Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИП книга каз.doc
Скачиваний:
305
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
6.56 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Қазiргi кәсіпорындардың бақылау-өлшеу жабдықтарымен жарақтанғандығы, оның қолданылу тиiмдiлiгi әртүрлi өнеркәсiп салаларының даму деңгейлерiн анықтайды. Радиотехника, Электротехника, электроника сияқты экономика салаларында өлшеу барлық еңбек шығынының 50%-н құрайды.

Технологиялық циклдердің күрделенуі үлкен өлшемді параметрлер мен физикалық шамаларды бір мезгілде анықтауды қажет ете бастады, өлшеу құралдары мен жүйесінің дәлдік және тезәрекеттілігінің ұлғаюы, динамикалық өлшеудің ролі өсті. Кәсіпорындарда автоматты бақылау жүйесінің негізі нормативті метрологиялық сипатқа ие техникалық құралдар - өлшеу түрлендіргіштері (датчиктер) болып табылды.

Оқу құралында кәсіпорындарда және зерттеулерде жиі кездесетін физикалық шамаларды өлшеуге арналған өлшеу жүйесі мен құралдардың түрлері қарастырылған.

Бірінші бөлімде өлшеу құралдары мен қателіктерінің жіктелуі және негізгі метрологиялық сипаттамалары көрсетілген. өлшеу жүйесінің негізгі құраушылары, өлшеу нәтижелерін бағалау мәселелері келтірілген.

Екінші бөлімде өлшеу түрлендіргіштерінің түрлері және қателіктері, қосу сұлбалары, негізгі сипаттамалары көрсетілген.

Үшінші және төртінші бөлімдерде параметрлік және генераторлық датчиктердің физикалық негіздері, құрылғысы және жұмыс принциптері, негізгі метрологиялық сипаттамалары түсіндірілген.

Бесінші бөлімде микропроцессорлық техника негізінудегі көп қызмет атқарушы өлшеу жүйелерінің құрылу мысалдары келтірілген.

1 бөлім

Физикалық шамаларды өлшеудің техника негіздері

    1. Өлшеу құралдарының жіктелуі

Өлшеу құралдары (ӨҚ) — белгілі уақыт аралығында өлшемі тұрақты физикалық шама бірлігін беретін немесе сақтайтын қалыптастырылған сипаттамасы бар өлшелер жүргізуге арналған техникалық құрал. Бұл анықтамадан мынаны көруге болады: біріншіден, физикалық шама бірлігін сақтай алады; екіншіден, сақталған бірлік өлшемінің тұрақтылығы. Осы маңызды факторлар өлшедің орындалуын негіздейді, яғни техникалық құралды өлшеу құралына айналдырады. өлшеу процесі кезінде бірлік өлшемі қалыптыдан өзгерсе, онда мұндай құралмен қажетті дәлдіктегі өлшеу нәтижесін алу мүмкін емес. Яғни, осы мақсатқа арналған техникалық құрал өлшемі уақытқа байланысты өзгермейтін бірлікті сақтай алатын жағдайда ғана өлшей алады.

Өлшеу құралдары қолданылуына және метрологиялық қызметтеріне қарай жіктеледі.

ӨҚ қолданылуы бойынша өлшеуіштер, өлшеу түрлендіргіштері, өлшеу құралдары, өлшеу қондырғылары және өлшеу жүйелері болып жіктеледі.

Өлшеуіш – мәндері орнатылған бірлікте және қажетті дәлдікте өрнектелетін бір немесе бірнеше берілген өлшемдердің физикалық шамасын беретін немесе сақтайтын өлшеу құралы.

Өлшеуіш түрлері:

Өлшеу түрлендіргіштері — өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өңдеуге ыңғайлы өлшеу сигналына түрлендіретін қалыптандырыған сипаттамасы бар техникалық құрал. Бұл түрлену берілген дәлдікпен орындалуы қажет және түрлендіргіштің кіріс және шығыс шамалары арасындағы қажетті функционалдық тәуелсіздікті қаматамасыз етуі қажет. өлшеу түрлендіргіші қандай да бір өлшеу құралының құрамына кіруі мүмкін немесе олармен бірге қолданылуы мүмкін.өлшеу түрлендіргіштері әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін, мысалы:

түрлену сипатына қарай: электрлік шаманы электрлікке (кернеу бөлгіштер, өлшеу трансформаторлары және т.б.); магниттік шамаларды электрлікке (өлшеу катушкалары, феррозондтар, Холл, Гаусс эффектілеріне негізделген түрлендіргіштер, асқын түрлендіргіштер, т.б); электрлік емес шамаларды электрлікке (термо және тензотүрлендіргіштер, реостаттық, индуктивтік, сыйымдылықтық, т.б.);

өлшеу тізбегіндегі орны және қызметтері бойынша біріншілік, аралық, масштабтық және беруші түрлендіргіштер.

Өлшеу құралы — орнатылған диапазонда өлшенетін физикалық шама мәнін алуға арналған құрылғы.

Өлшеу құралдары төмендегідей жіктеледі:

өлшенетін шаманың тіркелу түріне қарай – аналогтық және сандық;

қолданылуы бойынша - амперметр, вольтметр, жиілікөлшегіш, фа­зометр, осциллограф және т.б.;

арналуына қарай – электрлік және электрлік емесе (магниттік, жылулық, химиялық, т.б.) физикалық шамаларды өлшейтін;

әрекеті бойынша – интегралдаушы қосындылайтын;

өлшенетін шама мәнін индикациялау тәсілі бойынша – көрсетуші, сигналдаушы және тіркеуші;

өлшенетін шаманың түрлену тәсілі бойынша – тікелей бағалау және салыстыру үшін;

құрастырмасы және қолданылуы бойынша — сымдық, тасымалдаушы стационар;

сыртқы әсерлерден қорғалғандығына байланысты — қарапайым, ылғал, газ, шаңнан қорғалған, герметикалық, жарылысқа қауіпсіз және т.б.

Өлшеу қондырғылары (ӨҚ) – бір жерде орналасқан бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған функционалды біріккен өлшеуіштердің, өлшеу құралдарының, өлшеу түрлендіргіштерінің жиынтығы. Тексеруге қолданылатын өлшеу қондырғысы тексеруші қондырғы, ал эталон құрамына кіруші – эталондық қондырғы деп аталады. Кейбір үлкен өлшеу қондырғыларын өлшеу машиналары деп атайды, мысалы, электротехникалық материалдардың меншікті кедергісін өлшейтін, магниттік материалдарды сынақтан өткізетін.

Өлшеу жүйесі (ӨЖ) — бақыланатын объекттің бір немесе бірнеше физикалық шамаларын өлшеу мақсатымен объекттің әр нүктесінде орналасқан және әртүрлі мақсаттағы сигналдарды өңдейтін өлшеу құралдарының, ЭЕМ және т.б. техникалық құралдардың жиынтығы. Белгіленуі бойынша ӨЖ ақпараттық, бақылаушы, басқарушы және т.б. болып бөлінеді. Мысалы, радионавигациялық жүйе бір-бірінен қашық орналасқан кеңістікке келтірілген өлшеу-есептеуіш жиынтықтан тұратын түрлі объекттердің орналасқан жерін анықтау үшін қолданады.

Өлшеу-есептеуіш құралы (ӨЕҚ) — өлшеу жүйесінің құрамында нақты жұмыс атқаратын қосымша құралдар мен ЭЕМ-ның функцио­налды жиынтығы.

Метрологиялық қызметтері бойынша ӨЖ эталондар және жұмысшы өлшеу құралдары болып бөлінеді.

Физикалық шаманың эталондық бірлігі – бірлікті тудыратын немесе сақтап, ексеру сұлбасы бойынша төмен тұрған өлшеу құралдарына береті және эталонда орнатылған өлшеу құралы. Эталон құрастырмасы, оның қасиеттері және бірліктің туындау тәсілі берілген физикалық шама табиғатымен және берілген өлшеу облысында өлшеу техникасының даму деңгейімен анықталады. Эталон, кем дегенде, бір-бірімен тығыз байланысты маңызды белгілерге - өзгеріссіздікке, қайта өндіргіштікке және СЛИЧАЕМОСТЬ-ке ие болуы керек.

Өзгеріссіздік — ұзақ уақыт бойы физикалық шама бірлігін оның туындатқан өлшемінен өзгертпей устап тұратын эталон қасиеті. Мұндай жағдайда сыртқы әсерге тәуелді барлық өзгерістер нақты өлшенетіндей шамалардың белгілі функцияларымен қатаң анықталуы қажет. Бұл талаптардың iске асыруы физикалық тұрақты негiзделген табиғи эталондардың жасауын идеяға келтiрдi.

Қайта өндiрiнгiштiк - өлшеу техникасы дамуының қазiргi деңгей үшiн ең кiшi қателiгi бар физикалық шама бiрлiгiнiң көшiрмесiнiң мүмкiндiгi.

Сличаемость - өлшеу техникасы дамуының қазiргi деңгей үшiн ең жоғары дәлдiктегі екiншi эталондар, ең алдымен дәлдеу сұлбасы бойынша төменде тұрған басқа өлшеу құралдарының эталонымен салыстыруды қамтамасыз ететін мүмкiндiк.

Эталондар бағыну қатары бойынша халықаралық, алғашқы, екiншi эталондарға бөлшектенедi.

Халықаралық эталон - халықаралық келiсiм бойынша жаңадан өндiрiлетiн және сақталатын ұлттық эталондармен келісу үшін халықаралық негiз ретiнде қабылданған эталон. Халықаралық эталондар Парижге жақын Севре қаласындағы Халықаралық шаралар және салмақтар бюросында сақталады және әртүрлi елдердiң ең iрi метрологиялық лабораторияларының бастапқы эталондарымен салыстыру үшiн қызмет көрсетедi.

Алғашқы (ұлттық ) эталондар - ел үшiн бастапқы қызмет көрсететін ресми шешiммен танылған эталондар. Олар әр түрлi елдердiң ұлттық лабораторияларында сақталады және осы лабораторияларда екiншi эталондарды калибрлеу үшiн бұл арналған. Негiзiнде бұл анықтама «мемлекеттiк эталон» ұғымымен дәл келедi. Бұл мемлекеттiк эталон мен ұлттық эталон терминдерінің бiр ұғымды қамтып көрсететiні туралы куәландырады. Осы себептен «Ұлттық эталон» термині жеке мемлекеттерге тәуелдi эталондармен салыстыру кезінде, халықаралық эталонмен немесе бірнеше елдер қатарының «айналма» деп аталатын эталондарымен салыстыру кезінде қолданылады.

Екiншi эталондар - бiрлiк өлшемдерiн тiкелей бастапқы эталоннан алатын эталондар. Олар әр түрлi салалық сынау зертханаларында сақталады және бақылау және жұмыс эталондарын калибрлеу үшiн қолданылады.

Жұмыстық өлшеу құралдары - бұл өлшемдер тәжiрибесiнде қолданылатын және басқа өлшеу құралдарына физикалық шамалар өлшемін берумен байланысы жоқ өлшеу құралы. Жұмыстық өлшеу құралдары өз кезегiнде негiзгi және қосалқы болып бөлінеді.

Основное средство измерений — средство измерений той физи­ческой величины, значение которой необходимо получить в соот­ветствии с измерительной задачей.

Негiзгi өлшеу құралдары - мәнi өлшеу мiндетiмен сәйкес алынуы керек физикалық шамаларды өлшеу құралы.

Қосалқы өлшемдер құралдары – қажетті дәлдікте өлшеу нәтижесін алу үшін өлшеу объектісіне физикалық шаманың тигізетін әсері ескерілетін өлшеу құралы (мысалы, газдың көлемдік шығынын өлшеу кезінде газ температурасын өлшейтін термометр).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]