Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИП книга каз.doc
Скачиваний:
305
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
6.56 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Пьезоэлектрлік түрлендіргіштер құрылғысы және жұмыс принципін түсіндіріңіз.

  2. Иондаушы түрлендіргіштердің қолданылуы және қателіктер көзі.

  3. Индукциялық түрлендіргіштердің жұмыс принципі және құрылғысы қандай?

  4. Индукциялық түрлендіргіш қателіктерін және оларды азайту жолдары.

  5. жылуэлектрлік түрлендіргіштердің жұмыс принципі және құрылғысы.

  6. жылуэлектрлік түрлендіргіштердің қателіктерінің көздері және оларды азайту жолдары

  7. радиациялық пирометрлердің құрылғысы және жұмыс принципі.

  8. радиациялық пирометрлердің қателік көздері.

  9. гүлдік фотоэлектрлік пирометрлердің құрылғысы және жұмыс принципі

5 БӨЛІМ

Құралдардағы микропроцессорлар

5.1 Программалалатын құралдар

«Программалалатын» деген термин алынатын сигналды өңдеу кезіндегі негізгі операцияларды оындау үшін қажетті микропроцессоры бар өлшеу жүйелерінде қолданылады. Жай құралдарда өлшеу жүйесі әрқайсысы сигнал турлендіргішке қосылған бірнеше датчиктерден тұрады. Оператор әр датчиктен көрсеткішті алады, кейін өлшенетін шаманың мәнін алу үшін оны өңдейді. Мысалы, температураны «құрғақ» және «ылғал» термометрмен өлшеу нәтижесінде оператор салыстырмалы ылғалдылықты есептейді. Басқа мысал: оператор бейсызықтығын ескеріп алынған деректерді түзетеді. Мысалы, жай құралдарды пайдаланып өлшенетін шаманы алу процесі арифметикалық өлшеу операцияларынан, калибрлік коэффициенттерді қолданудан, арнайы факторларды ескеріп нәтижелерді анықтаудан тұрады.. Оператор осы жағдайда өлшенетін шаманың мәнін алуға қажетті сигналдарды өңдеу жүйесінің элементі болып саналады. Микропроцессорлық жүйелер адамды сигналдарды өңдеу процесінен шығарып тастау жұмысын атқарады, себебі олар бір мезгілде бірнеше датчиктен көрсеткіштерлі алып, алынған шамаларлы өңдеп, оларды жүйенің шығысына бірден бере алмайды. Сонымен қатар, микропроцессорлық жүйелер тағы да мынадай жұмыстар атқара алады – мәліметтерді әр түрлі форматқа түрлендіру, нәтижелерді орташалау, максимал және минимал мәндерін табу, түрлі датчиктердің мәліметтерін өңдеу, жүйені басқару бойынша шешім қабылдау, т.б.

Жоғарыда айтылғандарды түсіндіру үшін тауарлық таразылардың сұлбасы көрсетілген, мұнда сезгіш элемент ретінде динамометрлік элемент алынған (3.4-шi сурет). Бұл таразылар алмалар немесе кез келген басқа тауарлардың кәрзеңкенiң бағасының анықтауы үшiн супермаркеттердегi бақылауда қолдана алады. Сатылған тауардың саны туралы мәлiмет қоймаға түседі, сонда мұндай керi байланыс көмегімен тауар санының барлауын өткізуге болады.

5.1-сурет. Микропроцессорлық тауарлық таразы

Осы таразыларды басқаратын микропроцессорлардың калибровкасында ішкі жүйесі бар. Калибрлеу деген команда берілгенде, динамометриялық элементке жүк жайғастырылады және оның салмағы анықталады. Алынған мән содан соң жүйе жадысында сақталған дәл салмақтың мәнiмен салысытырылады, және осы мәндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда ол келесі өлшеуді түзетуде ескеріледі.

Тағы бір мысал 5.2-суретте көрсетілген. Мұнда температураны терможұп негізінде өлшейтін микропроцессор элементтері берілген. Себебі терможұп ЭҚК-і температураның сызықты функциясы болмағандықтан өлшенген температура мәнін алу үшін терможұп ЭҚК-ін градусқа айналдыратын арнайы кесте қолданылады. Бұл кестеде терможұптың суық дәнекерленген жері 0°С температурада орналасқан деп есептеледі. Егер бұл шарт орындалмаса, онда алынған мәліметтерді түзету қажет болады. Сондықтан бұл жүйеде микропроцессор өлшенетін температураны ыстық дәнекерленген жердегі жылуЭҚК-ніңөзгеруі бойынша зерттейді, ал суық дәнекерленген жер температурасын бақылау үшін жылу кедергісі қолданылады. Түрленгеннен кейін бұл сигналдар екі элементтен микропроцессорге түседі, онда ол өлшенетін шама мәндерін есептейді.

5.2-сурет. Микропроцессорлық температураны өлшеу жүйесі

Тағы бір мысал – ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу. Мұнда температураны бір мезгілде құрғақ және ылғал термометрмен өлшеу өте маңызды. Егер алынған мәліметтер қолмен өңделсе, онда өлшеу аяқталған соң оператор салыстырмалы ылғалдылық мәні есептелетін екі сәйкес мәнді кестеден тауып алады. Салыстырмалы ылғалдылық мәнін бірден беретін құрал микропроцессорлық болуы тиіс. 5.3-суретте осындай құралдардың біреуі көрсетілген. Температура датчигі пьезоэлектрлік, мысалы, кварцтық болуы мүмкін, олардың жиілігі температураға тәуелді. Микропроцессор мұндай жүйеде стандарт кесте бойынша алынатын 2 сигнал алынады. Бейнеленетін құрылғыға екі температура және салыстырмалы ылғалдылық мәндері алынады.

5.3-сурет. Салыстырмалы ылғалдықты өлшемнiң микропроцессорлық жүйесi

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]