Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

56. Орталық Азиядағы су мәселесіне сараптама беріңіз

Кеңес Одағынан 23 жыл бұрын тәуелсіздіктерін жариялаған Тәжікістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан шекарадан асатын судың қолданылуы мәселесіне шешім таба алмай отыр. Су мәселесі кейде Орталық Азия елдерінің қарым-қатынастарындағы келіспеушіліктің артуына себеп болуда.Қырғызстан мен ішінара Тәжікстанның аймақтағы су қожайындарына айналуының нәтижесінде, қазіргі кезде орын алып отырған алауыздықтар мен Орталық Азия республикалары арасында аймақтық су ресурстарын бөлісу мәселелері бойынша келіспеушіліктер пайда болды. Орталық Азия мемлекеттеттері су ресурстарын басқаруда өзіндік реформалар жасап, ұлттық идеологияларын жетілдіргендіктен, нәтижесінде әртүрлі тәсілдер мен стратегиялар дүниеге келді. Келіспеушіліктердің алғашқысы су ресурстарын иелену құқығына қатысты туындады. Орталық Азияның трансшекаралық өзендері төмендегідей: Сырдария және Әмудария (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан), Шу мен Талас (Қазақстан, Қырғызстан), Тарым (Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай), Іле (Қазақстан және Қытай), Ертіс (Қытай, Қазақстан, Ресей), Орал, Есім, Тобыл (Қазақстан, Ресей). Жалпы Қазақстан географиялық жағдайына байланысты барлық ірі-ірі өзендердің төменгі сағасында орналасқан. Кезінде Ресей мен Қытай империялары Іле мен Ертіс өзендерін бөліп алды да, бізге осы өзендердің төменгі жақтары қалды. Сырдария, Шу-Талас, Еділ-Жайық, Тобыл өзендерінің бастауы көрші елдерде жатыр. Әртүрлі есептеулер бойынша, біздегі 100-ден аса текше шақырым судың 50 пайызы шетелдерден келеді. Ал олардың жыл сайын халқының саны да, экономикасы да өсіп келеді. 2030-2050 жылдары судың бағасы алтын мен мұнайдан да қымбат болады деп сарапшылар болжам жасап отыр.

Ал енді Орталық Азия мемлекеттеріне келсек, Қазақстанның су мәселелері келісімдердің, жауапкершіліктің және бақылау тетіктерінің жетіспеушілігінен туындап отыр. Қазақстан су мәселесінде БҰҰ конвенциясы сияқты халықаралық құқықтың принциптерін негізге алады. Орталық Азияның су мәселелерін реттеудегі қиындықтар мыналар: Орталық Азия мемлекеттері арасында жалпы заңдық ережелердің болмауы, ұлттық мүдденің өзгенікінен басымдылығы, ұлттық модель мен болмыстар арасындағы қайшылықтар, суға деген сұраныстың артуы және т.б. Өкінішке орай, Орталық Азияның су ресурстары әлі тиімсіз, әрі үнемсіз түрде пайдаланылуда. Негізгі мәселе Орталық Азия мемлекеттерінің ұлтшыл саясаттары мен көпжақты келісімнің болмауы. Алайда Орталық Азияның су ресурстары жеткілікті, бірақ, тең және деңгейлес түрде үйлестірілмеген. Тәжікстан мен Қырғызстан жоғары таулы аймақтарда орналасқандықтан анағұрлым мол су ресурстарына ие. Өзбекстан мен Қазақстан болса, төменіректе орналасқандықтан су тапшылығынан зардап шегіп келеді. Әсіресе, Өзбекстан жағы Тәжікстан мен Қырғызстан жүргізген суды қадағалау саясатын жиі сынға алады. Аймақтың құрғақтығы осындай шиеленістердің ушыға түсуіне серпін береді. 2012 жылы өзбек көшбасшысы Ислам Кәрімов Астанада айтқандай, Орталық Азияда су мәселелері аймақтық қақтығыстар тудыра алатындай күрделі халықаралық мәселе. Тәжікстан Орталық Азияның Вахш өзенінде Рогун су электр станциясын салуды қолға алуда. Қырғызстан да өз кезегінде Нарын өзенінде Қамбарата су электр станциясын салмақшы. Экономикалық жағынан кедей елдер саналатын аталмыш екі мемлекет өздеріне тиесілі су мүмкіншіліктерін ең тиімді түрде пайдаланғысы келеді. Бірақ, бұл жағдайда Өзбекстан мен Қазақстанның суға деген қажеттіліктері есепке алынбай, екі елдің ауыл шаруашылығындағы жобаларға қауіп төндіруде. Өзбекстан ылғи Тәжікістанның жоғарыдағы су ресурстарын қадағалайтындығын алға тарта отырып, осыған қатысты өз уайымын жиі-жиі тілге тиек етіп келеді. Бұл жағдай Өзбекстанның мақта өнеркәсібіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Қырғызстанға келсек, өзінің электр қуатына деген қажеттілігін шешкісі келеді. Қазір Өзбекстан, Түрікменстан мен Қазақстан шектеулі мөлшердегі су ресурстарын үнемдеуге мәжбүр болып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]