- •2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясының негізгі жағдайларын ашып көрсетіңіз
- •2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •11. Қазақстан Республикасының тмд шеңберіндегі саясатына сараптама беріңіз
- •12. Қазақстан Республикасы мен тмд елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •13. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •14. Қр және Еуропалық Одақ арасындағы 1999ж. Әріптестік және ынтымақтастын жөніндегі келісімін ашып көрсетіңіз
- •15. 2007 Орталық Азияға арналған Еуропалық Одақтың стратегиясын ашып көрсетіңіз
- •16. Қазақстан Республикасы және ақш арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •17. Қазақстан Республикасы мен Америка қонтинент елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •18. Қазақстан Республикасының қарусыздану мәселесіне қатысты саясатын ашып көрсетіңіз.
- •19. Қазақстан Республикасының халықаралық лаңкестікке қарсы күресін ашып көрсетіңіз
- •20. Қазақстан Республикасының Ауғанстанға қатысты саясатын ашып көрсетіңіз
- •21. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің қызметін ашып көрсетіңіз
- •22. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •23. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: әскери-саяси бағытын ашып көрсетіңіз
- •24.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: сауда және экономикалық бағытын ашып көрсетіңіз
- •25. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы энергетикалық саладағы қатынастарын ашып көрсетіңіз
- •26.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы трансшекара өзендерін реттеу мәселесін ашып көрсетіңіз
- •27. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •28. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •29. Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •30. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •31. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •32. Қазақстан мен Араб елдері арасындағы қатынастарын ашып көрсетіңіз
- •33. Қазақстан Республикасы мен бұұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •34. Қазақстан Республикасы мен еқыұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •35. Қазақстан Республикасы мен нато/сеап арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •36. Қазақстан Республикасы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (шыұ) арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •37. Қазақстан Республикасының Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ұқшұ) қатысты саясатын ашып көрсетіңіз
- •38. Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің (аөіқсшк) шеңберіндегі саясатын ашып көрсетіңіз
- •39. Қазақстан Республикасы және Ислам ынтымақтастық Ұйымы арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •40. Қазақстан-Қытай қатынастарындағы Ұлы Жибек Жолының «экономикалық белбеуі» концепциясының мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •41. Қазақстан Республикасы және Орталық Азия қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз
- •42. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •43. Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •44. Ресей Федерациясының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •45. Түрікменстанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •46. Әзірбайжанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •47. Иранның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •48. Таяу Шығыс мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз
- •49. Кашмир мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз
- •50. Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі діни экстремизм мәселесіне сараптама беріңіз
- •51. Орталық Азияда ядролық қарудан тыс аймақ құру мәселесіне сараптама беріңіз
- •52. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Ресей Федерациясының саясатына сараптама беріңіз
- •53. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және ақш-ң саясатына сараптама беріңіз
- •54. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Еуропалық Одақтың саясатына сараптама беріңіз
- •55. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және қхр-ң саясатына сараптама беріңіз
- •56. Орталық Азиядағы су мәселесіне сараптама беріңіз
- •57. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау процесін ашып көрсетіңіз
- •58. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі және Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның саясатына сараптама беріңіз
- •59. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз
- •60. Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты сыртқы саяси бастамаларын ашып көрсетіңіз
39. Қазақстан Республикасы және Ислам ынтымақтастық Ұйымы арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
Қазақстан ИЫҰ-ға 1995 жылғы 9-12 желтоқсанда Конакриде, Гвинея Респбуликасында өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 23-сессиясы барысында мүше болды.
ИЫҰ-мен екіарадағы байланысты дамыту басқа мұсылман елдерімен қатынастарды одан әрі нығайтуға, сыртқы саяси бастамаларды ілгерілету үшін тұғырнаманы кеңейтуге, ҚР экономикасына қаржы ресурстарын тартуға, ислам әлемінің саяси, экономикалық және мәдени үдерістеріне қатысуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының ИЫҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі 2010 жылғы наурызда Жидда қаласында құрылды.
ҚР-ің ИЫҰ-ға жыл сайынғы жарнасы ұйым бюджетінің 1% -ын құрайды.
2014 жылы ҚР-ің ИЫҰ Бас хатшылығы мен ұйымның субсидиялық органдарына төлеген міндетті жарнасының жалпы сомасы 500 925 АҚШ долл. құрады. 2013 жылы Ливия мен Иорданиядағы сириялық қашқындарға гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан 400 000 долл. бөлді.
Жоғары деңгейдегі сапарлар.
Бұрыңғы ИЫҰ Бас хатшысы Э. Ихсаноглу ҚР-ға 4 рет келді: 2007 ж. 4-7 қыркүйекте «Орталық Азиядағы ислам өркениеті» атты халықаралық конференцияның, 2010 ж. 2 қыркүйекте ЕҚЫҰ Астаналық Саммитінің, 2011 жылғы 28-30 маусымда ИЫҰ СІМК 38-сессиясының жұмысына, 2013 ж. 25-26 сәуірде Ыстамбұлдық үдерістің министрлік кездесуіне қатысты болды. Соңғы сапарының шеңберінде Э. Ихсаноглуға II дәрежелі «Достық» ордені берілді.
2014 жылы 1 қаңтардан бастап ИЫҰ-ның Бас Хатшысы лауазымына сауди Ияд бен Мадани тағайындалды.
Қазақстандық делегациялар Ұйымның барлық іс-шараларына, соның ішінде саммиттерге, сыртқы істер министрлерінің жиындарына, жыл сайынғы БҰҰ Бас ассамблеясының шеңберіндегі сыртқы істер министрлерінің кездесулеріне үнемі қатысады.
2013 ж. 6-7 ақпанда Каирде ҚР СІМ министрі Е.Ыдырысовтың басшылығымен қазақстандық делегация ИЫҰ 12-Саммитіне қатысты. Қабылдаушы тарап кездесу тақырыбын «Жаңа талаптар және ислам әлеміндегі өсіп келе жатқан мүмкіндіктер» деп атады.
ИЫҰ шеңберіндегі соңғы ірі іс-шаралардың бірі - 2013 ж. 9-11 желтоқсан аралығында Конакриде (Гвинея) өткен СІМК, оған ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов қатысты.
Сонымен қатар, 2014 жылғы 18-19 маусым аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев Жидда қаласында өткен СІМК-нің 41-сессиясына қатысты.
Сыртқы саяси бастамаларды қолдау. Қазақстан Республикасының ИЫҰ-ға мүшелік етуі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК), ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастыру, Астанада EXPO-2017 өткізуге қолдауға ие болу мүмкіндігін жасады. ИЫҰ ядросыз әлем жолындағы ҚР-ің бастамасын қолдайды және Қазақстанның әлемдік өркениет пен дінаралық диалогын ілгерілетудегі рөлін жоғары бағалайды.
Арал теңізі, бұрынғы Семей полигоны жөніндегі мәселелерді шешу жөнінде, халықаралық ұйымдардың шеңберіндегі ҚР кандидатурасын қолдайды, соның ішінде 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік ету мәселесін қоса алғанда, мүше мемлекеттердің өз үлесін қосуға деген үнемі дайындығы расталуда.
ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының құрылымын құру туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын толығымен қолдады. Осындай құрылымның Астанадағы штаб-пәтерінің құрылуы жөніндегі қарары 2013 ж. қарашада ИЫҰ СІМК 39-сессиясында Джибутиде қабылданды. Жоғарыда аталған Конакриде өткен ИЫҰ СІМК 40-сессиясында құрылымның Жарғысы қабылданып Ислам ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі деген атауға ие болды. Сонымен қатар, Конакриде мүдделі мемлекеттердің Жарғыға қосылу салтанаты (қол қою арқылы) өткізілді. Казіргі уақытта Жарғыға ИЫҰ-ның 20 мүше мемлекеттері қосылды, соның ішінде Қазақстан бар.
ИЫҰ экономикалық құрылымдарымен ынтымақтастықты дамыту маңызды болып табылады, соның ішінде Ислам Даму Банкі (ИДБ)-ірі даму институттарының бірі, жарғы капиталы 42 млрд.АҚШ долл. құрайды. ҚР ИДБ жарғы капиталы-0,11% немесе 29,5 млн.АҚШ долл. құрайды.
2012 жылдың қазаны бойынша ИДБ тобынан ҚР-ға қаржы тарту арқылы жалпы қарыз алу көлемі – 98 млн АҚШ долл. тұратын 30-дан астам жобаға қол қойылды. Аталған жобалар көлік инфрақұрылымын (44,9%), шағын және орта бизнес пен қаржы секторын (48,1%), сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, білім беруді, ауыл шаруашылығын, санитарлық және қалалық қызметті дамытуға бағытталды.
2012 жылы 2 қазанда ФИИР-мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысу, көлік, өнеркәсіптің шикізаттық емес секторын, ғылым мен технологияны, қаржылық секторды, шағын және кәсіпкерлік саласындағы жобаларды, ҚР экономикасын 1 млрд. АҚШ долл. инвестициялауды қарастырған ҚР Үкіметі мен ИДБ тобы арасында 2012-2014 жж. серіктестіктің Елдік стратегиясына қол қойылды.
ИЫҰ-ның мамандандырылған, қосалқы институттарымен өзара әрекеттестікті дамыту Қазақстанның практикалық мүддесін білдіреді.
Соның ішінде, ҚР ИЫҰ-ның Парламенттік Одағы (ПО) Конференциясы жұмысына қатысады. Қазақстандық парламентерлер 2014 жылдың ақпанында Тегеранда өткен Ынтымақтастықтың ИЫҰ Парламенттік одағы конференциясының 9-сессиясы жұмысына қатысты.
Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA, Түркия), Сауданы дамытудың Ислам орталығы (ICDT, Марокко), Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы (ISESCO, Марокко), ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комитет (COMSTECH, Пәкстан), Ақпарат және мәдениет мәселелері бойынша (COMIAC, Сенегал), Телерадиохабарлар таратудың ислам орталығы (Islamic States Broadcasting Union) ынтымақтастықтың маңызды әлеуеті саналады. ИЫҰ елдерімен гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге Алматыны 2015 жылғы «Ислам мәдениетінің астанасы» деп жариялау қуатты серпін берді.
Шарт-құқықтық база
2012 жылдың 18 қаңтарында ҚР Парламенті 2010 жылы Қазақстан қол қойған ИЫҰ Жарғысын ратификациялады. Мемлекет басшысы республика Конституциясының нормаларына қайшы келмейтін, Жарғы ережелерін орындауға ҚР міндеттенеді деген ескертумен Жарғыны ратификациялау туралы заңға қол қойды. ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі негізгі келісімге ҚР-дің қосылуы мәселесі рәсімдеудің соңғы сатысында тұр.
ИЫҰ СІМК ҚР төрағалығы
2011 ж. 28-30 маусымда Астанада ИЫҰ СІМК 38-сессиясы өтті, онда Қазақстан өзінің төрағалық қызметіне кірісті. Іс-шараға сыртқы саяси ведомстволары мен үкімет мүшелері, ұйым институттарының 26 жетекшісі, сонымен қатар БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ЕО, ЕҚЫҰ, ЕКПА өкілдерін қосқанда, 38 министр қатысты.
Сессияның қорытындысы бойынша саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық салаларда 100-ден астам қарар қабылданды, адам құқығы бойынша Тәуелсіз тұрақты комиссия құру, ИЫҰ эмблемасы мен жаңа атауы жөнінде тарихи шешім қабылданды. Астана Декларациясының қорытындысында ИЫҰ қызметінің неғұрлым өзекті мәселелері көрініс тапты.
ИЫҰ СІМК-дегі Қазақстанның төрағалығы 2012 ж. 15-17 қарашада Джибутиде Кеңестің 39-шы сессиясын өткізумен аяқталды. Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ә.Ыдырысов бастады. Кездесу нәтижесінде штаб-пәтері Астанада болатын азық-түлік қауіпсіздігі бойынша орган құру туралы ҚР ұсынысы мақұлданды, ИЫҰ-ның ЕО, ЕҚЫҰ, АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезімен ынтымақтастығын тереңдету, ШЫҰ және G-20-мен байланысты реттеу, ҚР-дің ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамасын іске асыру, Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру, G-Global дамыту ұсыныстары қолдау тапты.
Қазақстандық төрағалық шеңберінде барлығы, жалпы алғанда 40 іс-шара өткізілді, оның ішінде ИЫҰ тарихында министрлік деңгей бұрын-соңды болмаған 10 кездесу өткізілді. ИЫҰ науқаны нәтижесінде Сомалидегі 3,7 млн. ашаршылыққа ұшырағандарға жедел гуманитарлық көмек көрсету үшін 500 млн. долл. жиналды, оның ішінде 500 мың долл. ҚР бөлді.
Алдағы қызметтің перспективалары
2014 жылы елден коалиция әскерлерін шығару жоспарына сәйкес, Ауғанстанның саяси және экономикалық мәселелерін шешу, ИЫҰ адам құқығы бойынша комиссиясы қызметін Қазақстанның дәйекті қолдауы, сонымен қатар Ұйымның ЕО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезімен, G-20 және G-Global ынтымақтастығын тереңдету ИЫҰ әлеуетін жұмылдырудағы маңызды жұмыс болып саналады. Бұдан басқа, мүше мемлекеттердің ядролық қарусыздану бойынша ҚР бастамасын қолдауы БҰҰ шеңберінде қарусыздану тақырыбын қозғаудағы салмақты фактор болып табылады.
Штаб-пәтері Астанада орналасатын Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымын жеделдетіп құру, сонымен бірге аймақтағы және елдегі басым экономикалық жобаларды іске асыруда ИЫҰ әлеуетін пайдалану жөніндегі мақсатты қызмет жалғасын табады.
Орталық Азиямен ынтымақтасудағы ИЫҰ іс-қимыл жоспарын іске асыру бірнеше бағыттар бойынша аймақтық ынтымақтасуды жандандыруды, қоса алғанда, инвестициялық тартымдылық пен сауда жағдайын жақсартуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, көлік қатынасын дамытуға, есірткі тасымалдау мен заңсыз көші-қонға, трансұлттық қылмысқа, қауіпті аурулармен күресуге мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнес үшін арнайы қорлар құру бойынша бастамалар және ислам банкингін дамыту аймақтағы ислам инвесторлары мен ИЫҰ үшін басты экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның ұстанымын одан әрі нығайтуға бағытталған. Ұсынылған «Келешектің энергиясы» тақырыбын есепке алғанда, ЕХРО – 2017 өткізуге дайындық, қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану мен «жасыл» экономикаға көшуде ИЫҰ елдерімен ынтымақтастықты ретке келтіруде бастапқы нүкте болуы мүмкін.
Сонымен қатар, практикалық мақсаттардан туындайтын, ҚР позициясын нығайтуда қазақстандық сыртқы саяси бастамаларды нақты түрде қолдау үшін «ислам ынтымақтастығы принципі» мүмкіндігін пайдалану - ИЫҰ мен ИДБ жүйесінде саяси лауазымдарға тағайындалу, ИЫҰ тұрақты комитеттері мен арнаулы, қосалқы институттарымен өзара әрекеттесуді ұлғайту, 2015 ж. Алматының «Ислам мәдениетінің астанасы» болып жариялануы ауқымында кешенді шараларды іске асыру мен мәдени байланыстарды кеңейту мүддесін көздейді.
Жалпы алғанда, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы шеңберіндегі көп қырлы қызмет таяу жылдары Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал етудегі маңызды арналардың бірі, сондай-ақ сыртқы саяси және аймақтық бастамаларды іске асыру, соның ішінде ҚР кандидатурасын БҰҰ ҚК 2017-2018 жылдары тұрақты емес мүшелігіне ұсынуды жылжытудағы әлеует болып саналады.