Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

32. Қазақстан мен Араб елдері арасындағы қатынастарын ашып көрсетіңіз

Қазақстан егемен мемлекет болып жарияланған бастап Араб әлемі елдерімен тең серіктестік қарым- қатынастар орнату саясатын ұстанып отыр. Қазақстан мұсылман дүниесінің бөлігі болып табылатын мемлекет ретінде Таяу Шығыстағы үрдітерді әрдайым қадағалап отыр. Қазақстан мен АЕЛ (Араб Елдері Лигасы) арасында орнаған өзара тиімді қарым- қатынастар кеңейіп келе жатыр. Қазақстан атом сынақтарынан зардап шеккен және одан ерікті түрде бас тартқан ел ретінде Араб лигасының Таяу Шығыста жаппай қыру- жою қаруларын азат аймақ құруға бағытталған қадамдарын жүзеге асырудағы күш- жігеріне қолдау танытты. Сонымен қатар, Қазақстан мен Араб лигасы арасындағы ынтымақтастық қоршаған ортаны қорғау мәселесіне байланысты дамуын табуда. Республикамыздағы экологиялық тұрғыдан әлемдегі апат аудандардың бірі болып табылатын Арал теңізі мәселесі бойынша Араб елдері қолдау танытуда. Ендігі кезекте, Араб елдерімен Қазақстан қатынасын жекелеп талдасақ. Алдымен, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 1 қазанда орнады. Қ.Р- ның БАӘ- дегі Елшілігі 2006 жылдың қыркүйек айында ашылды. 2013 жылғы қазан айынан бастап Қ.Р- ның БАӘ- дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі- Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф. БАӘ- нің Астанадағы Елшілігі 2005 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. 2013 жылдың сәуір айынан бастап БАӘ- нің Қ.Р- дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі- Сухейл Матар әл-Китби болып табылады. Қазақстан мен БАӘ арасындағы қатынастар өзара түсіністік және сенім атмосферасында дамып келеді. Әмірліктер Қазақстанның негізгі сыртқы саяси бастамаларын белсенді қолдайды. Қазақстан мен Әмірліктер қатынастарын нығайтуда сауда- экономикалық ынтымақтастық маңызды рөл ойнайды. БАӘ Таяу Шығыс елдері арасында Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып сақталуда. Қ.Р- сы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2013 жылы Қазақстанға БАӘ-нен тартылған тікелей инвестициялардың ағымы 532 млн. долларды құрады. Ендігі кезекте, Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы қатынастарды қарастыратын болсақ. Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі (САК) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1994 жылы 30 сәуірде орнатылды. Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігі 1996 жылдың мамыр айында ашылды. ҚР САК-гі Елшісі- Б.Тасымов. Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшілігі 1997 жылдың наурыз айында ашылды. САК Астанадағы Елшісі- Әбділмәжид Хаким. ‎Қ.Р. мен САК арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың негізі Қ.Р- ның Президенті Н.Назарбаевтың 1994 жылы Корольдікке ресми сапары барысында қаланды. Жыл сайын ‎‎4 мыңға жуық қазақстандықтар қажылық және умра жасау мақсатында Мекке және Медина қалаларына сапар шегеді.Бұл өз кезегінде туризм саласының дамуына үлкен ықпал көрсетуде. Жалпы, Қазақстан- Сауд қатынастарының шарт- құқықтық базасы 14 құжатқа негізделген. Ал, Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 сәуірде орнатылды. Қ.Р- ның Омандағы Елшілігі 2009 жылы 10 желтоқсанда ашылды. Қазақстан Республикасының Омандағы Елішісі- Е.Әбілдаев.

2006 тамыз айынан бастап Оман Сұлтандығының Елшілігі Астанада жұмыс атқаруда. 2011 жылдың16 қыркүйектен бері Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Уақытша өкілі- Абдалла Халед Сүлеймани. Екі жақты қатынастар тарихында 1997 жылдың қыркүйегіндегі Қ.Р- сы Президенті Н.Назарбаевтың Оманға алғашқы ресми сапары маңызды саты болып табылады. Сапар барысында Қ.Р. мен О.С. арасында Өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға және екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы Хаттамаға қол қойылды. Жалпы, Қазақстан- Оман қатынастарының шарт-құқықтық негізін 8 құжат құрайды. Яғни, Қазақстан салт- дәстүріміз және мәдени түбіріміз ұқсас Араб елдерімен өзінің геосаясаттық орнына лайық ынтымақтастық орнатуға аса ынталы болып табылады. Араб елдері мемлекетіміздің көпвекторлы саясатының маңызды құраушысы, сондықтан да Елбасымыз байланыстарды жаңа белеске көтеруге ынталы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]