушылығы 1:3000 шамасынан аспауы қажет.

4.7. Биіктік негіздемесін жасау

Түсіру жүйелеі пункттерінің бйіктіктері геометриялық немесе тригонометриялық нивелирлеу арқылы анықталады.

Карьердегі геометриялық нивелирлеуде техникалық нивелирдің Н-3, Н-3К және тағы басқа кез-келген түрлері қолданылады. Аспаптан рейкаға дейінгі арақашықтық 150 метрден аспауы керек.

Тұйықталған немесе ренерлер арасындағы жүрістерде нивелирлеу тек бір бағытта ғана жүргізіледі. Бір жағы байланыстырылған нивелирлік жүрістерде нивелирлеу тура және кері бағытта жүргізіледі. Нивелирлік жүрістердегі қиылыспаушылық ±50√ L мм – ден аспауы керек. Мұнда L – жүріс ұзындығы , км.

Шағын триангуляция жүйелерінде горизонталь бұрыштарды өлшеумен қатар тригонометриялық нивелирлеу жүргізіледі. Геометриялық нивелирлеуде жүргізу қиын болған жағдайда қолданылатын тригонометриялық нивелирлеуде салыстырмалы биіктік мына формула арқылы анықталады:

Zp= ZA– L * tgδ

мұндағы: L – екі нүкте арасындағы горизонталь арақашықтық , м;

Егер нивелирлеу бір бағытта жүргізілініп, L > 700 метрден артық болған жағдайда түзетулер еңгізіледі. Егер нүктелер арасындағы арақашықтық недәуір болған жағдайда вертикаль бұрыштарды Т – 2 немесе Т – 5К теодалиттері көмегімен жеке бұрыш әдісімен толық бұрышты табу арқылы өлшейді. Салыстырмалы биіктік тура және кері бағыттарда анықталып, екеуінің орташа мәні алынады.

Тригонорметриялық нивелирлеу жүрістерінің ұзындығы 2,5 км – ден аспауы тиісті және олардың биіктік белгілері геометриялық нивелирлеу арқылы анықталған маркшейдерлік тірек жүйелері пункттеріне сүйенуі керек. Тригонометриялық нивелирлеу жүрістерінің биіктік қиылыспаушылығы мына шамадан аспауы керек:

ƒh = ± 0.04 Σℓ √n

мұндағы: Σℓ - жүрістің ұзындығы,м;

n – жүрістің сызықтар саны.

Биіктік қиыспаушылығы белгіленген шектен аспаса, онда оны кері таңбамен жүріс қабырғаларының ұзындығына пропорционал етіп бөледі де, түзетілген салыстырмалы биіктік арқылы жүріс төбелерінің биіктік белгілері анықталады. Тригонометриялық нивелирлеудің дәлдігі мына формула бойынша бағаланады:

mh = ± √ m²δ*L² / Cos³δp² + mL² tg²δ;

мұндағы: mL – горизонталь арақашықтықты өлшеудің орташа

квадраттық қателігі;

mδ– көлбеу бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қателігі