Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

6.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз

Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды бөліп көрсетеміз: 1) биологиялық тұқымқуалаушылық. 2) Физикалық орта. 3) Мәдениет 4) Топтық тәжірибе. 5) Индивидуалды тәжірибе.

Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі.

Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер физикалық қоршаған ортаға жеке тұлғаның дамуында үлкен роль берді. Атақты социолог П.Сорокин 1928 ж. басылған еңбектерінде Конфуций, Аристотель, Гиппократтан бастап, қазіргі кезеңнің географы Эллиот Хантингтонға дейінгі көптеген ғалымдар теорияларын кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тәртібіндегі топтық ерекшеліктер негізінен ауа-райындағы географиялық ерекшеліктермен табиғи ресурстардағы ерекшеліктерме,н анықталады. Ғалымдардың бұл тобына философ Г.В.Плеханов пен Л.Н.Гумилевті де жатқызамыз. Бұл зерттеушілер жасаған теориялар ұлттық сананы ақтау үшін негіз болып табылады, бірақ жеке тұлғаның дамуына физикалық факторлардың шешуші әсерін ақтай алмайды, шындығында ұқсас физикалық және географиялық жағдайда жеке тұлғаның әртүрлі типтері қалыптасады және керісінше жеке тұлғаның ұқсас топтық белгілері қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында дамиды. Осыған байланысты физикалық орта әлеуметтік топтың мәдени ерекшеліктеріне әсер ете алады., бірақ тұлғаның жеке қалыптасуына әсері шамалы.

Мәдениет. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді.

Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді.

Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік катег.ориясы, жеке тұлға болады. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда болады.

Яғни жеке тұлғалардың қалыптасуына биологиялық факторлары және жеке әлеуметтік топтағы жалпы мәдени үлгі әсер етеді. Сонымен қатар тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық тәжірибе және индивидуалды тәжірибе болып табылады. Бұл факторлар жеке тұлғалардың әлеуметтену процесінде толық бейнеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]