Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИП книга каз.doc
Скачиваний:
305
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
6.56 Mб
Скачать

1.7 Өлшеу нәтижелерін жазу түрлері

Өлшеу нәтижесі физикалық шаманың өлшенген мәнінен бөлек қателік мәні де әрі қарай көрсетілетін жағдайда қажет. өндірістік өлшеулер әдетте бір-ақ рет жүргізіледі, алынған нәтиже дәлдігін қолданылған өлшеу құралдарының мөлшерленген метрологиялық сипаттамалары бойынша бағаланады.

өлшеу нәтижелерінің абсолюттік те, салыстырмалы да қателіктері есептелуі қажет, себебі олардың біріншісі нәтижені дөңгелектеп, оны дұрыс жазу үшін, ал екіншісі оның дәлдігінің бірмәндәк салыстыру сипаты үшін қажет.

Жалпы жағдайда қосынды қателік жүйелік және кездейсоқ құраушылардан тұрады:

                                                      Δ=Δс+ .                          (1.25)

Қателіктер жүйелік және кездейсоқ деп бөлінбегенде, өлшеу нәтижесі (ГОСТ 8.011—72 «өлшеу нәтижелерінің дәлдік және түр көрсеткіші» стандартына сәйкес) x түрде жазылады, Δ  Δниж –ден Δверх ,-ке дейін, Р, мұнда х — өлшенетін шама бірлігіндегі өлшеу нәтижесі, Δниж= Δг.ниж, Δверх= Δг.вверх – төменгі және жоғарғы шектері бар өлшеу қателігі; Р — ықтималдық.

Физикалық шаманы тікелей өлшеден алынған көпреттік бақылау нәтижелері теңнүктелі деп аталады, егер олар тәуелсіз, кездейсоқ шамалармен бірдей таралған болса. Өлшеу бұл жағдайда бірдей сыртқы жағдайда бір байқаушымен бір өлшеу құралымен бір-ақ рет жүргізіледі.

Теңнүктелі өлшеулерде өлшенетін шаманың нақты мәнін дәл бағалау өлшеу нәтижелерінің тобын статистикалық өңдеу жолымен алуға болады.

ГОСТ 8.011-72 сәйкес соңғы өлшеу нәтижесі төрт форманың бірімен көрсетіледі:

1) қосынды өлшеу қателігі орналасқан орнатылған ықтималдығы бар интервалмен;

2)  кездейсоқ құрам функциясы аппроксимациясына стандартты жүйелік қателік құраушысы орналасқан ықтималдықтағы интервалмен;

3) жүйелік және кездейсоқ қателіктер мен олардың орташа квадраттық ауытқуларының таралу функциясының стандартты аппроксимацияларымен;

4) өлшеу қателіктерінің жүйелік және кездейсоқ қателіктерінің таралу функциясымен.

Өлшеу нәтижесін көрсету формасын таңдау өлшеу түрі мен олардың нәтижесін пайдалану сипатымен анықталады.

Өлшеу мен қателік нәтижелерін жазу кезінде өлшеу нәтижесі мен қателік мәндерінің кіші сандық разрядтары бірдей болуы керек.

Бақылау сұрақтары

1. өлшеудің негізгі түрлері мен әдістерін атаңыз.

2. «өлшеу» операциясының «бақылаудан» негізгі айырмашылығын көрсетіңіз

3. өлшемнің эталоннан қандай айырмашылығы бар?

4. қандай физикалық шама эталондарын білесіз?

5. өлшеу кезінде қандай негізгі операциялар орындалады

6. өлшеу әдісіне анықтама беріңіз

7. өлшеу қателіктерінің жіктелуі

8. өлшеу құралдарының жіктелуі.

9. құрал шкаласының бөліну бағасын қалай анықтайды?

10. түрллі өлшеу құралдары үшін дәлдік класы қалай белгіленеді?

11. құралдың дәлдік класын не сипаттайды?

12. жүйелік қателіктердің пайда болу себептері.

13. таралу заңының сандық сипаттамалары.

14. өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары бойынша өлшеу нәтижесі қалай бағаланады?

2 БӨЛІМ

Электрлік емес шамаларды өлшеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]