Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

12. Қазақстан Республикасы мен тмд елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

1991 жылғы 21 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша Алматыда он бір тәуелсіз мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп, тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды. Бұл факті Алматы Декларациясына жазылған. Бұл шешім объективті және жаһандық тенденциялардың логикасын көрсетеді, мемлекеттердің нақты қажеттілігін жалпы сұрақтармен шешу, мәселелерді шешу алдында  өзара назар қызығушылықтар мен әріптестік болу қажет дегенге саяды. Достастық өзінің жұмыс істеу кезеңдерінде үлкен институционалдық эволюциядан өтті, бүгінде 280 миллион адамды құрайтын 12 мемлекетті біріктіріп отыр.

Армения. Қазақстан Республикасы және Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды.

1992 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасында Армения Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.

2007 жылғы 1 наурыздан бастап Армения Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.

2006 жылғы 20 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Бозжігітов болып табылады.

2013 жылғы 22 қазаннан бастап Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Саакян болып табылады. Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы шарт (1993 жылғы 19 қаңтар) және Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шарт екіжақты қарым-қатынастарды реттейтін негізгі құжаттар болып табылады, соңғы құжатқа Армения Республикасының Президенті Р.Кочарянның Қазақстан Республикасына ресми сапары (1999 жылғы 1-2 қыркүйек) барысында қол қойылды.

Әзербайжан. Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды.

Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшісі – А.Жұмабаев (2013 жылдың ақпан айынан бастап).

Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі З.Гашимов (2009 жылдың қыркүйек айынан бастап). Қазақстан-Әзербайжан қатынастары, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2005 жылы мамырда Бакуге жасаған ресми сапарының қорытындысында қол қойылған Стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар туралы шартқа сәйкес дамып келуде.

Беларусия. 1992 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі ашылды. 1997 жылдың 13 шілдесінде Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды. 2012 жылдың ақпан айынан бері Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенұлы Бөлегенов. 2010 жылдың қаңтар айынан бері Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Валерий Анатольевич Брылев. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы қатынастар өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамуда. Екі мемлекеттің ұстанымдары аймақтық және халықаралық мәселелердің көпшілігі бойынша өзара сәйкес келеді. Екі жақты және көп жақты форматтарда, ТМД мен басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы жоғарғы және басқа деңгейлердегі байланыстар нығая түсуде.

Қырғызстан. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнатылды.

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев.

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Эсенгул Касымович Омуралиев.

Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын 150-ден астам құжат құрайды және олардың негізгілері болып 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шарт болып есептеледі.

Молдова. Қазақстан мен Молдова арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 ж. 27 шілдеде орнатылды. Дипломатиялық өкілдіктердің ашылу уақыты – 1994 ж. 27 шілдеде Киев қаласында Қазақстан Республикасының Украина және қосара Молдова Республикасындағы Елшілігі ашылды. Молдова Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі қосара Қазақстан Республикасында өз қызметін атқарады. Қазақстан мен Молдова арасындағы байланыс екі жақты ынымақтастық қатынастарымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар деңгейінде дамуда. Молдова Республикасы Қазақстанның ЕЫҚҰ-да төрағалық ету ұсынысын қолдаған болатын.

Өзбекстан. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды.

Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Бөрібай Биқожаұлы Жексембин (2010 жылғы қаңтардан)

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Алишер Алахитдинович Салахитдинов (2012 жылғы қыркүйектен).

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын 107 құжат құрамындағы кең шарт-құқықтық база құрылды. Негізқалаушы құжаттар: Мәңгілік достық туралы шарт  (31.10.1998ж.) және Стратегиялық әріптестік туралы шарт (14.06.2013 ж.).

Ресей. 1992 жылдың 21 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.  2006 жылдың 12 желтоқсаннан бері Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Николаевич Бочарников.  2014 жылдың 11 ақпаннан бері Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин. Қазақстандық-ресейлік қатынастар әртүрлі салаларда қарқынды дамумен сипатталады. Мемлекет басшыларының ұдайы кездесулері мен келіссөздері Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда жетекші орынды алады.

Тәжікстан. Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 7 қаңтарда орнатылды.

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Ағыбай Дынкенұлы Смағұлов (2011 жылғы мамырдан бастап).

Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Бахром Махмадназарович Холназаров (2007 жылғы тамыздан бастап).

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастар өзара достастық және тату көршілік негізде тиімді түрде нығаюда және барлық салалардағы дамудын жоғары қарқынын көрсетеді.

Қазақстан мен Тәжікстан 70 құжаттан астам құралатын ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын кең шарттық-құқықтық базаға ие.

Түркменстан. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 5 қазанында орнатылды.

Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Орман Кәрімұлы Нұрбаев (2012 жылғы желтоқсаннан бастап).

Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Акмырадов Мактымгулы Кыясович (2010 жылғы ақпаннан бастап).

Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізін 52 құжат құрайды, соның ішінде 1993 жылғы 19 мамырдағы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шарт және 1997 жылғы 27 ақпандағы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация негізгі құжат болып табылады.

Украина. Дипломатиялық қатынастардың орнатылу мерзімі – 22 шілде 1992 жыл. Дипломатиялық өкілдіктердің ашылу мерзімі – 1994 жылдың желтоқсанынан бастап Киев қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі қызмет атқарады;

1994 жылдың мамырынан бері Алматы қаласында және 2001 жылдың қаңтарынан бастап Астана қаласында Украинаның Елшілігі қызмет атқарады. Тіркелген Елшілер: Қазақстан Республикасының Елшісі – Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаев, 2004 жылы 10 ақпанда тағайындалды. Украинаның Елшісі – Николай Федосович Селивон, 2006 жылы 5 қыркүйекте тағайындалды. Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар динамикалық түрде дамуда, сыртқы саяси мекемелері арасындағы және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс–қимылдар сындарлы болып келеді, екі тараптың көптеген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары өзара сәйкес келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]