Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

kishibekov_gylym_kz_2014

.pdf
Скачиваний:
45
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.73 Mб
Скачать

Ғылым тарихы мен философиясы

мәтінде құлаққа жақын, бірақ өмірде қысқа. Ешкімді ойландырмайды, жәй ермек рөлін атқарады.

Ал Батыстан келген, мәтіні де, сөзі де жоқ, тек ауқымдаған музыка адамдары ешнәрсе ойламайтын, тобырға айналдыруда. Мұндай музыка жақсы менен жаманды, тазалық пен арамды, адамгершілік пен ұятсыздықты, азаматтық пен жауыздықты ажырата да алмайтындай етеді, адам санасын уландырады. Мінезін, ырқын ыдыратады. Ақылы толыспаған жастарды талай сұмдықтардан сақтануды ұмыттырады.

Музыкамен адамды қуантуға да, жылатуға да, жігерлендіруге де, мүсәпір етуге де болады. Олай болса, музыка әсері сөзден кем емес, екеуі де психикаға (жанға), бірі тікелей бірі сол арқылы санаға әсер етеді. Идеология күші рухани құрал. Оны ғылыми тұрғыда қоғам прогресі үшін пайдалану өмір талабы.

Тек ақшаға, пайда табуға негізделген идеологияда тұрақты жанқиярлық бірлік болмайды. Тұтастықтың негізі тереңде.

Жаңадан жауапты үлкен қызметке тағайындалған кадрлардың «Ант» беру рәсімі Тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келеді. Бұл өте маңызды, бір жағынан салтанатты, екінші жағынан жауапты бастама. Мәселен, ол антта мынадай сөздер бар: «Қазақстан Республикасының халқымен Президент алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасы экономикалық және рухани дамыту ісіне барша күшжігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әрекеттілік, азаматтық пен ұлтаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты ант етемін». Бұл берілген азаматтық серт, адал болудың шыңы, ауқымы кең, мазмұны терең. Оны берген адам сол сертін

151

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

бұзса ше, онда не болмақ? Ант берген соң, сол антты бұзсам мен онда азамат емеспін, екі жүзді сатқынмын. Сондықтан маған не жаза берсеңдер де ризамын, басымды беруге даярмын деген сөз керек. Айтылмаса да солай және ол уақытша емес, тұрақты болу керек. Дүниеде бәрі өзгереді, қызмет те, дәреже де. Бірақ, берілген «Ант» өмір бойы қай қызметке ауыссаң да күшін жоймай, сақталуы керек, егер өзі жолдан тайып, антын бұзбаса. Сонда ғана, берілген анттың маңызы көтеріледі. Берген антын бұзбаған адамды қай жұмысқа да тағайындауға болады деген ұғым қалыптасуы қажет. Сонда анттың идеологиялық мәні ашылады. Егемендік алғалы талай адамдар қызмет бабында не жоғарылап, не басқа жұмысқа ауысып та жатты. Кейбіреулері сатқындық та жасады. Солардың бәрі кезінде халық алдында Президентке ант берді. Олай болса, сол антсыздар, антты бұзғандығы үшін неге әшкереленбейді? Бұл, әрине, ойланатын мәселе. Ант беру жәй ғана уәде беру болмау керек. Берілген ант кадр басқа жұмысқа ауысса да күшін сақтауы тиіс. Антты бұзған адам ешқандай қызметке ұсынылмауы тиіс. Өйткені, ант берген адам мемлекеттік басқару номенклатурасына енеді. Оны қадағалайтын мемлекеттік дәрежедегі саяси партия болуы тиіс. Әрбір басшылық орындағы партия мүшесі болған адам тиісті бағаны алдымен партиядан алғаны жөн болар еді демекпіз. Біз мәселені «Ант» беруден бастадық. Әрине, бұл жоғары орында отырғандарға арналған. Адам қандай қызметте болмасын, мейлі чиновник, мейлі шығармашылық (жазушы, ғалым, өнер адамы, оқытушы), дәрігер, халыққа қызмет ететін салада болғасын, сол бастаушы партияға мүше болған болса, онда ол алдымен сол партия ұстамына адал болу керек. Ол адам партияға не үшін кірді? Әрине белгілі мақсат үшін. Біреулер қызмет карьері үшін. Сол арқылы қызметте жоғарылаймын деп ойлайтындар да бар. Ол да шындық. Енді біреулер партия арқылы қоғамға,

152

Ғылым тарихы мен философиясы

мемлекетімізге адал қызмет етіп, оның беделін арттырсам дейді. Ондай адамдар қызмет карьерасын іздемейді, тапсырған жұмысын таза еңбегімен ақтайды. Сол арқылы Отанға қызмет етеді. Міне, мені көрдіңдер ме демейді, мақтауды да керек етпейді. Партия мүшелерінің басым көпшілігі солар. Партия сондайларға, ал мемлекет – саяси партияға сүйенеді. Қоғамдағы ең нашар әдет – қызметке түрлі тамыр-таныстықпен орналасу. Партия осы жағдайды көзден сырт қалдырмауы тиіс. Өйткені партияның адам тәрбиелеуден, қоғам тәртібін нығайтудан, қабылданған бағдарды орындауға елді жұмылдырудан басқа мақсаты жоқ. Бұл идеологиялық басшылық. Әрбір адам алдымен өзін-өзі тәрбиелемейінше, басқаға сөзі өтпейді, өнеге бола алмайды. Бұл өте қиын жұмыс. Адам өзімен-өзі іштей өмір бойы күреседі. Жақсы болудың жолы көп, ол қалыпқа салған дайын модель емес, көп түрлі, бірақ мәні біреу – адамгершілік. Негізі идеология.

Өндірістік, не сауда қатынастық талап болмағандықтан ертедегі Үнді елінде алғашқы мәдени, алғы ғылым бастамалары (б.з.д. ІІ-І мың жылдықтарда) өркендеп дами алмады. Оның орнына мифологиялық-діни ойлар адамның ішкі дүниесіне, соның психикалық ерекшеліктеріне мән беріп, рахаттан гөрі азапқа дайын болуды алға қойып қоғамның санасын сыңар жақты бағытта дамытты. Мұның да өзіндік себептері болды. Өйткені, ақыл-ой еш уақытта тоқтамақ емес. Мәселе, оның қалай дамуында ертедегі Үнді діни идеологиясы мен философиясы көбінесе аскеттік өмірді жайдарлықтан жоғары қойғанға ұқсайды. Оған дәлел Буддизм дінінің негізін салған Сиддхартха Гаутама алғашқы да үй-жайын тастап, талай жыл орманда жападан жалғыз өмір сүрген. Неміс философы Фридрих Ницшеге де сірә осындай психология әсер еткен болса керек. Өйткені, оның көбірек пайдаланып қайталанғандары ертедегі Таяу Шығыста тараған Заратустра (Зәрдеш) діні болатын. Жалпы

153

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

аскеттік тұрмысты дәріптеген идеология үнділердің джайнизм дінінде де болатын.

Экономикалық, өндірістік, сауда қатынастары дәрежесінде болмаса да көшпелі бабаларымыз идеологиясы аскеттік емес, ауыз-әдебиетін, адамгершілік, азаматтық сананы дамытты, қоғамдық қатынастар осы бағытта ерекше дамыды. Ол да тарихтан белгілі.

154

Ғылым тарихы мен философиясы

3. ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ

Философия оймен жүргізілетін ілім. Ол болған оқиғаларды тізбектеп, іріктеп жазып, соның соңында жүретін ғылым емес. Ол фактыларды билейтін, талдайтын, жан-жаққа жүгіртетін, өткен жағдайды талқылап, дұрысбұрысын ажырататын, содан қорытынды жасайтын ілім. Айталық ғылымда не болып жатыр, ол қалай дамуда, қандай жетістіктер бар, оның ескерілмей қалған жақтары барма, міне осындай ғылым философиясының қарастыратын мәселесі. Әрбір ғылым өзінің логикасы бойынша дамиды, ол неге алып келеді, әрбір ғылымдағы жаңалықтың нәтижесі неде, ол мәселеге ғалым көп жағдайда мән бере бермейді. Ғылым логикасы ғалымды кейде өзіне жетелеп әкетеді. Әрбір ғылымның зерттейтін өз проблемасы, шеңбері бар. Ол сонымен айналысады, басқа ғалымдар зерттеп отырған өзекті мәселелер оның өзіне, зерттеулеріне байланысты болмаса, араласпайды. Осы сияқты мәселелерге араласып, онымен айналысатын тек философия. Мәселен атомды физиктер де, химиктер де зерттейді. Әрқайсысының өзіндік зерттеу объектісі бар, бірін-бірі қайталамайды. Айталық физиктер атом қозғалысын, оның ішіндегі бөлшектерін, солардың энергиясын, оларды қалай пайдалануға болатынын зерттесе, химиктер сол атомдар мен молекулалардың өзгеруі, көбеюі, азаюы арқылы бір заттың өзгеріп, басқа заттың пайда болуы немесе химиялық элементтердің бір-біріне айналуы т.с.с. мәселелер қаралады. Бірақ, мақсат физика мен химия арақатынасын алшақтатуда емес, жақындатып, бір заттың өзін әр тұрғыдан қарап, объектіні терең жан-жақты білуде. Басқа ғылымдарға да соны айтуға болады. Мәселен, геологияның физикаға да, химияға да, биологияға да, тарихқа да тікелей қатысы бар. Бірақ, олар бірін-бірі қайталамай өз алдына дамиды. Философ осы мәселелерді бақылап, біліп қана қоймай ғылымдар

155

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

байланыстары мен ерекшеліктерін, даму жолдарын, қоғамға тиімді жақтарын саралап, бағалайды, пікір айтады, дұрыс-бұрысын анықтайды. Бұл, әрине, қиын болса да ғылымның философиялық программаларына жатады. Мәселен, тарих ғылымы, оның ішінде археологияны алайық. Жиналған түрлі тарихи материалдар, әсіресе археологиялық қазбалар, қазір өте көп. Бірақ, сол материалдар көбіне бір тектес (қыш, метал, тастан жасалған, тарихи мерзімдері де бір шама, біздің заманымызға дейінгі кем дегенде 2-3 мың жылдықты ғана қамтиды. Одан әрі не болды, оны айтып жүрген тарихшылар көрінбейді. Айтса басқалар айтып жатыр. Археологиялық материалдарды терең талдап, дәуірлерін анықтап, тәртіпке келтіру жағы жоқтың қасы. Геолог барлық минералдарды жинап, көрмеге қойса, одан ол да минералогия ғылымы болмайтыны сияқты, археологиялық материалдар қанша құнды болса да, ол тарихты анықтап жазуға ғылыми тірек бола алмайды. Оларды жан-жақты реттеу, дәуірлерін анықтау, сөйлету қажет. Одан соң, біздің тарихшыларымызда өзіндік батылдық байқалмайды. Батыс ғалымдарының біз жөніндегі айтқандарына жүгініп, сілтеме жасайды, сүйенеді. Батыстықтар біздің тарихымызды біздей білер ме екен? Онымен тарихшыларымыздың жұмысы жоқ. Батыс ғалымдарының қатесін қайталайды. Бір-екі мысал келтірейік. Барлық тарихшылар, Батыс ғалымдарының айтқанына сүйеніп, алғашқы заманда аң аулаудан кейін, жер шаруашылығы пайда болды. Ал мал шаруашылығы одан кейін дүниеге келді дейді. Тіпті тарихта таза мал шаруашылығы болған жоқ дейтіндер басып барады. Әрине, соңғы екі-үш мың жылдықта солай болғаны рас. Ал одан әрі де ше? Бұл шындыққа жатпайтын, логикаға қайшы пікір. Біз оны еңбектерімізде талай дәлелдеп жаздық. Бірақ оған құлақ қойған тарихшы жоқ. Батыс ел мамандары әрбір тілдің тарихы 2 мың жыл деп жазып жүр.

156

Ғылым тарихы мен философиясы

Бұл пікір Қазақстан тарихында да қайталанады. Екі мың жылда тіл де, басқа да өзгереді. Ал бұдан 40-50 мың жыл бұрын өмір сүріп, кейін бірінен-бірі алшақтап, қол үзіп кеткен этностарда ортақ сөздер болуы, олардың әлі күнге дейін кейінгі ұрпақтарында сақталуын не деп түсіндіреміз? Мәселен американ үндістері мен қазіргі қазақтар арасындағы ұқсас ұғымдар. Сондай-ақ, Гренландия эскимостары мен кейбір біздің тілімізге ұқсас сөздер. Біз неге Африка негрлері мен қазақтар арасында ұқсастық сөздер бар демейміз. Өйткені ол жоқ. Бұл не сонда? Қазақ ертектерінде ыңғай аңшылық кәсібі айтылады. Жермен айналысып, егін егу кездестірілмейді. Тек соңғы кездерге байланысты болмаса. Міне бұл да тарих ғылымының философиялық проблемасы. Осыларды кім терең зерттеп, тарихымызды жетілдіреді. Проблема көп. Тарихымызды жазу ұлттық мүдде. Бірақ оған өреміз жете береме?Жетеді, тек ауқымдылық керек.

Ал, енді, «ғылым философиясына» келмек болсақ, онда басты мәселе – ол ғылымның қоғамдағы атқарып жатқан рөлі. Оның өндіріспен байланысы, жетістіктері мен кемістіктері, олқылықтары. Атағы бар ғалымдар баршылық, ал олардың, ғылымға қосқан үлесі ше? Техникалық оқу орындарында ондай ғылымдарға жататын математика, физика, химия, геология, информатика, техника, экология т.б. Бұл ғылымдарды техникалық оқу орындарында бакалавраттардан бастап, бәрі оқиды. Бұл қандай ғылымдар, нені зерттейді, қашан ғылым болып қалыптасты, ірі өкілдері кімдер? Оны білмейінше, сол ғылымның маманы бола алмайды. Одан әрі, сол ғылымға еңбек ету, тер төгу, мүмкін болса дамыту. Ал философтың мақсаты, ол әлгі жеке ғылымдар емес, сол ғылымдарға байланысты дүниетанымдық, методологиялық мәселелер. Сондай-ақ әлгі ғылымдардың атқаратын рөлі, қоғамдық өмірмен байланысты. Мәселен, кезінде техника ғылымдары философиясымен неміс философтары Мартин Хайдеггер,

157

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

Карл Ясперс айналысқан болатын. Олар техниканың адам еңбегін жеңілдетудегі, өнімділігін арттырудағы тиімді рөлін атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, оның адам тұрмысын жақсарту, табиғаттан алатын құндылықтарды арттыру, оның табиғатқа бағыныштылығын азайтудағы рөлін жан-жақты көрсетіп берді. Бұл бір. Екіншіден техниканың адам өміріне, денсаулығына, қоғамның болашақ дамуына зиянды әсерін де айтқан болатын.

Мәселен, Карл Ясперс «Техниканың мәні адамды табиғат үстемдігінен босату» десе, Мартин Хайдеггер: «Техниканың адамға тигізер қаупі, алдымен адамның өмір сүруін жоюы емес, керісінше оның мәнін өзгертуде»1 деп жазды. Бұл шынында солай. Техникаға сүйеніп алған адам, табиғатқа тән жаяу жүруден, қара күшін қолданып еңбекпен айналысудан, оймен есеп шығарудан, талдау, қорытынды жасау, пікір айтудан қалып, тірі роботқа айналып барады. Бұл жәй сөз емес, сұмдық. Олай болса, бұған қарсы бөгет болатын әрекеттер бар ма? Әрине бар. Алдымен, адамдар денсаулығын сақтайтын спортпен айналысу, спорт кешендерін көбейту. Одан соң адамдар бос уақытын мәдени саябақта, сондай-ақ пайдалы жерлерде өткізуді зеріктірмейтін, ойын қозғап, санасын оятатын, еңбектер шығару т.б.

Айталық қазіргі ғылыми техникалық прогресс адам өміріне, көптеген жеңілдік әкелді. Техника уақытты үнемдеді. Көп уақыт керек ететін есептеу жұмыстарын компьютер арқылы оңай және тез орындайын болды. Радио, теледидар, газет, журналдар әлемде, елде болып жатқан жаңалықтарды тез таратып, дәлме-дәл сол сәтте тыңдап, көріп, адамдарды көп нәрседен хабардар етті. Бірақ ақпарат құралдары тек хабар ғана бермейді, түсіндіреді,

1 Философия Мартина Хайдеггера «Современность». Сборник статей.

М. «Наука» 1991, с. 143.

158

Ғылым тарихы мен философиясы

талдап, қорытады. Сондықтан адамдар бұл жағынан да хабарды өлшеп-пішуден қалып барады. Өздігінен ойлаудан гөрі, дайын пікірді қабылдайды. Нәтижесінде адамдар хабарды талқылап, ойлаудың орнына, дайын информацияны өзінікіндей көретін болуда. Бұл неге әкеледі? Бәрі түсінікті, бәрі айқын, басқамен ой бөлісудің еш қажеті жоқ. Оның ойы да сенікіндей. Тіпті адамдар екеу-ара ой бөлісуден, әңгімелесуден де қалып барады. Бірін-бірі іздемейді. Әркім өзімен-өзі, ақылды, есі дұрыс, білімі бар, маман. Бірақ адамға тән, қажет әңгіме-дүкен құру ше?. Біз бұрын жақсы әңгіме жан азығы деуші едік. Антик философы Эпикур де осылай деген. Енді ол да керексіз болуда. Тарихты талдайтын, болашақты ойлайтын адамдар сиреп, азайып барады. Бәрі дайын, пікірді де ресми орындардан күтеді. Осының бәрі ненің салдары? Техникалық прогрестің.

Міне, бұл алдымен өмір философиясы, техниканың, ғылыми прогресс нәтижесі. Осыларды ойлау ғылым философиясына жатады. Біз қазір адамның рухани бейнесін айтып отырмыз. Ал адамның түр, сипаты ше? Ол да қазір проблема. Әлемде адамдар етженділіктен құтыла алмай, әуреге түсуде. Неге олай? Жейтін тағам калориясы тіршілікке, өмірге жеткілікті.

Денеге жиналған артық салмақ, адамды шаршатыш, еріншек етеді. Денсаулық, қан айналымы бұзылады. Бұл не сонда? Әрине, философиялық проблема. Ал енді химияға келейік. Қазір химияның өмірде араласпайтын саласы қалмады. Техника, ауыл шаруашылығы, киетін киімнен бастап, үй жарақтарына дейін, бәріне де химия араласуда. Бұл да жеңілдік. Сәнділік, молшылық. Енді химия ас-тағамға да араласуда. Таза ет, таза май, сүт, нан, бәрінде де химия бар. Тіпті жеміс-жидекке дейін химия араласқан. Қазір таза тағам, таза су, таза ауа бәрі проблема. ХХ ғасырдың 70 жылдарында ЮНЕСКО «Курьер» атты

159

Д. Кішібеков, Т. Кішібеков

журнал шығатын, әртүрлі проблемаларға арналған. Сол журналдың бір нөмірі азық-түлікке арналған болатын. Сонда былай делінген. Таза тағам жеп, таза су ішіп, таза ауа жұтуы үшін, жер бетінде бір миллиард қана адам өмір сүруі керек екен. Бұл халық саны мөлшері планетамызда 1830 жылы болған. Арада 100 жыл өткенде ол 2 млрдқа жетті. Бұл 1930 жыл болатын. Қазір жер бетіндегі адам саны қанша екені белгісіз. Алты миллиардқа ХХ ғасыр аяғында толған болатын. Көптеген ғалымдар есебі бойынша біздің планетамыз 12 млрд-қа дейінгі адамдарды асырай алады екен. Міне осы жағдайда химиясыз қалай өмір сүруге болады? Бұл әлемде тыныштық, бейбітшілік болғанның өзінде, нәтиже басқаша болса не болмақ? Міне, осының бәрі философиялық проблема. Барлық ғылымдар, өз логикасымен жүріп, дамуда. Ал осындай өмір процесіне пікір айтатын – ғылым философиясы. Бұл да жаңа жағдайға сай көтеріліп отырған проблема.

Бұрынғы кеңес кезімен салыстырғанда, егемен Қазақстанда ғылымға қаржы мол бөлінуде. Бірақ, сол ғылымның қоғамға беретін қайтарымы онша байқалмайды. Бұрын ғылым штабы болатын. Ол әрбір ғылым саласында не істеліп жатыр, нендей проблемаға аса көңіл бөлу керек, соған мән берілетін. Ондай академиялық жүйе өте ауыр, баяу болған соң, қазір ғылыми жаңалық пен өндірістік өнім нәтижесі жылдамдасын деп бұрынғы ауыр жолдан жаңаға көштік. Бірақ бұл жаңалықтың да шешілмеген жақтары бар. Айталық ғылымға көп қаржы бөлінеді дедік. Ал сол теңгені игеру үшін әрбір ғылыми орындар, жеке адамдар нәтижесі әзірше белгісіз болса да, жоғарыға ұсынысын өткізіп, қаржы алады. Кейде авторлар ұсыныс айтады, ал оны орындайтын мүмкіндік бар ма? Не істемек, жұмысты қалай бастамақ, барлық объективтік, субъективтік факторлық жағдай ескерілді ме? Ол жағы проблема. Мәселен біреу «Айға» саты жасаймын, қаржы бөл деп,

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]