- •I.Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
- •II. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
- •III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
- •IV. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері.
- •«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» қр Заңы
- •(2006.10.01 Берілген өзгерістер мен толықтырулар)
- •VI.Төтенше жағдайлар салдарынан зақымданған тұрғын үйлерді қаржыландыруға қажет құжаттар тізімі
- •Нұсқаулық Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
- •Құтқару әліппесі экстремалдық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдың қысқаша нұсқауы
- •Егер көшеде болсыңыз:
- •Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
- •Назар аударыңыздар! Радио үнемі қосулы тұрсын! Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!
- •Орманда жүргенде есіңізде болсын:
- •Ескерту шаралары:
- •Қар көшкіні, опырылып құлау
- •Қар көшкінінің қауіпті белгілері:
- •Қар көшкіні болған жағдайда:
- •Әр адамның негізгі парызы
- •Көшкіннің болу белгілері
- •Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері
- •Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.
- •Дауыл, құйын
- •Абайлаңыз: су
- •Егер сіз қайықта болсаңыз:
- •Білулеріңіз тиіс:
- •Балаларды жүзуге үйретіңіз! Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.
- •Мұз үстіндегі жол ерекшеліктері.
- •Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
- •Мұз үстінен жүру ережесі:
- •Егер аяғыңыздың астында мұз жарылсы:
- •Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз:
- •Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек:
- •Қалай жылыну керек
- •Қарттарға бірнеше кеңес:
- •Құрғақшылық
- •Найзағай
- •Найзағайға қалай дайындалу керек.
- •Алғашқы медициналық көмек.
- •Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.
- •Қатты қан кету
- •Естен танып қалу
- •Жүректің қатты ауыруы
- •Улы шөптермен улану:
- •Жарақаттанушыны тасымалдау
- •Жарақаттанушыны тасымалдау түрлері
- •Көпшілік орындарда өрт болған жағдайдағы әдістер мен ұсыныстар
- •Көпшілік тобырынан қалай аман қалуға болады
- •Адам нанғысыз жағдайлардан қалай шығыуға болады (Джоуш Пайвелен мен Дейвид Боргенихттің «Аман қалудың ең нашар көрінісі» кітабынан)
- •Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментінің семинарға арналған тест сұрақтары
II. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,
радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:
- «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.
Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.
ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап).
Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).