Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_azbuki.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Алғашқы медициналық көмек.

Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары:

Алғашқы медициналық көмек көрсету:

  • Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);

  • Зардап кезеңдерін анықтау;

  • Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;

  • Талаптарға сай көмек көрсету.

Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.

Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.

Керек:

  • Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;

  • жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса – реанимацияны бастау қажет.

  • қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.

  • ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.

Болмайды:

  • қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;

  • күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;

  • іші ауырған кезде су беруге.

Қатты қан кету

Керек:

  • зақымданған тамырды қолмен қысу;

  • зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;

  • қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.

Естен танып қалу

Керек:

  • зардап шегушіні арқасымен жатқызу;

  • жағасын, белін босату (шешу);

  • қолын, арқасын, кеудесін спиртпен, арақпен, одекалонмен сүрту;

  • ыстық суға батырылған матаны маңдайына қою;

  • нашатыр спиртін иіскету.

Болмайды:

  • ауыстыруға, көтеруге, отырғызуға;

  • басын салқын матамен орауға.

Аяқ-қол саусақтарының сынуы

Керек:

  • таяқ, қамыс бөлігін қойып, орап тастау;

  • сынған қолды немесе аяқты жоғары көтері тастау;

  • салқын компресс қою;

  • ауруды бәсеңдететің таблетка беру.

Болмайды:

  • сынған сүйекті дұрыстаймын деп тырысуға;

  • сүйек шығып тұрған жерге таяқшалар қоюға;

  • керек емес жағдайда киімін және аяқ киімін шешуге.

Жүректің қатты ауыруы

Керек:

  • отыру немесе жату;

  • валидол немесе интроглицерин таблеткасын тілдің астына қою.

Болмайды:

*дене қозғалысын қажет ететін жұмыстарды істеуге;

дәрі қабылдамастан ауруды жеңуге тырысуға.

Іштің қатты ауыруы

Керек:

  • жату;

  • ішке салқын нәрсе қою.

Болмайды:

  • ішке жылы нәрсе қоюға;

  • клизма жасауға;

  • су ішуге;

  • ауруды қойғызатын шараларды қолдануға.

Бастың қатты ауыруы

Керек:

  • отыру немесе жату;

  • бас аурудың таблеткасын ішу

Болмайды:

  • басты жылы орауға;

  • наркотик, седуксен, эленциум және т.б. транквилизаторларды қыбылдыуға.

Жара

Кекрек:

  • жараның жан-жағын иодпен немесе спиртпен сүрту;

  • стерильді таңғыш қою;

  • зақымданған аяқ-қол сүйектерін байқау.

Болмайды:

  • қолмен жарақатты сүйеуге;

  • жарақаттағы ұқыпты байланған шүберекті қозғауға.

Тынысты тоқтатуға:

Керек:

  • жарақаттанушының басын артқа шалқайту;

  • төменгі иектерді саусақтармен тарту;

  • жарақаттанушының аузына терең дем жіберу және шығару

  • минутына 12-14 рет терең дем шығарып тұру.

Жүрекке сырттан массаж жасау:

Керек:

  • жараққаттанушыны арқамен сүйеу;

  • жарақаттанушының кеудесіне алақаныңды айқастыра қою;

  • кеудеге 3-4см төменірек 3-4 ретмикалық серпіліс жасау;

  • әр 15-30 секунд сайын жарақаттанушының аузына дем жіберу;

  • массажды минутына 50-60 ритімде жалғастыру;

  • жарақаттанушы өз-өзіне келгенше массажды тоқтатпау.

Жылы ( күннің) соққы.

Жылы күннің соққысы көп таралған апатты жерлерде өте қауіпті. Жылудан жарақаттанушының белгілері минутына 100 және одан да көп жүрек соққыларының жиілеуі, тері қабатының қызару, әсіресе бет, бас соққысының ұстауы, лоқсу, жүрек айнуы мүмкін. Құлақ шуы, бас айналу, ұйқышылдық пайда болады. Дене температурасы 40-41 көтерілуі мүмкін. Өте қауіпті жағдайда жарақаттанушы есінен танады.

Керек:

Жылы және күннің соқысынан күдіктенген жағдайда жарақаттанушыны көлеңкеге апарып киімін шешу, су шашып, шашықпен немесе киіммен желпуді неғұрлым жиілету керек. (көлеңке жоқ жағдайда қалың киіммен басын көлеңкелеп, өз көлеңкесімен кеудесін міндетті түрде жабу керек). Жарақаттанушыны, жеткілікті мөлшерде сусындату керек. Кеуде, басқа суық сумен компрресс жасауды да ұмыттпауға тиіс. Кез-келген жағдайдашара қолдануға дайын болуы керек (жасаны тыныс алдыру, жүрек массажы).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]