Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

42. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз

Мінез иесі болып табылатын жеке адам - қоғамның мүшесі, ол қоғамда түрлі қарым-қатынасқа түсіп отырады. Қоғамның мүшесі ол таптық қоғамда - таптың өкілі бола отырып, жеке адам қоғамның, таптың басқа мүшелері сияқты белгілі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға тәуелді болды. Мұндай жағдайлар мінездің жалпы типтік бітістерін қалыптастырады. Адамдар мен нақты адам мінезіндегі типтік бітістер - дәуір мен таптың әлеуметтік өміріндегі маңызды жайттарды бейнелендіреді. Олай болса, типтік мінезді белгілі адамдар ортақ басты-басты бітістер деп ұғынған дұрыс. Мұндай негізгі бітістер өмірдің жалпы жақтарын бейнелендіреді және сол топтағы адамдарда кай-қайсында болмасын азды-көпті көрініс береді. Сӛйтіп, типтілік бір жағынан, нақты адамның даралығын, екінші жағынан, сол адам экономикалық, саяси және мәдени байланысқа түсетін басқа адамдарды да сипаттайды. Мәселен белгілі бір ұлттың адамдары сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан ӛмір сүру жағдайлары мен ұлттың, тұрмыстың өзіндік ерекшеліктерінен нәр алады, ұлттық тіл мен мәдениет ықпалымен дамиды. Сондықтан да бір ұлттың адамдары өздерінің түрмыс салты, әдет ғұрпы, мінезбітістері жагынан басқа ұлт өкілдерінен ерекшеленіп тұрады. Бірақ ұлттың өмір сүру жағдайлары өзгерген кездерде - ұлттық мінездегі типтік бітістер де өзгеріске түсіп отырады. Типтік мінез бітістерінің ұлттық ӛзгешеліктерімен катар тап ӛкілдерініңкүресі мен ӛмірін бейнелейтін типтік мінездің ерекшеліктері туралы да айтылуы қажет. Ӛмір сүрудің жалпы экономикалық, саяси және мәдени жақтарымен қатарадамның мінез-құлқына сәуле түсіретін оның іс-әрекетінің жалпы жақтарын даестен шығармауымыз тиіс. Осы айтылғандармен катар адамның табиғи құрылымында да мәселен, жоғары жүйке қызметінің де типтік ерекшеліктерінде ортақ белгілер кездеседі. Типтік және мінез типтері. Адам ӛмірінің типтік жағдайларынбейнелейтін ерекше, елеулі типтік бітістердің жиынтығы мінез типін құрайды.Әр әлеуметтік дәуір қоғамдық аренаға белгілі типтік мінезді әкеледі. Мінезтиптерінің қай-қайсы да қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына карайӛзгеріске түсіп отырадыМінез типі - біршама тұрақты құрылым, бірақ ол сонымең ӛзгермелі декеледі. Адамның ӛзіне-ӛзінің талап қоя білу деңгейі, қоғам қажеті мен тәрбие,ӛмір жағдайларының ықпалымен мінез типтері дамып және ӛзгеріп жатады.Мінез типтерін зерттеу оларды жіктеуге, олардың қалыптасуы менкӛріністерінің белгілі бір заңды байланыстарына әкеледі. Мұндай жіктеудіңболмауы - жеке типтерді сипаттаудың кездейсоқтығына, үстірт кӛзқарасқасоқтырады да оның теориялық және практикалық мәні елеусіз болады.Психологияда мінезді жіктеуге талай рет талпыныс жасалды. Мәселен,осындай бір жіктеуде мінез типтері адамның ақыл-парасаты, еркі менэмоциясының басымдығына қарай анықтаған. Жеке адамның ішкі және сыртқыдүниеге деген бағытын негізге алған жіктеу кеңірек тараған. Бұл тұрғыданмінез екі типке - интраверттелген (тұйық, ӛзімен ӛзі болып жүретін ойшыл),экстраверттелген (аңқылдақ, белсенді, ақжарқын адам) болып бӛлінеді. Бұлтиптер де шындықты бейнелендіреді, бірақ бұл жіктеулер де бір жақты.Ақырында жеке адамның дербестік дәрежесіне орай типтерге бӛлу де бар.Мұнда типтер конформды және дербес болып бӛлінеді. Мұның біріншісіне -басқа біреудің ой-пікірімен санасқыш, жұрттың айтқанына тез иланып, кӛнеқоятын, айтқан сӛзді сынамай-ақ қабылдайтын, стресс жағдайларына бейімделеалмайтын адамдар жатады. Екінші типке - ӛзіндік нанымы бар дербес пікіржәне нақтылы шешімге келе алатын адамдар кіреді. Осы типтің ӛкілдерібелсенді, қажырлы, қиын жағдайларда асып-саспайтын, ӛз пікірін басқаларғатыңдата алатын, стрестік жағдайларда еңсесі түспейтін кісілер болыптабылады. Жоғарыда аталған жіктеулердің барлығы да бір жақты, бұлардаадамның адамгершіліктік қасиеттері ескерілмеген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]