Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

24.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: сауда және экономикалық бағытын ашып көрсетіңіз

Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 3 қаңтарында орнатылды. Қазақстан Орталық Алия мемлекеттері арасында Қытайдың басты әріптесі болып табылады. Мемлекеттер арсындаға тауарайналым көлемі 1991 жылдан бері 11 есе өсті. 2011 ж. Қазақстан мен Қытай сауда айналымы 21,3 млрд.долл. құрады (экспорт – 16,3 млрд.долл., импорт – 5,02 млрд.долл.). 2012 ж. қаңтар-наурыз айларындағы сауда айналымы 5,1 млрд.долл. жетті (экспорт – 3,6 млрд., импорт – 1,4млрд.долл.).

Сауда экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық тек екіжақты форматта ғана емес, ШЫҰ шеңберінде де іске асырылуда. ШЫҰ шеңберінде, Қытай 2005 жылы мүше мемлекеттерге 900млндық сауда кредитін бөлді, және 2008 жылы инфрақұрылымдық объекттерге 10млрд-тық крелит бөлді.

Қазақстанның Қытайға экспорттайтын тауарлары – шикізат өнімдері: қара және түсті металдар, металл сынықтары, мұнай, былғары, мақта, жүн. Қазақстан Қытайдан дайын өнімдерді импорттайды: күндегі сұранысқа ие өнімдер, механизмдер, электр құрылғылары, транспорттық машина жасау өнімдері ж\е тб. Сонымен бірге өытай тауарларының сапасы жоғары болмайды. Ал отандық өндірушіден тек бағасы мен көлемімен жеңеді.

Бүгінгі күні, ҚХР, немесе Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық облысы (ШҰАА) Орталық Азиямен сауда жасауға арналған импорттық-экспорттық базасына айналған. Іс жүзінде, кез келген қытай өндіріс тауарларын Шыңжаңда сатып алуға немесе тапсырыс беруге болады. Қытай экономикасының өсуіне байланысты, оның қазақстандық шикізат ресурстарына сұранысы да артады.

ҚХР мен Қазақстан арасындаға сауда байланысының ерекшеліктеріне тоқталып кетсек:

Біріншісі, өзара сауда көлемінің артуы. Бұл Қытайдың сауда кредиттерін беруіне байланысты. Және бұл кредиттерді тек сол қытайдың өнімдерін алуға немесе қытай компаияларының қатысуымен бірге жобаларды орындау үшін қолдануға болады.

Екіншісі, ҚХР мен Қазақстан арасындаға тауар балансы тұрақты түрде оң сальдомен Қытайдың пайдасында болып келеді.

Үшіншісі, тек Қазақстан ғана емес, сонымен бірге басқа да Орталық Азия мемлееттері Қытайға шикізат өнімдерін эксопрттап, алҚытайдан дайын өнімдерді импорттады. Бұдан бұл аймақ ҚХР дамып келе жатқан экономикасының шикізаттық базасына айналып отыр.

Төртіншісі, Қазақстан территориясында ҚХРның үлкен компанияларының барлығы дерлік бар. Ал Қытай территориясында қазақстандық компаниялар санаулы түрде ғана.

Екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін мемлекеттер шекаралық аудандарда өнеркәсіптік өндірісті дамыту жоспарлануда.

25. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы энергетикалық саладағы қатынастарын ашып көрсетіңіз

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 3 қаңтарында орнатылды. Екі мемлекет арасындағы сауда экономикалық әріпетстіктің маңызды орнын энергетикалық саладағы ынтымақтастығы алады. 1997 жылы 24 қыркүйегінде Қазақстан мен Қытай арасында үкіметаралық екі мемлекет арасындағы мұнай және газ саласындағы серіктестік жөніндеге Келісімге, ҚР энергетика және минерал ресіурстары Министрлігі мен Қытай Халық мұнай газ корпорациясы (СNРС ) арасында Қазақстаннан Қытайға мұнай құбырын салу туралы және кеніш жасау жобалары жөніндегі Бас Келісімге қол қойылды.

«Ақтөбемұнайгаздың» 60,3% акциясын сатып алды. Кейіннен қалған пакетті де сатып алды. Қытай энергетикалық саладағы мүддесін Орталық Азия мемлекеттерінде, әсіресе Қазақстанда белсенді түрде алға жылжытып (продвигать) жатыр. Мұнай мен газға тапшы қытайдың экономикасы белгілі бір мөлшерде энергетикалық ресурстары бар Қазақстан мен басқа да Ортталық Азия мемлекеттірмен қарым қатынасына тәуелді болып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ХҚ АҚ Қытай халық мұнай корпорациясымен бірге Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салу жобасын іске асыруда. Бұл Батыс Қазақстан кенішетерінен көмірсутек шикізаттарын Қытай нарығына тасмалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салу екі этаптан тұрады. Бірінші этап бұл Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу болды. Бұл құбыр 2004 жылдың 17 мамырында Пекинде ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі қол қойған мұнай және газ саласындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісім бойынша салынды.

Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының ұзындығы 963 км. Диаметрі 813 мм. Бастапқы өткізу қабілеттілігі жылына 10 млн.тонна болды. Мұнай құбырының трассасы үш облыстан өтеді: Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы областырынан. Атасу-Алашанькоу мұнай құбырынан мұнай тасмалдау 2006 жылы басталды.

Екінші этаптың бірінші кезегінде Кенкияк-Құмкөл мұнай құбырын салу болды. Оның да тасмалдау қабілеттілігі жылына 10 млн.тонна болды. Бұл құбыр 2006 жылдың 20 желтоқсанында Қытай Халық Мұнай Корпорациясы мен «ҚазМұнайГаз» ХК арасындағы келісім бойынша салынды.

Кенкияк-Құмкөл мұнай құбырының ұзындығы 794 км, диаметрі 813 мм болды. Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстары арқылы өтеді. Мұнайды тасымалдау 2009 жылдың қазан айында басталды.

Екінші этаптың екінші кезегінде Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры мен Кенкияк-Құмкөл мұнай құбырларының мұнай тасымалдау қабілеттілігін 20 млн.тоннаға дейін өсіру тұр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]