Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

kishibekov_gylym_kz_2014

.pdf
Скачиваний:
45
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.73 Mб
Скачать

Ғылым тарихы мен философиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Досмұхамед Кішібеков Тимур Кішібеков

ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ

(оқу құралы) Толықтырылған екінші басылым

Алматы 2014

1

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

Пікір жазғандар:

Ақмамбетов Ғ.Ғ. – философия ғылымдарының докторы, профессор;

Котошева Ғ.Ғ. – философия ғылымдарының докторы, профессор.

Басылымға ұсынған Ақжан Машанов атындағы Базалық білім беру институтының ғылыми-әдістемелік кеңесі

Хаттама № 6, 21.12.2013 ж.

ӘОЖ 001: 1/14 (075.8) КБЖ 72.3 я 7 К 97

Ғылымтарихыменфилософиясы.(Оқуқұралы).–2-бас.толықт. Кішібеков Д., Кішібеков Т. Алматы: ҚазҰТУ, 2014. – 282 б.

ISBN 978-601-228-651-9

Кітап соңғы жылдары Болон келісімі бойынша оқу орындарына пән ретінде ендірілген философиялық тақырыпқа жазылған. Мақсаты – өсіп келе жатқан ғылымдарға дүниетанымдық, методологиялық жәрдемді күшейту, қазіргі заманда философияның қоғамда атқарар рөлін көтеру.

Сондай-ақ «Ғылым тарихы мен философиясы» әлі қалыптасып бітпегендіктен, бұл еңбек оқулыққа ой қосады деп түсінеміз. Монография философиямен шұғылданушы жас ғалымдарға, магистранттарға арналған.

 

ӘОЖ 001: 1/14 (075.8)

 

КБЖ 72.3 я 7

ISBN 978-601-228-651-9

© Кішібеков Д., Кішібеков Т.

 

© ҚазҰТУ, 2014.

2

 

Ғылым тарихы мен философиясы

1.ПӘННІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ

1.1.Зерттеу объектісі

Болон келісімі бойынша қазір барлық жоғары оқу орындарында магистранттар мен докторанттарға «Ғылым тарихы мен философиясы» атты жаңа пән оқылатын болды. Бұл бұрынғы аспиранттар мен студенттерге оқылып келген «философия» пәнін жоққа шығару емес, керісінше жастарды жан-жақты білікті маман етіп дайындаудағы жоғары талап болып табылады. «Философия» бастауыш білім пәні ретінде жоғары мектептегі бакалавриаттарға оқылады. Сонда бұлардың айырмашылығы неде, деген сұрақ туындайды. Бұл ғылым жан-жақты дамып, оның зерттеу объектісі тереңдегеніне байланысты, философияның алдымен методологиялық, сондай-ақ дүниетанымдық рөлін нақтылап күшейту үшін жасалып отырған әрекет. Күн сайын ғылыми зерттеулер арқылы бұрын белгісіз болып келген объекттер қасиеттері, сипаттары байқалып, тіпті белгілі болып келген ғылымнан бөлініп отау тігіп, бөлек жаңа ғылымдар, кейде бұрынғы ғылымдар аралығынан геохимия, астрофизика сияқты ғылымдар дүниеге келе бастады. Мұндай ғылымдар өмірде өз орнын табумен қатар, өздеріне нақтылы философиялық жәрдем, ықпал болуын керек етуде. Ғылым неғұрлым тереңдеген сайын оның зерттеу шеңбері – тарылып, олардың басқа ғылымдармен байланысы сейілген сайын, оларға философиялық ықпал ауадай қажет болуда. Өйтпейінше, өмірде өз орнын таба алмаған ғалым сияқты, қоғамда өз орнын таба алмаған ғылым – ғылым емес. Олай болса, «Ғылым тарихы мен философиясы»-ның дүниеге келуі, адамзат тарихында, данышпан, ойшылдар дүниеге алып келген философия ілімін ыдырату емес, керісінше оның шыңдалып, ілгері даму қадамы, жоғары дәрежесі деп

3

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

білуіміз керек. Философия данышпандық ілім ретінде сақталып, оның бастауы ретінде өмір сүре бермек. Ал жаңа пәнді үздіксіз даму үстіндегі қоғам талап етуде. Өмір өзгеруде, ғылымдар дамуда. Соған сәйкес адамдардың дүниеге көзқарастары да, оған негіз болған ғылым да бір орында қозғалмай тұрмақ емес. Бұрынғы ғылымдарға жалпы әсер етіп келген философия орнына, әрбір жеке ғылымға нақты әсер ететін жағдай туындады. «Ғылым тарихы мен философиясының зерттеу пәні де сол нақты ғылымдар. Мақсат – сол пәннің әрбір жеке ғылымдарға әерін қолдау. Әрине, бұл пәнде де философияның категориялары мен заңдары керегінше толық қолданылады. Осыған байланысты тағы айтылатын мәселе, ол мынау – қазіргі «Ғылым тарихы мен философиясы» Батыс Европада XIX ғасырдың 30-жылдарында дүниеге келген позитивизм емес. Өйткені позитивизм (лат. рositivus «оңды», «дұрыс» деген сөз) ұғымы философияның методологиялық, дүниеге көзқарас ілім екенін мойындамайды. Ол әрбір ғылымның өзіндік философиясы бар, соны білсек, жеткілікті деп, ғылымдар атасы философияны ұсақтап, оның тұтас дүниетанымдық мәнін кетірмек болды. Позитивизм пікірінше философия өмірден алшақ, қоғамға, ғылымдарға тигізер нақты пайдасы белгісіз. Оның орнына нақты ғылымдарды зерттеу дұрыс сияқты. Бірақ, «Ғылым тарихы мен философиясы» позитивизмге қарама-қарсы ілім. Мақсат әрбір жеке ғылымдарды бетімен жібермей белгілі қоғам даму талабына сай бағыттап, жалпы теория тұрғысынан толықтырып отыру.

Қашанда қозғалыс, даму, прогресс қажеттілікке байланысты. Барлық нәрсенің бастау себебі сол қажеттілік. Әрбір халықтың өзіндік тілі бар. Ол қайдан пайда болды? Қажеттіліктен. Алғашқы адамдар бір-бірімен түсінісу үшін тіл қажет болды. Ол алғашқы ымнан, кездейсоқ дыбыстан басталып, бірте-бірте нақты ұғымға айналды. Кейін,

4

Ғылым тарихы мен философиясы

өмірге, тіршілікке сай, ол дамыды. Сондай-ақ жазу, сызу ше?. Ол қайдан пайда болды? Ол да қажеттіліктен. Көргенді, білгенді есте сақтау үшін. Қазір әрбір халықтың тілімен қатар, оның жазуы бар, Шығыста – иероглиф, Таяу Шығыста (арабта) созылмалы, ирек, Европада латын т.б. белгілер. Оған дейін руна жазуы болды дейміз. Бәрінің шығу негізі бір. Бірақ оны қазір ешкім ашқан жоқ. Біз еңбектерімізде өзімізше топшыладық. Ол кәдімгі «таяқ» пен «дөңгелек». Мәселен қазіргі барлық халықтар жазуынан осы екі белгінің көрінісін байқауға болады. Бұлар қалай дүниеге келді десек, алдымен себеп болған әрбір руға, одан кейін белгі, малға «таңба» қоюда. Оның бастауы – меншік. Айталық, қора жайы бар біреу үй салды. Ол солардың меншігі. Оны ол орнатты. Ешкім оған таласпайды. Ал мал аяғымен далада жайылып жүреді, бірімен-бірі араласады. Олардың әрқайсысы кімнің меншігі? Дәлелдеу қиын. Айғақ керек. Осы қажеттіліктен «таңба» дүниеге келді. Рулық белгі де содан, кімнің кімге алыс жақынын ажырату үшін. Ал сол таңбаға негіз етіп нені алу керек? Әрине ең оңайы, күнде көретіні: кәдімгі таяқ пен дөңгелек. Таяқты керегінде адам қолданады, ал дөңгелек ше? Ол да солай. Күн дөңгелек, көкжиек дөңгелек, ошақ айналасы дөңгелек. Дөңгелектің барлық жағы бірдей, артық кемі жоқ. Сондықтан оны сұлулық деп те түсінген. Мәселен, қазақтың ұнағанын «дөңгелек жүзді» деп мақтауы т.с.с. Ал «таяқтан» неше түрлі белгі жасауға

болады. Айталық, «│», « », «×», «┬», «┴», «├», «┤» т.с.с.

Дөңгелектен де сол сияқты: «O», «Ө», «Ø», « », «ọ», «Ó», т.т. Кейін осы белгілерден мынадай әріптер туындады: «І», «П», «ІІІ», «Ш», «ІІІ», «K», «Н», «О», «А», «Г», «И», «С», «Е», «М» т.т. Осы белгілердің әртүрлі өзгерісте пайдаланылғанын барлық халықтардың жазуларынан үңіліп қарасақ, байқауға болады дедік. Олай болса, жазу да сол қажеттіліктен, ең қарапайым белгілерден бастау алған.

5

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

Бұрын тіпті әрбір «ру» да өздерін сондай белгілерімен айғақтаған. Қазақтың «ру» таңбалары да соның дәлелі. Мәселен мынау тараққа ұқсас белгі «Ш» – тарақты руы белгісі деген сияқты. Қалған «Ру» таңбалары да солай қалыптасқан. Кейінгі есепке қажет Рим цифрлары да сол белгілерден туындаған. Олар: «І», «ІІ», «ІІІ», «V», «IV», «VI». Араб цифрлары: да әрбір белгінің бұрыштарымен есептелген. Айталық бір белгісінің бұрышы «» – біреу, екі цифрының бұрышы «Z» – екеу, үш санының бұрыштары – «» – үшеу, төрттің бұрыштары «» – төртеу. Солай болып кете береді. Осылай дамыған демекпіз. Осыған дейінгі мамандар бұл жөнінде жазу Египетте, гректерде т.б. елдерде шықты деп айтқанымен, оған келтірген нақты, дәлелдері жоқ. Ғылым олай болмайды. Нақтылық керек. Біздің айтып отырғанымыз тек пікір, ұсыныс, бірақ дәлелсіз емес, айғақты.

«Ғылым тарихы мен философиясы» жаңа философиялық ілім. Былайша айтқанда бұрынғы философия ғылымының қазіргі ғылыми-техникалық процеске сай пайда болған түрі. Ғылым философиясы деген пікірдің мәні былай. Ол ғылым көтерген мәселелердің жаңалығын, қоғамға келтірер пайдасы, нәтижесін талдау. Ғылымның ілгері дамуын бағыттау. Ал ғылым тарихы деген не? Бір жағынан қарағанда ол да түсінікті сияқты. Ол ғылымның пайда болған кезінен бастап, оның даму жолын қарастырып, баяндау. Барлық ғылым түрлері өте көп және олар күн сайын өмірге келуде. Сонда сол ғылымдардың әр қайсысының тарихын білу философқа қажет пе? Ол мүмкін бе? Әлде әрбір ғылым өкілі өз саласының (жаратылыстық, қоғамдық, техникалық) тарихын мамандыққа қарай зерттеу керек пе? Әрине солай. Оның үстіне бұл философиялық ілім. Олай болса ғылым тарихы дегеніміз не? Ол ғылым өмірге қалай келді, оның пайда болу себептеріне не жатады? Адамзат өзінің табиғатпен

6

Ғылым тарихы мен философиясы

байланысын ерте замандардан-ақ байқаған. Соған сәйкес әрекет жасады, өзін ыстық, суықтан сақтап қорғады. Өзіне керегін жинап, әрекеттенеді. Үстіне тері жамылды, үңгірден шығып үй жасады, ағаш, тасты қару етіп, пайдаланды. Біреуден біреу көріп қайталады, үйренді. Осының бәрі адам санасын оятты, дүниені байқап, әр нәрсені ұға бастады. Өмір сүруге бейімделді. Адамдар бірбірімен ыммен емес, тілмен түсінісетін болды. Қоғамдастық пайда болды. Оның бастауы «ру» (ата-ана, аға, іні, апа, қарындас, туыстық) кейін тайпа, халық болып қалыптасты.

Ел түрлі шаруашылықпен айналысты. Материалдық рухани мәдениет пайда болды. Шаруашылықтың түрлері көбейді. Қалалар дүниеге келді. Түрлі қолөнері дамыды. Бірақ ғылым әлі өмірге енген жоқ болатын. Нағыз ғылым XVII-XVIII ғасырларда өмірге енді. Әсіресе, бұл жаратылыстық, техникалық ғылымдарға байланысты еді. Оларды дүниеге әкелген өндіріс талабы. Соған сәйкес И. Ньютон, А. Лавуазье, Ж. Монтескье, Ж. Бюффон т.б. ғалымдар өмірге келді. Ал енді ғылым тарихына байланысты енді сол әр ғылымның пайда болу, даму жолдарын зерттеу керек пе? Әрине, керек. Бірақ, бұл алдымен сол ғылым өкілдеріне қажет. Философия өкілдеріне ғылымның жалпы даму жолын, оның ерекшелігін білу керек. Алдымен осыны ажыратқан жөн. Философ үшін керегі әрбір ғылымның жалпы даму жолы емес, оның қызықты және қиын ізденіс екенін, нәтижесі оны қоғамға қызмет етуге ынталандыру, отандық сана қалыптастыру. Әрине, ғылымның даму жолы, оған дейінгі, одан кейінгі кезеңдері қашанда оңай болған жоқ. Ғалымдар оған өмірін арнап, ізденді, қателесіп өмірден де өтті. Тек солардың кейбіреулері ғана өз мақсатына жетті. Әрине ғылым жолы сызып қойған жазық даңғыл емес. Нағыз ғалым, ол өз ісінің маманы. Бұл екі жақты құбылыс, пайдалы да, опықты да болуы мүмкін. Ондай да адам өзін ұмытады. Өз пайдасын ойлап, соны іздеген адам, ол ғылым маманы

7

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

емес. Сондықтан әрбір қоғам келешегін ойлап, соған өмірін сарп етіп жүрген ғалым болса, сол ғалымға да, ғылымға да жағдай жасалуы керек. Өйтпейінше ғалым – ғылым жолында

жүріп, басқа ізденіске ауытқып кетуі де

мүмкін. Ғылымды

басқару жолын XVII ғасырда өмір

сүрген ағылшын

философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626 жж.) айтқан болатын. Міне, содан бері қанша ғасыр өтті. Ғылым қаншама жаңалықтар ашты. Ғылыми-техникалық прогресс қазіргі заманның дамудәрежесінің көрсеткішіне айналды.

Міне философиялық еңбектегі ғылым тарихы деген мәселе, ол жалпы ғылымның даму жолы, оның тармақталып, бөлшектенуі, сондай-ақ бірнеше ғылымдар арасынан жаңа ғылымдар туындады. Бұл бір – процесс. Оны ғылымдардың дифференциясы дейді. Екінші процесс – ол ғылымдардың жақындасу интеграциясы, өйткені олардың зерттейтін объектісі де бір, әдістері басқа болса да. Одан соң ғылым қоғамдық санадан материалдық өндіруші күшке айналуы. Ғылым тарихын зерттейтін философиялық еңбектің проблемасы осы бағытта болуы тиіс. Әйтпесе, ғылым тарихы кейбір философтар ғылым бөлшектерін зерттеу мен білу деп түсінеді. Бұл өкінішті.

«Ғылым тарихы мен философиясы» жаңа пән, дедік. Оқыла бастағанына көп болған жоқ. Бұл пәнді қалай оқу керек, қамтитын мәселелері қандай және оларды қай деңгейде көтеру қажет, ол жағы әлі толық айқындалып болған жоқ. Бекітілген бағдарламада ресми талқыланып жасалынған емес. Әрине пәннің айтпақ болған мәселесі жалпы алғанда белгілі. Бірақ бұл пәннің алдына қойған басты мәселесі не, ол қай деңгейде жүріп жатыр? Әрине, түрлі шығарылған оқулықтар да баршылық. Негізінде бұлар Мәскеу ғалымдарының еңбектері. Соған қарап бізде де кітап жазғандар бар. Мәселен, 2012 жылы Астанадағы Л. Гумилев университеті бекіткен, Алматыдағы «Философия, политология, дін ғылыми зерттеу институты» ұсынған

8

Ғылым тарихы мен философиясы

профессор Ж. Нұрманбетованың «Ғылым тарихы мен философиясы» оқулығы көлемді болып, екі (орыс және қазақ) тілде жарық көрді. Бұл яғни құптарлық іс, оқушы қауымға үлкен жәрдем. Бірақ, кітаптың құрылымы, қозғаған проблемалары тура Мәскеуліктер салған жолмен, айны-қатесіз жазылған. Әрине мәселе ұқсастықта емес. Оқулық екі саладан тұрады. Бірі– ғылымның антик дәуірінен бастап, әр заманда дамужолдары қарастырылған. Бұл ғылым тарихы. Жалпы мұны білу қажет, бірақ философиялық пәнге керегі осы ма еді, деген ой мазалайды. Әрине, оқулықтың мәні зор. Ол білім береді, ғылымға баулиды, тәрбиелейді, идеологиялық қызмет атқарады. Ол жастарды өз Отанына берілген, оны мақтан ететін, патриот етуі тиіс. Олай болса, оқулыққа жәй білім кітабы деп қарауға болмайды. Ол ең құдіретті рухани дүние.

Сол сияқты «Ғылым философиясы» деген мәселеге келетін болсақ, ол жағынан ойланатын проблемалар бар. Ж. Нұрманбетова және басқа да авторлар жазғанына қарайтын болсақ, онда бұл бөлім ғылымның салалары мен бөлшектерін теріп, тізіп қарау көрінеді. Біз бұл пікірге қосылғымыз келмейді. Әрине, ғылымның бөлшектерін білу сол ғылым өкіліне қажет. Ал философия маманы үшін керегі солар ма? Әлде ғылым философиясы деген сол ма? Әрине, ол да олай емес. Айталық жеңіл машинаны алайық. Ол неден тұрады? Алдымен кузовтан (коробкадан), одан соң дөңгелектерден, тартатын матордан. Ал нақтылап талдасақ онда ол қанша, ірі-майда бөлшектерден тұрады. Машинаны жүргізуші бұларды білуі керек пе? Әрине керек. Ал машина философиясын зерттеушіге керегі тек оның адамға тигізер пайдасы, ықшамдылығы және икемділігі сонымен қатар қиындығы мен қажеттілігі. Осылардың қайсысы басым? Қайткенде машина адамға көбірек қолғабыс келтіреді. Оның қоғам дамуына әсері қандай. Сондай-ақ, ғылым да проблемадан, теориядан,

9

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

қолданылатын объектілерден тұрады (лаборатория, институт, зауыт (өндіріс) бүкіл әлем). Оған кіретін сандаған салалар, бөлімдер бар. Олар – детальдар. Бірақ, ғылым философиясына керегі бұлар емес. Әлгі кітапта, сол сияқты басқа да оқулықтарда да мәселе бұл тұрғыда нақты қаралмаған. Оның орнына ғылымды, бөлшектеп көрсетеді. Философиялық еңбектің құндылығы проблеманы әлеуметтік, қоғамдық дәрежеге көтерілуінде емес пе?

Әрине біз зерттеушілерді үйрету үшін, қайсысы дұрыс, ал қайсысы басқа деп, соны айтайын деп отырған жоқпыз. Мақсатымыз – ой салу, қайткенде ғылым философиясы өз орнын табады. Өйткені, біз философиялық ғылым өкіліміз. Біздің талабымыз – жаратылыстық, басқа ғылым өкілдері айтқан пікірлерді қайталап, баяндау деп түсінбеуіміз керек. Философия методологикалық, дүниетанымдық ғылым болғандықтан оны солардың алдында тұрып, дұрысын қолдап, кемістігінен құтылуына жәрдем беріп, жол көрсету деп түсіну.

«Ғылым тарихы мен философиясы» дегенімізде сол философия пәнінің жаңа қыры. Сондықтан бұл пән алдында тұрған мәселе тек жеткен табыстарды жәй баяндау ғана емес, жас талапкер мамандарға, бұл ерекше, міндеттің әрі жауапты екендігін ұқтыру. Философия тұғырын төмендетуге жол бермей, жоғары ұстау.

Алдымен «Ғылым тарихы мен философиясы» қандай ілім, мақсаты не? Одан соң, сол ғылымды дұрыс жолға салып, қоғамға қызмет ету.

«Ғылым тарихы мен философиясын» қоғам дамуындағы жаңа белес, мақсаты биік зор деп түсінгеніміз абзал. Тілегіміз: профессорлар, оқулық авторлары осыларды тезірек аңғарса екен.

Сонымен, ғылым тарихы дегеніміз сол ғылымның өсу жолын, табиғатты зерттеудің әр кезеңде қол жеткен табыстарын, жаңалықтарын тізбектеп баяндау емес. Оны

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]