Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

20.Ойлаудың қасиеттері.

Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi.Түйсiктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерiн көбiне ретсiз кездейсоқ түрде бейнелендiредi. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттерi мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезiмдiк түрде берiлмеген қасиеттерiн, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Кез-келген психикалық процес тәрiздi ойлаудың да өзiндiк параметрлерi - қасиеттерi болады. Осындай ойлаудағы жекедара ерекшелiктердi бiлдiретiн ойлаудың қасиеттерi сан-алуан болады. Солардың iшiнде негiзгiлерi мыналар: Ойдың сыңдылығы – адамның өз және өзге адамның ойларын объективтi бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкiлiктi және жан-жақты тексере алу қабiлетi. Ойлаудың асығыстығы – адам сауалды, мәселенi жан-жақты ойластырып алмай, оның бiр жағын бөлiп алып, асығыс шешiм қабылдауға тырысуы, белгiлi бiр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пiкiрлердi беруi. Ойлаудың тездiгi – адамның жаңа жағдаятты тез түсiне алып, тез ойлау негiзiнде дұрыс шешiм қабылдай алуы. Ойлаудың дербестiгi – адамның жаңа мiндеттердi, мәселелердi шығара алумен және басқа адамдардың көмегiнсiз өзi мәселенiң дұрыс шешiлу жолын табумен сипатталады. Ойлаудың икемдiлiгi – ойлаудың оны шектейтiн жатталып қалған, таптаурын шешу тәсiлдерiнен тәуелсiздiк дәрежесiн бiлдiредi. Ойлаудың тереңдiгi – күрделi сауалдардың мәнiне терең шоғырланып, зерттей алуы. Ойлаудың кеңдiгi дегенiмiз – адамның зерттелетiн сауалдың маңызды жақтарын түсiрмей, тұтас қамтып, талдай алу қабiлетi.

21. Сөйлеудің түрлері

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу дейміз. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі сөйлеудің мазмұндылығы,екіншісі мәнерлілігі делінеді.Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.Сөздің мәнерлілігі дегеніміз адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы,яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Тіл ұғымының да ауқымы кең,ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес ,ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс.Ал сөз сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі.Ол жас балада,ересек,не қарт адамда да ,әртүрлі мамандық иелерінде түрліше көрінеді.Сөйлеу алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып бөлінеді.Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болып,ал ауызша сөйлеудің өзі диалог монолог болып бөлінеді.Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады,ол ойды кең жайып жатуды тілейді.Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді.Тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады.Диалог логикалық жағынан кемдеу болады.Монологтық сөйлеу дегеніміз біа адамның сөзі,яғни баяндамашының,лектордың сөздері ерекшеліктері:Монолог сөз үнемі белгілі жоспарларға сәйкес құрылады және мәнерлі адамға әсер ететін моменттерді көбірек қажет етеді.Ауызша сөйлеуде актив және пассив сөздер болады.Актив сөздер күнбе күнгі жиі қолданылатын сөздер.Пассив сөздер тіліміздегі сирек қолданылатын сөздер. Сөйлеудің ерекше түрі жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі.Ол адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде,ауызша сөйлеудің бңршама дамыған кезінде пайда болады.Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауысталмай ақ сөйлей алушылықты айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]