- •1.Психология пәні, мақсаты,міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
- •2.Психологияның даму тарихын кесте түрінде бейнелеңіз
- •XVII-XIX ғ. Психология
- •3.Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз
- •4.Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •5.Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңіз
- •6.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз
- •7.Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз
- •8.Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз
- •3. Вибрациялық туйсікте
- •9.Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз
- •10.Түйсiктердiң қандай негізге сүйеніп жiктелетінін атаңыз
- •11.Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз
- •12.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
- •13.Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз
- •14.Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •15.Естің түрлері мен процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз
- •16.Естің психологиялық теорияларын анықтаңыз
- •17.Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуын сипаттаңыз
- •18.Есте сақтау мен жаттау ережелерін сипаттаңыз
- •19.Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз
- •20.Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22.Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдаңы
- •23.Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28.Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31.Эмоцияның негiзгi қызметтерiне талдаңыз
- •32Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз
- •33.Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз
- •34Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз
- •35.Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз
- •36.Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз
- •40.Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз
- •41. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •42. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •43. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •44. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •45. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •46.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •48. Кәсіби маманы болуда қажетті қабілеттің түрін талдаңыз.
- •49.Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз
- •50.Өмір қиындықтарын жеңуде көмектесетін тұлғалық еріктік сапаларды қарастырыңыз
- •51.«Психология мен өз мамандығыңыздың байланысы» тақырыбында эссе құрыңыз
- •52.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз
- •53.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы болжам жасаңыз
- •54.«XXI ғасыр - психология ғасыры» тақырыбын талдаңыз
- •55.Мінездің өзгеруіне себеп болатын факторларды анықтаңыз
- •56.Логикалық ойлауды дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қарастырыңыз
- •57.Болашақта өз кәсібіңізде пайдалана алатын психологиялық білімдерді түсіндіріңіз
- •58.Өзіңіздің студенттік тобыңызға психологиялық мінездеме беріңіз
- •59.Адам қабілеттерін дамыту жолдары туралы баяндаңыз
- •60.Тұлғалық даму деңгейлеріңізге сызба құрыңыз
- •Тұлға дамуының кезеңдері (э.Эриксон бойынша)
46.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенедi:1)Гипертимдi тип- анық жест, мимикалары болады.сөзге құмар қарым-қатынасқа бейiм, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзiнiң отбасылық қоғамдық мiндеттерiне қалай болса солай қарағандықтан адамдармен конфликтiге тез түседi, конфликтiнi өзi бастайды. Оптимист, энергиясы мол, iс-әрекеттi сүйедi. Бiрақ жеңiлтек, аморальды әрекеттердi жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттерi бар, жалғыздық пен қатал тәртiптi қиын көтередi. 2)Дистимдi тип- пессимистi көңiл-күйдi, аз сөйлегiш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмiр сүредi. Конфликтiге түспейдi. Онымен достасатын адамдарды бағалап, тiптi оларға бағынады. Әдiл, байсалды, баяу ойлайды, бiрақ тиянақты.3)Циклоидты тип-көңiл-күйi тез өзгередi, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелi болып келедi. Көңiл-күйi жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседi, төмен болғанда тұйық болады.4)Қозғыш тип- вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, контактiлiгi төмен, конфликтiге бейiм, көңiлсiз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, коллективте бiрге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, өз әрекеттерiн қадағаламайды,жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйедi. 5)Тежелгiш тип- сөйлемейдi, басқаларды үйретедi. Конфликтiде белсендi роль атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзiне үлкен талаптар қояды. Ренжiгiш, сезiмтал, өш алғыш, өзiне тым сенiмдi, қызғаншақ, ар ұяты мол.6)Педантты тип- конфликтiде енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлiктi кейде басқаларға да бередi. Өзiнiң тазалықты сүйюiмен үйдегiлердi де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйедi, жұмыста сенiмдi, бiрақ конфликтiде ұрысқақ. 7)Уайымшыл тип- ұялшақ, өзiне сенiмсiз, конфликтiге аз түседi, енжар болады. Басқалардан көмек iздейдi. Достықты бағалайды, өзiн-өзi көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергiш. 8)Эмотивтi тип- жарты сөзден ақ бiрiн бiрi түсiнетiн адамдар тобынан құралады. Ренжiсе оны iшiнде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершiлiк, орындаушылық қасиеттерi бар, бiрақ жылығыш, тым сезiмтал жан.9)Демонстративтi тип- байланысты жеңiл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеушi мен лидерлiкке талпынады, өзiнiң өзiне-өзi сенiмдiлiгiмен адамдарға ұнамайды. Конфликтiнi өзi тудырып, өзiн өзi қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бiрақ эгоист, мақтаншақ, жұмыстан қашады, екiжүздi. 10)Экзалтацияланған тип- контактiге түсуi өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бiрақ конфликтiге жеткiзбейдi, конфликт кезiнде белсендi, әрi енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңiл бөледi. Талғамы жақсы, шын сезiмге бейiм. Көңiл-күйi тез өзгергiш.11)Экстравертивтi тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлi нәрселер жайлы сөйлесе бередi, достары мен жақындарына лидерлiктi бередi. Олардан бiр нәрсе сұраса соны орындайды,зейiн қойып тыңдайды, бiрақ жеңiлтек. Басқалардың әсерiне бейiм, ойланбай бiр нәрсе iстей салады, әңгiме айтып отыруға бейiм, ойланбай көп нәрсе жасайды. Көңiлдi уақыт өткiзуге құмар. 12)Интравертивтi тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейiм, жалғыздықты сүйедi, тек өз өмiрiне басқа бiреу кiрiскенде ғана конфликтiге түседi. өстамды, принциптерi көп, қатал сенiмдерi мен көзқарастары болады. Бiрақ бiрбеткей, өз идеяларын дәлелдегiш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей бередi.