Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

51.«Психология мен өз мамандығыңыздың байланысы» тақырыбында эссе құрыңыз

Психология грек тілінен аударғанда «жан туралы ғылым». Адам мен жануарлардың іс – әрекетінің құрылымын және үдерістерін түсіндіру психология ғылымының негізгі мақсаты болмақ. Психологияның негізгі үш түрі бар:

  • фундаменталды – психологиялық қызметтінің заңдылықтары, қызметтерін көрсетеді;

  • қолданбалы - фундаменталды психологияға сүйене отырып, психикалық қызметтерді шынайы жағдайларда зерттейді;

  • практикалық – психологиялық білімдерді практикада қолданады.

Психология көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Психологияның ғылым салаларымен байланысы (смежный) араласқан түрінің пайда болуына байланысты. Яғни психологияның аталмыш салалары оның заңдылықтарын қолдана отырып, белгілі бір кәсіп ерекшеліктерін зерттейді. Мысалы, жеке тұлға психологиясы психологияның антропологиямен байланысына алып келсе, оның психиатриямен байланысы патопсихология,клиникалық психология,психосоматика, аномалды даму психологиясы, нейробиология, анатомия, орталық жүйке жүйесі физиологиясымен байланыс нейропсихология, психофизиология салалары арқылы, генетикамен психогенетика, дефектологиямен арнайы психология, лингвистикамен психолингвистика арқылы, криминалистикамен жәбірленуші психологиясы салалары арқылы байланыс орнатады.

Туйсінудің өзгеруі тітіркеңдіргіштің өзгеруіне төуелділігі туралы мәселе алғаш рет эксперимент түріңде зерттеген XIX ғасырдың екінші жартысында Германияда физиолог Вебер мен физик Фехнер еді. Көптеген эксперименттің негізінде Вебер түйсінуді сәл ғана байқалатын биіктікке өсіру ушін тітіркендіргіштің күшін биіктікке өзгерту қажет екендігін дәлелдеді. Фехнер Вебердің зерттеуін одан әрі жалғастырды. Тітіркендіргіш пен түйсінудің өзара өзгеруінің арақатынасы туралы өзінің зерттеулерінің қорытыңдыларын Фехнер мынадай формуламен көрсетті: түйсіктер арифметикалық прогрессиямен өзгереді (өседі немесе азаяды), соған сәйкес тітіркендіргіштің өзгерістері геометриялык прогрессиямен іске асады. Осындай формуламен берілген тітіркендіргіштер мен түйсіктердің өзгерістерінің арасыңдағы арақатынасты Вебер-Фехнердің психофизикалық заңы деп атады. Фехнер түйсіну өзгерістерінің және тітіркендіргіштің логарифмы арасыңда тікелей пропорционаддық тәуелділіктің болатындығын дәлелдеді. Сондықтан да Фехнердің психофизиологиялық заңы былай деп беріледі: туйсіну тітіркендіргіш логарифмына пропорционал.  Стивенс заңы — америкалық ғалым Стивенс ашқан формула, түйсік күшін тітіркендіргіштің физикалық қарқындылығының белгілі бір дәрежесімен байланыстырады. Стивенс заңын негіздеу үшін психологиялық-физиологиялық зерттеулердің мәліметтері қатыстырылады. Алайда, әдетте, психофизикалық өлшеулердің нәтижелері индивидуумдық тұрғыдан барынша өзгермелі болатындықтан, бұл заңмен анықталатын дәрежелік төуелділіктің Фехнер заңына қатысты артықшылығын бір мәнде дәлелдеуді қиындатады. (Вебер — Фихнер заңы). Стивенс заңы негізгі психофизикалық (Вебер-Фехнер ) заңының бір варианты, бұл заң стимул мен түйсік күшінің арасындағы қатысты логарифмикалық емес дәрежелік функционалдық тәуелділікпен болжайды: S=K х іn мұнда, S — түйсіктің күші, і — әсер етіп тұрған стимулдың шамасы, және К мен n - константалар (тұрақтылар)

Химия пәнімен психология да ұқсас ғылымдар. Себебі, химия қоршаған орта құбылыстарын түсіндірсе, ал психология адам, жануарлар іс – әрекетін түсіндіреді. Мысалы, адам у беру арқылы өлтірілген делік. Психолог мамандар, не себепті қылмыскер ондайға барды, не итермеледі, оның қылмыскер болып қалыптасуына қандай себеп (ата – ана тәрбиесі, достар, ұстазы) секілді мәселелерді зерттесе. Ал химиктер, өліктің өлген уақытын ағзадағы өткен түрлі биохимиялық үдерітердің нәтижесінде түзілетін заттар мөлшері арқылы, удың құрамын (мышьяк болса, оған тән сапалық реакция арқылы анықтау) зерттеу мәселелерін зерттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]