Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кокшетау васильковка.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
388.1 Кб
Скачать
    1. Маркшейдерлік тірек және түсіріс жүйелері.

Кенді ашық әдіспен қазу кезінде пландық және биіктік тірек жүйелері триангуляция немесе полигонометрия және нивелирлеу әдістерімен құрылады. Геодезиялық жүйелер пункттері маркшейдерлік тірек жүйесін дамытудың негізі болып есептеледі. Тірек жүйесінің құрылмасы жер бетінің бедеріне кеніштердің қалай орналасқанына, тау-кен жұмыстарының сипатына байланысты болып, ұшбұрыштар жүйесі немесе тізбекті түрінде құрылады. Бұл жағдайда тек қана бұрыштық өлшеулер жүргізіледі, бұрыштардың өлшеу орташа квадраттық қатесі 5” тен, 10”- тен аспауы қажет, 1- ші разрядтық және 2-ші разрядтық жүйелерде. Тірек жүйелерін құру кезінде мына төмендегі шарттар орындалуы тиісті:

  • карьер ернеулерінде және үйінділерінде пункттерді біргелкі орналастыру;

  • тау-кен жұмыстары алаңдарынан әр пунктің өзара көрініп тұруын қамтамасыз ету;

  • мүмкіндігінше пункттердің ұзақ уақыт сақталып тұруын қамтамасыз ету;

  • карьердің жылжымайтын ернеуінде пункттерді неғұрлым жақын орналастыру.

Маркшейдерлік жұмыстардың қажетті дәлдігін қамтамасыз ету үшін пландық тірек жүйелері пункттерінің өзара орвындары, олар қай класқа жатпасын, 0,1 мм- ден аспайтын дәлдікпен анықталуы тиісті.

4.3. Пландық түсіру неіздерін құру әдістері.

Карьердегі түсіру негіздемелері деп толықтыру түсірістерін жүргізуге және әр түрлі тау-кен техникалық есептерді шешуге қолданылатын пункттер мен нүктелер жүйесін атайды. Пландық түсіру негіздемелері пункттерінің орындары аналитикалық жүйелер негізінде, геодезиялық қиылыстырулармен, теодалиттік жүрістермен анықталады.

Түсіру негіздемелерін құру әдістері жер бетінің бедеріне, көлеміне, түріне, карьердің тереңдігіне және қолданылатын қазу жүйесіне байланысты таңдалынады. Түсіру жүйелерінің негізгі пункттері ұзақ мерзімде оларды сақтау мүмкіндігі болған жағдайда тұрақты центрлермен бекітіледі. Ал карьер ішіндегі және ішкі үйінділерді түсіру жүйелерінің пункттері көп уақыт сақталмайды, сондықтан олар уақытша центрлермен бекітіледі.

4.4. Қиылыстыру әдістері

Қиылыстырудың екі түрі бар:

Қиылыстыру әдісі тірек жүйелері пункттерінен алыс жерде орналасқан жеке пункттерді құру үшін қолданылады. Тура қиылыстыруда Р нүктесінің қоординаталарын анықтау үшін негізгі А және В пункттеріндегі α және β бұрыштарын өлшеу жеткілікті, бірақ тексеру мақсатымен барлық бұрыштарды өлшеген дұрыс.

Р нүктесінің координаталары екі рет анықталады, белгілі А және В нүктелерінің координаталары және α , β бұрыштары бойынша АВР ұшбұрышын шешу арқылы белгілі В және С нүктелерінің координаталары мен β΄ және γ бұрыштары арқылы ВСР ұшбұрышын шешу бойынша табылған екі нәтиженің орташа шамасы Р нүктесінің координаталары болып сапалады. Қай кезде Р нүктесінің координаталарын бір ұшбұрышты шешу арқылы анықтауға болады. Бірақ міндетті түрде λ және λ΄ бұрыштары қиылыспаушылық ±1 тен аспауы керек.

Тура қиылыстырунәтижесінде Р пунктінің координаталары мына фомула бойынша анықталады:

Xp = XA ctg β + XB ctg α + YB - YA / ctg α + ctg β

Yp = YA ctg β + YB ctg α - XB - XA / ctg α + ctg β

Мұндағы: XA, YA және XBYB – бастапқы пункттердің

кординаталары.

Кері қиылыстырудаР – нүктесінің координаталарын анықтау үшін осы нүктеден көрініп тұрған M, N және T пунктерінің бағыттары арасындағыγжәнеγ2 бұрыштарын өлшеу жеткілікті, бірақ тексеру үшін, К нүктесін нысаналапγ3бұрышын да өлшеу қажет. Бұл есептің шешуі дұрыс болуы үшін Р нүктесі негізгі үш пункттер арқылы жүргізілген щеңберде жатпауы керек. Тура және кері қиылыстырулардағы қоординаталар арасындағы айырмашылық пландағы түсіру масштабында 0,6 мм – ден артық болмауы керек. Егер МР және NР бағыттарының α және α2дирекциондық бұрыштары 0 немесе 180˚ - қа жақын болса, онда анықталатын Р пунктінің координаталары тангенстер формулаларымен анықталады.

Xp = Xм tg α - XN tg α2+ YN - YM

Yp = Yм + (XP– XN) * tg α2