Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

11.Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз

Қабылдау- түсінігі мен қабылдау табиғаты. Заттар мен күбылыстардың өз қасиеті мен бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі түтас түрде бейнеленуі. Белгілі бір заіты сезіп түйсіну қабылдаудың айрықша қасиеті болып табылады. Қабылдау мүмкіндіктері тек сезім тітіркендіргішке жауап беру ғана емес, сонымен қоса белгілі бір заттың сипаты ретінде сезімтал түйсіну болып табылады. Ол сенсорлық жэне қозғалыс аппараттарыньщ жете дамуын болжамдайды. Оның эрекетпен осы байланысы адамда қабылдаудың даму тарихының жолын анықтайды. Бүл ерекше таным әрекеті болып табылады. Мұнда жеке санада пайда болатын бейнені затпен сальтстыру, беттестіру болып табылады.

Қабылдау түрлері. Қабылдауды топтастырудың бірнеше түрі бар. Алғашқы топтастыру рецсптор модальдыгынан шығады. Мүнда есту, көру, сипап сезу қабылдауы болып бөлінеді. Екіншісі материяның өмір сүру формаларына негізделген. Бү_ған заттарды, уақытты, қарым-қатынасты, қозғалысты, кеңістікті жэне адамды кабылдау жатады.

Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да

іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі мүмкін.

Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы, заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы (тұрақтылығы). Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі – заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану.Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да).Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.

Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз.Апперцепция – қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі.Қабылдау тұрақтылығызаттардың шынайы сапаларының (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді.

12.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз

Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.

Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).

Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу түрлерімен ажыралады Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды.

Ерекшеліктері.

1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.

2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады

4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты. Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.

Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау. Кеңістікті және уақытты қабылдау. Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады. Уақытша қабылдау. Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады. Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]