Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

7.Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз

Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. 

Тұлға теориялары ол мінез-құлықтың жалпы теориясы болып табылады бейсаналы мен саналы мінез-құлықтың детерминанттарын ашады. Барлык тұлға теориялар соншалықты көп болса соншалықты әртүрлі, қазіргі психологияда тұлға теорияларын бірнеше кластерлерге бөледі:

  • бірінші кластер Адлер, Фромм, Хорни, Меррей, Салливан әлеуметтік теориялардың функционалистік теориялары;

  • екінші кластер Фрейд, Адлер, Юнг даму тұрғысынан тұлғаньң құрылымдары мен бейсаналы комплекстері;

  • үшінші кластер Ангьял, Гольдштейн, Роджерс туа берілген организменді өзіндік маңыздану;

  • төртінші кластер Адлер, Фрейд, Меррей, Салливан әлеуметтік қоршағандармен өзара әрекеттегі үздіксіз даму;

  • бесінші кластер Оллпорт, Кэттелл, Адлер, Фрейд, Юнг, Шелдон тұлғаның конституционалды құрылымдары.

Психодинамикалық теория типіне К.Левиновтің формуламен берілген символикалық түсініктік типі жатады: В = F (Р,Е). В- мінезді, F-функциональдық  тәуелділік белгіні, Р-тұлғаның ішкі субъективті психологиялық қасиетін, Е- әлеуметтік ортасы дегенді білдіретін шартты белгілер болып табылады. Психодинамикалық теорияның символикалық көрінісі мынадай болады:

В = Ғ (Р)

  • Мұнда мінез психологиялық қасиеттен шығарылып тасталды. Ол толығымен олардың негізінде түсіндіріледі.

  • Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде  В = Ғ (Е)  берілді.

  •  Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).

  •  Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.

  • Экспериментальді емес теория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.

  • Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.

  • Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.

Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.

Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс - әрекет сияқты.

Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінез белгілеп, оны бірнеше мынадай, топқа бөледі:

  • 1.Адам қабілеті.

  • 2.Когнетивті стротегиясы.

  • 3.Кітетіні.

  • 4.Құндылығы.

  • 5.Мінез жоспары.

Тұлға теориясын жасауда  американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.

  • 1.Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.

  • 2.2-3 жас арасында болатын күмән мен ұят.

  • 3.3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.

  • 4.Еңбек қорлық және  оған қарсы толық мәнде болмаушылық.

  • 5.12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі   мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.

  • 6.20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға  араласушылығы мен оған қарсы мәндері.

  • 7.30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.

  • 8.60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]