Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

kishibekov_gylym_kz_2014

.pdf
Скачиваний:
45
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.73 Mб
Скачать

Ғылым тарихы мен философиясы

айтқан болса, енді ол арман, «ұялы телефон», оған дейінгі радио арқылы шындыққа айналып, ғылымға информатика теориясы келіп қосылды. Мұның бәрі ғажап дүниелер. Осыған орай, логикалық позитивизмнің философияның зерттейтіні – объективтік дүние емес, тек ой, тіл (лингвистика) дегені еске түседі. Сондай-ақ бұдан келіп, олардың қалыптасқан диалектикалық философияны, метафизика дегені ойға оралады. Бірақ, ғылым бар, фантастика бар, шындық бар, жалған да бар. Бұларды шатастыруға болмайды. Материалдық дүние бар. Ол – шындық. Энергия (қуат) материя, ал тіл «Айтылған сөз, атылған оқ» деген мақал да, тегін емес.

Бірақ бұл санаға байланысты. Санасыз, есі ауысқан адамға сөз ондай әсер етпейді. Химияда да өмірде болмаған заттар молекулаларды қосу-алу арқылы жасайтын болды.

Геолог ғалымдар біздің планетамыз тарихы шамамен 4-4,5 миллиард жыл деп есептейді. Ең алғаш тіршілік қышқылдар құбылысы арқылы шамасы бір-бір жарым млрд жылдар бұрын пайда болды. Диназаворлар бұдан 6070 млн жылдар бұрын ойлай алатын адам сол бір миллион жылдарда пайда болды, ал адам секілді екі аяқпен жүретін хайуандар 7-9 миллион жылдар бұрын өмір сүрген. Қалған өркениет кейін бірте-бірте дүниеге келген дейді. Мәселен, көне дәуір белгісі кейбір құрылыс тастары 6-дан 15 тоннаға дейін салмақты. Оларды қалай, немен әкеп кесіп, жонған, қалай қалаған. Ол жұмыс техникаға сүйенген, қазірде де оңай емес. Кейбір тастарға салған космонавт секілді бейне, космос кемесі сияқты суреттерге бірнеше миллиондаған жылдар болды дейді зерттеуші ғалымдар, түрлі приборларға сүйеніп. Сонда бұларды қалай түсіндіруге болады? Қазіргі адамзатты таң қалдыратын – Майя өркениеті. Ал әлгі айтылғандар қай замандарды еске түсіреді? Ойланатын жағдайлар еселеп көбеюде. Сонда

71

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

қалай? Үндемей отыра беру керек пе? Әлде зерттеуді жүргізе беру керек пе? Міне, мәселе қайда? Ғылым дамуына, өмір қозғалысына осы айтылғандардың бәрі жатады. Үңгір жолдар ше? Миллиондаған жылдар бұрын жасалған. Бұл ғылым тұрғысынан алсақ, олардың тарихын жәй қайта баяндау емес, ой салу.

2.3. Білім және ғылым

Көп жағдайда білім мен ғылымды ажыратпаймыз, бұл екеуін бір деп қараймыз. Әрине бұл екеуі бір-біріне өте жақын, дүниетаным нәтижесі. Бірақ, бір емес. Біріншіден, ғылым білімнен кейін дүниеге келді. Оның бастауы адам баласы тарихымен байланысты. Және әр елде, әр этноста түрліжағдайларға байланысты қалыптасып, дамыған. Ғылым тек ХҮІІ ғасырда дүниеге келді, себебі де өзгеше. Егер білім жәй бір нәрсені көріп қалудан, естуден басталатын болса, ғылым олай емес. Әлемді пассивті қабылдау арқылы емес, объектіні активті байқаудан, пайымдап зерттеуден басталады. Ғылым негізінде қызығу, ішкі байланыстарын, олардың себеп-салдарын ашужатыр. Бірақ, бұл оңай процесс емес, өмір бойы білім әр нәрсенің сыртқы көрінісі, себепсалдарына байланысты болып, соны байқауымен шектелетін болса, ғылым олай емес, әр нәрсенің ішкі механизмін ашу арқылы жүргізіледі. Ол үшін оны тудыратын себеп те басқа болуы тиіс. Ежелгі көшпелі қазақ елінде білім шарықтап дамыды. Ел сөзден неше түрлі ой өрнектерін құрды, даналық ойлар айтты, табанда өлең тудыратын «айтыс» өнерін дүниеге әкелді. Бірақ, ғылым болмады. Оны қажет ететін жағдай туындамады.

Самауыр, қазан Ресейден, мата, жібек Оңтүстік елдерден келді. Қазақ өз тұрмысын, көшпелі өмірін - қанағат етті. Одан басқаны іздеу – өмір талабы. Батыс

72

Ғылым тарихы мен философиясы

елдеріндегідей күн тәртібіне өткір қойылмады. Мыңдаған жылдар қалыптасқан дәстүр, үйреншікті әдет өмір салтына айналды. Сонымен, бір замандарда әлемге зор билігін жүргізген, мәдениетін таратқан көшпелі бабалар, ұрпағы қазақтар көп жағынан артта қала бастады. Қазаққа ілгері көтерілуі үшін ғылым керек болды. Н.Г. Чернышевский айтқандай якуттарды оқытсақ, оларда ағылшындардан кем болмайды деген жағдай қазақтарға да тән еді.

Бұл көру, есту, байқау арқылы, сондай-ақ үйрету, түсіндіру, оқыту тәсілімен қалыптасады. Ол үшін ынта, қызығу, ыждағаттық, ес қажет. Білімнің түрі – көп. Білім алуда оңай емес. Халық білім алуды «инемен құдық қазу» дейді. Ғылым білім алудан күрделі. Ол ізденіс, үйреншікті жол емес. Ізденіс барлық жағдайда сәтті бола бермейді. Әйтпесе, кез келген адам ғылым жолына түссе де ғалым бола бермейді. Кейде ізденіске түскен ғалым тәжірибесінен керек қорытынды жасай алмай сергелдеңге де түседі. Кейде нәтижеге жете алмай өмірден өтуі де мүмкін. Бірақ, ондай еңбек адамын ғалым емес деп те ешкім айта алмайды. Өйткені, ол еңбектенді. Бәлкім ұстаған әдісі дұрыс болмаған, не жіберген қатесі болуы мүмкін. Бірақ, оның сәтсіз тәжірибесі басқаға сабақ болуы сөзсіз.

Бұл да ғылым сабақтастығына жатады. Сабақтастық ғылымның даму жолы. Ғалымдар бірінің ойын, бастаған ісін бірі дамытқан. Бұл – шығармашылық. Бірақ, сабақтастық бірінің ойын, ісін пайдалану емес. Ғалым, ісіне адал, ойы таза адам.

Білім алудың екі түрі бар. Бірі, өздігінен, күнделікті өмірден көріп, білу арқылы қалыптасады. Екіншісі, оқып, үйрену арқылы, еңбектену нәтижесінде игеріледі. Бұл мамандық кәсіптік, өнер сияқты білімдер. Бұған жататындар – емшілік, сынықшылық, жұлдызшы болу, түрлі кәсіпкерлік, қолөнерін игерушіұсталар (темірден,мыстан, ағаштан)бұйым

73

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

жасайтындар, (түрлі құрал-саймандар, кебеже, кереге, шаңырақ, уық, есік, ер-тоқым, үзеңгі, ауыздық, таға, кілем тоқып, киіз басатындар, келі-келсап, домбыра, қобыз жасайтындар). Бұл мамандықтар жәй көру арқылы емес, алға мақсат қойып, үйрену арқылы игеріледі. Солардың ішінде ең күрделісі оқып, білім алу. Бұл үлкен ыждақаттылықты, ынта қоюды қажет етеді. Өнердің түрі көп, бәрінде ынта қойғандар игерген. «Дүние азабын көрмесін десең, балаңды білімге, кәсіпке баулы»– дейдіЖүсіп Баласағұн(1015-1086жж.).

Француз философы Огюст Конт (1798-1857 жж.) барлық дәлелденген білімді – ғылым деп есептеген дедік. Сөйтіп ол білім мен ғылым арасын ажыратпады. Барлық өмірде дәлелденген білім қашанда оңды (позитивті) олай болса, ол ғылым деп дәлелдеді. «Позитивизм» деген алты томдық еңбек жазды. Бірақ, тарих бұл пікірдің қате екенін көрсетті. Әрине, ғылымның бәрі білім. Бірақ, білімнің бәрі ғылым емес. Білімнің ғылым болуы үшін объектінің сыртқы байланысын байқау жеткіліксіз, оның ішкі заңдылығын ашу керек. Заңдылығы ашылмаған тек себепсалдарға негізделген білім ғылым емес. Ол өткенді талдап, болашақты айқындап айта алмайды. Әрине, бір нәрседен

...бір нәрсе болатынын байқау қиын емес, ол – білім. Бірақ ол әлі ғылым емес. Бәлкім содан болса керек Ю.М. Давид себеп-салдар дүниеде жоқ, ол тек санада қалыптасқан дегені. Бірақ, мәселе олай емес. Себеп-салдар әлемде бар құбылыс. Тек оның заңдылығын ашу қажет. Ол ғылымға тән. Білім оны тек сезеді, бірақ ашпайды.

Білім таным арқылы ғылымға ұласады. Ғылым табиғатқа екпінді араласады, оның даму барысында әсер етеді, объектіні өзгертеді, жаңалық ендіреді. Ғылым – шығармашылық. Білім танымнан басталады, таныммен

шектелетін болса, ғылымтанымнан басталып объектінің ішкі құрылымын ұдайы қарастырып, жаңалықашады. Бұл мәңгі процесс, ілгеріге ұмтылыс.

74

Ғылым тарихы мен философиясы

Сонымен білім үйренуге, есте сақтауға негізделген болса, ғылым байқаудан, таңданудан басталып, тәжірибе жасауға шығармашылыққа негізделген.

2.4. Білімдік таным дәрежелері

а) Білімдік танымның эмпирикалық әдістері

Әдіс – ол әрекет, айла, құрал, сайман. Басталған іс сәтті болуы үшін объектіге қолданылған әдіс сол объектінің ішкі құрылымына сай, қайшы келмейтін болуы тиіс.

Философияда танымның екі түрлі әдістері келтіріледі. Бірі – эмпирикалық әдіс, екіншісі – теориялық әдіс. Оқулықтарда бұл екеуін ғылым-зерттеу әдістері дейді. Ғылымда бұл әдістер қолданылады. Бірақ, бұл әдістер ғылымға дейін де, білім дәрежесінде де қолданылған. Сол әдістерге жататын: байқау, бағдарлау, салыстыру, өлшем,

тәжірибе. Осылардың ішінде тек тәжірибе жасау ғана ғылымға жатады. Қалғандары ғылымға дейін болған. Тәжірибе әдісі бір нәрсенің нәтижесін байқау үшін объекті арнайы жасалған қалыпқа салынып, соны шындыққа жақындатып, сынға келтіру, шыққан нәтижесінен қорытынды жасап, пікір айту. Ол әдісті ғылымда қолданады. Білім дәрежесінде де осыған ұқсас әдіс бар. Ол бүкіл – өмір, практика.

Ал, эмпирикалық әдістер білім дәрежесінде кеңінен қолданылады. Мәселен, байқау әдісі. Адам айналасындағы болып жатқан құбылыстарды байқайды. Көз бен жарық, қараңғыны ажыратады. Жарыққа байланысты түрлі: ақ-қара, қызыл-жасыл сияқты түстерді, құлақпен қатты-жұмсақ дыбыстарды, денемен ыстық-суықты, құрғақ-ылғалды ажыратады. Бұларды тіршілік иелері де сезеді, бірақ әрқайсысы әртүрлі қабылдайды. Соған сәйкес адам

75

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

әрекеттенеді, ойланады, ал тіршілік иелері де өзінше реакция жасайды, ыңғайланады, бейімделеді. Бірақ, олар да сана жоқ. Адамда сана бар. Сондықтан адам ондай түстік, дыбыстық, климаттық құбылыстарды тек еріксіз сезіп, қабылдап қана қоймайды, әрекеттенеді неге байланысты болатынын пайымдайды. Дыбыс қимылдарға еліктеп адам өзі де соны қайталайды. Содан сапалы дыбыс (дауыс, кейін жеке сөз) әр нәрсеге ат қою пайда болды. Одан кейінгі эмпирикалық әдіс – салыстыру. Сол арқылы алыс пен жақынды, ауыр мен жеңілді, түстің ашық не күңгүрт, бұлыңғыр, айқын емесін ажыратады. Бұл да сананың пайда болуына себепкер. Жүретін жолдың алыс-жақындығын атпен жүру арқылы белгілеген. Түстік жол, бір күндік, бір айлық жол деген сияқты. Қазақ ең жақын жерді иегінің астымен: «Мынау тұрған жер ғой» деген. Осыған орай күлкі әңгіме болған: «қазақтың мынау тұрған жер дегенін, жаяу жүретін жолаушы бір күн жүріпті» – деген. Өйткені бұл 15-20 шақырымдық жер.

Салыстыру арқылы адам өзіне «пайда – зиянды», жер қашықтығын, туыстық байланыстығын, алыс-жақындығын ажыратқан: «әке-бала, апа-іні, ата-әже, немере, туыс-жақын, «жекжат»» деп бөлген. Сол салыстыру арқылы сұлу, көрікті, көрікті еместі, лайықты, лайықсыз деп ажыратты. Салыстырудың мәні– адам санасын оятуда, ілгерілеу, дамуда маңызы зор. Саналы адамның ең басты қасиеттерінің бірі, оның салыстыру арқылы әр нәрсенің сапасын білyі. Салыстыру прогресс негізі. Мал еш нәрсені салыстыра алмайды, жақсыны үйрену де жоқ. Салыстырудың кейінгібір түрі, ол сауда-саттық. Салыстыру бұрын көзбен, шамамен, жасалса, бірте-бірте таразы пайда болды. Американдық ғалым Л. Паулинг химиядағы молекуладан бөлінген бөлшектерді атомды айналып жүрген электронмен салыстырып резонанс теориясын ашты.

76

Ғылым тарихы мен философиясы

Салыстырудан кейінгі әдіс – өлшем. Ол салыстыруға қарағанда әлдеқайда күрделі. Өлшем – ол нақтылық, есеп. Салыстыру, ұқсату, шамаға сүйенетін болса, өлшем – ол сандық есеп. Өлшем арқылы аз-көп, ауыр-жеңіл, ұзынқысқа, бай-кедей айқындалады. Дүниеде бәрі өлшемді, әдеміліктің өзі өлшем. Дүниеде тірі, не жансыз заттардың бәрі өлшемге негізделген. Өлшемі бұзылған зат ұзақ тұрмайды, қирайды. Салмақтың ең кіші өлшемі – мысқал (грамм), одан кейінгі қадақ (400 грамм), бұт (16 кг.), батпен (шамамен тонна, одан әрі салмақ бәрі батпан). Уақыт өлшемі. Ең тез, жылдам уақыт, кірпік қаққанша, секундттан да тез. Содан кейін «Сүт пісірім уақыт» (15 мин.), «ет асым уақыт» (2,5-3 сағат), «таң атты», «кешқұрым», «күн шықты», «күн батты», «тал түс», «түн ортасы», т.с.с. «Молшылық», «Таршылық», «зәулім биік», «тұңғиықтерең». Әрбір іс сәтті болуы үшін, өлшемі болуы керек. «Ерліктің де», «шыдамдылықтың да», «сыпайылылықтың да», «еркіндіктің де» өлшемі бар. «Қалың топ ішінде сөз бастау қиын ба?», «Таршылықта ел бастау қиын ба?» деген сөздерде әр нәрсенің шамасын айтып отыр. Қазақта «Сауда да достық жоқ» – деген мақал бар. Бұл өлшем, есеп. Достықтың негізі «ешкімнің есесін жемеу», таразыға салғандай таза адал болу. «Судың да сұрауы бар» – деген мақалда сол есеп жатыр.

«Мата даңқымен бөз өтеді, Ата данқымен қыз өтеді» – деген мақалда тағы да сол өлшем жатыр. Егер қыздың атаанасы, өскен ортасы жақсы болса, онда ол қыз да әдепті, тәрбиелі деген сөз. Сонда ата-ана сол өлшем. Жақсыға да, жаманға да өлшем қолданылады. Ғылымда «аксиома», «модель» деген ұғымдар бар. Олардың да негізі сол өлшем.

Тыйымдар. «Үйге қарай жүгірме», «Таяққа сүйенбе!», «Жерді сабама», «Малды маңдайынан ұрма», «Табалдырықты баспа», «Дастарханды аттама» т.сс. Ырымдар: «Мініп келе жатқан аттың ішін тартса, жолың болмайды». «Тауықтың

77

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

кеш батқанда шақырғанын, иттің ұлығанын жамандыққа жорыған. т.сс. Бұлардың бәрі өмірді байқаудан туындаған кәделер. Бір нәрседен кейін бір нәрсе туындайтынын пайда болған ойлар, ғылыми емес. Бұлар эмпирикалық әдістерге жатады, өмірдібақылап байқаудан туындаған.

б) Білімдік танымның теориялық әдістері

Эмпирикалық танымнан кейін, одан жоғары тұрған объективтік дүниетаным – теориялық таным. Ол объектіні оймен топтап, жұмдастыру арқылы пайда болады. Теория

– қашанда ғылым негізі. Бірақ, теория ғылымда ғана емес, білімде де, дінде де болады. Теория объективтік процестерді жинақтап, байланыстарын, қасиеттерін байқау арқылы жасалады. Ол үлкен, күрделі, түсінуге қиын процестің ең қысқа, айқын жаттауға жеңіл жинақталған түйіні. Сондықтан бір күрделі процесті түсіндіру үшін бәрін жайып салып, айтудың орнына бір ауыз сөзбен түсіндіру әдісі. Ондай ой қорытындысын, түйінін теория дейді. Теория бірден пайда болмайды. Ол көп көргеннен, білгеннен ой орамы болып келеді, құрастырылады. Сонымен, әр нәрсенің ой түріндегі түсінік, түйіні теория. Теория айтуға, ойда сақтауға оңай, әрі қысқа, әрі нұсқа, ұйқас болуы тиіс. Оны ғылымда да, жәй ой таластарда да, уәж ретінде қолданады. Қазақ ауыз әдебиетінде ондай рөлді халық мақал-мәтелдері атқарған. Ол да мыңдаған жылдар әбден сыналған ой тұжырымы. Теория мақалмәтелден бастау алған десе де болады.

Қазақ ауыз әдебиеті мақал-мәтелдерге өте бай және жиі қолданылған. Ол ешқашан тікелей мәселені шешкен емес, бірақ оны тез түсінуге, белгілі қорытындыға келуге себепкер болған. Шешен билер қашанда әңгімесін мақалмен астарлап дәлелдеген. Көшпелі – мал баққан елде ғылым болмаған, бірақ соның рөлін атқарған өмірден

78

Ғылым тарихы мен философиясы

туындаған білім, сондай-ақ мақал-мәтел дедік. Мәселен, «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол!» – деген сияқты мақалдар. Олардың тәрбиелік, патриоттық мәні өте жоғары. Мақал, мәтел өмірден туындайды. Қай заманда дүниеге келсе де еш уақытта ұмытылмай халық санасында сақтала берген. Олардың ішінде рухани артефакт рөлін атқаратындарда бар. Сондықтан, мақал-мәтелдері мол елдің тарихы ұзақ екенін байқатады. Одан соң, мақал, мәтел әр халықтың тарихын айтып тұр. Мәселен, «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» – деген мақал қай заманды бейнелейді? Садақты қару етіп, оның оғын ағаштан жонып, ұшқырлап, аң аулап, мал терісін пішіп, киім еткен дәуірді. Олай болса, мақал-мәтелдер халықтың қоғамдық сана дәрежесін бейнелейтін болса, сондай-ақ оның қай заманда туындағанын, тұрмыс-тіршілігін көрсетеді. Мақал-мәтел, сонымен қатар тілдің де тарихы.

Формалдау әдісі. Сондай-ақ, көшпелілердің саудамен көп айналыспай мал бағумен өмір сүрген этнос екенін білеміз. Олар сандық есепті белгілі мөлшерде ғана қолданған. Одан әрі санды керек етпей топтап айтуды ұнатқан. Оны ғылымда формалдау әдісі деген. Қазақ елінде ол өте көп тараған. Мәселен, қазақтар аз-көпті топтап есептеген. Мәселен, ұсақ малды (қой, ешкі) қораға бөліп ұстаған. Айталық бір қорада бес жүз, не мың, уақ мал болған. Жылқыны «үйірге» бөлген. Әр үйірде 10-12 жылқы болған. Мәселен, он қора уақ малы, 15-20 үйір жылқысы бар деген формалдау ұғымдары. Абайдың: «Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жөнім жоқ» дегені, немесе «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мақал. Бұл да формалдауға жатады. Қазақ сөзін қашанда осылай топтап айтқан. Төбеден түскендей етіп айтқан сөзді ел ұнатпаған. Қазақ әңгімелерінде сандық мөлшерден гөрі формалдап айту

79

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

басым болған. Қазақ балаларының санын да топтап айтқан. Жалпы санақты ұнатпаған, қауіптенген. Ақан серінің «Шырмауық» деген өлеңі сол айтылғанның дәлелі. Ол: «қазақ жерін өлшеп, малын, жанын санап, шырмауықтай шырмап алды» деген болатын.

Абстракциялау әдісі. Қазақ арасында әр нәрсені топтап қана емес, жұмбақтап айтуға кең тараған. Ол үшін әр нәрсенің дәл атын атамай, тек кейбір сыртқы қасиеттерін, қимылдарын бейнелеу арқылы айту. Қазақ жұмбақтары сол абстракциялық бейнелеуге негізделген. Мәселен, «Айдалада ақ отау, аузы, мұрны жоқ отау». Бұл жұмбақтың шешімі – жұмыртқа. Оның кейбір қасиеттерін бейнелеу арқылы жасалған. Немесе, «Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр?». Бұл не? Бұл ошақта тұрған қара қазан, астында оны орап тұрған жанған жалынды от. Кейбір тіпті дамыған этностарда мұндай абстракция белгісіз болған. Сондықтан, XIX ғ. өмір сүрген неміс философы Г. Гегель (1770-1331 жж.) түсіндірмек болып, «Кім абстракты ойлай алады», деп аталған арнайы мақала жазған болатын. Қазақтарға ондай мақала жазып түсіндірудің қажеті болған жоқ. Ол ерте замандардан-ақ белгілі әдіс. Мәселен, балаларға арналған жұмбақ: «Сарқыраманың ар жағында, көк жиектің бер жағында маңыраманы ұлама жеп жатыр» деген жұмбақ. Маңырамасы

– қой, ұламасы – қасқыр. Немесе, «Ұзын-ұзын із келеді, ұзын бойлы қыз келеді». Бұл жұмбақтың шешімі – «жылан».

Абстракция үшін әрбір объектінің барлық қасиетін, сипатын айту емес, тек бір ғана, бірақ ерекше қасиетін бейнелеу арқылы объектіні түсіндіру, сипаттау. Бұл ой байлығына жатады.

Идеалдау. Бұл өмірде болмайтын, бірақ қиял керек ететін ой құбылысы. Ғылымда «идеалды газ», «абсолютті қара түс» деген ұғымдар кездеседі. Өмірде ол жоқ, бірақ,

80

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]