Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

kishibekov_gylym_kz_2014

.pdf
Скачиваний:
45
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.73 Mб
Скачать

Ғылым тарихы мен философиясы

Көшпелілер техникасы тек өзі және мал күшімен іске қосылатын (шығыр, жерағаш, арба, т.б.) еді. Бұл талантты халық – көшпелілердің надандығы емес, тек өндірістік, экономикалық зәрулік, қатаң, жоғары талаптың болмағаны. Өз қажетін өзі ғасырлап қамтамасыз етуі сол кедергілердің бірі болғаны. Он мыңдаған жылдар қалыптасқан дәстүр басқа жол іздестірмеді. Тек ауыз әдебиетін дамыту талабы алда тұрды. Бұл жағынан еш бір ел оған тең келе алмады. Бұл машинаға дейінгі дәуірге жатады. Ал машина дәуіріне келетін болсақ, онда мәселе басқа.

Әрине, еңбек процесі кезінде адаммен машина арасында бір шама ұқсастық бар.

Рас машина да, адам қолымен жасалған басқа да заттарда табиғаттан алынған, сондықтан кейбір ұқсастықтар бар. Адам табиғатқа тек бейімделген жоқ, ол одан үйренді, оған еліктеді. Содан емеспе XVIII ғасырдағы француз философы Ж. Ламетри (1709-1751): «Адам денесі өздігінен жүретін – машина. Бұл үздіксіз қозғалыстың тірі бейнесі» деген. Алайда ол мамандығы бойынша дәрігер болса да, өз дәуірінің техникалық даму пікіріне сай, ол адамды машинамен қатар қойып, оның қолдары мен аяқтары – доңғалақтар, жүрек мотор, деп түсінді. Келешекте адам автоматтандырылған машина. Әрине көп нәтижеге жете бермек. Бірақ, ол жансыз құбылыс болып қала береді.

XVII ғасырда өмір сүрген француз философы Рене Декарт (1596-1650) «Әдіс туралы ой толғам» деген еңбегінде былай деп жазды: адам көптеген сүйектер, қан тамырлары, жүйкелер орнына үнемдеп азғана бөлшектер мен машина жасаса, онда оны тірі организмнен ажыратуға болмайтын болады. Әрине, Рене Декарт бұл жерде ғылым жетістіктерін, өте әсірелеп отыр. Машина адам дәрежесіне жете алмайды. Егер ол адамның кейбір қасиеттерін орындай алса да.

Адам бас миының жұмысын зерттеу, қайталау арқылы Норберт Винер өзі басқаратын көптеген есептерді тез

181

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

шығаратын және есте сақтай алатын машина – кибернетиканы ойлап шығарды. Тіпті ең дамыған жануар табиғатты қайталай, не ренжіп, әлде қуана алмайды. Бірақ, осыларды адам жасай алады, өйткені онда сана, ақыл бар. Сондықтан ақыл адамды табиғат билеушісі ете алады. Бірақ, адам жасаған техника бірте-бірте адамды өзіне бағындырып, оның табиғатын өзгертуде. Бұл парадокс, бірақ факт. Біз ғылымды ұдайы басқару керектігін айттық. Бірақ өмір техниканы да тізгіндеуді керек етуде.

Техника пайда болуы өте ерте замандарға кетеді. Ол «techne» – қол өнерінен бастап, ұста (мастер) деген сөзге дейінгі ұғымды қамтиды. Сол «techne» (техникаға) бір нәрсені жасау, не ойыңды іске асыру үшін қолданылатын құрал (тас, таяқ, тасқын суды керек бағытқа ағызу үшін жасалған тосқауыл бәрі соған жатады). Одан соң аң аулау, жер өндеу, қайықпен жүзу, жүн иіріп, жіп есу, тоқу, тігу, бұйым жасау, мал терісінен киім-кешек тігу осының бәрі көшпелі бабаларымызда болды. Кейін күрделі аспаптар құралы, мәселен, машина қолдану өз дәуірі техникасы. Аристотель техника жөнінде өз пікірін «Никомаха этикасы» деген еңбегінде жазған болатын. Сонда ол екі мәселеге аса мән береді. Ол а) «empere» (тәжірибе) және б) «episteme» (теория). Білім деген ұғым кең мағынада бұрын белгісіз, түсініксіз затқа, объектіге көңіл аударып, білуге тырысу. Бұл екі бастама да қазір жолға қойылған. Техника философиясына мән бергендердің бірі Бертран Рассел болғанын айтқанбыз.

Техника – таным, білім, ойлау арқылы нақты шындық талабынан туындайды. Қажет болмаса жәй таяқты да адам қолына ұстамайды. Техника тәжірибе, біліммен тығыз байланысты. Техника күрделенген сайын теория қажет. Теория – ғылым негізі. Жұмыс кезінде адам оймен бір нәрсені жобалайды, қолданып отырған техниканы жақсартуды, икемдеуді ойластырады. Сөйтіп, бір нәрсеге

182

Ғылым тарихы мен философиясы

басқа нәрсе түрткі болып, техника дамиды. XVII ғ. Ең алғаш еңбек машинасы жасалды. Машина деген не? Бұрын адам әр жұмысты түрлі техника қолданып жасайтын еді. Мәселен, күрекпен жер қазу, орақпен шөп ору, жүн-жіпті өрнекке салып, түрлі басқа да құралдар пайдаланып кілем, басқұр тоқу т.б. Енді сол жұмыстарды машина өзі жасайды, кеседі, жонады, тоқиды, дайын бұйым шығарады. Адам тек сол машина жұмысын қадағалайды, басқарады.

XVII ғасырға дейін адам баласы ең ауыр затты орнынан қозғап, жылжытып, көтеріп, биік, қиын құрылыстарды түрлі техника пайдаланып жасаған. Мәселен Египеттегі Хеопса пирамидасы, биіктігі 140 метр, оны құрастыратын әрбір тас салмағы 6 тонна болса да, сол ғажап құрылысты жасады. Мұнда, мәселе оның ғажап архитектурасында ғана емес, сол тастарды көтеріп, керемет құрылыс жасағанында. Хеопса қасында Сфинкс басқа да пирамидалар тұрғызылған. Осыларды тұрғызуға қанша мыңдаған емес, миллиондаған тас кетті және олар қайдан Гизаға әкелінді, қалай жонылды? Қазір оны айту оңай, бірақ кезінде қанша адам күші кетті. Бұдан да басқа әлемде зәулім үйлер, тас жолдар, қорғандар салынды, солардың қатарында тарихи 5 мың шақырымға созылған, ені 6, биіктігі 10 метрге дейін Қытай «Тас қорғаны». Бірақ мұның бәрі бір замандарда, техниканы пайдаланып, адам қолымен жасалды. Ал XVII ғасырда өмірге енген машина бұрынғы техникалардан басқа. Бұл үлкен жаңалық, техникалық революция (төңкеріс). Сөйтіп техника екі дәуірге бөлінеді дедік.

Бұл жаңалықтың мәні неде?, – деп сұрақ қойған К. Ясперс, өзі соған былай деп жауап қайтарады. «Мәні машинада, өндірістік процестерді автоматтандыруда, ол тоқиды, тігеді, араластырады, тазартады, сығады, ағартады, дайын етіп бүтін затты шығарады»1.

1 Новая технократическая волна на Западе. М. 1986, 125 б.

183

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

Сөйтіп, бұрын ұста, шебер бәрін өз қолымен жасайтын болса, енді оны машина тез және әдемі етіп жасайды. Бұрын болмаған, тек ертектерде айтылатын ой, арман болатын. Сонымен, әлгіайтқан техника тарихының екі дәуірі. Бірі жәй таяқтан бастап, үлкен зіл тастарды қозғап, салынатын құрылысқа дейінгі күрделі техниканы пайдалану. Екіншісі, бәрін машинаның өзі атқаратыны. Содан техникада қандай жаңалықтар болса да сол әлгі екі дәуірге кіреді. Екінші дәуірде болашақта талай жаңалықтар болар. Бірақ оның бәрі машина дәуіріне жатады, айталық бумен жүретін машина, электр қуатымен жүретін машина, атом энергиясымен жүретін машина т.б. Техниканы дамытатын адам, ал адам да сол техникамен бірге дамуда. Оның үстіне барлық ғылымдардағы сияқты техника дамуының ішкі өзіндік логикасы бар. Бір техника бір техниканы, бір бөлшек бір бөлшекті қозғайды. Бұл үздіксіз процесс. Онда пайда, зиян, қоғамға керек, керек емес деген ұғым жоқ. Техникаға байланысты Карл Ясперс мынаны да айтады: «Адам ақылсыздық, не ақылын жоғалтқан жағдайда мүлгиді»1. Сондықтан шексіз дамудағы техниканы адам басқаруы керек. Ол жаңалықтардың пайдалы, зиянын ажыратады, бетімен қоя бермейді. Техника философиясы дегеннің бір жағыосында.

Техника жалпы тұрғыдан қарағанда адамды табиғатпен байланыстыратын, тек байланыстырып қана емес, табиғатқа әсер ететін және оның құпиясын ашып, пайдасын өзіне игеріп, қоғамды дамытуға қолданатын күш. Қазір адам қосымша энергия қуатын теңіз толқынынан, жел күшінен, күн сәулесінен ала бастады. Адам баласы төбеден сарқырап құлаған су күшін, жел екпінін пайдаланып келген болатын. Қазір мұның бәрі күрделі жолға қойылды. Ірі су электрстанциялары былай тұрсын, атом электр станциялары жұмыс істеуде. Қазіргі автоматтандырылған жұмыс

1 Бұлда сонда, 124 б.

184

Ғылым тарихы мен философиясы

процестерін қолданып олардың дамуын үдету үшін адам программа жасайды, жұмысын бақылайды.

Ал техникалық білім қалыптасуы бірнеше белестерден тұрады. Мәселен, оның біріншісі XVIII ғасырдағы 16201750 жылдар. Бұл бұрынғыны қайталау және көтерілу кезеңі. Екінші кезең ғылымдардың дифференциялану жылдары, яғни ғылымдардың бөлшектенуі және жаңа ғылымдар пайда болуы. Бұл Дж. Уаттан Эдиссонға дейінгі кезең. Үшінші кезең, техника мен өнер арасы жақындаған кезең. Бұрынғы грекше «techne» деген сөзге пара-пар латындық «arte» деген искусствадан алынған термин қосылады. Бұған түрлі соғыс жүргізу, ойын ойнау, фортепьяномен ән-би орындау, әңгіме жүргізу т.с.с. жатқызылатын болды. Осы кезге сәйкес, жеті «artes techanical» (теханикалық искусство және жеті «artes liberales» (еркін искусство) пайда болды. Оны орыс тілінде «жеті мүз қоғамы» деп атады).

Ал неміс философы Хаинрик Бек «Техника мәні» мақаласында техниканы (technikale) искусствадан ажыратып, бөліп қарауды ұсынды. Х.Бек «Қазіргі білім дәрежесі: құрылыс техникасын құрылыс искусствосынан, сурет салу (живопись) техникасын сурет салуискусствосынан, махаббат техникасын махаббат искусствосынан, техниканы искусстводан, адамдарды басқару техникасынан, соғыс жүргізу, фортепьянода ойнау, әңгіме жүргізу техникасын есте сақтау техникасынан ажыратады. Бұлардың арасында бір жалпы ұқсастық болғанмен айырмашылық үлкен» 1 «Искусстводан жансыз техниканың айырмашылығы, оны пайдалану адамның өз еркі. Ол табиғаттан, материядан, өмірден, жан мен рухтан күшті екенін, немесе адам әлемдегі барлық дүниеден жоғары екенін өзі сезініп,

1 Философия техники в ФРГ. – М. 1989. – 178 б.

185

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

білуі»1, деп жазды. Әрине Х. Бек пікірімен қосылуға болады. Фортепьянода ойнау бір бөлек, фортепьянода ойнау техникасы бір бөлек. Бірақ, оның бір пікірімен қосылуға болмайды. Ол оның «ырықты» санадан да, басқадан да жоғары қоюы. Бұл А. Шопенгауэер теориясы ықпалы. Ырық негізі – күш. Сол күш жануарларда да бар. Бірақ ырық жоқ. Өйткені сана жоқ. Денедегі қара күшті «ырыққа» айналдыратын, оны билейтін, басқаратын – сана. Ал сана адамдарда әр түрлі. Сондықтан, біреудің ырқы мықты, біреудікі осал, өзін-өзі билей алмайды. Бірақ сол ырықты санамен тәрбиелеп, шыңдауға болады.

Ал енді У. Ростоу, Д. Белл және басқа Батыс ел ойшылдары «Жаппай рахаттық» теориясын ұсынып, қоғамды бұдан былай басқаратын маман, инженерлер болады, олар менеджерлер, өндіріс егесі емес, бірақ оған қызмет атқаратын солар болады деп жазды. Бірақ, бұл олардың тек тілегі болатын. Ал тілек пен шындық арасы аспан мен жердей екенін бұрынғыөмір көрсетіпотыр.

«Технократия» термині өмірде жиі қолданылады. Бұл инженерлер билігі деген сөз. Т. Веблен «Инженерлер және баға жүйесі» (1921) деген кітабында «болашақ процесс үшін капиталистер мен финансистерді ығыстырып, олардың орнын инженерлер басады» деп жазды. «Технология, – деп жазды Жапон философы Имамичи, – табиғат сияқты бізді қоршаған адамға бағынбайтын, өзінің нақты даму бағыты бар жаңа ортаға айналды2, техника өмір дамуын тездетуде, өмірді өзгертуде». ХХ ғ. 30-шы жылдарында өмірге өзгеріс ендірген техника тездеп дами бастады. 1941 ж. американдық социолог Д. Ш. Берихеим

1Бұл да сонда, 180 б.

2Имамичи Т. «Моральный кризис и метатехнические проблемы» Вопросы философии, 1995. - №3, 79-80 бб.

186

Ғылым тарихы мен философиясы

«Менеджерлер революциясы» деген кітабында мамандардың қоғамдағы билік туралы пікірін қолдай келіп, «технократия менеджерлер түрінде (басқарушылар) саяси өмірді де басқаратын болады, олар қазірдің өзінде көптеген дамыған елдерде көрініс табуда» деп жазды. Бұл пікірді «Жаңа индустриялдық қоғам» деген кітабында Д. Ж. Забрент қолдады. Одан соң З. Бжезинский, т. б. бұл пікірді ілгері дамытты: «Бұл пікір қазіргі заман көрінісі деуге болады. Бұл техниканың қоғамға, адамға тигізіп жатқан әсері сондай-ақ, басқа да әсерін айтқандар бар. Ол негізсіз емес».

Техниканың қоғамдағы кері әсерін Л. Мамфорд

«Techniks and Civilization» (1934) (Техника және өркениет)

кітабында арнайы көтерді. Арада 30 жыл өткенде «The Muth ofMachine»(Әлем машина туралы) (1964) деген кітабында Л. Мамфорд: «Адам жасаушы емес, ойлайтын құбылыс. Оның мақсаты – ойлау, идея тудыру, т. с. с., ал машина оны орындайды» деп жазды.

Ортега мен Гассет «Бұхара көтерілісі» (1930) атты әлемге белгілі болған кітап шығарды. Сол кітапта автор: «Техниканың дамуы негізінде Европа ең ауыр дағдарысты, бұрын-соңды адамдар мәдениетінде болмаған қиындықты игеріп отыр» деп жазды. 1935 ж. Ортега мен Гассет «Техника туралы ой толғау» деген кітап жазды. Кітапта «техниканың эволюциясына тоқталып, оны басты 3 кезеңге бөледі. Олар: а) жеке қолмен атқаратын жағдай; б) қолдан қолға өткен қолөнер техникасы. Біреудің біреуден үйренуі; в) техниктер мен инженерлер жасаған техника.

Бірінші кезеңде техника кездейсоқ пайда болған жағдайға сай жасалған құрал, екінші кезеңде техника бір қолдан бір қолға өтіп, күрделенді.

Мәселен, дөңгелек, жүген, үзеңгі, арба, үй салу және үй құралдары сияқты біреуден біреу көріп, үйрену, шынықтыру кезеңі. Үшінші кезең техникаға байланысты ғылым пайда болып, дамиды. М. Хайдагтер 1954 ж.

187

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

«Техника туралы мәселе» кітабын жазды. Ол техниканың объект пен адам арасындағы дәнекерлік рөлді атқарады деген пікірге келіспейтінін білдіреді. Техника тек адам мен объект арасындағы дәнекер емес, сонымен бірге ол адамның мүмкіндігін ашады. Оған «оң, теріс қарағандарға да бейтараптық рөл атқарады»1 деп жазды.

Одан әрі М. Хайдагтер былай деп жазды: «Техника – жай қарапайым дәнекер емес, техника бойдағы көрінбей жатқан шындықты ашу саласы». Сонымен қатар, техниканың тигізер кері әсерін де көрсетті. Мәселен, Рейн өзеніне электрстанциясы орнатылды. Ағын су күші турбиналарды айналдырып, электр қуатын шығарып, арзан қуатты көптеген машиналарды жұмыс істеткізді. Сонымен қатар, бұрынғы табиғатты «нұрландырып тұрған қасиетінен айырылды, табиғат өзгерді» деп жазды. Сөйтіп, техниканың пайдалы әрі зиянды жақтарын ашып көрсетті. Бұл екеуі де бір мезгілдегі бірдей болып жатқан процесс деп жазды.

Француз философы, социолог, әрі құқұқ маманы Ж. Эллюль «Басқа революция» (1969) деген кітабында: «Біз техникалық саналы дүниеде өмір сүрудеміз. Табиғат енді біздің қоршауымыз емес. Айналып келгенде бұл орта аз-аздап өзгеріп, алдымен бізді қоршаған машина, техникалармен толығуда, турасын айтсақ, бізді қоршаған шексіз, мәні көрінбейтін, білінбейтін кокон талшығы сияқты мәнге жататын техника.

Табиғат ғылым мен техника арқылы бөлшектеніп, ыдыратылған секілді. Техника бүтіндей өмір сүретін ортаға айналды. Соның ішінде адам өмір сүреді, сезеді, ойлайды, тәжірибе жасайды. Барлық терең сезімді, ол сол техникадан алуда»2 деп жазды.

1Новая технократическая волна на Западе. – М., 1986. – 41 б.

2Бұл да сонда, 50 б.

188

Ғылым тарихы мен философиясы

Маркузенің пікірінше, адам сол айнала қоршаған ортамен бірдей болуда. Мұны ол идентификация деп атады. Испандық философ А. Тоффлер «Үшінші толқын» (1980) деген кітап жазды. Оның пікірінше, адамзат тарихы 3 дәуірді басынан өткізді. Бірі – аграрлық қоғам. Онда бәрі адам қолымен жасалады, табиғат, мал күшін де пайдаланады. Екінші толқын индустриалдық қоғам. Бұл техниканың дамып, машина пайда болған кезеңі. Бәрін техника жасайды. Үшінші толқын супериндустриялдық қоғам. Жаппай техникаланған, автоматтандырылған дәуірде адам да өзінің табиғи қасиеттерін жоғалтып, жанды, саналы күрделі техниканың бір түріне айналуда.

Антик дәуірінде құлдар сөйлей алатын еңбек құралына айналған десек, қазіргі супериндустриялдық қоғамда бүкіл адамзат автоматтандырылған техникаға айналуда. Ғылыми-техникалық прогресс осындай ойларға келтіруде, техника философиясы осыған кері амал ұсынуы тиіс демекпіз.

Карл Ясперс техниканы 2 салаға бөледі: бірі – энергия шығаратын, екіншісі бұйым шығаратын техника. Қазіргі кезде бұл екеуі де тоқтаусыз, қарқынды дамыған. Оны қуалап отырған тойымсыз сауда-саттық әрекет. Өндіріліп жатқан заттар елдің қажетінен қашан асқан. Солай болса да еселеу бар, ақылға келу жоқ. Бұдан табиғат құруы мүмкін.

Ж. Эллюль өзінің өмір тарихына арналған «Техника» деген кітабында техниканың жүгенсіз дамуының адамзатқа пайдасынан гөрі зиянын айта келіп: «Мен бүтіндей сеніп едім, егер Маркс 1940 ж. өмір сүрген болса, онда ол капиталистік қоғамның экономикалық құрылымын емес, техниканы зерттеген болар еді»1 деп жазды.

1 Эллюль Ж. Технологический блеф. – М., 1998. – 49 б.

189

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

«Техника – деп жазды Карл Ясперс, – адамдардың күнделікті өмірін, қоршаған ортаны, еңбек процесі мен қоғамды түбімен өзгертіп, күшпен басқа салаға, жаппай өндіріс саласына көшірді, бүкіл өмірді кейбір техникалық механизмге, бүкіл планетаны бүтін бір фабрикаға айналдырды»1.

Қазіргі ГТП салаларын ойлай келіп, алғашқы қауымдағы адамдардың «отты» тапқанымен салыстырып, бұл үлкен қауіп тудыратынын айта келіп, адамдарды «қаратүнек күтіп тұруы мүмкін»2 деп жазды.

Міне, бұл, Батыс елдері философ ойшылдарының техника аяқ алысына сай айтылған тұжырымдары. Бұл айтылғандар, әрине, ғылым, техника философиясына жататын мәселелер. Мақсат осыларды айтып, елді үрейлендіруде емес. Алдымен «Кім кімге қызмет етпек?» деген сұрауға жауап іздеу: «Адам техникаға ма, әлде техника адамға ма?» Әрине, техника адамға. Олай болса, «Ғылым философиясы» алдында шешуді керек ететін сан қырлы проблемалар туындауда. Техника логикасы тоқтаусыз, тойымсыз дами бермек, ал адамның ойлау логикасы техниканы қолдан шығармай, оны басқаруды шыңдай беру. Бұл адамзаттың болашағы туралы әлемдік проблема. Міне, бұл, техника философия-сының басты мәселесі.

3.3. Адам философиясы

Адам әлемдегі ең күшті, ақылды, сезімтал, нәзік құбылыс. Қоғамдағы ең күрделі ғажап өзгерістерді жасайтын, әлемдегі барлық тірі жандыларға әмірін жүргізетін табиғат жасамаған заттарды жасап, табиғат

1Ясперс К. Всемирная история философии. – М., 2000. – 113 б.

2Бұл да сонда, 116 б.

190

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]