Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кокшетау васильковка.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
388.1 Кб
Скачать

4.16. Ашық кендегі тау-кен жұмыстарын жоспарлау принциптері.

Тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспары өндіріс жоспарының және өндірілген өнімді өткізудің техникалық негіздемесі болып саналады. Тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау бір мерзім және жұмыс объектілері бойынша жасалынады.

Тау-кен жұмыстарын жоспарлардың негізгі мақсаттары:

  • жоспарлау мерзіміне өндіру жоспарының орыдалуын қамтамасыз ету, жыл және ай ішінде;

  • техникалық жобаға және қазу тәжірибесіне сәйкес отырып келешекке жоспарланған жоспарға сәйкес тау-кен жұмыстарының жүйелі түрде дамуы;

  • пайдалы қазындылар қорларын тиімді пайдалану, өндіру кезінде пайдалы қазындының жоғалымы мен құнарсыздауын азайту;

  • тау-кен кәсіорынның және оның жеке учаскелерінің ашылған, дайындалған және қазуға даяр қорларының дер кезінде үздіксіз толықтырылып отыруын қамтамасыз ету.

Тау-кен жұмыстарының даму жоспарын жасағанда маркшейдерлік қызмет мынадай жұмыстарды жүргізуде, өткен кезеңдегі тау-кен жұмыстарының даму жоспарының орындалуымен байланысты материалдарды жинау және толықтыру, жаңа жоспарлау кезеңінде тау- кен жұмыстары жоспарын аршыма жыныстар және өндірілетін өнім бойынщша әр кемерг учаскеге бөлуге қажетті мәліметтерді әзірлеу, тау-кен жұмыстарын дамытудың календарлық жоспарын графикалық безендіріп жасау, тау- кен жұмыстарының барлық графикалық құжаттарын жасау және безендіру.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындау мақсатымен маркшейдер карьердің барлық учаскелерінде толықтыру түсірістерін жүргізіп, түсіріс нәтижелерін пландар мен қималарға салады. Содан соң маркшейдер: аршыма тау жыныстары, пайдалы қазындыларды қазу және экскавациялау жоспарын жоспарлау кезеңіндгі орындалуын әр учаскеге, горизонтқа кемерге және механизмдерге есептеп бөледі. Тау-кен жұмыстарының даму жоспарының барлықщқ есептелген мәліметтері кестелерге еңгізіледі де, олар ірі масштабтағы пландарға және қималарға түсіріліп штрихталады және түрлі белгілермен көрсетіледі.

4.17. Пайдалы қазындылардың жоғалымы мен құнарсыздауын анықтау

Тау-кен кәсіпорыннның маркшейдерік қызметінің негізгі міндеттеріне жер қоймауын тиімді пайдалуды есепке алу жатады, ал жұмыстар пайдалы қазындының жоғалымы мен құнарсыздануы мөлшерімен анықтау арқылы жүргізіліп жатады.

Пайдалы қазындының жоғалымы деп – жер қоймауында қалған немесе өндірілген, содан соң үйіндіге түскен, қайта аударып тиеу кезінде қалдырылған және таымалдау кезінде жоғалған баланстық қордың бір бөлігін атайды. Жоғалымның құрылымы және классификациясы төменде көрсетілген. Құнарсыздану яғни пайдалы қазынды сапасының жоғалуы деп өндірілгенөнімдегі пайдалы компонент құрамының қай себептен болса да, сілемдегі құрамымен салыстырылғандағы азаюын айтады.

Кен деген қазудағы жобада қаралған пайдалы қазындының жоғалым шамасын жобалық жоғалым дейді.

Номативтік жоғалым қазылатын учаскедегі пайдалы қазындынытолық қазып алғандағы эксплуатациялық жоғалымның үйлесімді мөлшері. Жоғалым нормативті техникалық – экономикалық есептеулердің негізінде анықталады.

Жалпы карьерлік жоғалымдарға ғимараттарды құрылыстарды, шахта акпандарын, су қоймаларын қауіпсіздендіру діңгектеріндегі, сондай – ақ бөгеу діңгектеріндегі пайдалы қазындының жоғалымы жатады.

Эксплуатациялық жоғалымның Б класс тармағына пайдалы қазындының сілемнен айырып алған жоғалымдарыжатады, олар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа қазылған кеңістіктегі үйінділерден, көшкіндерден, опырудан болған жоғалымдар жатады. Екінші топқа қазылған кеңістік сыртында болған жоғлымдардың барлық түрлері жатады. Пайдалы қазындының эксплуатациялық құнарсыздануы оларды өндіру кезінде пайдалы болады.

Пайдалы қазындының жоғалым және құнарсыздану мөлшерін анықтау тікелей, жанама және құрама әдістермен жүргізіледі.

Тікелей әдісте пайдалы қазындының жоғалымы мен құнарсыздануын есептеу үшін мына формулалар қолданылады:

Ж = Ө / Б * 100% Қ = С- а / С* 100%

Жанама әдісте былай анықталады:

Ж = Б - Ө + В, В= Ө+ Ж– Б, Қ= C-a / C * 100%

Тау-кен жанабы жобасы мына құжаттардан тұрады:

  • тау-кен жанабын бөлуді дәлелдейтін түсініктеме кен орнының геологиялық сипаттамасы, жер бетіне салынатын құрылыстар туралы мәліме;

  • тау-кен жанбы көрсе ілген сұралып отырған және оған шектес жердің топографиялық планы;

  • тау-кен жанабы көрсетілген геологиялқ карталар мен қималар;

  • тау-кен жанабын бөліп алуға рұқсат берілген құжат.

Тау-кен жанабына бөліп алу құжаты карьерді салу жұмыстары басталмй тұрып алынуы тиісті.