Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

47. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.

Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек.

Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.

Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.

Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi.

Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады.

Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.

48. Кәсіби маманы болуда қажетті қабілеттің түрін талдаңыз.

Қабілет– адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті.

Қабілеттілікті жіктеу:

1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.

2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.

Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білімді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілеттілік.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.

Ал магистранттар болашақ педагогтер болғандықтан, олар аталмыш салада кәсіби маман болуы үшін төмендегідей қабілеттіктерге ие болуы шарт:

Педагогикалық қабілеттер — мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұймыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]